Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (37)

Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат[1] айту: оның орны және түрлері

«الصَّلاَةُ عَلَى النَّبيِّ ، وَمَوْضِعِهَا، وَصِيَغِهَا»

 Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші және басқа тәшаһһудтарда[2] өзі үшін салауат айтып Аллаһқа жалбарынатын[3]. Ол сондай-ақ өзінің үмметіне оған сәлем[4] жолдағаннан кейін ол үшін салауаттар айтып, Аллаһқа жалбарынуды бұйырып, мұны олар үшін бекітіп орнатты және оның түрлі үлгілерін үйретті:

 1.  «اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى أَهْلِ بَيْتِهِ، وَعَلَى أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى آلِ إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ، وَبَارِكْ عَلَى محمد، وَعَلَى آلِ بَيْتِهِ، وَعَلَى أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ؛ كَمَا بَارَكْتَ عَلَى آلِ إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ ».

 Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммәдин, уа ‘алә аһли бәйти-һи, уа ‘алә азуәжи-һи, уа зурриййяти-һи, кә-мә салләйта ‘алә әли Ибраһимә, иннә-кә хамидун мәжид! Уа бәрик ‘алә Мухаммәдин, уа ‘алә әли бәйти-һи, уа ‘алә азуәжи-һи уа зурриййяти-һи, кә-мә бәрактә ‘аля әли Ибраһимә, иннә-кә хамидун мәжид!

«Уа, Аллаһ, Сен Ибраһимнің отбасына игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасы мүшелеріне, оның әйелдері мен ұрпақтарына игілік ет[5], ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың! Және Сен Ибраһимге береке бергеніңдей, Мухаммадқа, оның отбасына, оның әйелдері мен ұрпақтарына да береке[6] бер; ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»

Осы сөздер арқылы ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа өзі үшін дұға етіп жалбарынатын[7].

 2. «اللَّهُمَّ! صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى [إِبْرِاهِيمَ، وَعَلَى] آلِ إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ، اللَّهُمَّ! وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى [إِبْرِاهِيمَ وَعَلَى] آلِ إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ ».

Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммәдин, уа ‘алә әли Мухаммәдин, кә-мә салләйта ‘алә [Ибраһимә, уа ‘алә] әли Ибраһимә, иннә-кә хамидун мәжид! Аллаһуммә бәрик ‘алә Мухаммәдин, уә ‘алә әли Мухаммәдин, кә-мә бәракта ‘алә [Ибраһимә, уә ‘алә] әли Ибраһимә, иннә-кә хамидун мәджид!

 «Уа, Аллаһ! Сен [Ибраһимге][8] және оның отбасына игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасына да игілік ет, шын мәнінде, Сен Аса  Мақтаулы әрі Данқтысың!  Уа, Аллаһ! Сен [Ибраһимге][9] және оның отбасына береке бергеніңдей Мухаммадқа және Мухаммадтың отбасына береке бер; шын мәнінде, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»[10]

 3.«اللَّهُمَّ! صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرِاهِيمَ، وَآلِ إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرِاهِيمَ وَآلِ إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ».

 Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммәдин, уа ‘алә әли Мухаммәдин, кә-мә салләйта ‘алә Ибраһимә, [уа ‘алә әли Ибраһимә,] иннә-кә хамидун мәжид! Уә бәрик ‘алә Мухаммәдин, уа ‘алә әли Мухаммәдин, кә-мә бәракта ‘алә [Ибраһимә, уа] әли Ибраһимә, иннә-кә хамидун мәжид!

«Уа, Аллаһ! Сен Ибраһимге  [және Ибраһимнің отбасына] игілік еткеніңдей, Мухаммадты және Мухаммадтың отбасына игілік ет; ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың! Және Сен  [Ибраһим мен] Ибраһимнің отбасына береке бергеніңдей, Мухаммадқа және Мухаммадтың отбасына береке бер, ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»[11]

 4. «اللَّهُمَّ! صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ [النَّبِيِّ الأُمِّي]، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى [آلِ] إِبْرِاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ [النَّبِيِّ الأُمِّي]، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى [آلِ] إِبْرِاهِيمَ فِي العَالَمِيْنَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ».

Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммәдин [ән-нәбиййи-л-уммиййи], уә ‘алә әли Мухаммәдин, кә-мә салляйта ‘алә [әли] Ибраһимә, уә бәрик ‘алә Мухаммәдин [ән-нәбиййи-л-уммиййи], уә ‘алә әли Мухаммәдин, кә-мә бәракта ‘алә [әли] Ибраһимә фи-л-‘аләмин, иннә-кә хамидун мәжид!

 «Уа, Аллаһ, Сен Ибраһимнің [отбасына] игілік еткеніңдей Мухаммадқа да [хат танымаған[12] Пайғамбарға] және Мухаммадтың отбасына игілік ет және Сен Ибраһимнің [отбасына] әлемдерде береке бергеніңдей Мухаммадқа [хат танымаған Пайғамбарға] және Мухаммадтың отбасына береке бер; ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»[13]

 5.«اللَّهُمَّ! صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ عَبْدِكَ وَرَسُولِكَ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى [آلِ] إِبْرِاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ [عَبْدِكَ وَرَسُولِكَ]، [وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ]، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرِاهِيمَ [وَعَلَى آلِ إِبْرِاهِيمَ]».

Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммәдин, ‘абди-кә уа расули-кә, кә-мә салляйта ‘алә [әли] Ибраһимә, уа бәрик ‘алә Мухаммадин, [‘абди-кә уа расули-кә], кә-мә бәракта ‘алә Ибраһимә [уа ‘алә әли Ибраһимә]!

«Уа, Аллаһ, Сен Ибраһимге игілік еткеніңдей, құлың және Елшің Мухаммадқа игілік ет, және Сен Ибраһимге [және Ибраһимнің отбасына] береке бергеніңдей,  [құлың және Елшің] Мухаммадқа да береке бер!»[14]

 6. «اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَ[عَلَى] أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى [آلِ] إِبْرِاهِيمَ، وَبَارِكْ عَلَى محمد، وَ[عَلَى] أَزْوَاجِهِ وَذُرِّيَّتِهِ؛ كَمَا بَارَكْتَ عَلَى [آلِ] إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ».

Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммәдин, уа [‘алә] әзуажи-һи, уа зурриййяти-һи, кә-мә салләйта ‘алә [әли] Ибраһимә, уа бәрик ‘алә Мухаммәдин, уа [‘алә] әзуажи-һи уа зурриййяти-һи, кә-мә бәракта ‘алә [әли] Ибраһимә, иннә-кә хамидун мәжид!

