• Ақида

    Ханафи мәзһабы тәуассул және истиғаса туралы

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаттар болсын. «Тәуассулдің» мұндай түрін ірі мұсылман ғалымдары және діндарлары тәрк еткен және бұл көзқарастар көптеген жақтаушыларына ие кейбір діни мәзһабтарда көрініс тапты. Осындай мәзһабтардың бірі имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, мектебі болып табылады.  Ханафи мәзһабы өкілдерінің едәуір танымал еңбегі болған «әд-Дурр әл-Мухтар» (2/630) кітабында сөзбе-сөз былай деп айтылайды: «Абу Ханифа былай деп айтқаны жеткізіледі: “Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарыну қажет. Бізге рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан, Оған сол есімдер…