Ақида

Қабірлерге (әруақтарға) сиынушылардың сенімдері мен іс-әрекеттері Пайғамбар заманындағы көпқұдайшылдардың (мүшриктердің) сенімдері мен іс-әрекеттеріне тең

Оқырмандарымыздың назарына «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының соңғы — жиырмасыншы тарауын ұсынамыз.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Осы кездің қабірлерге (әруақтарға) сиынушыларының сенімдері мен іс-әрекеттері (олардың көпшілігін сопылар мен рафидилер құрайды) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшыл-мүшриктердің сенімдерімен және іс-әрекеттерімен бірдей екенін біліңіз, біздің қадірменді бауырымыз. Осыған көз жеткізу үшін осы тарауды бірнеше бөлімдерге бөліп, олардың әрқайсысында тарауда қаралатын маңызды мәселелерге жеке түсіндірме жасау қажет.

1-Бөлім. Қабірлерге (әруақтарға) сиынушы сопылар «көпқұдайшылық» («ширк»), «бірқұдайшылық» («таухид») және «құлшылық» («ғибадат») терминдерін қалай түсінеді

Қабірлерге сиынушы (қубурия) сопылар  мұсылмандардың негізгі бөлігінен «көпқұдайшылық (ширк)», «бірқұдайшылық (таухид)» және «құлшылық (ғибадат)» терминдерін өздерінше ерекше түсінуімен қатты ерекшеленеді.

Бұл мәселе осы кітапта қаралатын ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады, әрі ол терең түсінуді талап етеді. Ендеше, оның маңыздылығы неде екен? Осы кітаптың алғашқы тарауларында біз бірқұдайшылыққа (таухидке) шақырудың және оның мәнін адамдарға жан-жақты түсіндірудің ұлы маңыздылығы туралы айтқан болатынбыз. Біз көпқұдайшылық туралы да дәл осыны  айттық. Әрі осы орайда мыналарды ұғып алдық:

1. Аллаһ Тағала адамдар мен жындарды олар бірқұдайшылықты өмірге енгізулері (іске асырулары) үшін ғана жаратты;

2. Адам бірқұдайшылықты ұстана бастамайынша Аллаһ Тағала оның игі амалдарын қабыл етпейді;

3. Адамдар бірқұдайшылықты ұстанып, көпқұдайшылықтан аулақ болуы үшін Аллаһ Тағала Құранды түсірді әрі барлық пайғамбарларды жіберді;

4. Бірқұдайшылық – бұл оған адамдарды шақырып, оның мағынасын оларға түсіндіру қажет болған ең алғашқы және ең соңғы нәрсе;

5. Аллаһ Тағала көпқұдайшылықтан басқа барлық күнәларды кешіреді, егер адам қайтыс болуына дейін осы үшін тәубе етіп үлгермесе ғана;

6. Көпқұдайшылық — ең ауыр күнә, ең ұлы зұлымдық және ең терең адасушылық болып табылады;

7. Көпқұдайшылықты жасау адамның Тозақта мәңгі қалуына және одан ешқашан шықпауына себеп болады;

8. Егер адам көпқұдайшылықтан болған бір нәрсе істесе де, оның өмір бойын істеген игі амалдарының барлығы зая болып жойылып кетеді.

Осының барлығынан біз «Адамның бұл өмірдегі ең маңызды міндеті – бірқұдайшылық пен көпқұдайшылықтың не екенін және осы сөздер нені  білдіретінін дұрыс түсіну» деген қорытынды шығарамыз. Осыны түсінуге адамның Аллаһ Талағала оны не үшін жаратқан мақсатын өмірге енгізуі (іске асыруы), оның Тозақтың мәңгі және үзілмей жалғасатын азаптарынан құтылуы  байланысты болады.  Өйткені егер адам бірқұдайшылықтың мәнін бұрыс (қате) түсінсе, ол бірқұдайшыл бола алмайды. Тура сол сияқты, адам көпқұдайшылықтың мәнін дұрыс түсінбесе, ол бірқұдайшылдардың қатарынан шығып кетіп, көпқұдайшылдардың қатарына кіріп кету, әрі осы орайда бұл дүниенің де, Ақыреттің де игілігінен мақұрым болып қалу қауіпінен аман болмайды.

Негізі, мұсылмандардың басым бөлігі «бірқұдайшылық» пен «көпқұдайшылық» терминдерін мүлде қабірге сиынушы сопылар түсінетіндей етіп түсінбейді.  Ал сопыларға келер болсақ, олар осы ұғымдарға қатысты тек өздерінің түсініктерін ғана дұрыс деп санайды.

Осы келіспеушілікті тоқтату үшін, сопылар да, Сүннетті ұстанушылар да (әһли-Сунна) келіспеушілікке түспейтін және оның ақиқаттығына келісетін ортақ негізді (платформаны) анықтап алу керек.

Бұл ортақ негіз — сопылардың да, Сүннетті ұстанушылардың да Пайғамбар (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде өмір сүрген, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды таухидке шақырған және  көпқұдайшылдар деп атап, олармен соғысқан көпқұдайшылдар мүшрик болғанына және олар бірқұдайшыл болмағананына келісуі.

Біз осы кездің көптеген сопыларының сенімдері мен іс-амалдары Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі мүшриктердің сенімдері және амалдарымен мүлде  бірдей деп айтамыз.

Келіңіздер, сопылардың сенімдері қандай екеніне қарайық.

1. Олардың «бірқұдайшылық» («таухид») терминіне берген анықтамасы

Сопылардың түсінуіндегі «бірқұдайшылық» – бұл: «Тек Аллаһ қана Жаратушы және бүкіл болмысты басқарушы деген сенім». Қз.: Ахмад әл-Ғумари «Ихья ул-мәкбур» 29-бет.

Осы анықтамадан «Аллаһ бүкіл болмысты жалғыз Өзі жаратты және Оның Өзі ғана осы болмысты басқарады, әрі Одан басқа ешкім жарата да, бүкіл болмысты басқара да алмайды» деген сенімге ие адам бірқұдайшыл болып табылатыны келіп шығады. Басқаша айтқанда, егер біз адамнан: «Бүкіл болмысты кім жаратты және осының барлығын кім басқарады?», — деп сұрасақ, әрі осы адам бізге: «Мұның барлығын Аллаһ жаратты әрі тек Ол ғана барлық нәрсені басқарады», — деп жауап берсе, онда бұл адам – Аллаһ Тағала оны не үшін жаратқан мақсатын өмірге енгізген бірқұдайшыл.

Сондықтан да қубурия сопыларының жетекшілерінің бірі әл-Куза’и, сондай-ақ Ибн Мәрзук былай деп мәлімдеген: “«Лә иләһа иллә Ллаһ» куәлігінің мағынасы — «Аллаһтан басқа Раббы (яғни Жаратушы және Басқарушы) жоқ». Әрі осы түсінік бүкіл мұсылмандардың жүрегінде сақталады”. Әл-Куза’и «әл-Барахин» (375-бет) және Ибн Мәрзук «Тәуассул би ннәбий» (20-бет).

Бұл жерде екі әртүрлі ұғымды ажырата білу қажет:

1. Аллаһ Тағаланың Раббы екендігі. Оның мәні жалғыз Аллаһ қана көктер мен жерді және олардың арасындағыларды жаратқандығында. Тек жалғыз Ол ғана бізді және бізден бұрынғыларды жаратты. Болмыстың үстінен билік жасау және басқару тек Оның ғана Қолында. Тек Ол ғана бізге күн мен айды бағындырды. Ол бұлттарды қозғалтады және жаратылыстар өмір сүрулері үшін жаңбыр жаудырады. Жалғыз Ол ғана тірілтеді және өлтіреді, Өзінің жаратылыстарын ризықтандырады және олардың өмір сүруін қамтамасыз етіп тұрады. Осы аталғандардың барлығы және басқа да көптеген нәрселер Аллаһ Тағаланың Раббылығының және Оның «әр-Рабб» (Раббы) деген есімінің көрінісі болып табылады. Осы есімнен ғалымдар Раббылықтағы бірқұдайшылықты (таухид әр-рубубияны) бөліп көрсетеді. Басқаша айтқанда, егер адам тек жалғыз Аллаһ қана жарататынын, басқаратынын, жаңбыр жаудыратынын т.б. растаса әрі: «Аллаһтан басқа ешкім Раббылық ете алмайды», — десе, онда бұл адам Аллаһтың Раббылығына қатысты бірқұдайшыл болып табылады;

2. Аллаһ Тағаланың Құдай (Иләһ) екендігі. Жалғыз Аллаһ қана Раббылық сипаттарға ие болғандығы және Ол ғана бізге бар қажет нәрселерімізді сыйлайтындығы, әрі тек Ол ғана біздің қолымыздағы бар нәрселерімізді алып қоюға қабілетті екендігі себепті біздің жүректеріміз Аллаһты Құдай деп  тани бастайды да, біздің мүшелерімізбен бірге жалғыз Аллаһқа құлшылық (ғибадат) ете бастайды. Адамның жүрегі жалғыз Аллаһты сүйетін, жалғыз Одан қорқатын, жалғыз Оған үміт және тәуекел ететін, жалғыз Оған тәубе етіп оралатын болады. Жүрегімен және дене мүшелерімен жалғыз Аллаһ қана құлшылық етуге және бүкіл ғибадатты тек Оған ғана арнауға лайықты екенін растайтын адам Аллаһтың құдайлығына (иләһтығына) қатысты бірқұдайшыл болады. Бұл екінші түсінік «әл-Иләһ» (сиынатын Құдай) есімінен шығады. «Әл-Иләһ» есімінен ғалымдар сиынатын құдай деп танудағы және ғибадат етудегі бірқұдайшылықты (таухид әл-улюхияны) бөліп көрсетеді.

Осы бөлуге негізделген түрде келесі нәрселер түсінікті болады:

1. Аллаһ Тағаланың Раббылығы – бұл Оның бізге қатысты іс-әрекеттері;

2. Аллаһ Тағаланың Құдайлығы (Иләһтығы) – бұл біздің Оған қатысты іс-әрекеттеріміз.

Егер құрметті оқырманымыз жоғарыда айтылғандарды жақсылап ұғып алған болса, онда біз тағы да бір рет қубурия сопыларының «бірқұдайшылыққа» берген анықтамасына қайта орала аламыз.

Сөйтіп, олардың бірқұдайшылыққа берген анықтамасы келесідей: «Тек Аллаһ бүкіл болмыстың Жаратушысы және Басқарушысы болып табылады деген сенім».

Олардың осы анықтамасына сүйеніп, біз келесідей қорытынды шығарамыз:

Кім Аллаһты Оның Раббы болып табылатындығында жалғыз етсе және бүкіл болмысты тек Ол ғана жаратқанын және басқаратынын мойындаса, әрі тіпті осы орайда ол жалғыз Аллаһтың құлшылыққа лайықты жалғыз Құдай екенін жүрегімен мойындамаса да және өз құлшылық-ғибадатын түгелімен жалғыз Оған арнамаса да, сол бәрібір бірқұдайшыл болып табылады.

Ал біз: «Адам жалғыз Аллаһ қана Раббы және құшылыққа лайықты Құдай екендігін мойындамайынша әрі өзінің құлшылық-ғибадатын түгелімен жалғыз Аллаһқана ғана арнамайынша Исламға кірмейді», — деп айтамыз. Басқаша айтқанда, біз егер адам Аллаһты Раббылықта жалғыз етпесе, ол бірқұдайшыл бола алмайтынын мойындаймыз, алайда сонымен бірге, егер ол тіпті Аллаһты Раббылықта жалғыз етсе де, бірақ оны сиынуға лайықты Құдай деп тануда және құлшылық-ғибадатты арнауда жалғыз етпесе ол бірқұдайшыл болмайды.

Құрметті оқырманымыз көріп тұрғанындай, сопыларда Сүннеттің жақтаушыларына қарағанда бірқұдайшылдардың қатары едәуір кеңдеу.  Сопылардың анықтамасынан шыға келе, жер бетіндегі құдайсыз атеисттерден басқа адамдардың дерлік барлығы бірқұдайшыл болып табылады.

Ал егер оқырман: «Бірақ бұл жақсы емес пе, барлығы көпқұдайшыл-мүшрик болғанша бірқұдайшыл бола берсін. Не үшін адамдарға жамандық қалауымыз керек?», — деп айтса, біз: «Әрине, біз адамдарға жақсылық тілейміз және олардың көпқұдайшыл болуын қаламаймыз. Алайда бүкіл мәселе сопылар емес, Аллаһ бірқұдайшыл деп атаған адамның ғана бірқұдайшыл болатынында», — дейміз. Сол сияқты, Аллаһ көпқұдайшыл деп атаған адам көпқұдайшыл болады, тіпті ол өзін бірқұдайшыл деп санаса да. Мынандай бір мысал келтірейік: белгілі бір фирмада жүз адам жұмыс істейді делік. Оның әрқайсысы осы фирмада өз орына ие: біреуі – директор, ал басқалары одан лауазымдық дәрежелері төмендер. Директор, өзінің жұмысшыларын аяп, олардың барлығын директор және басқарушы деп атап қойды делік. Барлығы жақсы болар еді, бірақ жалақы берер сәт келгенде, олардың әрқайсысы өзінің кәсібіне сәйкес жалақысын алды, ал «директор» деген атау тек қағазда ғана қалды.  Енді адамдарға жақсылықты тілеп жатқандар – бұл баршаны, олар бірқұдайшыл болмаса да, бірқұдайшылдарға жатқызатын сопылар емес, бірақ адамдарға нағыз жақсылықты қалаушылар – бұл адамдамдың іс жүзінде бірқұдайшыл болуын және осы арқылы мәңгі Тозақтан құтылып, бірқұдайшылдардың мәңгілік мекені болып табылатын Жәннаттың тұрғындары болуын қалайтын  Сүннеттің жақтаушылары екендігі түсінікті-ақ болды.