«Уа, Аллаһ, Сен Ибраһимнің [отбасына] игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және оның жұбайлары мен оның ұрпақтарына игілік ет  және Сен Ибраһимнің [отбасына] береке бергеніңдей, Мухаммадқа және оның жұбайлары мен оның ұрпақтарына береке бер, ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»[15]

  7. «اللَّهُمَّ! صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، وَبَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ، وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ وَبَارَكْتَ عَلَى إِبْرِاهِيمَ، وَآلِ إِبْرِاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيْدٌ مَجِيْدٌ».

 Аллаһуммә, салли ‘алә Мухаммәдин, уа ‘алә әли Мухаммәдин, уа бәрик ‘алә Мухаммадин, уа ‘алә али Мухаммадин, кә-мә салләйта уа бәракта ‘алә Ибраһимә, уа әли Ибраһимә, инна-кә хамидун мәжид!

«Уа Аллаһ, Сен Ибраһим мен Ибраһимнің отбасына игілік етіп, берекеге бергеніңдей, Мухаммад пен Мухаммадтың отбасына игілік етіп, береке бер; ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»[16]

 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үшін салауат айтуға қатысты пайдалы және маңызды қорытындылар

«فَوَائِدُ مُهِمَّةٌ فِي الصَّلاَةِ عَلَى نَبِيِّ الأُمَّةِ»

 Бірінші пайда:

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үшін  айтылатын салауаттардың басым бөлігінде: «…Сен Ибраһимнің отбасына игілік еткеніңдей», — деп Ибраһим өзінің отбасынан бөлек аталмайтынын байқауға болады. Мұның себебі – араб тілінің нормаларына сәйкес қандай да бір адамның отбасы (жанұясы, әулеті) өзінің құрамына оның өзін, сондай-ақ оның қамқорлығында болғандарды қамтиды, мысалы, мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды:

إن لله اصطفى دم ونوحا و ل إبراهيم و ل عمران على العالمين

«Ақиқатында, Аллаһ Адам мен Нұхты және Ибраһим мен Имранның отбасыларын әлемдерге ардақты етті» ( «Әли ‘Имран» сүресі, 33-аят);

إلا ل لوط نجيناهم بسحر

«Бірақ Лұттың отбасын таңда құтқардық» («әл-Қамар» сүресі, 34-аят). Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі айтқан сөзі де мазмұны бойынша осыған ұқсас болып табылады: «Уа, Аллаһ, Абу Ауфаның отбасына игілік ет!».

Әһл әл-Бәйт” сөз тіркесі де (сөзбе-сөз “Үйдің адамдары”) осы санатқа жатады, мысалы:

رحمة لله وبركاته عليكم أهل البيت

«Аллаһтың Рақымы және Оның игіліктері сендерге болсын, әй, осы үйдің адамдары» («Һуд» сүресі, 73-аят). Сөйтіп, «Ибраһимнің отбасы» өзіне Ибраһимнің өзін де қамтиды.

Шейх-ул-Ислам Ибн Таймийя былай деп айтқан:

«Сондықтан да (хадистердің) көпшілік нұсқаларында: «…Сен Ибраһимнің отбасына игілік еткеніңдей», —  және, — «…Сен Ибраһимнің отбасына береке бергеніңдей», — деп келтіріледі, ал олардың кейбіреулерінде Ибраһимнің өзі ғана аталады. Мұның осылай болуының себебі оның барлық игіліктер мен берекенің түсірілуінің себепкері болуында – оның отбасының қалған мүшелері   осының барлығын (тек) екінші кезекте (ғана) алады. Міне, осы екі жағдайға нұсқау үшін де екі сөз тіркестері бір бірінен жеке пайдаланылды».

Ғалымдар осы жайында біледі әрі өздеріне оның «…игілік еткеніңдей» сөздеріндегі салыстырудың мәні туралы кең танылған сұрақты қояды, өйткені салыстыру үшін үлгі салыстыратыннан ардақтырақ болатыны ақиқат болып табылады. Ал бұл жағдайда керісінше жағдай орын алуда, өйткені Мухаммад Ибраһимнен ардақтырақ және оның жоғары мәртебесі Аллаһтан сұралатын игіліктердің кез келген түсірілген игіліктерден немесе [Мухаммадтан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)] өзге әлдебіреуге түсірілетін игіліктерден салмақтырақ екеніне еріксіз көндіреді. Ғалымдар бұл сұраққа түрлі жауаптар берген, олардың барлығы «Фатх әл-Бариде» және «Жәлә’ әл-Ифхамда» келтірілген. Олардың барлығы он түрлі көзқарасқа келіп ұштасады: олардың кейбіреулері басқаларына қарағанда әлсіздеу, жақсы дәйектелген әрі  шейх-ул-ислам Ибн Таймийя мен (оның шәкірті) Ибн әл-Қайим тарапынан қабылданған жалғыз біреуінен ғана бөлек. Бұл пікір мынандай: «Ибраһимнің отбасы өзіне көптеген пайғамбарларды қамтиды, ал  Мухаммадтың отбасында (Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен өзге) (мәртебесі) бойынша оларға ұқсас ешкім жоқ. Сондықтан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның отбасына Ибраһимге және өзінің құрамына пайғамбарларды қамтитын оның отбасына игілік етілгендей игілік тілеп, Аллаһқа жүгінуде Мухаммадтың отбасы мүшелері олардан (яғни игіліктерден) өздеріне тиістісін алады.  Ал Мухаммадтың отбасы мүшелеріне пайғамбарлардың мәртебесіне жету мүмкін емес болғандықтан, пайғамбарларға сый етілген қосымша игіліктер мен нығметтер Мухаммадтың (өзіне) (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тиесілі болады. Сонымен ол басқалар жете алмайтын ерекшілікке ие болады».

Ибн әл-Қайим былай деп айтқан:

«Бұл осыдан алдынғы пікірлердің ең кереметі:  Мухаммад — Ибраһим отбасының бір мүшесі, іс жүзінде ол – Ибраһим отбасының ішіндегі ең жақсысы, бұл туралы   ‘Али ибн Тәлха Ибн ‘Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Тағаланың

