Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он алтыншы тарауын ұсынамыз.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
1-Бөлім. Жалпы ережелер
Түркістанға, Бекет Атаға және тағы сол сияқты жерлерге сапарға шығатындар осы жерлерде ғибадат жасау Аллаһ үшін сүйіктірек және сауабының көптігімен артығырақ деген сенімге ие. Олар егер өздерінің елді-мекендеріндегі мешіттерде, немесе үйлерінде ғибадат жасаса, онда Аллаһ Тағала олардың дұғаларын, намаздарын, тәубелерін т.с.с. ғибадаттарын қабыл ететініне ешқандай кепілдік жоқ деп есептейді. Ал осы жерлерде, олардың айтуынша, Аллаһ Тағала олардың тәубелерін міндетті түрде қабыл етеді, оларды кешіреді және оларға разы болады. Ал неліктен олар осындай сенімдерге ие?! Өйткені олар осы жерлер оларда Қожа Ахмет Яссауи, Бекет Ата, Арыстан Баб сияқты «әулиелер» өмір сүріп, ғибадат жасағандықтан, олар қасиетті жерлерге айналды, ал олардың ғибадат жасаған ежелгі «қасиетті мешіттері» мен қабір-күмбездері ерекше деп есептейді.
Олардың сенімдеріне сәйкес, «әулиелердің» құт-берекелері осы жерлерге, осы кесенелерге, олардың қабырғаларына, жанындағы құдық, тас, бұлақтарға дарыды. Олар осы кесене-мазарлардың қабырғаларын қолмен сипау, тіпті оларға ұзақ уақыт бойы қарап тұру, Түркістандағы Қожа Ахмет кесенесін айналып тәуап жасау осы құт-берекенің оларға да өтуіне себеп болады, өйткені олар кезінде олардың қасиетті деп санайтын «әулие» аталарының мешіті, құдығы, жерасты бөлмесі, қабірі болғандықтан осындай игілік сыйлаушы тылсым күшке ие болды-мыс.
Егер құрметті оқырман жоғарыда аталған нәрселерді дұрыс түсінген болса, ол енді пұтқа табынушылардың ақымақтығына таң қалмайтын шығар. Осыған дейін ол не үшін ақыл-парасатты ересек адамдардың тастарға немесе ағаштарға ғибадат жасайтынын, оларға үйкелетінін, оларды сүйетінін т.с.с. нәрселер істейтінін түсіне алмайтын. Ал енді осының себебі түсінікті болды.
Мінеки, құрметті оқырман осы сапарларды ұйымдастыру әрі олардың тұрақты түрде жалғастыру тұтас бір халықты, тіпті халықтарды олардың ата-бабалары көпқұдайшылықтағы артта қалудан бірқұдайшылықты ұстанып өркендеуге шыққаннан соң, қайтадан қараңғы, қалдық пұтқа табынушылыққа, ырым-жырымдар мен қөпқұдайшылдардың сенімдеріне оралтатынын түсінуге тиіс.
Бұл құбылысты болдырмау үшін осы тарауды жақсы түсініп алу қажет.
Жоғарыдағы тарауларда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесі Аллаһ Тағала оған дарытқан физикалық тұрғыдағы құт-берекеге ие болғандығы түсіндірілген болатын. Сондай-ақ осындай құт-берекеге оның берекелі денесінен бөлініп шыққан сілекейі, тері, шаштары т.б. барлық таза нәрселер де ие еді. Содан соң салиқалы адамдардың пайғамбарлардан айрықша мұндай ерекшіліктері жоқ екендігі түсіндірілді. Олардың денелері физикалық тұрғыдан құт-берекелі болып табылмайды, демек, олардан қоршаған ортаға ешқандай құт-береке өтпейді. Сондай-ақ біз осының ізгі-салиқалы адам қаншалықты ұлы болып табылатындығына немесе оның ізгілігі қаншалықты ұлы болып табылатындығына байланысты емес екендігін де түсіндік. Бұл пайғамбарлар мен ізгі-салиқалы адамдардың арасында қалың сызық – пайғамбарлық шекара бар болғандықтан.