Сонымен, біз сопылардың сенімінің мәні «Аллаһты Раббылықта жалғыз  ету адамның Исламға кіруі және Тозақтан құтылуы үшін жеткілікті» дегенде  екен деген қорытындыға келдік.  Әл-Куза’и «әл-Барахин» 377-бет және Ибн Мәрзук «Тәуассул би ннәбий» 21-бет т.б.

2. Сопылардың «көпқұдайшылық» («ширк») терминіне берген анықтамасы

Сопылардың түсінуіндегі «көпқұдайшылық» термині бұл: «Аллаһтан өзге кім болсын Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде болмыстың қандай да бір бөлігін дербес түрде басқарады және әлдебір құбылыстарға өздігінше ықпал етеді деген сенім». Ал мынау сопылардың «көпқұдайшылыққа» беретін толыққанды анықтамасы:

«Көпқұдайшылықтың мәні адамның кімді болсын Аллаһқа Раббылықта серік деп санауында.  Ол әлдебіреуді Аллаһпен қатар жаратады, тірілтеді және өлтіреді деп санайды. Көпқұдайшылық – бұл Аллаһтан басқа біреу Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде өздігінше пайда немесе зиян келтіруге қабілетті деген сенім.  Бұл адамның Аллаһтан басқа біреу өзінің қалауларын бұған Аллаһ рұқсат бермесе де, іске асыра алады деп сенуі». Қз.: әл-‘Амили «Кәшф ул-Иртияб» 105-106-бет; ән-Нәкауи «Кәшф ун-Никаб» 44-50-бет; Ибн Дауд «әл-Хақаиқ әл-Исләмия» 44-бет т.б.

Осы анықтамадан шыға келе, біз сопыларда тек Аллаһқа барлық жағынан тең, немесе  Аллаһқа Оның Раббылық сипаттарының қайсыбірінде болса да тең біреу бар деп санайтын адам ғана көпқұдайшыл болып табылатынын көріп тұрмыз.  Міне, осы сопылардың «Аллаһқа серік қосу» терминінен не түсінетіні.

Ал Сүннетті ұстанушылар мұның, әрине, көпқұдайшылық болып табылатынын әрі бұда күмән жоқ екенін, алайда, көпқұдайшылық тек осымен ғана шектелмейтінін айтады.

Сонымен, оқырман Сүннеттің жақтаушыларының пікірі бойынша сопылар бірқұдайшылықтың қатарын шектен тыс кеңейтіп, ал көпқұдайшылықтың қатарын шектен тыс тарылтып жібергенін байқап тұр.  Ал мұның салдары сопы Құранды оқып отырып, осы терминдерді өздігінше, яғни Аллаһ бұл терминдерге салған мағынадан мүлде басқаша түсінетінінде көрініс табады.

Ал Сүннетті жақтаушылар «көпқұдайшылық» терминінің астында нені түсінетіні туралы, Аллаһтың рұқсатымен, осы кітаптың алдағы бөлімдерінде айтылатын болады. Ал бұл жерде оқырманнан талап етілетіні – қабірлерге (әруақтарға) сиынушы сопылардың түсінуін ұғып алу және есте сақтап қалу.

3. Сопылардың «құлшылық» («ғибадат») терминіне берген анықтамасы

Сопылардың түсінуіндегі «ғибадат» – бұл: «Адам кімді Раббылықта өздігінше дербес деп және пайда мен зиян тигізуде, сондай-ақ өзінің қалауларын іске асыруда мұны оған ешкім тыйым сала алмайтындай, ешкімге мұқтаж емес күйде өздігінше дербес деп санайтын болса, соның алдында бар жан-тәнімен ең жоғары мойынсұнушылық танытуы».

Осы анықтамадан шыға келе, сопылар: «Ғибадат рәсімдерін орындап, оларды әлдебіреуге арнау осы объектіге ғибадат ету болып табылмайды, тек егер осы ғибадат арналатын объект өздігінше дербес Раббы болып табылады деген сенім болмаса ғана». Қз.: әс-Субуки «әш-Шифа ус-Сикам» 175-бет; ән-Нәкауи «Кашф ун-Никаб» 44-51-бет; Мәлики «Мәфахим» 103-105 т.б.

Бұл жалпылама анықтамалар сопылардың кітаптарында нақты мысалдар арқылы ашып көрсетіледі:

«Егер адам әлдебіреуге сәжде жасаса, онда ол сәжде жасап жатқанын Раббы деп санаса ғана кәпір болады». Қз: әл-Куза’и «әл-Барахин» 377-бет және Ибн Мәрзук «Тәуассул би-ннәбий» 21-бет т.б.

Олар дұға ету, құрбан шалу, нәзір беру т.б. туралы да тура осыны айтады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығына сүйеніп, сопылар өздерінің қайтыс болған «әулиелеріне» жасайтын ғибадаттарын ғибадат деп санамайды.  Олар осы «әулиелер» табиғат құбылыстарын басқарады, оларға жалбарынып жатқандарды көреді және естиді, пайда келтіреді және зиянды жояды, құпия білімге ие, өлтіре және тірілте алады т.с.с. деп санайды. Бірақ, сонымен бірге, олар осының барлығын көпқұдайшылық деп атамайды. Өйткені олар: «Әулиелер осы сипаттарға өздігінше ие емес, бірақ Аллаһ Тағала оларға осы сипаттарды дарытты», — деп айтады. Яғни, олардың сенімі бойынша, «әулиелер» өздерінің Раббылық етуінде дербес емес, бірақ осы орайда Аллаһқа мұқтаж болып табылады, сондықтан да оларға құлшылық ету Аллаһқа құлшылық ету болып табылады. Қз.: «әл-Барахин» 392-бет.

2-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылықтың мәні неде еді?

Осыдан алдыңғы бөлімде біз Сүннетті жақтаушылар да, сопылар да Аллаһ Тағала Өзінің Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшыл-мүшрик болған адамдарға жібергеніне бірауызды келісетітін айтқан болатынбыз. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) солардың арасында өмір сүрген және соларға ең бірінші кезекте үндеуін жолдаған халық құрайштықтар еді[1].

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамдарды бірқұдайшылыққа шақырды, олардың сенімдері мен істері көпқұдайшылық екенін оларға түсіндірді және оларды мүшриктер деп атады. Осы іргетас болып табылатын ұстанымға сүйеніп, бізге осы адамдардың сенімдері мен іс-амалдарының мәні неде болғанын қараудан басқа еш нәрсе қалмайды. Олардың сенімдері мен іс-әрекеттерін зерттегеннен соң, біз көпқұдайшылықтың не екенін және оның шекаралары қандай екенін түсінеміз.

1. Құрайштық көпқұдайшылдар Аллаһтың бар екендігін және Ол бүкіл болмыстың Раббысы екендігін мойындайтын еді

Сөзді құрайштықтардың Аллаһ бар екендігіне сенгендігінен және құдайсыз атеисттер болмағанынан бастау керек. Мұның үстіне, олар Оның бар екеніне ғана емес, сонымен бірге Оның Раббы екеніне де сенетін. Бұған дәлел өте көп. Ал біз олардың кейбіреулерін ғана келтірумен шектелеміз.

Аллаһ Тағала былай дейді: (Мухаммад,) егер олардан: «Көктер мен жерді жаратқан кім?», — деп сұрасаң, әлбетте: «Аллаһ», — дейді. «Барлық мақтау Аллаһқа тән», — де. Әрине, олардың көбі түсінбейді” («Лұқман» сүресі, 31:25).

Бұл аят Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірқұдайшылыққа шақырған адамдар Аллаһтың бар екеніне және тек Ол ғана көктер мен жерді жаратқанына сенгендеріне нұсқайды. Бұл аятты басқаша түсінуге болмайды да.

Сондай-ақ Аллаһ Тағала: (Мухаммад, оларға): «Сендерді аспаннан, жерден кім ризықтандырады? Құлаққа, көздерге кім ие? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім игерді?», — де. Олар: «Аллаһ», — дейді. «Ендеше, Аллаһтан қорықпайсыңдар ма?», — де” («Юнус» сүресі, 10:31).

Бұл аят құрайштықтар оларды тек Аллаһ қана ризықтандыратынын, сондай-ақ барлық нәрсені басқаратын да жалғыз Ол ғана екенін мойындағанына айқын түрде нұсқайды.

Аллаһ былай деді: (Мухаммад, оларға): «Егер білсеңдер, жер жүзі мен жер жүзінде болғандар кімдікі?», — де. Олар дереу: «Аллаһтікі», — дейді. «Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?», — де. «Жеті көктің Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» — де. Дереу: «Аллаһ», — дейді. «Сонда да қорықпайсыңдар ма?», — де. «Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы Қолында, Өзі Қорғаушы, Қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?», — де. Олар дереу: «Аллаһ», — дейді. «Ендеше, нендей алданғансыңдар?», — де!” («Му`минун» сүресі, 23: 84-89).

Бұл аят түсіндіруді қажет етпейді.

Сондықтан да ханафи имамдарының бірі әс-Сахсауани (1326 һ/ж) былай деген: «Біл, Аллаһ Тағаланың  елшілерді жіберуі мен Құранды түсіруі жаратылыстарға оларды Аллаһ жаратқанын және оларға ризықты Ол беретінін түсіндіру үшін емес еді. Өйткені мұны кез келген көпқұдайшыл Кітап түсірілгенге дейін де мойындаған». Қз.: «Сыянат ул-инсан» 164-бет.

Тіпті құдайсыз атеисттердің көбі де жүрегінің түбінде осы болмыстың Жаратушысы бар екенін мойындайды, бірақ оның бар екендігін тілдерімен жоққа шығарады. Атеисттердің жетекшілері Перғауын мен  Нәмруд өз жүректерінде Аллаһтың бар екендігін және Ол бүкіл болмыстың Раббысы екенін түсінген. Аллаһ Тағала олар туралы былай деген: «Олар оларды (яғни аяттарымызды)  әділетсіз және тәккапарланған күйде тәрк етті, бірақ олардың шындық екеніне іштей сенетін» («ән-Нәмл» сүресі, 27:14).

2. Құрайштық көпқұдайшылдар Аллаһқа құлшылық ететін

Сөйтіп, біз төмендегідей қорытынды шығардық:

1. Аллаһтың бар екендігін жүрегімен жоққа шығаратын жер бетінде ешкім жоқ, өйткені Жаратушының бар екендігін мойындау адамдардың тума сипаты болып табылады. Бұған жатпайтындар – бұл «барлық нәрсені табиғат жаратты» деп айтатын тек кейбір атеист-материалисттер ғана;

2. Әлдебіреуді Аллаһпен барлық жағынан теңестіретін және әлдебіреу Аллаһқа абсолюттік тұрғыдан тең деп айтатын  жер бетінде ешкім жоқ;

3. Кез-келген көпқұдайшыл Аллаһ осы болмыстың Раббысы екенін, оған иелік ететінін және басқаратынын мойындайды.

Ал қазір біз әрі қарай жылжып, Пайғамбардың (оған Аллаһтыңигілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылдардың арасында кең таралған тағы бір құбылысты қарап шығамыз.

Құрайштықтар Аллаһты және Оның Раббы екендігін жай мойындап қана қоймай, Оған құлшылық та ететін. Олар Ибраһим пайғамбардың дінінің қалдықтарын ұстанып өмір сүретін, сондықтан да Аллаһтың Үйіне (Қағбаға) қажылық жасайтын,  Қасиетті Харам мешітіне қамқорлық жасайтын және қажыларға жақсы істер жасап көмектесетін. Олар Аллаһқа дұға етіп жалбарынатын, Оны зікір ететін, ұрыс-шайқастар кезінде Одан көмек тілейтін. Олар Аллаһқа нәзір беретін, Оған сәжде жасайтын, үлкен және кіші ластанудан тазару үшін дәрет және ғұсыл алатын, Аллаһқа құрбан шалатын. Оларда зекет сияқты төлемдері де бар болатын. Олар қонақ пен мүсәпірге құрмет көрсететін. Олар туысқандық қатынастарды үзбейтін және жоқ-жітіктерге садақа беретін. Олар туысқандардың қыздарына үйленуге тыйым салынған деп есептейтін. Оларда өлтірілген адам үшін өш алу (қысас), дия (өлтірілген адам үшін құн) төлеу, ұрлық үшін жазалау іске асырылатын. Жоғарыда аталғандардың барлығына дәлелдер өте көп және кең танымал. Сондықтан да олардың кейбірін ғана  келтірумен шектелеміз:

1. Аллаһ былай деді: «(Әй, мүшріктер!) Сендер қажыларға су беру, Месжід Харамды жөңдеуді Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтіріп және Аллаһ жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме? Бұлар Аллаһтың қасында тең болмайды. Аллаһ залым қауымды тура жолға салмайды» («әт-Тәубә» сүресі,9:19).

