(Қажеттілік туындаған жағдайда) имамның есіне (Құранның аяттарын) салу туралы «الفَتْحُ عَلَى الإِمَامِ» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер имам (Құран ) оқығанда жаңылысса, оның есіне (Құранның аяттарын) салу қажет екендігін бекітті. Мысалы, бірде «ол намазында (Құранды) дауыстап оқып жатып, жаңылысты. (Намазды) аяқтап болған соң ол Убаййдан: «Сен бізбен бірге намаз орындадың ба?», — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді. (Сонда) ол: «Ендеше, саған [менің есіме салуға] не кедергі болды?», — деді[1].