Осы тарауда келесі екі сұрақты де қарастыру қажет:
1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) физикалық құт-берекесі ол намаз орындаған, немесе аяғымен басқан, немесе дамыл алуға тоқтаған, немесе жай қасынан жүріп өткен жерлерге өтті ме?
2. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рухани (мағыналық) берекесі осы жерлерге, біз ол жерлерге барсақ, олардан осындай берекеден қандай да бір үлес ала аламыз ба? Немесе сол жерлерде намаз немесе басқа ғибадатты орындасақ, оның сауабы көбірек, ал ғибадаттың өзі Аллаһқа сүйіктірек болады ма?
Осы екі сұрақтың жауаптарын түсінсек, бізге Түркістанға және Бекет Атаға және сол сияқты «әулиелі» жерлерге осы жерлер мен құрылыстарда ата-бабалардың физикалық, сондай-ақ рухани (мағыналық) берекесі бар деген сеніммен баратындардың адасушылығы түсінікті болады. Бұл егер біз мұндай сенімдердің тіпті пайғамбарларға, тіпті олардың ең ұлысы болған – Мухаммад пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты да болуы дұрыс еместігін түсінсек, онда ізгі-салиқалы адамдарға қатысты, тіпті олар біздің ата-бабаларымыз болса да, мұндай сенімдер тіпті дұрыс емес екендігі түсінікті болатындығынан.
Бірінші сұраққа жауап сахабалар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесінен ажыратылған нәрселермен және ол қайтыс болған соң одан қалған заттармен табаррук жасағандығы туралы бөлімдерде толығымен дерлік қаралған болатын. Бұған сахабалар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған соң оның заттарын ол сол заттарды қолданғандығы және оларда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) физикалық берекесі қалғандықтан пайдаланғандығын және олармен табаррук жасағандығын қоса айту ғана қалды. Ал ол жүріп өткен, немесе отырған, немесе дамылдау үшін тоқтаған орындарға келер болсақ, онда сахабалар мұндай жерлерді іздестірмеген және оларды қамқорлыққа алмаған, өйткені оларды нақтылап белгілеу мүмкін емес, әрі сондай-ақ бұл жерлерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқандай физикалық іздері түспеген.
Сондықтан да бірден екінші сұрақты қарастыруға көшейік.
Оны түсіну үшін келесі екі ұғымның арасындағы айырмашылықты түсіну қажет:
- Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі ғибадат түрлерін орындау үшін нақтылаған және осы ғибадаттарды дәл сол жерлерде орындаған жерлер: біз үшін де дәл сол жерлерде ғибадат жасау абзал, ал кейде тіпті міндетті болады. Мысалы, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мешітіндегі «истиуана» деп аталатын бір бағананың алдында нәпіл намаз орындауға тырысатын. Сондай-ақ ол Қағбаны тәуап жасап болған соң әл-Харам мешітіндегі «Мақам Ибраһим» деп аталатын орынның артында тұрып екі ракағат намаз орындауға да тырысатын. Сондай-ақ зул-хижжа айының 9 күні қажылық кезінде ол дәл Арафат тауына сол жерде тұру үшін және дұға ету үшін баратын, ал бұл қажылықтың тіректерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ ол намаз орындаушыларды мешітте жамағатпен оқылатын намаздағы бірінші қатарға ұмтылуға талпындыратын, түннің дәл соңғы үшінші бөлігінде Аллаһқа дұға етіп жалбарынуға ынталандыратын т.с.с. Осы орындар мен уақыттардың барлығын Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әртүрлі ғибадат түрлерін орындау үшін ерекше нақтылайтын. Сондықтан бізге де осы орындар мен уақыттарды ғибадат жасау үшін нақтылап ажыратуға рұқсат етіледі, ал кейде тіпті міндетті болады.
- Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір жерлердің ерекше болуы себепті емес, жай, мысалы, ол осы жерде болған кезінде намаздың немесе өзге ғибадаттың уақыты кіргендігі себепті ғибадат жасаған жерлер. Мысалы, әскери жорық жасау барысында ол қандай да бір жерде тоқтады да, ал намаз уақыты кірген кезде ол оны сол жерде орындап, кейін әрі қарай жүре берді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл сол жерде намазды орындау абзал болғандықтан емес, жай осы жер дамыл алу үшін тоқтауға ыңғайлы болғандығы себепті осы жерде намазды орындағанын түсініп алу қажет. Ал ол намазды сол жерде намаз уақыты кіргендіктен оқыды. Егер дамыл алу үшін тоқтаған кезінде намаздың уақыты кірмеген болғанда, ол оны жерде оқымас еді.
Бұл жіктеу Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тек сырттай ғана емес, іштей де ілесу қажеттігіне негізделеді. Сондықтан да, егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір намазды дәл осы жерде орындауға деген ұмтылыссыз орындаған болса, ал біз тура сол намазды дәл сол жерде оқуға ұмтылып орындайтын болсақ, онда біз Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тек сырттай ілесіп, бірақ іштей оған қайшы келетіндерден боламыз.
2-Бөлім. Егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір жерлерде ғибадат жасап, бірақ оларды нақтылап белгілемеген болса, сол жерлерді ғибадат ету үшін нақтылап белгілеудің шариғатта заңдастырылмағандығына дәйектер
1. Қасиетті мәтіндерде бұған дәлелдердің болмауы.
2. Мұндайды сахабалардан ешкім істемеген, ал олар осы дінді басқалардың барлығына қарағанда жақсырақ түсінген және басқалардан көбірек игілікке ұмтылған.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Абу Бакр, ‘Умар, ‘Усман, ‘Али және мухажирлер мен ансарлардан болған басқа да сахабалар Мәдинадан Меккеге қажылық жасау үшін немесе жай тұрмыстық мәселелермен бірнеше рет баратын. Әрі олардың ешқайсысынан олар дәл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тоқтаған жерде тоқтап, сол жерде намаз орындағандығы туралы хабар жеткізілмеген. Ал егер олар осыны құпталатын амал деп есептегенде, олар осындайды істеушілердің алғашқылары болар еді, өйткені олар Сүннетті өзгелерден жақсырақ білетін және оған өзгелерден жақсырақ ілесетін». Қз.: «әл-Иқтида» 2/748.
3. Мұның үстіне, сахабалар мұндайды сөздерімен де, істерімен де сөгетін.
Мә’рур ибн Суайд былай деп баяндайтын: «Бірде біз ‘Умар ибн әл-Хаттабпен бірге сапарға шықтық. Жол үстінде бізге бір мешіт кездесті де, адамдар онда намаз орындау үшін, соған қарай ұмтылды. Сонда ‘Умар: «Оларға не болған?», — деп сұрады. Олар: «Бұл – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаз оқыған мешіт!», — деп жауап берді. Сонда ‘Умар оларға: «Әй, адамдар! Ақиқатында, сендерден бұрынғылар тек осы үшін ғана, ең соңында осындай жерлерде ғибадатханалар соғып, опат болды. Сондықтан да, егер намаздың уақыты кірген болса, оны сол жерде орындаңдар, ал егер ол кірмеген болса, онда әрі қарай жүре беріңдер», — деді (сахих хабар, Бухари мен Муслимнің шарттарына сәйкес келеді (бұл туралы шейх әл-Әлбани «Фәдәил әш-Шамда» айтқанындай, 49-бет); Ибн Аби Шәйба 2/376; Ибн Уаддах әл-Қуртуби «әл-Бида’та» 41-42 беттер.).