Бұл аятта көпқұдайшыл құрайштықтар қажыларға жақсылық істегеніне және Харам Мешітіне қамқрорлық жасап қарағанына нұсқау бар.

2. Абу Хурайра былай деп бандайтын: “Абу Бәкр әс-Сыддық мені топтың ішінде, адамдар арасында Құрбан Айт күні: «Осы жылдан соң бірде-бір көпқұдайшыл қажылық жасамауға тиісті», — деп жариялауым үшін жіберген еді”(хадис сенімді (сахих); Муслим 1347).

Бұл хадисте көпқұдайшыл құрайштықтар қажылық жасағанына нұсқау бар.

3. ’Умар ибн әл-Хаттаб былай деген: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бірде жәһилиет кезінде мен Харам Мешітінде и`тикаф (мешітте еш жерге шықпастан үздіксіз болу) жасаймын деп нәзір берген болатынмын». Оған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Нәзіріңді орында», — деп жауап берді (хадис сенімді (сахих); Муслим 1656).

Бұл хадисте көпқұдайшылдар Аллаһқа нәзір беретініне және нәзірлерін бұзуға немесе орындамауға қорыққандарына нұсқау бар. Сондай-ақ онда олар мешіттерде Аллаһ үшін и`тикаф жасағандарына да нұсқау бар.

Мүшриктер Аллаһқа құлшылық еткендеріне Ибраһим пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өз қауымына айтқан мына сөздері де дәлел болады:

Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: «Шын мәнінде, мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім. Бірақ мені жаратқан Аллаһтан басқа. Өйткені Ол мені тура жолға салады», — деді”(«әз-Зухруф» сүресі, 43: 26-27).

Бұл аятта Ибраһимның қауымы Аллаһқа құлшылық еткеніне, бірақ Онымен қатар басқа да пұттарға құлшылық жасағанына айқын нұсқау бар. Сондықтан да Ибраһим олардың құлшылық еткен барлық нәрселерінен бас тартты, тек Аллаһ Тағаладан басқа. Ал егер олар Аллаһ Тағалаға құлшылық етпейтін болғанда, онда «Бірақ мені жаратқан Аллаһтан басқа», — деп айтудың мәні болмас еді.

Сондықтан да «Ақиқатында, сендердің құлшылық ететін нәрселеріңе менің қатыстым жоқ, тек мені жаратқан Аллаһтан басқа» деген аяттарға түсіндірме жасап, Қатада былай деген: «Өйткені олар: «Аллаһ – біздің Раббымыз», — деп айтатын, бұл туралы Аллаһ: «Егер оларды кім жаратқанын сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», — деп айтады» (43:87), — деп айтқанындай. Осыны түсінген Ибраһим ерекшелеу жасап, Аллаһтан бас тартпады» (сенімді (сахих) хабар (асар); Ибн Жәрир 43-сүренің 26-аятының тәпсірінде).

Ал «Олардың басым бөлігі Аллаһқа серік қосқан күйде иман келтіреді» («Юсуф» сүресі, 12:106) деген аятты түсіндіріп, Мужаһид ибн Жәбр былай деген: «Олардың Аллаһқа деген иманы «Аллаһ бізді жаратты, бізді ризықтандырады және өлтіреді» деген сөздерде (болатын). Бұл – олардың Аллаһқа деген иманы, ал олардың серік қосуы олар Онымен бірге басқа құдайларға құлшылық ететіндерінде (еді)» (сахих хабар; Ибн Аби Хатим және Ибн Жәрир 12-сүре 106-аятының тәпсірінде). Осы аяттың тура осындай түсіндірмесі Ибн ‘Аббас[2] пен ‘Атаның[3] сөздерінен жеткізілген.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген: «Адамдардың кейбіреулері Аллаһқа өзгелерді теңдес етеді де, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді» («әл-Бақара» сүресі, 2: 165).

Бұл аятта көпқұдайшылдар Аллаһты сүйетініне, бірақ Оған қоса өздерінің құдайларын да сүйетініне нұсқау бар.

Міне, Аллаһқа теңдес етудің мәні осыда. Оның мағынасы біреудің Аллаһ барлық жағынан теңдес құдай бар деп айтуында емес, алайда көпқұдайшылдар Оның Раббы екенін мойындап, құлшылықтарын Аллаһпен бірге басқа да құдайларға арнауында.

Аллаһ Тағала Қиямет күні көпқұдайшылдар:  «Аллаһпен ант етеміз, біз сендерді әлемдердің Рабысымен теңестірген кезімізде анық адасушылықта болдық» (26:97-98), — деп айтатынын хабарлаған.

Бұл мәселені түсіндіріп беретін осындай дәлелдер өте көп әрі оларды жан-жақты қарастыру бізден жеке бір еңбек жазуды талап етеді[4]. Сондықтан да бізге осы бөлімді ханафи мәзһабының тағы бір имамы – имам ‘Али әл-Қаридің  (1014) келесідей сөздерімен аяқтаудан өзге еш нәрсе қалмайды: «Ең ұлы мақсат – бұл Аллаһтан басқалардың барлығының құдайлығын теріске шығарғаннан кейін, Оның құдайлығын бекіту». Содан соң ол былай деген: «Ақыл иелерінің арасында Аллаһ Тағала құдайлыққа ие екеніне еш келіспеушілік жоқ, бірақ Онымен бірге тағы біреудің құдайлығын бекіткендігі себепті кәпір болған ғана кәпір болды». Қз.: «әт-Тәжрид» 29, 32.

3. Ендеше құрайштықтардың көпқұдайшылығы неде еді?

Егер біз өзіміздің айналамыздағы мұсылман халықтарының этникалық өкілдеріне қарайтын болсақ, олардың кейбіреулері Аллаһтың бар екеніне күмәнін білдіретінін, көбі «Барлық нәрсені кім жаратты, кім осының барлығына ие және оны басқарады?» деген сұраққа нақты жауап бере алмайтындығын көреміз.  Олардың көпшілігі Аллаһқа ғибадаттың ешқандай сырттай жасалатын түрлерімен құлшылық етпейді.  Сонымен бірге олар өздерін мұсылман деп айтады. Қөпқұдайшыл құрайштықтардың Аллаһтың бар екендігіне, Оның Раббылығына мығым сенгендігіне және Оған көп-көп құлшылық еткендеріне, бірақ сонымен бірге Аллаһ Тағала оларды   көпқұдайшылдар деп атап, оларға мәңгі Тозақты уәде еткеніне  қараңыздаршы. Ал олардың көпқұдайшылығының мәні неде еді?

Мәселенің өзегі адамның мұсылман, бірқұдайшыл болуы үшін Алаһқа құлшылық етудің өзі ғана жеткіліксіз екенінде. Исламға кіру үшін жай Аллаһқа құлшылық етіп қана қоймай, жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ету және Одан басқа ешкімге құлшылық етпеу керек. Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деген: «Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амалдар жасап, Раббысымен бірге ешкімге құлшылық етпесін» («Кәһф» сүресі, 18: 110).

Аллаһ Тағаланың тек ізгі амалдар істеуге ынталандырумен шектелмегеніне, бірақ соған қоса Онымен бірге кімге болсын құлшылық етуді тастауды шарт етіп қойғанына назар аударыңыз.

Ханафи имамы Ибн Абил-‘Изз былай деген: «Егер адам осы пәлсапашылардың көбі растап жатқан және бұл туралы сопылардың көпшілігі де айтып жүрген әрі бірқұдайшылықтың осы түрін ең соңғы мақсатқа айналдырған Аллаһтың Раббылықтағы жалғыздығын растаса, бірақ сонымен бірге ол Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етпесе және Аллаһпен бірге басқа біреуге де құлшылық етуден бас тартпаса, сол көпқұдайшыл болады». Қз.: «Шарх `Ақида әт-Тахауия» 83-бет.

Ал құрайштықтарға келер болсақ, олардың көпқұдайшылығының мәні олардың қайтыс болған ізгі кісілерге, періштелерге және Аллаһтың алдында мәртебеге ие болған басқа да жаратылыстарға құлшылық ететіндерінде еді. Олардың идеологиясын түсіндіріп, Аллаһ Тағала былай дейді: Олар Аллаһтан өзге өздеріне зиян, не пайда бермейтін нәрселерге құлшылық етіп: «Олар — Аллаһтың қасында шапағатшымыз», — дейді” («Юнус» сүресі, 10:18). Ол сондай-ақ былай деді: Ақиқатында, нағыз дін Аллаһқа ғана арнала алады. Сондай Аллаһтан өзгені дос тұтқандар: «Біз бұларға бізді Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз», — дейді. Күдіксіз, олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Аллаһ үкім береді. Расында, Аллаһ өтірік айтатындар мен кәпірлерді тура жолға салмайды” («әз-Зүмәр» сүресі, 39:3).

Осы аяттардан көріп тұрғанымыздай, құрайштықтардың ең соңғы мақсаты Аллаһтың разылығына қол жеткізу және Оған жақындау болатын. Олар өздерінің сиынатын пұттарына олар Аллаһтың алдында олар үшін дәнекер болады деп құлшылық ететін.

Құрайштықтардың сиынатын құдайлары туралы баяндап, Ибн ‘Аббас әл-Ләт деген құдай туралы былай деген: «Әл-Ләт – бұл қажыларға сауик[5] дайындайтын адам (болған), әрі кім оның (дайындаған) сауигінен жесе, сол міндетті түрде салмақ қосатын еді. Кейін адамдар соған сиынатын болды» (иснады жақсы (хасан) хабар; Ибн Аби Хатим өзінің қазіргі кезде жоғалған тәпсірінде келтірген, бұл туралы «Фатх ул-Бәриде» айтылған, хадис № 4859).

Мужаһид ибн Жәбр былай деген: «Әл-Ләт – бұл сауик дайындайтын адам болған, ал ол қайтыс болған соң адамдар оның қабірінің басына жиналып, уақыт өткізетін болды» (сахих хабар; Ибн әл-Мунзир және ‘Абд ибн Хумайд бұл туралы «Дурр әл-Мәнсурда» «Нәжм» сүресінің 19-аятының тәпсірінде келтіреді).

Мужаһидтің сөздері адамдардың осы салиқалы адамға табынуы неден басталғанын түсіндіруде. Бұл оның қабірінің басына жиналып, уақыт өткізуден басталған. Түрлі тәпсірлерде бұл кісі қайтыс болған соң адамдар оның қабірінің басына жинала бастағаны, ал белгілі уақыт өткен соң олар: «Олар – біздің Аллаһ алдындағы шапағатшыларымыз», — сондай-ақ: «Біз оларға олар бізді Аллаһқа барынша жақындатуы үшін құлшылық етеміз», — деп, оған табына бастағаны туралы айтылады.

Ал құрайштықтардың әл-‘Узза деген құдайы туралы Ибн Жәрир былай деген: «Олардың сиынатын бұл құдайы үстіне ғимарат құрылып, оған жамылғы жабылған тал (ағаш) болатын. Ол Мекке мен Таифтің арасында орналасқан  Нәхлә деген жерде болатын. Құрайштықтар осы ағашты ұлықтайтын. Сондықтан да Ухуд шайқасы күні Абу Суфиян: «Бізде ‘Узза бар, ал сендерде  ‘Узза жоқ», — деді, ал бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “«Аллаһ – біздің қамқоршымыз, ал сендерде қамқоршы жоқ», — деп айтыңдар”, — деді (хадис сенімді (сахих); Бухари 3039, Бара ибн ‘Азибтің сөздерінен).

Бұл ағашты ұлықтау олардың осы ағаштан береке алу ниетімен оған матаның жыртыстарын және басқа да заттарды ілетінінде көрініс табатын.  Тура осындай нәрселер бүгінгі күні Түркістанда, Бекет атада, тағы да басқа жерлердегі ағаштар мен жасалып жатыр. Ал  Аллаһ Оған серік қосылатын нәрселерден Жоғары.

Абу Салих былай деген: «Олар осы ағашқа қайыс пен жүннің жыртыстарын ілетін» (хабардың иснады сенімді (сахих); ‘Абд ибн Хумайд өзінің тәпсірінің осы кезде жоғалған бөлігінде келтірген, бұл  туралы  «Дурр әл-Мәнсурда» 14/33 айтылатынындай; ал бұл хабардың негізі Ибн Жәрирде 22/48 келтіріледі, әрі бүкіл мақтау тек Аллаһқа ғана тән!).

Осы орайда, құрайштықтар да қабірлерге табынушы сопылар сияқты олардың сиынатын құдайлары өздерінше, яғни Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде пайда не зиян келтіре алады деп санамайтын. Керісінше, олар Аллаһ Тағала осы ізгі кісілерді сүйгендігі себепті оларға болмыстың кейбір құбылыстарын басқаруды тапсырған деп санайтын.

Ал егер сопы тариқаттарының өкілдері осыған күмәнданса, онда ханафи имамдарының кітаптарын, әсіресе, олардың тәпсірлерін оқысын. Қз.: «әл-Кәшшаф» 2/275-276; «әл-Мәдарик» 2/64; «Иршад ул-‘ақль» 4/217; «Рух ул-Мә’ани» 2/82.

