• Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім: Төртінші тарау: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғибадаттағы ыждағаттылығы және Аллаһ жолындағы күресі

    Төртінші тарау Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғибадаттағы ыждағаттылығы және Аллаһ жолындағы күресі (жиһады)   Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүминдер үшін үлгі-өнеге, ұқсап-еліктеуге және ізінен ілесуге шынайы лайықты имам (басшы) еді. Аллаһ Тағала ол туралы былай деді: «Расында, сендер үшін, Аллаһты және Ақырет күнін үміт еткендер және Аллаһты көп еске алатындар үшін, Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» («әл-Әхзаб» сүресі, 21-аят). Ол намаздарында ыждағатты болғаны сонша, тік аяқта ұзақ уақыт тұрғандығы себепті табандары ісіп кететін және жарылатын. Одан: «Сіз не үшін осыны істейсіз, Аллаһ сіздің бұрыңғы әрі болашақ күнәларыңызды кешіріп қойды емес пе?» — деп сұрағанда, ол: «Ендеше, қалайша мен Оның шүкір етуші құлы болмаймын?!»…

  • Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    АБУ ХАНИФА МАЗҺАБЫНДА САҚАЛ ҚОЮ МІНДЕТТІ ДІНИ РӘСІМ (УАЖІП) БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

    Абу Ханифаның атақты шәкірттерінің бірі Мухаммад  бин әл-Хасан, Аллаһ оларды рахымына бөлесін, былай деп айтатын: «Бізге Абу Ханифа әл-Хайсамнан, ал ол болса Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, ол сақалын алақанымен жұдырығына қысып ұстап, жұдырықтан төменін (ұзынын) қысқартатынын баяндайтын». Әрі қарай Мухаммад бин әл-Хасан былай дейтін: «Біз де осы пікірді ұстанамыз, әрі БҰЛ АБУ ХАНИФАНЫҢ ПІКІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ» («әл-Аасар» кітабы, 900). Атақты ханафи ғалымдарының бірі Ибн Абидин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деген:  «Сақалды жұдырықтан қысқа етіп қысқартуды, мұны кейбір мағриб тұрғындары мен әйелсымақ еркектер істейтіндеріндей,  ЕШКІМ РҰҚСАТ ЕТПЕГЕН» («әл-Хашия», 2/417).

  • Имамның өмірі

    Назарларыңызға telegram және VK жүйелеріндегі «Абу Ханифа мирасы» атты ислами ағарту арнасын ұсынамыз

    Назарларыңызға telegram және ВК жүйелеріндегі «Абу Ханифа мирасы» атты жаңа ислами ағарту арнасын ұсынамыз (https://telegram.me/abuxanifa); https://vk.com/abuhanifamirasy Ол ерекше діндарлығымен және салиқалылығымен танылған, білімді жоғары бағалаған және оны дүниелік игіліктерге айырбастамаған, ақиқатты жасырмаған, фақиһтардың имамы деген атаққа ие болған  фиқһ саласындағы ең көрнекті имамдардың бірі имам Абу Ханифа ән-Ну‘ман бин Сабит жайында және оның ізбісарлары деп танылған басқа да ғалымдар туралы және олардың еңбектері туралы болмақ.

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім: Үшінші тарау: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сырт келбетінің суреттемесі және оның адамгершілік көркі

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақсы дене сипаттарына және ең көркем адамгершілік сипаттарына ие болатын. Оның алақандарындай жұмсақ алақандар ешкімде жоқ еді. Одан аңқитын хош иістей хош иіс ешкімнен шықпайтын. Ешкім оның ақылындай кемел ақылға ие болмаған, әрі ешкім ол сияқты адамдармен қарым-қатынасында көркем болмаған, ешкім ол секілді Аллаһ туралы білмеген, Оған қызмет етуде ол сияқты мойынсұнушы және ынта-жігерлі болмаған, ешкім ол секілді ержүрек, жомарт, әділ және кеңпейілді, сабырлы және Раббының алдында тағзым-итағатты[1],  әрі Оның құлдарына ізгі, және сол кекілді ұялшақ болған емес.  Ол кек алмайтын, әрі өзіне тигізілген ренжітулерге ашуланбайтын, бірақ Аллаһтың орнатқан заң-ережелері бұзылған кездерде салиқалы ашуын білдіретін.  Оның кек алуы тек Аллаһ үшін ғана…

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім: Екінші тарау: Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) балалық және жасөспірімдік шағы

    Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жетім болып өсті. Оның әкесі – АбдуЛлаһ ол анасының құрсағында болған кезінде-ақ қайтыс болып кетті. Бірнеше күн бойы оны Абу Ләһабтің күңі болған Сууайба өз сүтімен емізеді («Әл-Бухари ма’а әл-фатх» (9/142)). Кейіннен оны емізуді Халима әс-Са’дийя жалғастырады да, оны өз үйіне алып кетеді. Ол оның бану са’д тайпасында төрт жыл шамасында өмір сүрді. Сол жерде күндердің бір күнінде, ол жергілікті балалармен бірге ойнап жүрген кезінде онымен «көкіректің кесілуі» деп танылған оқиға орын алды. Әнас (Аллаһ оған разы болсын) ол туралы мынаны хабарлады: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа балалармен ойнап жүрген кезінде оған Жәбірейіл келді. Ол оны ұстап алды,…

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім. Бірінші тарау: Ең жақсылардың ең жақсысы