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы жерді намаз үшін нақтылап белгілемегендігі, бірақ оны сол жерде жай дамылдау үшін тоқтағаны және намаздың уақыты кіргені үшін орындағандығы себепті ‘Умар: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іштей сәйкес болмай, сырттай (ғана) сәйкес болу Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу болып табылмайды», — деп санады. Мұның үстіне, осындай жерлерді намаз орындау үшін нақтылап белгілеу — осынысы үшін опат болған Кітап иелерінің дінге енгізген жаңалықтарынан (бидғаттарынан). Сондықтан да ‘Умар оларға осынысында ұқсап еліктеуге тыйым салды. Ал кім мұндайды істесе, сол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сырттай ұқсас болады, бірақ ол іштей (ниетінде) сондай-ақ яһудилер мен христиандар сияқты болады, әрі (ниет) жүректің ісі, ал жүректің ісі негіз болып табылады. Осыдан шыға келе, іштей және сырттай ілесу сырт бейнеде ғана ілесуден құндылығы бойынша толыққанды болады». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 1/281.
Ибн Уаддах әл-Қуртуби былай деп айтқан: “Имам Мәлик және Мәдинаның басқа да ғалымдары Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің қандай да бір сәттері өткен Құба мешітінен басқа осындай мешіттер мен орындарды іздестіретіндерді сөгетін. Және мен олардың Суфиян әс-Сауридің есімін атағанын да естігенмін. Олар оның бірде әл-Ақса мешітіне кіріп, ол жерде екі ракағат намаз орындағанын, бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болып кеткен жерлерді іздемегенін әрі онда намаз орындамағанын сөз етті. Тура сол нәрсемен имам Уақи’ ибн әл-Жәррах та әл-Ақса мешітін зиярат етуі кезінде шектелген еді. Ендеше, тура жолдың атақты имамдарына ілес, өйткені бізге дейінгілер: «Көптеген адамдар бүгінгі күні игі деп санайтын, (ал) осы имамдардың назарында жаман болып табылатын амалдар қаншама», — деген екен”. Қз.: «әл-Бида’ уән-Нахи ‘анха» 43-бет.
4. Бұл сондай-ақ осы орындарды орынсыз ұлықтаудың және адамдарда әртүрлі бұрыс сенімдер мен нанымдардың пайда болуының себебі болғандықтан да тыйым салынған болып табылады. Осының барлығы ең соңында бұл орындарды жиын мен бұқаралық ғибадат жасау, сондай-ақ пұтқа табынушылардың рәсімдерін орындау орындарына айналдырады.
3-Бөлім. Қарсылас тараптың кейбір күмәндары және оларға жауап
Ислам ғалымдарының тұтас көпшілігі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүрген немесе ғибадат жасаған, бірақ оларды нақтылап белгілемеген жерлерді нақтылап белгілеуге тыйым салынғандығы туралы айтады. Алайда ғалымдардың кейбіреулері осы мәселеде қателесіп, осының рұқсат етілгендігін айтқан болатын. Олардың арасында әз-Заркаши («И’ләм ус-Сажид би әхкам ил-мәсажид» 298-бет); Қасталләни («Мауахиб әл-Ләдания» 2/401); әл-‘Айни («Умдат ул-Қари» 4/275).
Өздерінің пікірін қолдау үшін олар келесі дәйектерді келтіретін:
1. Бірде ‘Итбан ибн Мәлик Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің көру қабілетім қатты нашарлап кетті, ал мен халқымның намазына имамдық етемін. Жаңбырлы маусым кірген кезде мені мен олардың арасындағы алқап тасқындай түседі де, мен олардың мешітіне барып олармен бірге намаз орындай алмаймын. Сіз менің үйіме келіп, менікінде намаз оқысаңыз еді, содан соң мен де сол жерде намаз орындар едім», — деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Аллаһ қаласа, мен сенікіне келемін», — деп жауап берді. ‘Итбан былай деген: «Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі күні таңертең Абу Бакрмен бірге менің үйіме келді де, кіруге рұқсат сұрады, әрі мен оған кіруге рұқсат бердім. Сонда ол: «Сен үйіңнің қай жерінде менің намаз орындағанымды қалайсың?», — деп сұрады. Әрі мен үйдің бір жағына нұсқадым. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тұрып, тәкбір жасады және біз оның артына тұрдық. Ол екі ракағат орындады да, содан соң таслим жасады» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1/109; Муслим 1/455).
