• Ақида,  Бұрмалаулар

    Түркістанды, Арыстан Бабты, т.с.с. жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он екінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Орта Азия мұсылман халықтарының арасында және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында мазарлар, кесенелер, ағаштар, тастар, тәспілер т.с.с. заттарды құт-берекелі, киелі деп қадірлеп-қастерлеу өте кең таралған. Адамдар осы заттар құтты сипаттарға ие және оларға қол тигізіп сипау арқылы осы құт-берекеден өзіңе де үлес  алуға болады деп есептейді. Мынау – Түркістанды, Арыстан Бабты зиярат етушілердің әсерлері туралы айтылған ғаламтордан алынған кейбір үзінділер:

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Адамдардың белгілі бір оқиғаның құрметіне белгілі бір жерде тұрақты және мерзімді түрде жиналуы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он бірінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Мынау – тараудың атында айтылатын нәрсенің орын алып жатқандығын дәлелдейтін ғаламтордан алынған кейбір үзінділер: «Түркістанда   орта ғасырдан   бүгінге  жеткен   танымал  өнер  туындысы — Тайқазанның      елге оралуының   20 жылдығы  атап өтілді. Қалада  өткен  салтанатты шараларға тарихшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар өкілдері   шақырылды. 1935 жылы қазанды Санкт-Петербордағы атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III-халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрған  Тайқазан 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана елге  қайтарылды. Бұл күнде Тайқазан ғасырлар бойы мемлекетіміздің жүрегі саналып келген, рухани астанамыз – киелі Түркістан қаласындағы әулиелердің сұлтаны Құл Қожа Ахмет…

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Адамдардың кейбір заттар, жерлер және уақыттар физикалық тұрғыдан берекеге ие (табарак) деген сенімдері

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының оныншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Көпқұдайшылықтың келесі көптеген сатыларының пайда болуының себебі Құран мен Сүннетте дәлел болмаса да, адамдардың «кейбір заттар, жерлер немесе уақыттар  құт-берекеге ие және берекелді» деген сенімдері болып табылады. Көптеген адамдар егер жердің қандай да бір бөлігінде әлдебір кезде қандай да бір атаулы оқиғалар орын алған болса (мысалы, маңызды шайқастағы жеңіс немесе бір салиқалы адамның осы жерде өмір сүріп ғибадат етуі), онда осы жер киелі және қасиетті болып, иләһи (құдайлық) құт-берекеге ие болады деп тұжырымдайды. Тура сол қате тұжырым басқа да: тастар, ағаштар, ғимараттар, құдықтар,…

  • Ақида

    Дүниенің жан-жақтарында көптеген жалған және болжалды қабірлердің бар екендігі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының тоғызыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Түркістанда жалған қабірлердің табылуы жаңалық болып табылмайды. Бұл құбылыс бүкіл мұсылман әлемінде кең таралған. Бұл тарауда біз тек бұл жалған немесе болжалды қабірлердің кейбіреулерін ғана атап кетеміз. 1) Кирк қаласындағы (Ливан) Нұх пайғамбардың қабірі. Бұл қабір һижраның жетінші жылы табылды. Оған осы аймақта біреу хош иіс сезінгені, содан соң үлкен сүйектер табылғаны негіз болды. Әрі, әрине, «зерттеушілер» айналада осындай ірі сүйектерге толы қабірлер болуына қарамастан, бұл сүйектер Нұх пайғамбарға тиісті болуы мүмкін деген қорытынды шығарды. Қз.: «әл-Фәтауа» 27/459

  • Ақида

    Қабірлерді нақтылап белгілеп қою шариғатта мақұлданатын нәрсе ме?