إن لله اصطفى دم ونوحا و ل إبراهيم و ل عمران على العالمين

«Ақиқатында, Аллаһ Адам мен Нұхты және Ибраһим мен Имранның отбасы жақындарын әлемдерге ардақты етті» («Әли ‘Имран» сүресі, 33-аят) сөздері туралы жеткізгеніндей; Ибн ‘Аббас былай деп айтқан: «Мухаммад —Ибраһимнің отбасының мүшелерінен». Бұған негіздеме (келесідей) – егер Ибраһимнің ұрпақтары болып табылатын басқа пайғамбарлар оның отбасына кіргізілген болса, онда Аллаһ Елшісіне  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл тіпті бірінші кезекте қатысты болмақ.  Сөйтіп, біздің «…Ибраһимнің отбасына игілік еткеніңдей» деген сөздеріміз оған да, Ибраһимнің ұрпақтары болып табылатын қалған пайғамбарларға да түсірілетін игіліктерді  қамтиды. Кейін Аллаһ бізге нақты Мухаммадқа және оның отбасына береке беруді сұрауды әмір етті, біз оны Ибраһимнің қалған отбасы мүшелеріне тұтас игілік етуін сұрайтынымыздай. Сондықтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отбасы мүшелерінің барлығы оларға тиесілі болған нәрселерден өз үлестерін алады, ал қалғанның барлығы оған (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  тиеді. Ибраһимнің отбасы, олардың бірі болған Аллаһ Елшісінің өзін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қосқанда, алатын игіліктердің тұтас барлығы  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеке өзі алатыннан көбірек екендігі күмәнсіз.  Сондықтан да ол үшін салауаттар айтып Аллаһқа жүгіну өзіне өте мол игіліктерді қамтитыны соншалықты – ол (мүміндердің) Ибраһим үшін Аллаһқа жүгінетін салауаттарынан едәуір артығырақ. Сөйтіп, мұндай салыстырудың мәні мен қисындылығы айқын болды. Ол үшін дәл осы сөздерді қолданып айтылатын салауаттар басқа кез келген (салауаттардан) артығырақ, өйткені (мүміндер) осы дұға өзіне салыстыру үлгісін қамтыған нәрселерді қамтуын және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (одан) басым мол үлес алуын сұрайды: мұндай салыстыру (мүміндердің)  өздерінің дұғаларында сұрайтын нәрселері (Аллаһтың) Ибраһимге және басқаларға бергенінен асады. Сөйтіп, Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  артықшылығы мен ардақтылығы өзіне Ибраһим мен оның көптеген пайғамбарларды қамтыған отбасына қарағанда әп-айқын, әрі ол лайықты болған нәрселерге сәйкес. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) игілік пен береке тілеу туралы бұл салауат та оның артықшылығын растайды, әрі ол оның (іс жүзінде) лайықты болған нәрсесінен көп емес. Ендеше, Аллаһ оған және оның отбасына игілік етсін, олармен көп сәлемдерді қамтыған сәлемдердермен сәлемдессін, оларға біздің дұғаларымыз арқылы Өзінің басқа пайғамбарларына қарағанда көбірек сауаптар сыйласын.  Уа, Аллаһ, Сен Ибраһимнің отбасына игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және Мухаммадтың отбасына игілік ет, ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Данқтысың! Әрі Сен Ибраһимнің отбасына береке бергеніңдей, Мухаммадқа және Мухаммадтың отбасына да береке бер; ақиқатында, Сен – Аса Мақтаулы әрі Данқтысың!» (Ибн әл-Қайимның дәйексөзінің соңы).

Екінші пайда:

 Оқырман салауаттың осы бөлігі өзінің барлық айтылу үлгілерінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның жұбайлары мен ұрпақтарына және оның өзіне игілік-береке тілеу сөздерін қамтығанын байқайды. Сондықтан да бұл салауатта «Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілік ет!» деген жалғыз сөздерді ғана айту Сүннет болып табылмайды, әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығына сәйкес келмейді. Керісінше, осы салауаттардың бірінде қамтылған барлық сөздерді толық айту қажет, өйткені оның өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші тәшаһһудта болсын, не соңғысында  болсын осылай істейтін. Бұл туралы имам әш-Шәфи’и өзінің «әл-Умм» кітабында былай деп жазған: «Тәшаһһуд бірінші және екінші жағдайларда бірдей болып табылады; «тәшаһһуд» дегенде мен куәлік сөздерін (шәһада) және Пайғамбар  үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) игілік-береке тілеу салауаттарын айтып тұрмын; оның біреуі де екіншісіз жеткілікті болмайды».

Іс жүзінде «зияткерлік анархиясы» («ғылыми бассыздық») шарпыған біздің ғасырымыздың тудырған едәуір таңқаларлық құбылыстарының бірі – кейбір адамдардың, солардың арасында Мухаммад Ис‘аф ән-Нәшабиби деген біреудің өзінің «әл-Исләм әс-Сахих» («Шынайы Ислам») кітабында, тіпті бұл әл-Бухаридің, Муслимның және басқа да хадис жинақтарында  Ка‘б ибн Ужра, Абу Хумайд әс-Са‘ди, Абу Са‘ид әл-Худри, Абу Мәс‘уд әл-Ансари, Абу Һурайра және Тәлха ибн ‘Убайдуллаһ сынды сахабалардан сенімді түрде бекітілген болса да, Пайғамбар  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үшін  салауаттар айтып (Аллаһқа) жүгінгенде оның отбасына (да) игілік тілеуге қатысты нәрселерді теріске шығаруға дейін батылы жететіні! Олардан (сахабалардан) жеткізілетін хадистерде олар Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз Аллаһқа сен үшін қалайша салауаттар айтып жалбарынуымыз қажет?», — деп сұрады, әрі жауап ретінде ол оларға осы салауаттарды жоғарыда келтірілген үлгілермен айтуды үйретті. Ән-Нәшабибидің өз пікірін нығайту үшін пайланған дәйегі  — «Аллаһ Тағала Өзінің

صلوّا عليه وسلمّوا تسليماً

«Оған салауат және ықыласпен (жиі) сәлем келтіріңдер!» («әл-Әхзаб» сүресі, 56-аят) сөздерінде онымен басқа ешкімді қосып айтпады», — деуі.

Әрі қарай өзінің теріске шығаруында ол одан сайын тереңдей түсіп: «Сахабаларға «сәләт» сөзі «дұға» деген мағынада белгілі болған, міне сондықтан да олар одан: «Біз қалай Сен үшін дұға етіп жалбарына аламыз?», — деп сұрады», — дейді.

Мұндай пікір құру әп-айқын алдау болып табылады, өйткені, олардың сұрағының мәні, бұған біз келтірген хадистердің мәтіндерінде айқын нұсқалғанындай, оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға ол үшін айтылатын «саләт» сөзінің қандай мағынада екенін түсіндіріп беруінде емес, өйткені олай болған жағдайда осылай пікір құруға ода (яғни ән-Нәшабибиде) негіз болар еді, бірақ ол үшін «саләтты» қалай орындау  керектігінде еді.  Осылайша, барлық нәрсе өз орындарына келді, өйткені сахабаларда осы амалдың Шариғатқа сәйкес орындалу тәсілі туралы шексіз Білімді, аса Дана Шариғат Сыйлаушының Басшылығына жүгінуден бөлек өзге жерден білуге деген мүмкіндігі болмағандықтан, олар осы туралы сұрақ қойған еді. Тура сол сияқты олар одан Аллаһ Тағаланың

وأقيموا الصلاة

«…әрі саләтты (намаздарды) орында» («Та Һа» сүресі, 14-аят) деген сөздері арқылы парыз етілген  саләтты (намазды) орындаудың тәсілі туралы да сұрауы мүмкін еді; өйткені оларға «саләт» сөзінің сөзбе-сөз мағынасы туралы белгілі болған нәрселер оларды оны Шариғатқа сәйкес орындауға қатысты сұрақтарды қою қажеттілігінен ұстап қала алмайтын, ал бұл толығымен айқын ғой.