Олардың шығарған қорытындысы:
‘Итбан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рухани құт-берекесі осы жерге өтуі үшін және кейін дәл сол жерде намаз орындау үшін, одан осы жерде намаз орындауын сұрады.
Жауап:
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір орынды нақтылап белгілеместен онда намаз орындаған, ал содан соң адамдар сол жерде мешіт қажет болғандығы себепті емес, жай, тек сол жерде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаз орындағандығы себепті мешіт салған орын мен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл осы орынды белгілеп, онда намаз орындаған орынның арасында айырмашылық бар. Яғни Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Итбан үшін осы орынды намаз оқу орны (масажид-мешіт) ретінде нақтылап белгілеп берді. Тура сол сияқты Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Қуба мешіті мен өзінің мешітінің орындарын да белгілеп берген болатын. Қз.: «әр-Радд ‘аләль-Бакри» 280-бет.
2. Имам әл-Бухари өзінің «Сахихында» Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Ибн ‘Умар Мәдинаның дәл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүретін жолдарымен жүруге және дәл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаз орындаған жерлерде намаз орындауға тырысатынын жеткізген (хадис сенімді (сахих); Бухари 1/241).
Жауап:
Ибн ‘Умар мұндайды істеген жалғыз сахаба, сонымен бірге мұндайды басқа сахабалардың ешқайсысы істемеген, ал олардың кейбіреулерінен, солардың арасында мұны Кітап иелеріне ұқсап-еліктеу және олардың опат болуының себебі деп санаған оның әкесі ‘Умар ибн әл-Хаттаб та бар, мұндайды істеуге деген тыйым бар. «Фиқһ негіздері» («Усул ул-Фиқһ») ғылымында егер сахабаның сөзіне басқа сахабалар қайшы келетін болса, оның сөзі дәлел бола алмайтығы жақсы белгілі, бұл егер бір сахабаның сөзі бүкіл сахабалардың пікіріне қайшы келетін жағдайды айтпағанның өзінде.
Шейхул-Ислам былай деген: «Ал егер сахабалардан біреу-міреу басқа сахабаға қайшы келгендігі мәлім болса, онда мұндай жағдайда сахабаның сөзі дәлел болып табылмайды. Әрі бұл ғалымдардың арасында бірауызды келісілген (қағида)». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 575-тармақ.
Бұған қоса, Ибн ‘Умар осы жерлерден физикалық немесе рухани береке іздемеген. Ол барлық, соның ішінде ұсақ нәрселерде де Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесуге тырысқан. Бірақ, сонымен бірге, Ибн ‘Умар осы мәселеде қателескен және сахабалардан ешкім оны қолдамаған, өйткені Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу тек сырттай ғана емес, бір мезгілде сырттай әрі іштей болуға тиіс, бұл жоғарыда түсіндірілгеніндей.
3. Язид ибн Аби ‘Убайд былай деп баяндайтын: «Сәләма ибн әл-Ақуа’ Пайғамбар Мешітіндегі «истиуана» бөренесінің алдында намаз орындауға тырысатын, әрі мен оған: «Уа, Абу Муслим! Мен сенің дәл осы бөрененің қасында намаз орындауға тырысатыныңды байқап қалдым», — дедім. Бұған ол: «Мен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл соның алдында намаз орындауға тырысатынын көргенмін», — деп жауап берді» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1/127; Муслим 1/364).
Жауап:
Сәләма ибн әл-Ақуа’ істеген нәрсе шариғатта заңдастырылған. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл осы бөренені белгілеп, оның алдында намаз орындауға тырысатын. Сәләма да Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сырттай және іштей ілесіп, тура осыны істейтін.
4. Аллаһтың «Ендеше, Ибраһимнің орынын намаздың орыны етіп алыңдар!» (2:125) деген сөздері.
Олардың қорытындысы: Аллаһ Тағала Ибраһим пайғамбар Қағбаны салған кезінде тұрған орынының артында намаз орындауды заңдастырды. Ал біздің Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұған тіпті лайықты.