Ибраһимнің өз әкесімен және елімен болған әңгімесі туралы баяндап, Аллаһ Тағала былай деген: «Сол уақытта ол әкесіне және қауымына: «Неменеге табынасыңдар?», — деді. Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі оларға үнемі берілеміз«, — деді. (Ибраһим🙂 «Олар жалбарынғандарыңды ести ме? Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре алады ма?», — деді. Олар: «Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық», — деді» («әш-Шу’ара» сүресі, 26: 70-74).

Бұл аятта көпқұдайшылдар өздерінің табынатын құдайлары өздерінше, яғни Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде пайда не зиян келтіре алады деп санамағанына айқын дәлел бар. Алайда, сонымен бірге, олар Аллаһқа дәнекерлер арқылы жақындау – бұл Аллаһ разы болатын Оның дінінің нағыз өзі деп есептеген. Сондықтан да Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соғысудан бұрын олар Аллаһтан сол шайқастарында көмектесуін сұрайтын. Олар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ разы болмайтын жаңа дін алып келді деп санайтын. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды Аллаһқа дәнекерсіз құлшылық етуге шақыратын. Аллаһ Тағала бұл туралы былай деген: “Олар: «Сен бізге жалғыз ғана Аллаһқа құлшылық қылуымыз және ата- бабаларымыздың табынатындарын тастауымыз үшін келдің бе? Егер рас айтушылардан болсаң, бізді қорқытатын азабынды әкел», — деді”(«әл-Әғраф» сүресі, 7:70).

Тура сол сияқты, біздің жерлеріміздегі бүгінгі сопылар  бейне бір біз оларға Аллаһ разы болмайтын жаңа дін әкелгендігімізді айтады да, оны уаһһабизм, экстремизм т.с.с. деп атайды. Осы орайда олар өздерінің Түркістандағы, Арыстан Бабтағы, Бекет-Атадағы, тағы да басқа жерлердегі «әулиелері» пайда мен зиян келтіруде Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде дербес емес және осы «әулиелерді» құрметтеп-дәріптеу арқылы Аллаһқа жақындау – міне, осы Аллаһ разы болатын нағыз Аллаһтың діні деп санайтындарында тура құрайштықтардың сеніміне ие. Сондықтан да олар өздерінің кітаптарында «уаһһабилерге» қарсы күресуде Аллаһтан көмек тілеп жалбарынады, ал енді олар осыған «сәләфи» деген тағы бір терминді қосып, оған өздеріне ұнамайтындардың барлығын телитін болды.   Олар сондай-ақ өздерінің сенімдері үшін ашулы және жойқын күрес жүргізеді, ал өздерінің ұстанымдарын дұрыс деп көрсету үшін тек «Біз ата-бабаларымыздың осылай істегенін көргенбіз» деген сөздерден басқа ешқандай дәлел келтірмейді.

Құрайштықтарға келер болсақ, олар Ибраһим пайғамбардың дінің өзгертілген қалдықтарын ұстанатын, ал біздің сопыларымыз ата-бабаларынан қабылдап алған сопылық дінді ұстанады.

Ал құрайштықтар өздерінің сиынатын құдайларын дербес және Аллаһқа мұқтаж емес деп сенбегеніне тағы бір айқын дәлел – бұл олардың қажылық жасайтын кездерінде айтқан тәлбиясы. Олар қажылық жасау кезінде: «Міне, біз Сенің алдыңдамыз, я, Аллаһ! Сенің серігің жоқ», — деп айтатын. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Қасірет болсын сендерге, жалғастырмаңдар, осыда тоқтаңдар!», — деп айтатын, бірақ олар: «Сен оның өзіне де, ол иелік ететін нәрселерге де иелік ететін серігіңнен басқа», — деп жалғастыратын (хадис сенімді (сахих); Муслим 1185, Ибн ‘Аббастың сөздерінен).

Олардың қажылық жасау кезінде айтатын осы сөздері сенімдерінің мәнін айқын ашып береді. Бұл тәлбияда бірден бірнеше маңызды жайттар қамтылған:

1. Құрайштықтар Аллаһтың толық мағынадағы, яғни барлық жағынан серік болатындай серігі жоқ екенін білетін;

2. Құрайштықтар өздерінің құрметтеп-дәріптейтін құдайларын болмыстың кейбір құбылыстарына иелік етеді деп санайтын;

3. Құрайштықтар бұл құдайлар осыларға дербес, Аллаһқа мұқтаж болмаған күйде иелік ете алмайды, бірақ осының барлығына дербес түрде тек Аллаһ иелік етеді және Ол Өз рахымымен оларға кейбір құбылыстарды басқаруды үлес етті  деп нық сенетін;

4. Мұның үстіне, олар Аллаһ осы серіктердің барлығына толық иелік етеді деп санайтын.

Ал арабтарда «иелік ету» термині  басқа халықтардағыдай «Затты барлық жағынан пайдалануға және басқаруға деген құқық» деген ұғымды білдіреді.  Қз.: «Та’рифат» әл-Журжани» № 1476, 295-бет.

Сондай-ақ осы жерде жәһилиет Исламға дейінгі надандық кезінде өмір сүрген көпқұдайшыл-құрайштық Әуса ибн Хәжардың[6] былай деп айтқан өлең шумағын келтіріп кету қажет:

«Әл-Ләт және әл-‘Уззамен және олардың дінінде болған баршамен ант етемін,

сондай-ақ Аллаһпен де ант етемін; ақиқатында, Аллаһ олардан жоғары»[7].

Осы дәлелдердің барлығы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде өмір сүрген көпқұдайшыл құрайштықтардың сенімдерінің мән-мағынасын ашып береді. Осы дәйектердің барлығына талдау жасаған соң, оқырманымыз құрайштықтар мен сопылардың сенімдері мен амалдары арасында ешқандай айырмашылық жоқ екеніне көз жеткізген болар.

Ал егер оқырманымыз әлі де осыған күмәнданатын болса, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі көпқұдайшылдар туралы баяндайтын Аллаһтың мына сөздерін оқысын: «Қашан оларды таулардай толқын орап алса, олар Аллаһтың алдында иманын тазартып, Одан тілейді»(«Лұқман» сүресі, 31:32).

Мұндай аяттар Құранда сан рет қайталанады. Осы аяттар көпқұдайшылдар шарасыз болған жағдайларда дәнекерлерге емес, тікелей Аллаһқа жалбарынатындарына нұсқайды, өйткені олар дәнекерлерге жалбарынып, олардың жауабын күтуге уақыт жоқ екенін түсінетін.

Ал Аллаһтың «Аллаһ құлына жеткілікті емес пе? (Мухаммад,) олар сені Аллаһтан өзгелермен қорқытады. Кімді Аллаһ адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ» («әз-Зүмәр» сүресі, 39:36), немесе “Олар: “«Саған кейбір құдайларымыздың киесі тиген екен», — деп қана айтамыз“, — деді” («Һуд» сүресі,11: 54), — деген аяттарына қатысты айтар болсақ, онда олар көпқұдайшылдар өздерінің құдайлары өздігінше зиян тигізе алады деп санағандығына нұсқамайды. Олар тек Аллаһ Тағала осы өлген әулиелерге  Аллаһтың дұшпандарына зиян тигізуге рұқсат еткен деген сенімдерге ие болған, өйткені олар өздерін Аллаһтың дінінде деп, ал Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ разы болған Оның дінін өзгерту үшін келген Аллаһтың дұшпаны деп санаған.

Тура осыны «пәлен бір «әулие» оның құрметін түсірген біреуге зиян тигізіпті» деп жиі қабірлерге табынушылардан да естуге болады.   Оларға: «Сендер осы «уәли» зиян тигізе алады деп ойлайсыңдар ма?», — десең, олар: «Жоқ, ол өздігінше дербес түрде зиян тигізе алмайды, бірақ бұл – Аллаһ оған дарытқан керемет (муғжиза)», — деп жауап береді. Сондықтан да имам Ибн Абил-‘Изз былай деген: “«Көпқұдайшылық – бұл әулиелер Аллаһтың алдында шапағатшы болып табылады деген сенім, және осы сенімнің негізінде оларды өзі мен Аллаһтың арасында дәнекер ету және соларға құлшылық ету.  (Исламға дейінгі) надандық дәуріндегі арабтардың көпқұдайшылығының негізі, міне, осы”. Қз.: «Шарх ‘Ақида әт-Тахауия» 20-21беттер.

Құрайштықтардың сенімдерін, олардың дінін және амалдарын түсіндіріп берген соң, біз енді сопылардың кейбір күмәндарын түсіндіруге және оларға жауап беруге көше аламыз.

3-Бөлім. Сопылардың кейбір күмәндары және оларға жауап

Әртүрлі сопылық тариқаттардың өкілдері өздерінің сенімдері мен амалдары көпқұдайшыл құрайштықтардың сенімдері мен амалдарына ұқсас дегенге келіспейді. Өздерінің ұстанымын дәлелдеу үшін олар көптеген дәйектер мен ой-тұжырымдарын келтіреді. Аллаһтың рұқсатымен, біз осы жерде олардың негізгі күмәндарын келтіріп, оларға жауап береміз:

1-күмән: Аллаһ Тағала Құранда үнемі Өзінің Раббылығы, Ұлықтығы және тек Ол ғана жарататындығы, басқаратындығы, ризықтандыратындығы т.с.с.  туралы баяндайды. Мұның барлығы көпқұдайшылдардың Аллаһтың Раббылығын мойындамағаны себепті айтылған, сондықтан да кім Оның Раббылығын растаса, сол бірқұдайшыл болады да, Тозақ азаптарынан құтылады.

Жауап:

Иә, шындығында да, Аллаһ Тағала Өзінің Раббылығы туралы сан түрлі көріністерде үнемі айтады, әрі мұны ешкім де теріске шығармайды. Алайда мұның себебі көпқұдайшылдар Аллаһтың Раббылығын теріске шығаруында емес, бірақ мұның себептері келесідей:

1. Аллаһ Тағала көпқұдайшылдарға Өзінің Раббылығы туралы үнемі айтатынының себебі – оларға «Егер сендер Менің Раббылығымды мойындасаңдар әрі Мен ғана сендерді жаратқанымды, барлық нәрсені басқаратынымды, ризық беретінімді және Маған осыда ешкім көмектеспейтінін мойындасаңдар, онда не себепті сендер осыны біле тұра, Менен басқа әлдебіреуді құдайлық сипатқа бөлейсіңдер де, сол құдайларға табынасыңдар?!» деген айқын ой қорытындысына келтіру үшін.

Мұны Аллаһтың Кітабындағы нақты аяттарға қарап түсінуге болады:

«Әй, адамдар! Сондай сендерді де, сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине, сақтанған боларсыңдар. Ол сондай Аллаһ, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты, әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әртүрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан, біле тұра, Аллаһқа ешкімді теңестірмеңдер» («әл-Бақара» сүресі, 2:21-22).

Имам Ибн Кәсир бұл аят туралы былай деген: «Бұл аяттың мағынасы Аллаһтың Жаратушы, Ризықтандырушы, бүкіл болмыстың және осы болмыста өмір сүретіндердің барлығының  шексіз Билеушісі екендігінде. Ендеше, солай екен, демек, Ол ғана сендер тек Оған құлшылық етулерің және осыда Оған серік қоспауларың үшін лайықты». Қз.: «Тафсир Ибн Кәсир» 1/99.

Осыдан кейін имам Ибн Кәсир былай деп жалғастырды: “«Сондықтан, біле тұра, Аллаһқа ешкімді теңестірмеңдер», яғни Аллаһқа пайда да, зиян да келтіре алмайтын біреуді серік қоспаңдар, өйткені сендер өздеріңе ризық беретін басқа Раббыларың жоқ екенін білесіңдер ғой”. Қз.: «Тафсир Ибн Кәсир» 1/99.

Осы және осы сияқты аяттар арқылы Аллаһ Тағала көпқұдайшылдарды өздерінің ақымақтықтары мен зұлымдықтары тұралы ой қозғауға шақырады: олар өздеріндегі бүкіл бар нәрселерімен жалғыз Аллаһқа ғана міндетті, бірақ осыған қарамастан, жалғыз Оған ғана құлшылық етпейді.

Ханафи имамы әл-Әлюси (1342 һ/ж) былай деген: «Аллаһ Тағала Оның Өзінің ғана құдай деп танылуына және құлшылық етуге лайықты екеніне қалай дәлел келтіретіндігі туралы ойланшы.  Көпқұдайшылдарға олар Аллаһтың Раббылығын және Ол осыда жалғыз екендігін, билік жүргізудегі, жаратудағы, басқарудағы және ықпал етудегі дербес (тәуелсіз) екенін мойындайтынын еске салып, Ол оларды Өзін құдайлық сипатқа бөлеуде және құлшылық етуде жалғыз екендігін мойындауға мәжбүрлейді. Әрі сен осының Құран салты екенін көресің: Ол осы бұлтарпас және айқын дәлелді үнемі қайталайды». Қз.: «Фатх ул-Мәннан» 447-448, 452;

2. Аллаһ Тағала Өзінің Раббылығы туралы үнемі айтатындығының екінші себебі осы арқылы мүмін мұсылмандардың иманы көтерілетінінде. Бұл аяттар Аллаһқа деген үмітті, Одан қорқуды, Оған деген махабатты, жалғыз Оған ғана тәуекел ету сияқты жүрекпен жасалатын ғибадаттарын көбейтуге ықпал етеді. Өйткені әдетте өзінің Раббысын жақсырақ танығандар, оған жақсырақ, ықыластырақ және көбірек құлшылық етеді ғой.