Ән-Нәшабибидің сілтеме жасайтын[17] жоғарыда келтірген дәйегіне келер болсақ, ол негізсіз, өйткені мұсылмандарға  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғана  Аллаһ Тағаланың сөздерін адамдарға түсіндіріп беруші болып табылатыны жақсы белгілі, өйткені Аллаһ Тағала:

وأنزلنا إليك الذكر لتبين للناس ما نزُّل إليهم

«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Зікірді (Құранды) түсірдік» («ән-Нәхл» сүресі; 44-аят), — деп айтты. Сөйтіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол үшін қандай салауаттар айтып, Аллаһқа жүгіну керектігін түсіндіріп берді, әрі оларға оның отбасы да енгізілді, сондықтан да Аллаһтың

وما تاكم الرسول فخذوه

«Сендерге Елші не берсе — алыңдар» («әл-Хашр» сүресі, 7-аят) деген сөздеріне мойынсұнып және «Ақиқатында, маған Құран және сол сияқты нәрсе сый етілді»[18] деген танымал әрі сенімді хадисті басшылыққа алып, мұны одан қабылдау міндетті болып табылады.

Мен егер әлдебіреу тәшаһһудты айтуды мүлдем теріске шығарса, немесе «етеккірі келген әйелдер намазды орындап, ораза ұстасын» деген пікір білдіріп жатса, әрі өздерінің осы осы тұжырымдарын «Аллаһ Тағала  Құранда тәшаһһуд айтуды атап айтпаған, ол тек рукуғ пен сәждені ғана атап айтқан, және Құранда етеккірі келген әйелдерді намаз бен оразадан босатпаған» деген сөздермен дәйектесе, ән-Нәшабиби және оның қоқиған сөздерімен алданған адамдар не дейтіндерін білгім келер еді. Ендеше, олар оның (ән-Нәшабибидің – аудармашыдан (қаз.)) түпнұсқа дәйегінің астарынан оп-оңай көрініп тұрған осындай дәлелдермен келісер ме еді, әлде жоқ па?! Егер олардың (осы қойылған сұраққа берген) жауабы келісу болса, — ал біз олар бұлай жауап бермейді деп үміт етеміз, — онда олар Басшылықтан өте алшақ адасушылыққа түсті, әрі сол арқылы өздерін мұсылмандардың негізгі бөлігінен оқшаланып шығарыды; ал егер олардың жауабы келіспеу болса, онда олар бізбен келісіп, (ұстанымы) дұрыс болғаны, әрі мұндай жағдайда олардың осы дәйектерді теріске шығарудағы дәлелдері біздің ән-Нәшабибидің түпнұсқа дәйегіне  қарсы келтірілген дәлелдеріміздей болмақ, ал ол дәлелдерді біз толық айқындықпен түсіндіріп бердік.

Сондықтан да мен мұсылмандарды Құранды Сүннетке жүгінбей түсіну талпыстарынан сақтануға шақырамын, өйткені сіздер тіпті біздің заманымыздың Сибауайхының[19] өзі және араб тілі саласындағы сарапшылар болсаңдар да, бұл сендердің қолдарыңнан келмейді.  Көрнекі мысал дәл сіздердің көздеріңіздің алдында, өйткені осы ән-Нәшабиби біздің кезімізде араб тілі саласының жетекші ғалымдарының бірі болып саналады; оның тіл саласындағы білімдерімен алданып,  Құранды түсінуде Сүннеттің көмегіне жүгінбей, адасушылыққа түскенін көрдіңіздер; іс жүзінде ол, бұл сіздерге белгілі болғандай, бұл көмектен бас тартты. Бұған қатысты басқа да мысалдар көп, алайда оларды тізіп айту өте көп  орын алатын болғандықтан, біз жоғарыда келтірілгенмен ғана шектелеміз, әрі осыны жеткілікті деп санаймыз, ал кез келген мүмкіндікті беруші Аллаһ.

 Үшінші пайда:

  Оқырман сондай-ақ Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтылатын осы салауаттардың ешқайсысында «сайид» (мырза) деген сөз қолданылмағандығын байқайды. Соңғы буынның ғалымдары бұл сөзді «Ибраһим салауатына»[20] енгізуге қатысты әртүрлі пікірде болған. Орынның шектеулі болғандығынан біз егжей-тегжейліктерге кіріспейміз және осы (сөзді енгізудің) заңдылығын теріске шығарғандарды атап айтпаймыз, әрі бұл үмметтің ең жақсы ұстазы – Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол үшін Аллаһқа қандай салауат айтып жалбарыну туралы сұрақ қойылғанда: ««Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілік ет…», — деп айтыңдар!», — деп бұйырған Басшылығымен шектелеміз. Алайда біз бұл жерде осы мәселе бойынша пікір айтқан хафиз Ибн Хәжар әл-Асқаләнидің, шәфи`и мазһабының хадис саласында да, фиқһ саласында да ең атақты ғалымы деген мәртебесін ескерген түрде, бір ғана дәйексөзін келтіреміз, өйткені Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы іліміне қатысты қарама-қайшы көзқарастар дәл шәфи`и мазһабының ғалымдарының арасында ең көбірек таралды!

Ибн Хәжардың серігі, ең ірі хадис білгірі (хафиз) Мухаммад ибн Мухаммад ибн Мухаммад әл-Ғурабили (х. 790-835 жж.) мыналарды жазған (мен оның қолжазбаларын дәйексөз етемін[21]):