Жауап:
Аталған орынды намаз орындау үшін Аллаһ Тағаланың Өзі нақтылап белгіледі, Ол тәуап жасау үшін Қағбаны, қажылық кезінде (дұға жасап) тұру үшін Арафат тауын, араларында сағи жасау үшін Сафа мен Маруа төбелерін белгілегендей. Әрі айыпталатыны – адамдардың Аллаһ Тағала ғибадат жасау үшін нақтылап белгілеген орындарда ғибадат жасауы емес, олардың Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нақтылап белгілемеген орындарды ғибадат жасау үшін өздері нақтылап белгілеуі және осы орайда әлемдердің Раббысының дініне Одан келмеген нәрселерді қосуы.
Бұған қоса, Құранның көптеген тәпсіршілері (муфассирлер) бұл аятты қажылықтың Ибраһим пайғамбар орындаған барлық рәсімдерін, соның ішінде осы орынның артында орындалатын екі ракағат намазды орындауға деген бұйрық деп тәпсірлейді. Әрі бұл аятты тәпсірлеудегі осы пікірді шейх әс-Са’ди өзінің тәпсірінде таңдаған. Осыдан Ибраһим пайғамбар қажылық рәсімдерін кез-келген кездескен орындарда емес, дәл осы орындарда орындағаны, әрі осынысында ол Аллаһтың бұйрығына мойынсұнғаны келіп шығады. Содан соң Аллаһ Тағала бізге осыда Ибраһимге ілесуді бірқұдайшылық дініне ілесудің нышаны ретінде бұйырды.
Бұл — қарсылас топ қолданатын ең танымал және кең таралған күдіктерге жауаптар.
Жоғарыда келтірілгендердің барлығынан Меккеге немесе Мәдинаға сапармен келіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің өмірінің кейбір сәттерін өткізген жерлерге баратын адамдардың қателіктері түсінікті болады. Мұндай орындардың қатарында Хира үңгірі орналасқан Хира тауы[1] да бар. Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пағамбарлыққа дейін Аллаһқа құлшылық еткен. Бірақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбар болғаннан кейін бұл тауға қандай да бір құлшылық жасау үшін басқа бармаған, әрі сахабалардан да ешкім оған осы үшін бармаған.
Сондай-ақ осындай орындарға Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Бакрмен бірге құрайштықтардың қуғынынан үңгірлерінің біріне жасырынған Саур тауы да жатады.
Көпшілік адамдар осы тауларға барады, сол жерлерде Құран оқиды, дұға жасайды, Аллаһты зікір етеді, т.с.с. ғибадат түрлерін жасайды. Олар осы орындар құт-берекелі және олардың сол жерлерде жасаған құлшылықтары жақсырақ деп есептейді. Тура сондайды бүгінгі күні Түркістанға, Бекет Атаға тағы да сол сияқты жерлерге баратын қажысымақтар Пайғамбарға да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты емес, өздері әулие деп санайтын адамдарына қатысты өздері нақтылап белгілеп алған жерлерінде жасап жүр.
Ал сахабаларға келер болсақ, олар мұндай жерлерге, ғимарат-құрылыстарға немқұрайлы қарайтын. Олар оларға ешқандай көңіл бөлмейтін, олардың сақталуы туралы қам жемейтін. Мұның үстіне, олар осындай «ұлы тарихи және архитектуралық ескерткіштерді бұзатын». Бірақ бұны олар өз тарихын бағаламайтын варвар немесе жабайы, тәрбиесіз, дөрекі, қараңғы адамдар болғандығынан емес, оларды тірі адамдардың сау идеологиясын сақтап қалу тастар мен кірпіштерді сақтап қалудан көбірек мазалайтындығы себепті істейтін.
Ал сопы тариқаттарының қатарынан болған біздің замандастарымызға келер болсақ, олар тастар мен кірпіштерді сақтап қалу ұранымен жамылып, халықтың болашағын құрбан етуде.
Ендеше, «варвар» мен «жабайы» деген аттарға кім лайықтырақ екен?!