3. Көпқұдайшылдардың Аллаһтың Раббылығы туралы иманы мен білімі жалпы болатын, әрі олар Аллаһтың Раббылығы туралы идеологиясының кейбір жеке мәселелерін білмейтін. Айта кететін жайт, мұсылмандардың көбі де бұл тақырыптың кейбір нәзік мәселелерін біле және түсіне бермейді. Осыдан шыға келе, Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында адамдарға осы туралы білімді жеткізеді. Алайда бұл жеке мәселелерді білмеу Аллаһтың Раббылығына деген жалпы иманның жарамдылығына зиян тигізбейді және оны бұзбайды.

2-күмән: Қабірлерге табынушы сопылар құрайштықтардың Аллаһтың Раббы екендігін айтпағанның өзінде, Оның бар екендігіне сенбегенін дәлелдеу үшін келесі аяттарды келтіреді:

«Аллаһқа қалайша күпірлік етесіңдер? Өлі едіңдер, Ол сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (Қияметте) Оның алдына қайтарыласыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 2:28).

«(Мухаммад,) Біз сені одан бұрын да көптеген халықтар өткен халыққа өзіңе уахи еткенімізді оқып беруің үшін жібердік, бірақ олар аса Мейірімдіге күпірлік етті» («әр-Ра’д» сүресі, 13:30).

(Мухаммад,) оларға: «Сендер жерді екі күнде Жаратқанғанға күпірлік етесіңдер ме?», — де” («Фуссыләт» сүресі, 41:9).

Олардың қорытындысы: бұл аяттар құрайштықтар Аллаһтың бар екеніне сенбегеніне және Ол жерді екі күнде жаратқанына, яғни Оның Раббылығына сенбегеніне айқын түрде нұсқайды.

Жауап:

Бұл аяттар да тура одан алдынғы аяттар сияқты түсіндіріледі. Мынау – ханафи имамдарының осы аяттардың мағынасы туралы айтқан сөздері: «Аллаһқа күпірлік дегенде олардың Оған серік қосатындығы меңзеледі»[8], — сондықтан да «Аллаһқа қалайша күпірлік етесіңдер?» сөздерінің мағынасы, яғни «Сендер қалайша Онымен бірге тағы әлдебіреуге құлшылық етесіңдер?!» болады[9].

Сондықтан да аяттардың мәтінін соңына дейін оқып шығу керек.  (Мухаммад,) оларға: «Сендер жерді екі күнде жаратқанға күпірлік етесіңдер ме, және Оған өзгелерді теңейсіңдер ме?», — де”. Аяттың «…және Оған өзгелерді теңейсіңдер ме?» деп аяқталуынан бұл жерде Аллаһқа күпірлік ету дегенде Оның бар екендігіне күпірлік ету деген меңзелмейтіні түсінікті болады.  Алайда ”«және Оған өзгелерді» Раббылықта «теңейсіңдер ме», әлде Құдай деп тануда ма?” деген сұрақ қала береді.  Сопылар: «Раббылықта», — дейді, ал біз: «Құдай деп тануда», — дейміз. Осы аяттан кейін Аллаһ Тағала Рабылық сипаттарының тағы бірнешеуін атап айтты да, сосын: Сол уақытта оларға ілгері кейін елшілер келіп: «Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық қылмаңдар», — деді” («Фуссыләт» сүресі,41:14)», — деп айтты. Осыдан олар Аллаһпен бірге өзге құдайларға да құлшылық етіп және оларды құдай деп танып, өзгелерді Аллаһқа теңестіргені түсініледі, бірақ басқа кімді-болсын Аллаһпен қатар Раббы деп санағандығы емес.

Ал Аллаһтың «Бірақ олар аса Мейірімдіге күпірлік етеді» деген сөздеріне келер болсақ, онда, шындығында да, олар Аллаһ дәнекерлер мен шапағатшыларсыз олардың тәубесін қабыл етпейді және оларға мейірім көрсетпейді деп санап тұрса, онда  қалайша аса Мейірімді Аллаһқа иман келтірмек?!

Сондықтан да «Аллаһқа күпірлік етеді» деген сөздер адамның Аллаһ бар екендігіне және Оның Раббылығына сенбейді дегенді білдірмейді. Сіздер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі Абу Талиб өзінің немере інісі Мухаммадтың пайғамбар, ал Аллаһ онымен жіберген дін ақиқат екеніне іштей, яғни жүрегімен сенгенін, бірақ, сонымен бірге, өз халқының жазғыруынан қорқып, Исламның куәлігін тілмен айтудан бас тартқанына қарамайсыздар ма? Сондықтан да ол туралы да: «Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күпірлік етті (иман келтірмеді)», — деп айтылады. Бұл сөздер ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бар екеніне немесе пайғамбар екеніне иман келтірмеді дегенді білдірмейді.

3-күмән: Сопылар көпқұдайшылдардың Аллаһ Раббы екенін айтпағанның өзінде, Оның бар екендігіне сенбегенін дәлелдеу үшін сондай-ақ мына аятты да келтіреді:   Олар: «Дүние тіршілігі ғана бар. Біз өлеміз, туыламыз. Бізді заман ғана өлтіреді», — дейді” («әл-Жәсия» сүресі, 45:24).

Сопылардың қорытындысы: құрайштықтар атеист-материалисттер болған және Аллаһтың бар екеніне сенбеген.

Жауап:

Бұл аятта құрайштықтар материалисттер болғандарына нұсқау жоқ. Бұл аят олардың Қиямет күніне және Аллаһ оларды қайта тірілтетініне сенбегеніне нұсқайды.

Ал ханафи мәзһабының ғалымдарына келер болсақ, олар бұл күмәнға тағы да бір жауап берді. Оның мәні арабтардың арасында атеизм мен материализмді ұстанатын бір топ құдайсыздар бар болғандығында. Алайда, сонымен бірге, олардың материализмі тек тілдерінде ғана көрініс табатын, ал жүректеріне келсек, олар Аллаһтың бар екенін мойындайтын. Қз.: әл-Жәссас «Әхкам ул-Қур`ан» 3/478.

Бұған дәлел – Аллаһтың мына Сөздері: «Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра, оларға зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр(«ән-Нәмл» сүресі, 27:14).

Бұл екі жауаптың екеуі де дұрыс әрі бір-біріне қайшы келмейді деп қосу ғана қалып тұр.

4-күмән: Адам Аллаһтың Раббылығын мойындаумен ғана мұсылман болатынын дәлелдеу үшін, сопылар «Рабб» — Раббы деген сөз кездесетін аяттар мен хадистерді келтіреді.

Аллаһ былай деді: ”Олар: «Раббымыз — Аллаһ», — деп айтқандары үшін ғана зұлымдықпен үйлерінен қуылды” («әл-Хажж» сүресі, 22:40).

Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Ол әр нәрсенің Раббысы бола тұра, Аллаһтан басқа Раббы іздейін бе?», — де”(«әл-Әнғам» сүресі, 6:164).

Аллаһ тағы да былай деді: Расында: «Раббымыз – Аллаһ!», — деп, сосын мықты тұрғандарға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген Жәннат арқылы қуанышқа бөленіңдер!», — дейді” («Фуссыләт» сүресі, 41:30).

Сопылардың қорытындысы: Осы және осы сияқты аяттар бірқұдайшылықтың мәні Аллаһтың Раббылығын мойындауда екеніне нұсқайды. Сондықтан да кім, жалғыз Аллаһ қана Раббы болып табылатынын мойындайтын болса, сол оған періштелер түсетін бірқұдайшыл болады…

Жауап:

Бұл күмәнға негізгі жауап қасиетті мәтіндерде өздеріне бірден бірнеше мағынаны қамтитын көптеген терминдердің бар екендігі болып табылады.

Мысалы, «иман» (сенім) және «ислам» (ислам) қасиетті мәтіндерде әрқайсысы өз мағынасына ие болып келеді. Егер «иман» мен «ислам» ұғымдары бір аяттың, хадистің немесе бір мәтіннің құрамында бірге келсе, онда «иман» сөзі адамның ішкі сенімін, ал «ислам» сыртқы құлшылықты білдіреді. Бірақ егер аятта осы екі ұғымның біреуі ғана келсе, онда екіншісінің мағынасы біріншісінің  мағынасына кіргізіледі. Басқаша айтқанда, егер аятта тек «иман» сөзі келген болса, онда ол жай ішкі сенімді ғана емес, соның негізінде сыртқы құлшылық құрылатын ішкі сенімді білдіреді.  Егер мәтінде тек «ислам» сөзі келсе, онда ол жай сыртқы құлшылықты ғана емес, ішкі сенімнен туындайтын сыртқы құлшылықты білдіреді.

Біздің қарап жатқан жағдайымызда да тура осындай. «Рабб» (Раббы) мен «иләһ» (құдай) терминдері, олардың әрқайсысы өз мағынасына ие.

Сондықтан да Аллаһ Тағаланың: (Мухаммад): «Адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Құдайына … сиынамын», — де” («ән-Нәс» сүресі, 114: 1-3), — деген аяттарында Раббы дегенде барлық нәрсені Жаратушы және Басқарушы меңзеліп тұр, ал Құдай дегенде құдайлық сипатқа бөленетін және құлшылық етілетін  (объект) аталып тұр.

Бірақ егер мәтінде тек «Рабб» (Раббы) деген сөз келіп тұрған болса, онда ол өзіне раббылықтың да, құдайлықтың да мағынасын қамтиды.

Бұл күмәннің осы түсіндірмесін Ибн Абил ‘Изз әл-Ханафидің «Шарх Ақида әт-Тахауия»(390-394 беттер) еңбегінде табуға болады.

Ал Аллаһтың: “Олар: «Раббымыз — Аллаһ», — деп айтқандары үшін ғана зұлымдықпен үйлерінен қуылды”(«әл-Хаж» сүресі, 22:40), — деген Сөздеріне келер болсақ, онда олардың түсіндірмесі бұдан да оңай.

Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабалары тек: «Раббымыз – Аллаһ!», — дегендері үшін ғана өз үйлерінен зұлымдықпен қуылғанына ешкім күмән келтірмейді. Алайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары «Раббымыз – Аллаһ!» деген сөздермен нені меңзегендеріне қарайықшы. Осымен құрайштықтар мұсылмандарды олар Аллаһтың Раббылығын мойындағаны үшін қуып, көшуге мәжбүрлегені,  ал өздері оны мойындамағаны меңзеледі ме? Әлде олар Раббылары Аллаһ болып табылатынын, сондықтан да тек Ол ғана құлшылық етуге лайықты екенін айтып, Аллаһпен қатар  басқаларға құлшылық етуден бас тартқандары, ал құрайштықтар мұнымен келіспегені үшін қуылды ма?

Бұған жауап құрайштықтар мен Рим патшасы Ираклийдің арасында орын алған уақиғада қамтылған. Ираклий Абу Суфияннан, ол әлі көпқұдайшыл мүшрик болған кезінде: «Ол Мухаммад деген адам (яғни Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) сендерді не нәрселерге шақырады?», — деп сұрады. Бұған Абу Суфиян: “Ол бізге: «Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар әрі Оған серік қоспаңдар, және сендерге әкелерің айтып жатқан нәрселерді тастаңдар», — дейді”, — деп жауап берді (хадис сенімді (сахих); Бухари 7; Муслим 1773, Абу Суфиянның сөздерінен).

Міне, Абу Суфиян өздеріне: “«Лә иләһа иллә-Ллаһ», — деп айтыңдар, сонда жетістікке қол жеткізесіңдер”, — деп айтатын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін осылайша түсінген болатын (хадис сенімді (сахих); Ибн Аби Шәйба 14/300; Ибн Хузайма 1/82; Ибн Хиббан 6562; Дәрақутни 3/44 т.б.).

Абу Суфиян Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) “«Лә иләһа иллә-Ллаһ», — деп айтыңдар, сонда жетістікке қол жеткізесіңдер” деген сөздерін қалай түсінгеніне, яғни Абу Суфиян: “Ол бізге: «Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар әрі Оған серік қоспаңдар…», — дейді”, — деп айтқанына назар бұрыңыздар.

Осыдан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары:  «Раббымыз — Аллаһ», — деп айтып, «Біз жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етеміз» дегенді меңзегені, әрі осы үшін зұлымдықпен үйлерінен қуылғаны түсінікті болады.

Басқа осы сияқты аяттар да тура осылайша түсіндіріледі.

Сондықтан да бұл аяттарда сопылардың жалған сенімдеріне ешқандай дәлел жоқ.

Ал бүкіл мақтау жалғыз Аллаһқа тән.

5-күмән: Сопылар құрайштықтардың Аллаһты дәріптемегенін және Оны ең Жоғары Құдай деп санамағанын дәлелдеу үшін сопылар келесі аятты келтіреді:

«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып, Аллаһқа тіл тигізеді»(«әл-Әнғам» сүресі, 6: 108).

Олардың қорытындысы: егер құрайштықтар Аллаһты дәріптегенде және ең жоғары Құдай деп санағанда, онда олар Оны боқтамас еді. Бұл аяттан олардың Аллаһты дәріптемей, тек өздерінің құдайларын ғана дәріптегені түсініледі.