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының сегізінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме Жалған және жорамалды қабірлерді нақтылап белгілеу тәсілі ежелден мәлім, әрі Түркістанда «қасиетті» қабірлердің табылуы да аталмыш тәсілді кезекті қолданудан өзге еш нәрсе емес. Бүкіл дүние бойынша көптеген пайғамбарлардың, сахабалардың, имамдардың, одан қалса жалған «әулиелердің» өтірік қабірлері орналасқандығы белгілі. Сондай-ақ жорамалды болғандары да аз емес. Оларда аталған тұлғалардың жерленгеніне ешқандай салмақты дәлелдер жоқ. Ал мұның себебі қандай да бір жерде қандай да бір сахабаның, имамның, («әулиенің») жерленгендігін білуден ешқандай діни пайда жоқтығында. Кім қай жерде жерленгендігі туралы қам жеудің дінге еш қатысы жоқ. Олай…

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Түркістанда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының жетінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Түркістанға жасалатын сапарларды ел ішінде одан сайын насихаттау мақсатында қараңғы елді шырмауына салып жүрген қабірлер мен «аталар» әруақтарына  табынушылар осы жерлерде Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Укашаның құдығы бар, ал Арыстан Баб Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрген және одан аманат алған деген жалған деректерді таратудан да тайынбайды. Пұтқа табынушылықтың аясын кеңейту мақсатында сахабалардың қабірлерін немесе оларға қатысты орындарды қолдан жасап алу тәсілі жиі қолданылады. Алайда, шын мәнісінде, белгілі бір жерде қандай да бір әулиенің немесе атаның…

  • Ақида

    Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – көпқұдайшылыққа апарар бірінші қадам

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының бесінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Біздің ата-бабаларымыз салиқалы адамдардың қатарынан болғандығына күмән жоқ. Дәл сол кісілер Исламды қабылдап, біздің жерлерімізде осы дінге шақырудың және оның нұрын таратудың ауыр да, сауапты да, жауапты да жүгін өз мойындарына алды. Көптеген тарихи фактілер олардың тақуалығы, ержүректігі және ұлықтығы тұралы куәлік етеді. Дәл сондықтан да олардың бізге деген көптеген қақылары бар. Біз бірқұдайшылықтың саф дініне сәйкес келетін нәрселерде олардың үлгі-өнегесіне ілесуіміз қажет және олар үшін Аллаһтан кешірім сұрауымыз керек. Олар Құран мен Сүннетті ұстанып, осы діннің заң-ережелеріне қатаң ілескендігі үшін ғана ұлылық…

  • Ақида

    Тарихи жәдігерлік орындарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының алтыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Тарихи жәдігерлік орындарда, соның ішінде қабірлерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу сахабалар мен олардың ізбасарларының кезінде белгісіз әрекет еді. Мұсылмандар, олардың ғалымдары да, ғалым еместері де, одан да маңыздырақ болған нәрселермен айналысатын: олар бар жігер-ынтасын өздерінің дінін біліп-үйренуге, соған сәйкес амал етуге бағыттайтын немесе ауыл шаруашылығы және басқа да бұл дүниеде өздеріне пайда келтіретін кәсіптермен айналысатын. 

  • Ақида,  Әдіснама

    Көпқұдайшылықтың таралуының басты себебі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының төртінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме Көпқұдайшылықтың таралуының басты себебі сіздің үнсіздігіңіз бен бейтараптығыңыз екенін біліңіз, уа, құрметті оқырман. Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл адамдардың қайтыс болған кісілерге қатысты өз бойларында алып жүрген сенімдері көпқұдайшылық болып табылатынын біл.  Алайда, мұның мәні тіпті ғылым иелеріне де байқаусыз қалып жатады. Бұл осы туралы білімнің өздігінен жасырын болғандығынан емес, бірақ көпшіліктің осы туралы үндемеуі себепті, сондай-ақ осының үстінде қарт адамның өмірі өткендігі және жас осының үстінде есейгендігі себепті. 

  • Ақида

    Елімізде көпқұдайшылықтың енгізілуінің сатылары

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының үшінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме Көпқұдайшылықтың таралуы және оның шабуылы біздің жерімізде екпінді түрде жүріп жатқанын біліңіз, құрметті оқырман. Осы орайда біз үнсіз қалып, оны тоқтату үшін және оның мәнін, қауіптілігін және ол қай бағыттан келе жатқанын түсіндіру үшін еш нәрсе істеп те жатқан жоқпыз. Соңғы жылдарда жай болса да, бірақ табанды түрде Түркістанда, Арыстан-бабта, Бекет Атада және сол сияқты басқа да жерлерде пұтқа табынушылық рәсімдерінің жандануы жүріп жатыр.