«Оған (яғни Ибн Хәжарға), Аллаһ бізге оның өмірінен пайда алуды нәсіп етсін, Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазда және одан тыс уәжіп және мұстахаб жағдайларда салауаттар айтып жалбарынудың ерекшіліктері туралы келесі сұрақтар қойылған болатын: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «саййид» (мырзалық, жетекшілік) (ұғымын), мысалы,  «Уа, Аллаһ, мырзамыз («саййидина») Мухаммадты…» сөздерінде немесе «жаратылыстардың ең жақсысы» немесе «Адам ұрпақтарының мырзасы» және т.с.с. қатыстыру оның (салауаттың) шарты болып табылады ма? Әлде «Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілік ет…» сөйлемін қатаң түрде ұстану қажет пе? Осы екі тәсілдің қайсысы жақсырақ: «саййид» (мырза) сөзі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бекітілген сипаты екендігіне негізделіп, оны (салауат сөздеріне) қосу ма, әлде бұл сөз хадистерде жоқ болғандықтан, оны қоспау ма?» Ол (Ибн Хәжар), Аллаһ оны рақым етсін: «Иә (әрине), хадистерде жеткізілетін сөздерге ілескен жақсырақ. (Бұл жерде) «Мүмкін, Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны кішіпейілділігі себепті айтпаған шығар, өйткені ол өз аты аталған кезде: «Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын (салла-Ллаһу ‘аләйһи уа сәлләм)», — деп айтпады ғой, оның үмметіне  осылай істеу нұсқалған болса да», — деп тұжырым жасауға тыйым салынған, өйткені егер осылай істеу (яғни дұғаларға «саййид» сөзін қосу) жақсырақ болғанда, бізге бұл туралы сахабалардан, содан соң олардың ізбасарларынан хабарланған болар еді, сахабалардан және олардың ізбасарларының жеткен бірде-бір хабарда бізге мұндай нәрсе кездеспеді. Ал бұл олардан өте көп хадистер мен асарлар[22] жеткізілетініне қарамастан. Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ардақтауға қатысты істерде ең көрнекті адамдардың бірі болған имам әш-Шәфи’и, Аллаһ оның мәртебесін жоғарылатсын, өз мазһабын ұстанушылар үшін негізгі (құқықтық дереккөз) болған өзінің кітабына жазған алғысөзінде: «Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілік ет…, — және әрі қарай, — …еске алушылар оны еске алатын әрбір кезде және ұмытшақтар оны еске алуды ұмытқан әрбір кезде», — деп жазады;  ол бұл ой тұжырымды (мына) сенімді (хадистен) шығарған сияқты: «(Бірде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  мүміндердің анасының[23] ұзақ уақыт бойы (Аллаһты) зікір еткенін және көп-көп рет мадақтап-дәріптегенін байқап, оған: «Мен айтқан сөздерімді сенің күні бойы айтқандарыңның барлығымен салмақтары бойынша (салыстырсақ), менің сөздерім міндетті түрде ауыр түседі.  (Мен былай деп айттым:) «Аллаһ Пәк және Оған Оның жаратылыстары (қанша болса, сонша) мадақ-мақтаулар (болсын)…»».  Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа үлгісі бойынша қысқа, бірақ мазмұны бойынша көлемді дұғалар арқылы жалбарынатын. Қади ‘Ийяд өзінің «Әш-Шифа’» («Шипа») кітабында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үшін  салауаттарға арналған тарау жасап, онда кейбір сахабалар және олардың ізбасарлары жеткізген  Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін келтіреді: олардың ешқайсысында «саййид» (мырза) сөзі аталмайды:

а)                        Алиден жеткен, онда ол «Уа, жазықтарды Жайған және шыңдарды Жаратқан Аллаһ, жабық тұрғанды Ашушы, құлың әрі елшің Мухаммадқа ең жақсы үлгіде игілік ет және ең мол болған береке мен қалған кез келген сәлемдерді жібер!» деген сөздерді қолданып, оларға Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  салауат айтып Аллаһқа жалбарыну сөздерін үйреткендігі туралы хадис;

б)                       Сондай-ақ Алидің былай деп айтатыны да хабарланады: «Аса Мейірімді және ерекше Рақымды Аллаһ пен (Оған) ең жақын періштелер, пайғамбарлар, (Аллаһтың ең) шыншыл (құлдары), (дін үшін) шәһидтер, ізгілер және Сені, уа, әлемдердің Раббысы, дәріптеушілердің барлығы Пайғамбарлардың мөрі, тақуалардың имамы — Абдуллаһтың ұлы Мухаммадқа салауат келтірсін…» және әрі қарай;

в)                         ‘Абдуллаһ ибн Мәс‘удың сөзінен оның былай деп айтатыны жеткізіледі: «Уа, Аллаһ, ізгіліктің имамы және рақымдылықтың елшісі, құлың әрі елшің – Мухамадқа игілік ет және берекең мен рақымыңды сыйла…», — және әрі қарай;

г)                         Әл-Хасан әл-Бәсриден оның былай деп айтатыны жеткізіледі: «Таңдаулының (әл-Мустафаның) су айдынынан[24] (әл-Хауздан) сусынды қандыратын (бір) кесе (су) ішуді қалайтынның кез келгені: «Уа, Аллаһ, Мухаммадқа және оның отбасына, жұбайларына, балаларына, ұрпақтарына, үйіндегілерге, (екі жағынан да) ағайын-туысқандарына, көмекшілеріне, ізбасарларына және оны жақсы көргендердің барлығына игілік ет», — деп айтуы қажет».

Ол (яғни қади ‘Ийад) «әш-Шифа’» кітабында Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабалары қалайша салауаттар айтып жалбарынғандығына қатысты тура осылай деген, әрі онда осыдан тыс басқа да нәрселерді атап айтқан.  Иә, Ибн Мәжаһ келтіретін Ибн Мәс‘удтан жеткізілген хадисте, шындығында да, ол Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтып Аллаһқа жалбарынғанда былай деп айтқан-мыс: «Уа, Аллаһ, Өзіңнің ең жақсы игілік-берекеңді, рақым мен рахатыңды елшілердің мырзасына (саййид) бере гөр…», — және әрі қарай осылай. Алайда бұл хадистің жеткізушілерінің тізбегі (иснады) әлсіз болып табылады, сондықтан да Алиден жеткен хадиске көбірек абзалдық беріледі, өйткені әт-Табарани оны жеткізушілердің жарамды тізбегі арқылы келтіреді. Бұл хадис мен ажыратып көрсеткен және Абул Хасан ибн әл-Фарис тарапынан жазылған «Фәдл ән-нәби» («Пайғамбардың  (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) артықшылықтары») атты кітапта түсіндірген (сирек кездесетін) сөздерді қамтиды. Шәфи’и мазһабын ұстанушылардың кейбіреулері: «Егер қандай да бір адам Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақсы салауатпен Аллаһқа жалбарыну туралы ант берсе,  онда осы антын орындауы үшін ол: «Уа, Аллаһ, еске алушылар оны еске алатын, ал ұмытшақтар оны еске алуды ұмытқан әр кезде Мухаммадқа игілік ет!», — деп айтуы керек», — деген. Ән-Нәуауи былай деп айтқан: «Ақиқат деп белгілеуге тиісті нәрсеге ең жақыны келесі сөздер болып табылады: «Уа, Аллаһ, Сен Ибраһимге… игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасына да игілік ет…».   Соңғы буынның кейбір ғалымдары бұл (сұраққа): «Аталған екі тәсілдердің ешқайсысында хадистерге қатысты оның қайсыбірі ең жақсы екендігінің дәлелдері жоқ, бірақ маңызына қатысты «саййид» сөзі қолданылмайтын нұсқасының артықшылығы айқын», — деп жауап берген.   Бұл мәселе фиқһ кітаптарында жақсы белгілі және  осы тақырыппен айналысқан түгелімен барлық фәқиһ ғалымдардың айтқан сөздерінде «саййид» сөзі кездеспейді. Егер осы сөзді қолдану абзал болғанда, онда бұл нәрсе бірден барлық фәқиһ ғалымдардың назарынан тыс қалмас еді және олар бұл туралы хабарсыз болмас еді. Барлық игілік (хадистер мен хабарларда сенімді түрде) жеткізілген нәрселерге ілесуде, ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі!» (Ибн Хәжардың дәйексөзінің соңы).