Жауап:

Бұл қорытынды қате. Сопылардың бұл күмәніне үш тармақпен жауап беруге болады.  Олардың әрқайсысы шындық әрі бір-біріне қайшы келмейді.

1-тармақ. Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, құрайштықтар Аллаһты жақсы көретін, Оны дәріптейтін әрі Оған құлшылық ететін. Мұның дәлелдерін біз өткен бөлімдерде келтірген болатынбыз. Олар Аллаһқа тікелей құлшылық етуге батылмауы арқылы Оны ұлықтап жатырмыз деп ықыласты түрде санайтын, әрі сол үшін де Аллаһқа тек дәнекерлер арқылы жүгінетін. Олар Аллаһ өздерінің жағында екеніне, Ол оларды қолдайтынына және олардың дініне разы екеніне ықыласты түрде сенетін. Олар Ибраһимнің дінін ұстанатын нағыз өздері деп сенетін, ал Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың әулие тұтып, Аллаһтың жақындары мен сүйіктілері деп санағандарын қорлайтын, Аллаһқа өтірік және жала жапсырып келген өтірікші деп санайтын.

Осыдан шыға келе, егер сахабалар құрайштықтардың құдайлары болған олардың дәнекерлеріне тіл тигізе бастаса, олар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Оған құлшылық етуге шақырған Аллаһты балағаттай бастайтын. Осы орайда олар Аллаһты сөгіп жатырмыз деп ойламайтын, өйткені, олардың ойынша, Мухаммад оларды шынайы Ұлы Аллаһқа емес, қорланғаны соншалықты – тіпті оған дәнекерсіз-ақ жалбарынуға бола беретін әлдеқандай басқа бір Аллаһқа шақырып жатыр деп ойлайтын. Бірақ іс жүзінде олар, мұны өздері түсінбесе де, дәл сол әлемдердің Раббысы болған Аллаһты балағаттайтын. Сондықтан да Аллаһ Тағала:  «…білмей», — деп айтты.

2-тармақ. Тура осы идеологияға негізделіп, олар жауап ретінде Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өтірікші, сиқыршы, жынды, ақын т.с.с. деп айыптап, намысын қорлайтын. Осы орайда олар өздерін Аллаһ елшісін қорлап жатырмыз деп санамайтын, бірақ Аллаһтың дұшпанын қорлап жатырмыз және Аллаһтың дініне көмек көрсетіп жатырмыз  деп санайтын. Міне, тағы сол үшін де Аллаһ Тағала: «…білмей», — деген.

3-тармақ. Ал жүректерінің түбінде Мухаммад ақиқатпен келгенін және шындығында да Аллаһтың елшісі болып табылатынын түсінген, бірақ тәкаппарлығы немесе құрайштықтардың масқаралауынан қорқандықтары себепті Исламды қабылдамаған құрайштықтардың тобына келер болсақ, олар туралы Аллаһ Тағала былай деген: «Олар сені өтірікші санамайды, бірақ залымдар дұшпандықпен Аллаһтың аяттарын теріске шығарады!» («әл-Әнғам» сүресі, 6:33).

Міне, осылайша құрайштықтардың осы тобы да өздерінің дәнекерлеріне тіл тігізгенге жауап ретінде Аллаһқа тіл тигізетін, бірақ бұлар мұны білместікпен емес, дұшпандықпен істейтін.

Біздің ойымызша, біздің әрбіріміз мұндаймен өмірде кездескенбіз. Мысалы, егер әлдебір мұсылман христианмен айтысса, әрі христиан Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөге бастаса, бұл мұсылман, осы христианға деген дұшпандық сезімі билеп, өзі соны байқамай Иса пағамбарды сөге бастайды. Бірақ осы нәрсе бұл мұсылманның Исаның пайғамбарлығына сенбейді немесе оны сүймейді және құрметтемейді дегенді білдірмейді ғой. Тура осы нәрсе сунни мен рафидидің арасындағы эмоцианалдық айтыс кезінде де орын алып жатады. Рафиди Абу Бакр мен Умарды балағаттап және сөге бастаса, сунни де рафидіге деген ашуының үстінде байқаусызда Алиге тіл тигізіп қояды, бірақ бұл оның Алиді жек көретінін білдірмейді.

Сондықтан да Аллаһ Тағала: «…дұшпандықпен», — деді.

Ал барлық мақтау Аллаһқа ғана тән.

6-күмән. Өздерінің ұстанымын бекіту үшін қабірлерге табынушы сопылар Абу Суфиянның көпқұдайшыл кезіндегі Ухуд шайқасы күнінде айтқан: «Хибль ұлықтасын», — деген сөзін дәйекке келтіреді.

Олардың қорытындысы: құрайштықтар Аллаһты құрметтемеді, олар тек өздерінің құдайларының ұлықталуын қалады. Егер олардың жүректерінде Аллаһты дәріптеу болғанда, олар мұндай нәрселерді айтпас еді. Өйткені мұндай сөздерден олардың құдайларының Аллаһ үстінен ұлық болуын қалау көрініп тұр.

Жауап:

Бұл күмәнға деген жауап, біз осыдан бұрынғы күмәнға жауап беріп, алдын айтып кеткен негізге құрылатын болады. Абу Суфиян осы сөздерін Хибльдің Аллаһ үстінен ұлық болуын қалап немесе оның дінінің Аллаһ дінінің үстінен жеңіске жетуін қалап айтпады. Бірақ Хибльдің ұлықталуымен ол дәл сол Аллаһтың дінінің ұлықталуын қалаған болатын, өйткені ол Хибльді Аллаһқа жақын болған әулиелердің бірі деп сенетін, әрі өзі де Аллаһтың діні үшін соғысып жатырмын деп ойлайтын және ол осы дәнекерлердің жеңісін Аллаһтың дінінің жеңісі  деп есептейтін.

Дәл сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Аллаһ жоғары және дәріптеулі», — деп жауап бергенде, Абу Суфиян үнсіз қалды да, еш нәрсемен жауап бере алмады, өйткені ол да Аллаһ жоғары және дәріптеулі деп санайтын.

7-күмән. Сопылар мен құрайштықтардың сенімдері мен амалдары тең емес екенін дәлелдеу үшін, сопылар былай деп айтады: «Сендер қалайша бізді құрайштықтармен теңейсіндер? Біз Аллаһтың Елшісіне, Құранға, Қиямет күніне, жалпы елшілерге иман келтіргенбіз ғой. Біз құрайштықтардан айрықша, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көреміз, онымен соғыспаймыз да, оны қуып та жібермейміз ғой, Құранды теріске шығармаймыз, керісінше, оған сенеміз, Қиямет күнін мысқылдамаймыз, керісінше, оған иман келтіреміз! Ендеше, бізді құрайштықтармен теңеуге қалайша батылдарың жетеді?»

Жауап:

Құрметті оқырман бауырымыз, бұл олардың қарапайым халық алдында ақталатын әрі Сүннеттің жақтаушыларын жаман кейіпте көресететін  ең күшті күмәндарының бірі екенін біліңіз. Алайда, Аллаһтың рұқсатымен, олардың осы бір күмәнына да жауап өте қарапайым болмақ.

Істің мәні мынада: біз: «Қабірлерге табынушы сопылар мен құрайштықтықтар барлық жағынан толық ұқсас», — деп айтпаймыз. Иә, шындығында да, олар Құранға, Ақыретке, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) т.б. иман келтіруімен көпқұдайшыл құрайштықтардан ерекшеленеді, ал көпқұдайшыл құрайштықтар туралы мұны айтуға болмайды.  Бірақ біз сопылар мен құрайштықтар арасында көпқұдайшылық мәселесінде ұқсастық бар екендігі туралы айтамыз. Өйткені құрайштықтар оларға Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келуден бұрын да, оларға Құран түсірілгеннен бұрын да көпқұдайшылдар еді ғой.  Бұл дегеніміз, құрайштықтар Құранды, Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) теріске шығарғандығымен және Ақыретке иман келтірмегендігімен көпқұдайшылдарға айналмады. Осынысымен олар өздерінің күпірлігін ашып көрсетті, бірақ олар осыған дейін де көпқұдайшылдар болатын.

Сондықтан да біз: «Сопылар құрайштықтардан Құранға, Ақыретке т.с.с. нәрселерде ерекшеленсе де, мұның барлығы бірқұдайшылық пен көпқұдайшылық мәселелері емес, иман мен күпірлік мәселері болып табылады, ал олардың көпқұдайшылық пен бірқұдайшылық мәселелеріндегі сенімдері құрайштықтардың сенімдеріне толық ұқсас», — дейміз.

Қарапайым сөзбен айтқанда, мұны мынандай мысалмен түсіндіруге болады: егер біздің алдымызда екі адам тұрса, әрі оның біреуі иман келтіруге тиісті болған нәрселердің барлығына иман келтіріп, барлық ғибадаттарды орындайтын, алайда, сонымен бірге, Аллаһтың Салих есімді бір-ақ елшісіне иман келтірмейтін болса, ал екеншісі еш нәрсеге  иман келтірмеген атеист-материалист бола тұра, үнемі дінді сөгетін болса, әрі оның иман келтірмейтін нәрселерінің жалпы тізімінде Салих пайғамбар да болса, біз осы екі адам өз күпірліктерінде бірдей деп айтпаймыз ғой. Бірақ біз бұл екі адам да өздерінің Салих пайғамбарға иман келтірмейтінінде тең дейміз. Ал ендеше, Аллаһ Тағаланың осы екі адамға қатысты үкімі қандай? Олардың екеуін де «кәпір» деген термин біріктіреді, әрі екеуінің ортақ барар жері – Тозақ.

Мына жерде де тура осы. Қабірге табынушы сопылар барлық жағынан көпқұдайшыл құрайштықтарға тең болмаса да, бірақ олардың барлығын бір ортақ сипат біріктіреді. Олар өздерінің сенімдері мен амалдарында көпқұдайшылық пен құдай деп тануда және құлшылық етуде Аллаһқа серік қосу мәселелерінде бірдей.

8-күмән: Сопылар сондай-ақ былай деп те айтады: «Құрайштықтар тастарға, талдарға, мүсіндерге табынатын, ал біз Аллаһқа жақын әулиелерді құрметтеп дәріптейміз. Ендеше, қалайша сендер бізді көпқұдайшыл құрайштықтарға теңей аласыңдар?»

Жауап:

Бұл күмәнға жауапты бірнеше тармаққа бөліп беруге болады:

1. Құрайштықтар тастар мен мүсіндерге табынбайтын. Мұны түсіну үшін Құранның кейбір аяттарын келтіру жеткілікті болады:

«Сондай Аллаһтан басқа жалбарғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар. Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді» («ән-Нәхл» сүресі, 16:20-21).

Қиямет күні оларды түгел жинаймыз. Сонсоң мүшріктерге: «Сендер де, Аллаһқа қосқан серіктерің де орындарыңда тұрыңдар!», — дейміз. Сонда олардың араларын айырамыз. Олардың қосқан серіктері: «Сендер бізге табынбаған едіңдер. Енді сендер мен біздің арамызға куәлікке Аллаһ жеткілікті. Тіпті біз сендердің бізге табынғандарың туралы білмедік те», — дейді” («Юныс» сүресі, 10:28-29).

«Расында, Аллаһпен бірге табынғандарың, өздерің сияқты құлдар. Егер шын айтсаңдар, қане, оларды шақырыңдар, сендерге жауап берсін» («әл-Әғраф» сүресі, 7:194).

«Кәпірлер, Мені қойып, құлдарымды өздеріне ие және қамқоршы етуді ойлай ма? Расында, Тозақты кәпірлерге тұрғылықты мекен етіп әзірледік»(«әл-Кәһф» сүресі, 18:102).

«Олардың табынғандары Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде, Раббыңның азабы сескенуге тиісті» («әл-Исра» сүресі, 17:57).

«Аллаһтан өзге Қияметке дейін өздеріне жауап бере алмайтындарға дұға етіп жалбарынғандардан кім залымырақ? Әрине, табынғандары олардың жалбарынуларынан хабарсыз. Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандарынан бас тартады» («әл-Әхқаф» сүресі, 46:5-6).

Көріп тұрғанымыздай, жалпы көпқұдайшылдардың және нақты құрайштықтардың табынатын объектілері туралы айтқан кезінде, Құранда жанды заттарға қатысты қолданылатын сөз өрімдері келеді. Оның үстіне тастар мен ағаштар Қиямет күні қайта тірілтілмейді, сондай-ақ олар «өмір» және «өлім» деген терминдермен сипатталмайды;

2. Ханафи мәзһабының ғалымдары өздерінің кітаптарында құрайштықтар тас мүсіндер мен әулиелерінің бейнелерін өздерінің кімге құлшылық етіп жатқан нәрселерін жақсырақ елестету үшін жасағанын айтқан.  Бүгінгі күні христиандардың тура осылай істейтініндей. Олар ағаштан жасалған иконалардың өздеріне табынбайды, алайда олар осы иконаларды «аспандағы дәнекерлеріне» дұға жасау кезінде бет бұратын бағыт қызметін атқару үшін жасап шығарады;

3. Тіпті егер біз құрайштықтар тастарға құлшылық жасайтынына, ал сопылар «әулиелерді құрметтейтініне» келіссек те, Аллаһ Тағала құлшылық ету объектілері ретінде олардың арасында айырмашылық жасамады ғой әрі осының барлығын «Аллаһқа құлшылық етуде серік қосу» деген терминге біріктірді емес пе?!

