Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының жетінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Түркістанға жасалатын сапарларды ел ішінде одан сайын насихаттау мақсатында қараңғы елді шырмауына салып жүрген қабірлер мен «аталар» әруақтарына табынушылар осы жерлерде Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Укашаның құдығы бар, ал Арыстан Баб Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрген және одан аманат алған деген жалған деректерді таратудан да тайынбайды. Пұтқа табынушылықтың аясын кеңейту мақсатында сахабалардың қабірлерін немесе оларға қатысты орындарды қолдан жасап алу тәсілі жиі қолданылады. Алайда, шын мәнісінде, белгілі бір жерде қандай да бір әулиенің немесе атаның…