Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелері мен барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Соңғы кезде өздерін жалған түрде білімге телитін діни сауаты төмен адамдардың арасында имам Абу Ханифаны (Аллаһ оны рахым етсін) қаралау сөздері жиілеп кетті. Олар жауапкершілігі ауыр болған «Имам Абу Ханифа бидғатшы болған және әһлю-Суннаға қатысы болмаған» деген сөздерді айтады. Сондай-ақ осы адамдардың мәлімдемелеріне сәйкес, мұсылмандарда төртеу емес, тек үш қана сүннеттік мазхаб бар-мыс. Олар осынысымен имам Абу Ханифа мазхабын әһлю-Суннадан шығаруда.