• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (22)

    Имам Құранды дауыстап оқымайтын намаз ракағаттарында Құран оқудың міндеттілігі «وُجُوبُ القِرَاءَةِ فيِ السِّرِّيَّةِ»   Ал имам Құранды дауыстап оқымайтын ракағаттарға қатысты айтар болсақ, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намаздарды орындау кезінде Құран оқуға үндейтін. Мәселен, Жәбир: «Біз бесін (зуһр), екінті (аср) намаздарында имамның артында тұрып, алғашқы екі ракағатта  «әл-Фатиха» сүресі мен  басқа бір сүрені және соңғы екі ракағатта тек «әл-Фатиха» сүресін оқитынбыз», — деп айтқан[1].