• Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім. Бірінші тарау: Ең жақсылардың ең жақсысы

    Пайғамбардың толық есімі — Мухаммад ибн ‘Абдуллаһ ибн ‘Абд әл-Мутталиб ибн Хашим ибн ‘Абд Манаф ибн Қусайй ибн Киләб ибн Мурра ибн Ка‘б ибн Лу’айй ибн Ғалиб ибн Фихр ибн Мәлик ибн ән-Надр ибн Кинана ибн Хузайма ибн Мудрика ибн Иляс ибн Мудар ибн Низар ибн Ма‘ад ибн ‘Аднан. Оның шыққан тегі ең атақты әрі ең ардақты еді. Ол туралы ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ Исмаилдің ұрпақтарынан Кинана тайпасын таңдап алды, Кинанадан – құрайштықтарды, құрайштықтардан – хашим руын, ал хашим руынан – мені таңдады» (Муслим (№ 2276)). Сөйтіп, ол шыққан тегін Ибраһимнің (оған және Пайғамбарымызға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұлы Исмаилден бастайтын арабтарға…