9-күмән: Ибн ‘Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: “Маған адамдар «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ әрі Мухаммад — Аллаһтың Елшісі» деп куәлік бермейінше және намазды орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу бұйырылды. Ал егер олар осыны істесе, онда менен өздерінің жандары мен малдарын қорғап қалады, тек Исламның құқығы болған жағдайдан бөлек, ал олардың есебі Аллаһ Тағалада” (хадис сенімді (сахих); Бухари 1399; Муслим 20).

Усама ибн Зәйд былай деп баяндаған: “Бірде, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді әскери жорыққа аттандырды. Шайқас кезінде мен мүшриктердің біреуін қуып жетіп алдым, әрі сол кезде ол: «Лә иләһа иллә-Лллаһ», — деді. Бірақ, соған қарамастан, мен оны өлтірдім. Осы істегенім мені мазалай бастады да, мен осы уақиға туралы Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтып бердім. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен оны ол: «Лә иләһа иллә-Ллаһ?!», — деп айтса да, өлтірдің бе?», — деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол мұны тек өлімнен қорыққандығы себепті айтты!», — дедім. Бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сонда сен ол «лә иләһа иллә-Ллаһ» сөзін шынымен де жүрегімен айтқан-айтпағанын білу үшін оның жүрегін ашып көрдің бе?», — деп жауап берді. Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны көп қайталай бергені соншалықты – мен Исламды бүгін қабылдағандардан болмағаныма өкініп қалдым” (хадис сенімді (сахих); Бухари 4269; Муслим 96).

Олардың қорытындысы: Бұл хадистер иман мен күпірлік өзгелерге беймәлім болған жүректің ісі екендігіне нұсқайды. Сондықтан да «Лә иләһа иллә-Ллаһ» деген адамды Исламнан шығаруға және көпқұдайшыл деп айтуға болмайды. Ал сендерге келер болсақ, сендер бізді Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі көпқұдайшылдармен теңеп, сол арқылы бізді Исламнан шығарған боласыңдар. Әрі бұл біз: «Лә иләһа иллә-Лллаһ», — деп айтсақ та.

Жауап:

1. «Лә иләһа иллә-Ллаһ» деп айтып, осы куәліктің мағынасын дұрыс түсінген, оны жүрегімен ықыласты және шынайы түрде растаған және  Ислам куәлігінің басқа да белгілі шарттарын орындаған адамның мұсылман болатынына күмән жоқ.

Алайда бұдан «Исламның куәлігін бір кезде айтқан адам ешбір жағдайда Исламнан шығып кете алмайды және кәпір болмайды» деген қорытынды шықпайды.  Мысалы, адам Аллаһты және Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөксе (балағаттаса, лағынеттесе), Құранды лас жерге лақтырса, немесе тек Аллаһ қана көмектесе алатын нәрселерде Аллаһтан өзгелерге дұға етіп жалбарынса, сол күпірлікте айыптаудың барлық шарттары орындалса және күпірлікте айыптауға кедергі болатын жағдайлар болмаса, Исламнан шығып кетеді де, кәпірге айналады.

Әрі күпірлікте айыптау тек хауариждердің ғана ерекше сипаты емес екенін де білген жөн. Бірақ хауариждер мұсылмандарды үлкен күнәлар жасағандығы үшін Исламнан шығарады, ал Сүннеттің жақтаушылары бұлай істемейді.

Ал ханафи мәзһабының ғалымдарына келер болсақ, олар мұсылмандардың ешқайсысын күпірлікте айыптауға болмайды, тек егер біреу діндегі бұлтартпас белгілі болған қандай да бір нәрсені жоққа шығармаса ғана деген.  Ал кім Исламнан шығаратын амалдар мен сенімдердің қайсысын болса да жасаса, сол ханафи ғалымдарында кәпір болып саналады. Мұның үстіне көптеген ханафи ғалымдары білместікті (надақтықты) діннен шығу туралы үкім шығаруда ақталу ретінде қабылдамайды, тіпті егер адам өмір бойы бір Аллаһқа ғана құлшылық етіп келген болса да. Мұның барлығы ханафилердің кітаптарында айқын және бірмағыналы түрде айтылған. Мысал ретінде «әл-Макасид» пен Тафтазанидің оған жасаған шархын 2/268; Фарияхаридің «ән-Нибрас» 572-бет; Хуфажидің «Шәрх уш-Шифа» 4/509; «әл-Фәтауа әл-‘Азизия» 1/156; Шәмидің «Радд ул-Мухтар» 1/377; Қаридің «Минах ул-Азхар» 241-242-беттер; Лукнауидің «Мәжму’ әл-Фәтауа» 2/45 еңбектерін т.б. қараңыз.

Бұдан қалса, ежелгінің де, қазіргі заманның да ханафи ғалымдары күпірлікте айыптау мәселелерінде ең қатаң ұстанымда болғаны бұлтартпас шындық. Ханафи ғалымдары басқа мәзһабтың ғалымдары күпірлікте айыптауға батылмайтын амалдар үшін күпірлікте айыптайды. Бұған ханафилердің көптеген кітаптарында діннен шығу туралы үкім шығарылатын істер мен амалдар қаралатын көптеген тараулар бөлек көрсетілгендігі айғақ болады. Сондай-ақ адам соларды айтса, Исламнан шығып кететін күпірлік сөздері жинақталған жеке тараулар да бар.  Мысал ретінде Хайтамидің «әз-Зауажир» 1/29; әл-Муқбилидің «әл-‘Илм әш-Шәмих» 221-222; «Жәлә ул-‘айнайн» 450-451-бет; «Ғаят ул-Әмани» 1/253-254, 297 кітаптарын қараңыз.

Кім ханафилердің осы мәселелер қаралатын кітаптарын оқып шықса, сол өте көп таң қаларлық нәрселер таба алады. Мысал ретінде Тахир ибн Ахмад әл-Бухаридің «Хуләса әл-Фәтауа» 4/379-390; Хасан ибн Мәнсур әл-Ферганидің «әл-Фәтауа әл-Хания» 3/571-580; Ибн Бәззаз әл-Курдидің «Жәми’ әл-Уәжиз» 6/315-350; «әл-Бахр әр-Раиқ» 5/119-125 кітаптары.

Сондай-ақ кітаптың түгел барысында біз ханафи ғалымдарының кітаптарынан олар дұғасын Аллаһтан  өзгеге арнайтын, немесе Одан басқаға құрбан шалатын, немесе өзімен Аллаһ арасында дәнекер таңдап алатын адамды ашық түрде күпірлікте айыптайтын көптеген үзінділерді келтіріп кеткен болатынбыз.

Алайда мұның барлығы қандай да бір нақты адамдарды оларға дәлелді жеткізбей және оларды ақтайтын себептердің жоқ екендігіне көз жеткізбей күпірлікте айыптауға болады дегенді білдірмейді!!! Мұның үстіне, нақты адамдарды күпірлікте айыптау ғалымдардың ісі болып табылады, ал біз олардың қатарына жатпаймыз, сондықтан да мұндаймен айналыспаймыз.

Біз осы кітапта келтірген дәлелдердеріміздің барлығын көпқұдайшылықтың қауіптілігін және оның түрлері мен көріністерінің көптігін түсіндіру үшін ғана келтірдік. Осыдағы мақсатымыз — нақты біреулерді күпірлікте айыптау емес, мұсылмандардан ешкім ешбір жағдайда осы шектерді бұзбауы үшін.

Ал Аллаһ жүректердегіні толық біледі.

10-күмән: Бұл күмән қабірлерге табынушы сопылардың біз осы тарауда келтіретін ең соңғы күмәні болып табылады. Ол сондай-ақ барлық замандағы және барлық елдегі сопылардың дәйек ретінде қолданатын ең салмақты күмәндарының бірі болып табылады.

Сопылар Аллаһ Тағаланың: Сондай Аллаһтан өзгені қамқоршы әрі көмекші етіп алғандар: «Біз бұларға бізді Аллаһқа барынша жақындастырсын деп қана табынамыз», — дейді” («әз-Зүмәр» сүресі, 39:3), — және:  Олар зор айлакерліктер істеді. Және олар: «Құдайларыңды тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғус, Яғуқ және Насырды әсте тастамаңдар», — деседі(«Нух» сүресі,71:22-23), — деп айтқан аяттарын келтіріп, мынандай қорытынды шығарады:

Көпқұдайшылар өздерінің дәріптейтін объектілерін «кұдайлар» деп, ал өздерінің іс-әрекеттерін құлшылық деп ашық айтатын. Ал біз, олардан айрықша, өз әулиелерімізді құдай деп те, және оларға құлшылық етеміз деп те айтпаймыз. Ендеше, сендер қалайша бізді көпқұдайшыл мүшриктерге теңейсіздер!

Жауап:

Бұл күмәнға да бірнеше тармақпен жауап беруге болады:

1. Ислам ғалымдарында мынандай бір қалыптасқан бұлтартпас қағида бар: «Заттардың мәні олардың атауларына ілеспейді», — немесе: «Заттың атының өзгеруінен оның мәні өзгермейді». Ханафилерге келер болсақ, бұл ереженің түсіндірмесін «Фатх ул-Мәннаннан» (481-бет) тапса болады.

Сондықтан да егер біреу зинаны «азаматтық неке» деп атаса да, ол амал зина болып қала береді. Әрі бұған дәлелдер өте көп. Бұл мәселенің тамаша талдауын ханафи имамы УалиуЛлаһ әд-Дахләуи өзінің «Будур әл-Бәзиға» (169-бет) еңбегінде келтіреді. Сондай-ақ имам Финжифири де қабірге табынушылардың қалайша көптеген терминдердің мәнін өзгертіп және олардың аттарын алмастырып, Аллаһтың дінін өзгерткенінің керемет талдауын жасаған. Қз.: «Усул ус-Сунна» 138-бет;

2. Ал қасиетті мәтіндерге келер болсақ, оларда бұл аксиомаға (бұлтарпас қағидаға) дәлелдер өте көп. Олардың кейбіреулерін ғана келтіріп кетейік:

Аллаһ былай деді: (Сол уақытта) Аллаһ: «Әй, Мәриям ұлы `Иса! Адамдарға: «Мені әрі анамды Аллаһпен бірге екі құдай етіп алыңдар», — деп айттың ба?», — дейді. (`Иса): «Уа, Аллаһ! Сен Пәксің. Мен құқықты болмаған нәрсені қалай айтамын. Егер мен осындайды айтқанымда, Сен оны анық білер едің. Сондай-ақ Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толык Білушісің», — дейді («әл-Мәидә» сүресі, 5:116).

Осы жерде христиандар, немесе олардың басым бөлігі `Исаның анасы Мәриямды – құдай деп санамайтынын білу маңызды болады.

Олар құдайлық болмысқа (олар Оны Құдай немесе Әке (Отец) деп атайтын) Аллаһ Тағала, сондай-ақ (олар оны Ұл (Сын) деп айтатын) ‘Иса (Иисус), сондай-ақ (олар қасиетті Рух (Святой Дух) деп атайтын) Жәбірейіл (Гавриил) ие деп санайды. Олардың сенімдеріндегі Құдай – бұл осы үшеуінің Отец – Сын — Святой Дух көрінісінің қосындысы Троица.

Бірақ Мәриямға қатысты айтар болсақ, олар оны Қасиетті Қыз (Пресвятая Дева) немесе Қасиетті Мәриям (Святая Мария), немесе Құдайдың анасы (Богоматерь) деп атайды, бірақ ол құдайлық болмысқа ие деп санамайды.

Бірақ, осыған қарамастан, Аллаһ Тағала оны «құдай» (табынатын объект) деп атады, өйткені христиандар оны өздері мен Құдайдың арасындағы дәнекер және Құдайдың алдындағы өздерінің шапағатшысы деп санайды.

Назар бұрыңыздаршы – христиандардың басым бөлігі оны құдай деп атамаса да және ол құдайлық болмысқа ие деп санамаса да, Аллаһ Тағала олар оны өздеріне құдай етіп алған деп айтты. Өйткені кім қандай да бір объектіні өзі мен Құдайдың арасындағы дәнекер немесе шапағатшы деп санаса әрі оған дұғалары мен құлшылықтарын арнаса, ол осынысымен осы объектіні құдайға айналдырады, мұны мойындаса да, мойындамаса да.

Ал шариғат терминологиясына келер болсақ, онда шариғатта «құдай» (иләһ) деп құлшылық жасалатын кез-келген объект (мәғбуд) аталады, оған заңды түрде құлшылық жасалса да, заңсыз түрде құлшылық жасалса да.   Қз.: «Мухтар әс-Сихах» 9-бет; «Таж әл-‘Арус» 9/375; «Миат мәсәил» 15-бет;

Сондықтан да Аллаһ Тағала туралы айтқанда біз: «Хақ Құдай», — дейміз де, ал адамдардың Одан басқа табынатын құдайлары туралы айтқанда: «Жалған құдайлар», —  (тағуттар) дейміз.

