Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының бесінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Біздің ата-бабаларымыз салиқалы адамдардың қатарынан болғандығына күмән жоқ. Дәл сол кісілер Исламды қабылдап, біздің жерлерімізде осы дінге шақырудың және оның нұрын таратудың ауыр да, сауапты да, жауапты да жүгін өз мойындарына алды. Көптеген тарихи фактілер олардың тақуалығы, ержүректігі және ұлықтығы тұралы куәлік етеді. Дәл сондықтан да олардың бізге деген көптеген қақылары бар. Біз бірқұдайшылықтың саф дініне сәйкес келетін нәрселерде олардың үлгі-өнегесіне ілесуіміз қажет және олар үшін Аллаһтан кешірім сұрауымыз керек. Олар Құран мен Сүннетті ұстанып, осы діннің заң-ережелеріне қатаң ілескендігі үшін ғана ұлылық…