Ибн Хәжардың  Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтып Аллаһқа жалбарыну кезінде оны «саййид» деп атауға болмайтындығы туралы көзқарасына — ал оған салауат айту Құранда бұйырылған — сондай-ақ ханафи мазһабының ғалымдары да ортақтасады. Дәл осы көзқарасты ұстану қажет, өйткені ол оған (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген  сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі болады:

قل إن كنتم تحبون لله فاتبعوني يحببكم لله

«Айт  (уа, Мухаммад!): «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер, (әрі сонда) Аллаһ та сендерді сүйеді…» («Әли ‘Имран» сұресі, 31- аят).

Имам ән-Нәуауи осы (әмірді) басшылыққа алып, «Раудат әт-Талибин» (1/265) кітабында былай деп айтқан: «Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтылатын ең кемел салауат (келесі): «Уа, Аллаһ, …Мухаммадқа игілік ет…» болып табылады»,— және әрі қарай ол тура № 3 салауат үлгісіндегі сөздерді келтірді, ал онда «саййид» сөзі аталмайды ғой!

Төртінші пайда:

  Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтылатын салауаттардың № 1 және № 4 үлгілері Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары одан Аллаһқа ол үшін қалайша жалбарынулары керек екендігін сұраған кезде оның өзі үйреткен сөздерді қамтитынын білу қажет. Сондықтан салауаттардың бұл түрлері ол үшін дұға етудің ең жақсы үлгілері екендігіне айғақ ретінде келтіріледі, өйткені ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары мен өзі үшін ең көп игілік пен пайда қамтылған нәрселерді ғана таңдайтын. Имам ән-Нәуауи де, бұл туралы жоғарыда айтылғандай, өзінің «Раудат әт-Талибин» кітабында «егер әлдебір адамға Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақсы салауатпен Аллаһқа жалбарыну туралы ант беруге тура келсе, оны осы сөздерді қолданудан өзге жолмен орындау мүмкін болмас еді» (деген пікірді) қолдаған.

Әс-Субки сондай-ақ (мынандай) басқа бір себепті келтірген: бұл сөздерде қамтылған салауаттар арқылы Аллаһқа жалбарынатын кез келген адам Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтқанына сенімді бола берсе болады; ал кім басқа сөздерді қолданса, «ол салауатты ол бұйырылғандай етіп айтты ма, әлде жоқ па?» деген күмәндарды сезінеді. Істің мәні осылай болғанының себебі  олардың: «Біз сен үшін Аллаһқа қалай жалбарынуымыз керек?», — деп сұрағанында, ал ол (бұл сұраққа): «Уа, Аллаһ, (…) Мухаммадқа (…) игілік ет… », — деп жауап бергенінде, әрі осы арқылы оларға өзі үшін дұға еткенде (жоғарыда аталған) сөздерді айтуды бекітіп бергенінде болып тұр. Бұл туралы әл-Хайсами «әд-Дарр әл-Мәндудта» (каф 25/2) ескертіп, кейін (каф 27/1) қойылған мақсатқа айтылу үлгісі сенімді хадистерде жеткізілетін кез келген салауатты айту арқылы қол жеткізілетіндігін айтқан.

Бесінші пайда:

  Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтылатын салауаттардың келтірілген барлық үлгілерін бір жалғыз нұсқаға біріктіруге ешқандай негіз жоқ екендігін білу қажет; тура сол ұстаным тәшаһһудтың жоғарыда келтірілген түрлі үлгілеріне қатысты да күшке ие.  Іс жүзінде бұл діни жаңалықпен (бидғатпен) бірдей болар еді; ал Сүннет бұл салауаттардың үлгілерінің әрқайсысын әртүрлі уақыттарда айту болып табылады, мұны  шейх-ул-ислам Ибн Таймийя екі айт тәкбірлеріне қатысты зерттеуінде түсіндірген болатын («Мәжму‘ әл-Фатауа» 29/253/1).

 Алтыншы пайда:

 Сыддық Хасан Хан атты ғалым өзінің «Нузул әл-Әбрар би-л-‘Илм әл-Мә’сур мин әл-’Ад‘ийя уәл-Әзкар» кітабында Аллаһқа Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үшін жиі дұға етіп жалбарынудың артықшылықтары туралы көптеген хадистерді келтіріп, былай деп жазады (161-бет): «Хадис білгірлері мен Саф Сүннетті жеткізумен айналысатындар, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үшін салауаттар арқылы Аллаһқа жалбарынуға қатысты басқа мұсылмандардан озады, өйткені бұл олардың міндеттерінің бірі, себебі — олар өздері үшін білімнің осы ардақты жолын таңдап алған соң, әрбір хадистің алдында ол үшін дұға етеді, әрі осылайша олардың тілдері оны (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тұрақты түрде зікір етеді. Өз құрамына мыңдаған хадистерді қамтымайтын Сүннетке арналған бірде-бір кітап және бірде-бір «Жәми‘», «Муснад», «Му‘жам», «Жуз’»[25] және басқа хадис жинақтары жоқ, ал қалған жинақтар бұдан ерекшеленеді. Сөйтіп, міне солар — «Құтылған қауым»[26]: Қиямет күні Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа адамдарға қарағанда ең жақын болатын және оларға (Аллаһ тарапынан) оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шапағаты бірінші кезекте сый етілетін хадис білгірлерінің негізгі бөлігі; әкем мен шешем ол үшін өтеу болсын! Хадис білгірлеріне тән бұл артықшылықтардан бірде-бір адам аса алмайды, тек егер ол солар істейтін нәрселерді олардан да көбірек істемесе ғана… Сондықтан да мен саған былай деймін: егер игілікке ие болғың келсе, құтылуды және басқа да кез келген (жақсылықтарды) іздесең, не өзің хадис білгірі (мухаддис) болуың керек, не олардың қастарында жүруің қажет; (әрі) өзгеше істеме…. өйткені бұдан басқа саған пайда келтіретін еш нәрсе жоқ» (Сыддық Хасан Ханның дәйексөзінің соңы).

Мен Пәк Аллаһ Тағаладан  мені Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа адамдарға қарағанда жақын болған осы хадис білгірлері қатарына қосуын сураймын; бәлкім, осы кітап осыған куәлік болар. (Мына шумақтарды) айтқан имам Ахмадты Аллаһ Өзінің рахметіне бөлесін:

 Мухаммад пайғамбардың діні  — хадистерде,

Жігіт үшін ең жақсы сәйгүліктер – асарларда;

Хадис пен оның білгірлерінен бет бұрма, 

Өйткені жеке пайым – түн, ал хадис – бұл күн.

Кейде күн барынша жарқырап тұрса да,

Бозбала Тура жолдан хабарсыз болуы да мүмкін!



