• Фиқһ мәселелері

    Ханафи имамдары қабірлерді белгілеп қою туралы

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Бұл мәселе екі дербес мәселеге бөлінеді: 1) Осы жер қабір екендігін және адамдар оның үстінен жүрмеу үшін және оның үстіне отырмау т.с.с. үшін белгілеп қою. 2) Белгілі бір қабірді онда белгілі бір адам жерленгенін білдіру үшін белгілеп қою. Бұл мәселелерді түсіндіру, түрлі мазхабтардың дәлелдері мен пікірлерін келтіру бұл кітаптың мақсаты емес, сондықтан да мен осы жерде жалпы қорытындыны ғана айтып кетемін.