РубрикаАқида

Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі және не үшін ханафи мазхабын ұстанушылар оны өткізбейді

М

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кітапты «Word» форматында жүктеп алу Кіріспе Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім сұраймыз.  Біз Жалғыз Аллаһтан ғана өз нәпсілеріміздің және жаман істеріміздің кесірінен пана тілейміз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, оны ешкім одан тайдыра алмайды. Ал Аллаһ...

Ханафи мазхабының имамдары Түркістанға, Бекет-Ата мазарына және басқа да қабірлерге «қажылық» жасауға қарсы.

Х

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Сонғы жылдары Орта Азияда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың санасына Түркістанға қажылық жасау идеясы сіңдіріліп жатқаны сыр емес. Бұл идея әртүрлі ұсынылады. Кейде ол «кіші қажылық» деген ұранмен таратылады, ал кейде «Жол аштырып, берекет тілеп қайту» деген қарапайым ұғымдар қолданылады.

Ханафи мәзһабы тәуассул және истиғаса туралы

Х

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаттар болсын. «Тәуассулдің» мұндай түрін ірі мұсылман ғалымдары және діндарлары тәрк еткен және бұл көзқарастар көптеген жақтаушыларына ие кейбір діни мәзһабтарда көрініс тапты. Осындай мәзһабтардың бірі имам Абу Ханифаның, Аллаһ...

Имам Абу Ханифаның кәламмен (діни пәлсапамен) айналысуға және дін туралы айтыс-тартыстарға берілуге тыйым салғандығы туралы

И

«Кәлам» терминінің түсіндірмесін біз алдын имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, білім алу жолына түскені туралы мақалада берген болатынбыз. 1. Абу Ханифа былай деген: «Басрада өздерінің әуес-қалауларына ілесетін адамдар көп. Мен: «Кәлам ең басты ғылым болып табылады», — деп ойлап, ол жерге жиырмадан астам рет барғанмын және сол жерде кейде бір жылға, кейде одан көбірек немесе азырақ...

Имам Абу Ханифаның тағдыр туралы айтқан сөздері

И

1. ”Бірде бір кісі Абу Ханифаға онымен тағдыр туралы айтысу үшін келді. Сонда Абу Ханифа оған: «Тағдырды игергісі келетін адам күн көзінің дақтарына қараушыға ұқсайды. Ол қаншалықты көп қараған сайын, соншалықты көп абдырауға түседі», — деді”. Қз.: «Қалаид Уқуд әл-Акйян» (каф –77–ба). 2. Абу Ханифа былай деген: «Аллаһ Тағала заттар пайда болғанға дейін олар туралы мәңгі білімге ие еді». Қз...

Абу Ханифаның иман туралы айтқан сөздері

А

1. Абу Ханифа былай деген: «Иман – бұл (иман куәлігін тілмен) бекіту және (жүрекпен) растау». Қз.: «әл-Фиқһ әл-Әкбар»,  304.
2. Абу Ханифа былай деген: «Иман бұл тілмен бекіту және жүрекпен растау (жәнан). Тілмен бекітудің өзі ғана иман болмайды». Қз.: «Китаб әл-Уәсыййя» шархымен,  әт-Тахауи бұл сөзді Абу Ханифадан және оның екі шәкіртінен жеткізген; «әл-Ақида әт-Тахауиййя» шархымен,  360.

Төрт имамның ақидасы негізінде бірдей екендігі туралы

Т

Төрт имамның – Абу Ханифаның, Мәликтің, әш-Шәфи’идің және Ахмадтың ақидасы Құран мен Сүннетте баяндалғанға сәйкес келеді. Олардың ақидасы сахабалардың және олардың ізінен шын ықыласпен ауытқымай ілескен ізбасарларының ұстанған көзқарастарына да сәйкес келеді.  Бұл имамдардың арасында дін негіздері мәселелеріне қатысты ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Олар Раббының сипаттарына және Құран – Аллаһтың...

Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылық (Таухид) туралы айтқан сөздері

И

Біріншісі: Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылыққа (Таухид) қатысты ақидасы, Аллаһқа жақындаудың шариғи тәсілін (әт-тәуассул әш-шәриғи) және Аллаһқа жақындаудың дінбұзар тәсілін (әт-тәуассул әл-бидғи) түсіндіруі: 1. Абу Ханифа былай деген: «Кім Аллаһқа дұға етсе, Оған тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарынуы қажет. Рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ...

Таңбалар

«Наследие Абу Ханифы» орыс тілінде