[1] Аудармашының ескертпесі: Арабша бұл салауат «әс-саләт ‘алә-н-нәбийи» деп аталады. Оның басқа аты «әс-салләуәтту-л-Ибраһимийя» («Ибраһимнің салауаты»). Бұл салауатпен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оны отбасына берекет тілеу меңзеледі. Оқырманның назарын «салауат» сөзінің бұл жерде және әрі қарай «намаз» сөзінің мағынасында емес, «дұға», «игілік, береке тілеу» сөздерінің мағынасында қолданылғанына ерекше аударғым келеді.

[2] Бұл жерде соңғы тәшаһһуд меңзеліп тұр, егер намаз үш немесе төрт ракағаттан тұрса (Аудармашының ескертпесі).

[3] Абу Ауана өзінің «Сахихында» (2/324) және ән-Нәса’и.

[4] Олар (яғни сахабалар): «Уа, Аллаһтың елшісі, біз саған (тәшаһһудта) қалай сәлем беруді білеміз, бірақ біз сен үшін Аллаһқа қалай жалбарынуымыз керек?», — деді. Ол: ««Уа, Аллаһ, Мухаммадқа игілік ет…», — деп айтыңдар», — деді және т.с.с.». Сөйтіп, ол бұл жерде белгілі бір тәшаһһудты ерекше атамады, әрі (осы орайда) басқасын теріске шығарып айтпады, ал бұл жайт бірінші тәшаһһудта да ол үшін салауаттар айтып Аллаһқа жалбарыну орынды екенін растайды. Бұл имам әш-Шәфи‘идің пікірі (мазһабы), бұл оның «әл-Умм» кітабынан келіп шығатынындай. Бұл көзқарасты сондай-ақ имам әш-Шәфи‘идің серіктері де қолдаған, ән-Нәуауи оны «Раудат әт-Талибин» (1/263) кітабында толығымен қолдап, «әл-Мәжму‘та» (3/460) осыған нұсқаған. Бұдан тыс, бұл туралы Ибн Ражаб жеткізгендей, осындай көзқарасты Уәзир ибн Хубайра әл-Хәнбали «әл-Ифсахта» ұстанған, әрі ол да осы пікірді «Зайл Табақат» (1/280) кітабында қолдаған.  Тәшаһһудта Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар айтып Аллаһқа жалбарыну туралы көптеген хадистер бар; олардың ешқайсысында ол қандай да бір тәшаһһудты ерекше айырып атамаған. Іс жүзінде бұл хадистер жалпылама сипатқа ие, әрі осылайша өздеріне әрбір тәшаһһудты қамтиды. Мен оларды (бұл хадистерді — Аудармашының ескертпесі) осы кітаптың түпнұсқасында («әл-Әсл») «тә‘лик» түрінде келтірдім, бірақ оның негізгі бөлімінің мәтінінде келтірген жоқпын, өйткені олардың барлығы хадистердің сенімділігіне қоятын біздің талаптарымызды қанағаттандырмайды.  Дегенмен, мен мұны осы кітаптың түпнұсқасында («әл-Әсл») жан-жақты түсіндіргенімдей, бұл хадистер мағыналық тұрғыдан бірін бірі қолдайды, ал осыны теріске шығаратын және осыған қарсы келетіндердің  осынысына дәлел ретінде ұсына алатын сенімді негіздемелері жоқ. Тура сол сияқты «Уа, Аллаһ, Мухаммадты берекеге бөле…» сөздеріне қалған сөздерді қосып айту сөгіске лайық (мәкрух) амал екендігі туралы сөздердің де Сүннетте ешқандай негізі жоқ, өйткені осындай тұжырым жасауға рұқсат беретін бірде-бір дәлел жоқ. Іс жүзінде біз осындай әнгімелерді айтып жүргендер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыдан бұрынғы: «Уа, Аллаһ, Мухаммадты берекеге бөле…», — деп айтыңдар», — деген әмірін орындамай жатқанын көрудеміз, бұл мәселе толығырақ осы кітаптың түпнұсқасында  («әл-Әсл») қаралады.

[5] «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат» сөздерінің мағынасы туралы ең ертедегі хабарлардың бірі Абу әл-‘Алийядан (33-ші — «әл-Әхзаб» сүресінің 56-аятына сілтеме жасалған түрде) былай деп жеткізіледі: «Аллаһ Өзінің Пайғамбарына игілік етуі Оның оны ұлықтайтынын және (дәрежесін) биіктететінін білдіреді; періштелер мен басқа жаратылыстардың оған салауат айтуы олардың осыны ол үшін Аллаһ Тағаладан сұрайтынын білдіреді. Бұл сұраныс салауаттың өзін емес, олардың оған игілік етуді көбейту туралы дұға етуін білдіреді», — деген. Ибн Хәжар бұл дәйексөзді «Фәтх әл-Бәриде» келтірді де, кейін «Раббы тарапынан әлдебіреуге жасалған игілік Оның Рахымы болып табылады» деген кең таралған пікірді теріске шығарды;  Ибн Қайим де осы мәселені «Жәлә’ әл-Әфхамда» ашып беріп, осы мәселеге қатысты талқылауларға іс жүзінде ешқандай орын қалдырмады, сондықтан да осы еңбекке жүгінулеріңізді сұраймын.

[6] «Баракат» сөзі «ұлғаю, көбею» дегенді білдіреді. Сөйтіп бұл дұға өзіне Аллаһ Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ибраһимнің отбасына сыйлаған игіліктерді беруін меңзейді. Сондай-ақ бұл дұға осы игіліктердің тұрақты үздіксіз жалғасауын және тоқтамауын, сондай-ақ көбейіп ұлғаюын сұрауды да өзіне қамтиды.

[7] Ахмад және әт-Тахауи осы дұғаның сөздерін жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[8] Келесі ескертпені қараңыз.

[9] Осы екі қосымшалардың сенімді екеніне әл-Бухари, әт-Тахауи, әл-Бәйһақи, Ахмад және ән-Нәса’и нұсқаған.  Бұл қосымшалар сондай-ақ басқа жеткізу тізбектері арқылы да келтіріледі және олар осы дұғаның өзге де кейбір үлгілеріне кіргізілген (Қз.: № 3 және № 7). Сондықтан да өзінің ұлы ұстазы Ибн әл-Таймийяның өнегесіне («әл-Фатауа» 1/16) ілесіп, «Жәлә’ әл-Әфхам» (198-бет) кітабында: ««Ибраһим» мен «Ибраһимнің отбасы» сөздерінің бір сөйлемде келтірілетініне бірде-бір сенімді хадис жоқ», — деп жазған Ибн әл-Қайимның сөздеріне таң қалудың қажеті жоқ. Алайда бұл жерде біз сіздерге осындай сенімді хадистерді келтірдік. Алайда Ибн әл-Қайим өзіне жоғарыда айтқан сөздерін теріске шығарған нәрселерді қамтыған №7 дұғаның сөздері келтірілетін хадисті сенімді деп атап, өзіне өзі қайшы келеді!

