• Ақида,  Бұрмалаулар

    Түркістанда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының жетінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Түркістанға жасалатын сапарларды ел ішінде одан сайын насихаттау мақсатында қараңғы елді шырмауына салып жүрген қабірлер мен «аталар» әруақтарына  табынушылар осы жерлерде Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Укашаның құдығы бар, ал Арыстан Баб Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрген және одан аманат алған деген жалған деректерді таратудан да тайынбайды. Пұтқа табынушылықтың аясын кеңейту мақсатында сахабалардың қабірлерін немесе оларға қатысты орындарды қолдан жасап алу тәсілі жиі қолданылады. Алайда, шын мәнісінде, белгілі бір жерде қандай да бір әулиенің немесе атаның…

  • Әдіснама,  Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (4)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты еңбегін жариялауды жалғастырамыз. Күмәндар және оларға жауап Жоғарыда баяндалғанның барлығы мен бұдан он жыл бұрын осы кітаптың кіріспесінде жазған нәрселерім болып табылады. Осы өткен уақыт ішінде сөздеріміз иманды жастарға игі әсер еткені, олардың діндері мен құлшылықтарында Исламның саф (кіршіксіз) дереккөздері болған Құран мен Сүннетке қайтудың қажеттілігіне жол көрсеткені бізге белгілі болды. Нәтижесінде олардың арасында, Аллаһқа (осы үшін) мақтау-мадақтар болсын, Сүннетке амал етіп, құлшылықтарын Сүннетке негіздеушілер көбейіп, осы арқылы танымал болып кеткендері де бар. Десек те, олардың (жастардың) кейбірінен  Сүннетке сәйкес амал жасаудан шегінгенін байқадым. Алайда олар өздеріне келтірілген дәлелдер мен имамдардың…

  • Ақида,  Әдіснама,  Бұрмалаулар

    Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі және не үшін ханафи мазхабын ұстанушылар оны өткізбейді

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кітапты «Word» форматында жүктеп алу Кіріспе Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім сұраймыз.  Біз Жалғыз Аллаһтан ғана өз нәпсілеріміздің және жаман істеріміздің кесірінен пана тілейміз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім одан тайдыра алмайды. Ал Аллаһ Тағала кімді қолдаусыз қалдырса, сол міндетті түрде адасады, әрі өзіне көмекші таба алмайды. Мен Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқтына куәлік беремін және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін. Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – Аллаһтың сөздері, ал ең тура жол – бұл Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)…

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Ханафи мазхабының имамдары Түркістанға, Бекет-Ата мазарына және басқа да қабірлерге «қажылық» жасауға қарсы.

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Сонғы жылдары Орта Азияда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың санасына Түркістанға қажылық жасау идеясы сіңдіріліп жатқаны сыр емес. Бұл идея әртүрлі ұсынылады. Кейде ол «кіші қажылық» деген ұранмен таратылады, ал кейде «Жол аштырып, берекет тілеп қайту» деген қарапайым ұғымдар қолданылады.

  • Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Имам Абу Ханифаның музыкаға деген қатынасы

    «Музыка мен ән шариғатта рұқсат етілген (халал)» деген пікірдің жақтаушылары түрлі мазхабтардың кейінгі ілесушілеріне сілтей отырып, төрт имамның барлығы музыка мен әнді халал деп санағандығын сенімді түрде айтады. Ақиқатында, бұл – осы имамдарға жабылған жала. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия осындай сөздерді төрт имамдардың сөздері деп есептейтіндер туралы былай деп айтатын: «Бұл – төрт имамға жапсырылған өтірік, өйткені олар музыкалық аспаптардың харам екендігіне бірауыздан келіскен!» Қараңыз: «Минхаджу-Ссунна» 3/439. Имам Абу Саур, Абу Ханифа және оның екі шәкірті Йақуб пен Мухаммад: «Ән мен жоқтау үшін ақы төлеуге руқсат етілмейді», — деген. Олар сондай-ақ: «Музыка – нәпсіге арналған шарап», — деп те айтқан. Қараңыз: Маджму’ әл-фатауа» 10/417. Абу Тайиб әт-Табари былай деген: «Абу Ханифаға…