• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (18)

    Көзді сәжде жасайтын орынға тігу және намазды жан-тәніңмен беріліп орындау (хушуғ) «النَّظَرُ إِلَى مَوْضِعِ اْلسُّجُودِ، وَاْلخُشُوعُ»   «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазда басын иіп және көзін жерге тігіп тұратын»[1], (ал) «Қағбаның ішінде болған кезінде, одан шығып кетпейінше, көзін сәжде жасайтын орнынан алмайтын»[2]; және ол: «لاَ يَنْبَغِى أَنْ يَكُونَ فِى الْبَيْتِ شَيْءٌ يُشْغِلُ المُصَلِّي». «Үйде намаз орындаушыны алаңдататын еш нәрсе болмау керек», — деп айтатын[3].