Аллаһ Тағала Өзінің қалауымен Абу Ханифаны, Аллаһ оны рахым етсін, ұлы шәкірттердің болуымен де құрметтеді. Имам олармен бірге фиқһ мәселелерін шешіп, оның негіздерін жасап шығаратын, ал бұл оған қателік жасауға таяу қалған сәттерінде оны жасаудан құтылуға мүмкіндік беретін. Шейх Абд әл-Қадир әл-Қурашидің «әл-Жәуәхир әл-мудийя» атты кітабында келтірілген Йахйя бин Закарийя бин Абу Зәидтің өмірбаянында Әсад бин әл-Фураттың былай дегені келтіріледі: «Абу Ханифаның жазу жазатын ізбасарларының саны қырық адамға жететін, ал олардың ең танымал ондығының құрамына Абу Йусуф, Зуфар, Дауд әт-Та’и, Әсад бин Амр, Йусуф бин Халид әс-Самти және Йахйа бин Закарийя кіретін». Шейх Ахмад әл-Мәкки әл-Хорезми ірі ғалымдардың санатынан болған имамның сөздерін жеткізушілердің саны жеті жүзге жеткен және олардың әрқайсысы…