Абу Уақид әл-Ләйси былай деп баяндайтын: “Бірде, біз әлі жақында ғана Исламды қабылдағандардың қатарында болған кезімізде, Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге Хунәйнға әскери жорыққа шықтық. Жорық барысында біз көпқұдайшылдардың бір ағашының жанынан өттік. Олар оның қасында уақыттарын өткізетін және соған қаруларын іліп қоятын. Олар оны Зәт-Әнуат (Салпыншақтар иесі) деп атайтын. Оның жанынан өтіп бара жатып, біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге де тура солардың Зәт-Әнуатындай (бір Зәт-Әнуат) жасап беріңізші!», — дедік. Бұған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһ Аса Ұлы! Ақиқатында, бұл бұрынғы өткен халықтардың салты. Жаным Қолында болғанмен ант етемін, сендер Бану Исраил Муса пайғамбарға: «Уа, Муса! Бізге де олардың құдайы сияқты бір құдай жасап бер!» («әл-Әғраф» сүресі, 7:138), — деп айтқан нәрсесін айттыңдар. Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрынғылардың салттарына ілесесіңдер»(хадис сенімді (сахих); Тирмизи 2180; Ахмад 5/218; Абу Я’лә 1441; Ибн Аби Шәйба 15/101; Нәсаи «әл-Кубрада» 11185, т.б.).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың айтқан сөздерімен Бану Исраилдің айтқан сөздерін қалайша теңегеніне назар бұрыңыз!  Сахабаларға келер болсақ, олар: «Бізге де тура солардың Зәт-Әнуатындай (бір Зәт-Әнуат) жасап беріңізші!», — деді, ал Бану Исраилге келер болсақ, олар: «Бізге де олардың құдайы сияқты бір құдай жасап бер!», — деді.

Бұл жерде сахабалар ағашты құдай деп айтпай, Зәт-Әнуат деп атағанын, мұның үстіне олар бұл ағаштың құдай екеніне көңіл бөлмегеніне назар аударыңыздар, өйткені егер олар осыған көңіл бөлгенде, олар мұны Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрамас еді, бірақ, осыған қарамастан,  Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер Бану Исраил Муса пайғамбарға: «Уа, Муса! Бізге де олардың құдайы сияқты бір құдай жасап бер!» («әл-Әғраф» сүресі, 7:138), — деп айтқан нәрсесін айттыңдар», — деді. Өйткені сахабалар да, Бану Исраил де Аллаһтан өзге табынатын нәрсені сұрады. Әрі олардың сөздері әртүрлі болғанымен, олардың мағынасы бір еді. Сондықтан да «атауды өзгерту мән-мағынаны өзгертпейді».

Осыдан шыға келе, көпқұдайшыл өзінің көпқұдайшылығын қалай атаса да, тіпті ол өлген адамдарға дұға етуін, оларға арнап құрбан шалуын, нәзір беруін т.с.с. нәрселерді оларды «құрметтеу» «сыйлау» деп айтса да, ол бәрібір көпқұдайшыл болып қала береді.

Ханафи имамы әл-Бәркауи (981 һ/ж) былай деген: «Кім бірқұдайшылықтан теріс бұрылса, сол мұны қаласа да, қаламаса да, көпқұдайшыл болады. Ал кім Сүннеттен теріс бұрылса, сол осыны қаласа да, қаламаса да, адасқан бидғатшы болады». Қз.: «Зиярат ул-Қубур» 45-бет.

Ол күні Аллаһ оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: «Осылар сендерге табынушы ма еді?», — деп сұрайды. (Періштелер): «Сен Пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Олар жындарға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенетін», — дейді(«әс-Саба» сүресі, 34:40-41).

Бұл аятта осы адамдар періштелерге табынып жатырмыз деп ойласа да, бірақ  іс жүзінде жындарға табынғандарына дәлел бар. Бұл адамдардың  санаған және тұжырымдаған нәрселері емес, іс жүзінде орын алып жатқан нәрсенің ғана маңызы бар екендігін айтып тұр.

3. Сондай-ақ осы жерде көптеген діни білімсіз адамдар өз ойларында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылдар және жалпы пұтқа табынушылар іс жүзінде жоқ нәрселерге табынған деп елестейтінін атап кету қажет. Әрі осы жерде ақырында құрайштықтар кәдімгі ізгі кісілерге (әулиелерге) құлшылық ететінін және кәдімгі ағаштарды өздеріне дәнекер жасайтынын түсіну қажет. Өткен бөлімдердің бірінде құрайштықтардың әл-Ләт пен әл-‘Узза сияқты құдайлары – бұл құрма мен майдан жасалған кәдімгі тамақты жасайтын кәдімгі адам мен құрайштықтар оған қайыс пен жүн мата жыртыстарын іліп қоятын кәдімгі ағаштан өзге еш нәрсе емес екенін айтып кеткен болатынбыз. Тура осы нәрселер бүгінгі күні Туркістанда, Бекет–Атадада, тағы сол сияқты басқа жерлерде де жасалып жатыр.

Барлық проблема осы күнгі мұсылмандардың Құранды оқи тұра, оны біздің заманымызға қатысы жоқ, бұрынғы өткен халықтарға қатысты әңгімелер мен оқиғалар деп есептейтінінде.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Құранды оқитын адамдардың көбі оқылып жатқан аяттардың қазіргі заманның болмысына қатысы бар екенін сезбейді.  Олар бұл аяттарды өз заманында өмір сүріп кеткен және соңынан ұрпақ қалдырмаған әлдебір халықтарға қатысты деп ойлайды.  Дәл осы нәрсе адамның жүрегі мен Құранды түсінудің арасындағы бөгетке айналады. Әрі осы халықтар өмір сүріп кеткен болса да, олардың сенімдерін олардан кейін келгендер өздеріне мирас етіп алғанын әрі бұл ұрпақтар алғашқылары сияқты, немесе олардан да жаман, немесе сәл жақсы  екенін, ал Құранның хикаялары оларды да, бұларды да қамтитынын түсіну нендей маңызды десеңізші». Қз.: «Мәдариж Саликин» 1/343.

4. Не себепті көпқұдайшыл құрайштықтар «құдай» («иләһ») және «құлшылық» («`ибада») сөздерін қолданғандығы, ал қабірлерге табынушы сопылар бұл терминдерді қолданбайтынына келер болсақ, бұның себебі айқын және кәдімгідей.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшылдар өздерінің дәнекерлеріне жасап жатқан істері оларға жасалатын шынайы құлшылық екенін және оларды құдайларға айналдыру екенін түсінген. Олар Ислам куәлігінің мағынасын әрі оны айту оларды дәнекерлеріне жасайтын дұғаларын, құрбандары мен нәзірлерін тастауға мәжбүрлейтінін түсінетін.  Ал сопыларға келер болсақ, олар «Лә иләһа иллә-Лллаһ» куәлігінің мағынасын, сондай-ақ «құдай» және «құлшылық» ұғымдарының мағынасын да дұрыс түсінікпен түсінбейді. Олар Ислам куәлігін жүздеген, тіпті мыңдаған рет қайталайды, бірақ бұл куәлікті айту оларды әулиелеріне қатысты жасап жатқан амалдарынан бас тартуға міндеттейтінін түсінбейді.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрайштық мүшриктерге таухидке деген шақырумен келді, олар өздерін Ибраһимнің дінінде деп санайтын.  Олар өздерінің істеп жатқан нәрселерінің көпқұдайшылық екенін түсінетін, бірақ осыда бір жамандық бар деп ойламайтын, өйткені көктен түскен, Аллаһ разы болатын және Аллаһ Тағала Ибраһим пайғамбар арқылы түсірген нағыз дін, міне, осы деп санайтын. Ал біздің сопыларымызға келер болсақ, олардың сенімдері мен амалдары құрайштық көпқұдайшылдардың сенімдері мен амалдарына пара-пар келеді, бірақ мәселенің өзегі сопылар өзін мұсылмандармен теңестіретін және Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дініне жатқызатын қоғамда туып өскендігінде болып тұр. Сондықтан олар да құрайштықтар сияқты өздерінің сенімдері мен іс-әрекеттерінде ешқандай жамандық көрмейді, өйткені өздерін Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген көктен түскен дінді ұстанып жатырмыз деп санайды. Айырмашылық тек құрайштықтарда олардан көпқұдайшылықтың тыйым салынғандығы туралы оқи алатын Кітап және Ибраһим пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хадистер жоқ еді, сондықтан да олар «көпқұдайшылық» («ширк»), «құлшылық» («`ибада») және «құдай» («иләһ») терминдерін қолдануда ешқандай проблема көрмейтін, мұның үстіне араб тілі оларды осынысында қолдайтын.  Ал сопыларға келер болсақ, оларда көпқұдайшылықтың (ширктің), Аллаһтан өзге құдайларға (иләһтарға) құлшылық (ғибада) жасаудың тыйым салынғандығы туралы айтатын Құран мен хадистер бар. Сондықтан да олар мұның барлығын басқа терминдермен атап, «тәууассул», «құрметеу», «сыйлау», «әулие», «машайық»  деп айтады.

Әрі Аллаһпен ант етеміз, оларға осы ұғымдардың мән-мағынасын және Ислам куәлігі олардан «әулиелеріне», «машайықтарына» т.б. әруақтарға қатысты істеп жүрген амалдарынан бас тартуды талап ететінін түсіндірсеңіз, олар осы куәлікті қабылдамау мен  теріске шығаруда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз шақыруын жолдаған көпқұдайшыл құрайыштықтардан кем түспейтін қасарысу танытады.

Ендеше, кітабымызды аяқтай отырып, құрайштық мүшриктер таухидке шақырып келген Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не деп жауап бергеніне қарайық.

Аллаһ былай деді: Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да, кәпірлер: «Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт. Құдайларды бір-ақ Құдай қыла ма? Әрине, бұл тым таңғажайып нәрсе», — деді. Олардың бастықтары келіп: «Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе. Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол. Арамыздан осыған ғана Ескерту түсірілді ме?», — десті. Олай емес, олар Менің Ескертуімнен (Құраннан) күдіктенуде. Әрине, олар азабымды әлі татқан жоқ” («Сад» сүресі, 38:4-8).

Тура осыны бүгінгі күні Қазақстанның, Кавказ елдерінің және бүкіл посткеңестік республикалардың сопылары да айтуда. Оларға «өздерінен бір ескертуші келгенінде», олар: «Бұл – бір суайт уаһһаби. Олар біздің Аллаһқа дәнекерлеріміз арқылы жалбарынуымызды Оған тікелей жалбарынумен ауыстырды ма? Ақиқатында, бұл бір таңқаларлық нәрсе!», — деп айтады. Олардың қатарынан болған «ақсақалдар» мен «рухани жетекшілер»: «Барырыңдар да, өздеріңнің әділетсіз ренжітілген әулиелерің үшін сабыр ете тұрыңдар. Ақиқатында, араб елдерінен келген бұл студент алып келген нәрселер – бұл Сауд Арабиясы ойластырған бір жоспар. Біз бұл туралы біздің ата-бабаларымыздан естімегенбіз, өйткені біз олардың салт-дәстүрлерінде оларға қатаң түрде ілесеміз. Ал бұл фундаменталист айтып жатқан нәрселер – ойдан шығарылған нәрседен басқа еш нәрсе емес. Ол сонда біздің бүкіл ата-баларымызды адасқандар, ал өзін тура жолдамын деп айтқысы келегені ме?», — деп жауап береді.

Қадірменді бауырымыз, бұл бір-ақ мысал, ал егер сіз Құранды ашып, Аллаһ елшілері мен олардың елдерінің өкілдері арасында орын алған диалогтарды оқып көрсеңіз, сол кезде орын алған нәрселер мен осы кезде орын алып жатқан нәрселер арасында таңқаларлық ұқсастықты таба аласыз.

Ал бүкіл мақтау әлемдердің Раббысы – Аллаһқа ғана тән!

Әрі Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, барлық сахабаларына және Қияметке дейін соларға ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

 


[1]«Құрайштықтар» — арабтардың ең құрметті тайпаларының бірі. Мухаммад Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрайш тайпасынан еді әрі өзінің шақыруын солардан бастады, өйткені құрайштықтар көпқұдайшылық дінінде болатын.

[2]Хабардың иснады сенімді (сахих); Ибн Аби Хатим осы аяттың тәпсірінде.

[3]Хабардың иснады сенімді (сахих); Ибн Жәрир; Са’ид ибн Мәнсур 5/411.

[4] Бәлкім, құрайштықтардың жоғарыда аталған барлық құлшылық түрлеріне қатысты дәлелдерді Аллаһ Тағала бізге жеке кітапқа жинақтауды жеңілдетер. Ал қазірше бұл дәлелдерді ханафи имамдарының мына кітаптарынан табуға болады: «Хужжату Ллаһи әл-Бәлиға» 1/124-127; «Фәуз ул-Кәбир» 14-15; «Булуғ ул-Араб» 2/286-300; «Фатх ул-Мәннан» 643-бет, т.б.

[5] Май мен құрмадан дайындалатын тағамның аты, егер оған арпаның талқанын қосса, хайс деген тағам шығады.

[6] Бану Тамим руының жәһилиет дәуіріндегі ақындарының бірі. Һижраға дейінгі 2-жылы қайтыс болған. Қз.: Ибн Кутайба «Ши’р уа шшу’ара», 84-87, сондай-ақ Зуркали «әл-Ә’ләм» 2/31).

[7]Әус ибн Хәжар Диуаны, 36-өлең.

[8]Қз.: «Тәнуир ул-Азхан» 1/144; Самарқанди «Мәжд ул-‘улюм» 1/306.

[9]Қз.: «Жәуахир ул-Қур`ан» 1/29.

кітаптың соңы