[10] Әл-Бухари, Муслим, әл-Хумайди (138/1) және Ибн Мәндаһ (68/2); соңғысы былай деп айтқан: «Бұл хадистің сенімділігі туралы бірауызды келісім бар».

[11] Ахмад, ән-Нәса’и, Абу Йа‘лә «Муснад» (44/2) кітабында бұл сөздерді жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы жеткізген.

[12] Пайғамбар Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оқи да, жаза да алмағаны белгілі (Аудармашының ескертпесі).

[13] Муслим, Абу Ауана, Ибн Аби Шәйба «әл-Мусаннаф» (2/132/1) кітабында және Абу Дәуд. Бұл хадистің сенімділігін әл-Хаким растаған.

[14] Әл-Бухари, ән-Нәса’и, әт-Тахауи, Ахмад және Исма‘ил әл-Қади «Фәдл әс-Саләт ‘алә-н-Нәбийи, саллә Ллаһу ‘аләйһи уа сәлләм» (1-ші басылым — 28-бет, 2-ші басылым  — 62-бет), оның хадистерінің сенімділігін мен тексеріп шыққанмын).

[15] Әл-Бухари, Муслим және ән-Нәса’и.

[16] Ән-Нәса’и, әт-Тахауи, Абу Саид ибн әл-‘Араби «әл-Му‘жәм» (79/2) кітабында бұл дұғаның сөздерін жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы жеткізген. Ибн әл-Қайим «Жәлә’ әл-Әфхам» (14-15 беттер) кітабында бұл хадисті сенімді деген, ал оның дереккөзі ретінде  Мухаммад ибн Исхақ әс-Сиражды нұсқаған. Бұл дұға өзіне «Ибраһим» сөзін де, «Ибраһимнің отбасы» сөзін де қамтиды, мұны Ибн әл-Қайим және оның ұстазы Ибн Таймийя назардан тыс қалдырған, бұл жоғарыда түсіндірілгеніндей.

[17] Яғни Аллаһ Тағала «әл-Әхзаб» сүресінің 56-аятында Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге ешкімді атамады  (Аудармашының ескертпесі).

[18] Абу Дәуд және Ахмад бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[19] Сибауайх — атақты ғалым және араб тілінің білгірі, хижраның II-ғасырында өмір сүрген.

[20] Жоғарыда атап айтылғандай, бұл салауат сондай-ақ «Ибраһимнің салауаты» деген атқа ие (Аудармашының ескертпесі).

[21] Бұл қолжазба «әз-Заһирийя» кітапханасында (Дамаск) сақтаулы.

[22] Осы жерде «хадис» сөзі «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы хабар» дегенді білдіретінін, ал «асар» сөзі сахабалардың немесе олардың ізбасарларының сөздері, не істері туралы хабар екендігін атап кету қажет. Кейде осы екі сөздер синоним ретінде қолданылуы мүмкін (Аудармашының ескертпесі).

[23] Бұл жерде сөз Жууайриййя бинт әл-Харис (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы болуда. Бұл оқиға туралы толығырақ имам ән-Нәуауидің «Рияд ас-салихин» («Ізгілердің бақтары»), «әл-Әзкар» («(Аллаһты) еске алу (сөздері)») кітабтарындағы, «(Аллаһты) еске алудың және еске алуға ынталандырудың артықшылықтары туралы тарауды») қараңыз (Аудармашының ескертпесі).

[24] Бұл жерде ол туралы әл-Бухари мен Муслимның «Сахихтарында»: «…оның суы сүттен ақ, аңқыған иісі мисктің хош иісінен жағымды, ал жағалауларында тұрған кеселері (құмыралары саны бойынша) аспандағы жұлдыздар сияқты, әрі одан су ішетіндердің әрқайсысы кейін ешқашан  шөлдемейді», — деп айтылған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) су айдыны туралы айтылуда. Әл-Бухари мен Муслимнің «Сахихтарында», сондай-ақ басқа жинақтарда бұл су айдыны аталатын көптеген хадистер келтіріледі (Аудармашының ескертпесі).

[25] Аудармашының ескертпесі: барлық анықтамалар доктор Махмуд Тахханның «Пособие по терминологии хадисов» (М., 2002. С. 145-146) кітабынан алынған:

«Жәми‘» — құрастырушысы оны  түрлі тақырыптарға (мысалы, «діннің бұлжымас қағидалары», «ғибадаттың түрлері», «кейбір адамдардың артықшылықтары» т.с.с.) арналған тарауларға бөліп құрастырған кез келген кітап. Мысал ретінде имам әл-Бухаридің «әл-Жәми‘ әс-Сахихын» атауға болады.

«Муснад» — хадистің тақырыбына қарамастан, әрбір сахабадан жеке түрде жеткізілетін хадистер жинақталған кез келген кітап. Мысал ретінде имам Ахмад ибн Хәнбалдің «Муснадын»  атауға болады.

«Му‘жәм» — құрастырушы онда жинақталған хадистерді негізінен шейхтардың атына сәйкес әліпби бойынша тәртіппен орналастыратын кез-келген кітап. Мысал ретінде құрамдас бөліктері «әл-Му‘жәм әл-Кәбир», «әл-Му‘жәм әл-Әусат» және «әл-Му‘жам әс-Сағир» деп аталатын әт-Табаранидің «әл-Мә‘ажим әс-Сәласа» жинағын атауға болады.

«Жуз’» — жеткізушілердің біреуі тарапынан жеткізілген хадистер жинақталған көлемі бойынша шағын кез келген кітап; немесе бұл онда тереңдетілген түрде зерттелетін белгілі бір тақырып бойынша хадистер жинақталған кітап. Мысал ретінде имам әл-Бухаридің «Жуз’ Раф‘ әл-Йадайн фи-с-Саләт» кітабын келтіруге болады.

[26] Аудармашының ескертпесі: «Құтылған қауым» — бұл мұсылмандардың жетпіс үш тобының ішіндегі Оттан құтылатын жалғыз біреуі ғана. Сенімді хадистерде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Менің үмметімнен бір топ ақиқатты айқын ұстанатын болады, әрі оларға қарсы шығушылар  Аллаһтың әмірі келіп жетпейінше оларға зиян тигізе алмайды» (әл-Бухари және Муслим). Басқа бір хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл топтарға қатысты былай деп айтқан: «Олардың біреунен басқасының барлығы Отта болады, әрі бұл – келісімнің жақтаушылары (әл-жама‘а)» (Ибн Мәжаһ және Ахмад). Бұл хадистің басқа бір нұсқасында  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Құтылған топ» адамдары туралы былай деп айтқан: «…әрі олар — мен және менің сахабаларым осы бүгін ұстанған нәрселерді ұстанатындар» (әт-Тирмизи және әл-Хаким). Аллаһ бізді жалғыз құтылатын топқа қоссын!

жалғасы бар