    Пайғамбардың толық есімі — Мухаммад ибн ‘Абдуллаһ ибн ‘Абд әл-Мутталиб ибн Хашим ибн ‘Абд Манаф ибн Қусайй ибн Киләб ибн Мурра ибн Ка‘б ибн Лу’айй ибн Ғалиб ибн Фихр ибн Мәлик ибн ән-Надр ибн Кинана ибн Хузайма ибн Мудрика ибн Иляс ибн Мудар ибн Низар ибн Ма‘ад ибн ‘Аднан. Оның шыққан тегі ең атақты әрі ең ардақты еді. Ол туралы ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, Аллаһ Исмаилдің ұрпақтарынан Кинана тайпасын таңдап алды, Кинанадан – құрайштықтарды, құрайштықтардан – хашим руын, ал хашим руынан – мені таңдады» (Муслим (№ 2276)). Сөйтіп, ол шыққан тегін Ибраһимнің (оған және Пайғамбарымызға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұлы Исмаилден бастайтын арабтарға…

  • Әдіснама

    «Абу Ханифа мирасы» сайты редакциясының мәлімдемесі

    Соңғы уақытта интернет желісіндегі әлеуметтік тораптарда біздің сайтымызды және оның Кітап Сөресіндегі әдебиеттерді уаһһабилікке, экстремистік бағыттағы әлдебір ағымдар мен лаңкестік әрекеттерімен танылған тұлғалар (мысалы, Надир Абу Халид Дагестани немесе т.с.с. басқалар) мен (ИГИЛ, немесе сол сияқты) ұйымдарға негізсіз байланыстыруды қалап, жала жабылып жатқан және өтірік хабарлар таратылып жатқандығына байланысты біз оқырмандарымызға және қалың жамағатқа сайтымыздың экстремизм  мен ланкестікке қарсы айқын ұстанымға ие екендігін екендігін мәлімдейміз. (Сөзге орай айта кетеріміз — біз осы Надир Абу Халид деген адам бар екенін интернеттегі бізге оны негізсіз қатысты етіп, жала жауып жатқандардан ғана білдік). Біз қазіргі заманның хауариждері саналатын ИГИЛ, «ихуанул муслимин», «жихад пен такфир» т.б. сол сияқты кез-келген лаңкестік, такфиршілдік, қарақшылық, бүлікшілік  сипаттағы…

  • Сира - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны

    Әлемдер үшін мейірім

    Құрметті оқырмандарымыздың назарына Са‘ид бин ‘Али бин Уахф әл-Қахтанидің «Әлемдер үшін мейірім» атты кітабының тарауларын ұсынамыз Араб тілінен аударған Арсен Абу Яхья Қырыми Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы Танымал ислам ғалымы Са‘ид бин ‘Али бин Уахф әл-Қахтанидің осы кітабы оқырманға  Мухаммад пайғамбар туралы (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның керемет адамгершілік сипаттары, оның Аллаһ Тағаламен және қарапайым адамдармен қарым-қатынасы жайында,  Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі) шыққан тегі, оның балалығы мен жасөспірімдік шағы, сыртқы және ішкі сипаттары, оған сый етілген муғжизалар, оның миссиясының баршаға бірдей екендігі, оның өз ілесушілеріне қалдырыған өсиеттері мен олардың оған қатысты міндеттері туралы өте қызық әрі жеңіл баяндайды, оған Аллаһтың игілігі мен…

  • Ақида

    Төрт имамның ақидасы негізінде бір екендігі туралы

    Төрт имамның – Абу Ханифаның, Мәликтің, әш-Шәфи’идің және Ахмадтың ақидасы Құран мен Сүннетте баяндалғанға сәйкес келеді. Олардың ақидасы сахабалардың және олардың ізінен шын ықыласпен ауытқымай ілескен ізбасарларының ұстанған көзқарастарына да сәйкес келеді.  Бұл имамдардың арасында дін негіздері мәселелеріне қатысты ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Олар Раббының сипаттарына және Құран – Аллаһтың сөзі болып табылып, жаратылмағанына иман келтіру жөнінде бірауызды келіскен. Имамдардың көзқарастарына сәйкес иманның міндетті шарты болып тілмен және жүрекпен растау болып табылады. Олардың барлығы грек пәлсапасының және қаламға негізделген пікірлердің ықпалында жүрген жәхмилерден және басқа секталардан болған қаламның жақтаушыларын сөгетін.

  • Ақида,  Бұрмалаулар

    Наурыз – парсы отқа табынушыларының мерекесі, әрі ханафи мәзһабының ғалымдары оны тойлауға қарсы

    Соңғы жылдарда Орта Азияның, Кавказдың, Қазақстанның мұсылмандары тамыры отқа табынушылық (зароастризм) дінінен бастау алатын парсы отқа табынушыларының жаңа жылы – наурызды атап өтуде ерекше ынта танытып жатқаны Ислам дініне қызғанушылық танытатын жүректі қынжылтпай қалдырмайды. Осылайша, көптеген пәтуаларда Ислам сенімдері мен қағидаларына қайшы келеді деп сипатталған бұл «мейрам» әдет-ғұрыпқа сіңіп кеткен ырым-жырымдар мен исламға дейінгі қалдықтарды ұлттық салт-дәстүр деп танитындар үшін қазақтың этномәдениетін қайта жаңғыртумен байланыстырылатын болды.  Алайда бұл «мейрамды» қазақтың төл мерекесі деп атап жүргендердің сөздерін оның атауының өзі-ақ жоққа шығарып тұр. Өйткені  ол парсылардың «Нау (жаңа) руз (күн)» деп аталатын ежелден аталып келе жатқан мейрамы.  Ал бұл «мерекенің» мәнін түсіну үшін, және оның қазақтарға қай жақтан келіп енгенін білу…