• Имамның өмірі

    Имамның сыртқы бейнесі және адамгершілік сипаттары

    Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, орта бойдан биіктеу, қараторы адам болған. Ол ұнамды және жылы жүзді келбетке ие еді, ұзын сақалы бар болатын, әдемі киім, сәлде және кебістер киетін.  Оның дауысы әдемі еді, ол сөзге шешен болатын, хош иістерді жиі пайдаланатын және олардың иістерінен оның келгенін білуге болатын. Ол ерекше арық еді, өйткені оның Аллаһтан қорыққандығынан және ұзақ ғибадаттарынан сүйектерінде май түгілі, ет те қалмауға жақын еді. Әдетте адамның адамгершілік сипаттары оның иманының жемісі болып табылады және оның жүрегін қандай дәрежеде иман, салиқалылық және тақуалық толтырғанына нұсқайды. Иман қаншалықты күшті болса, ол жүректе қаншалықты мығым орнықса және оны өзінің нұрымен қаншалықты толтырса – соншалықты адамның адамгершілік сипаттары…