• Ақида

    Дүниенің жан-жақтарында көптеген жалған және болжалды қабірлердің бар екендігі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының тоғызыншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Түркістанда жалған қабірлердің табылуы жаңалық болып табылмайды. Бұл құбылыс бүкіл мұсылман әлемінде кең таралған. Бұл тарауда біз тек бұл жалған немесе болжалды қабірлердің кейбіреулерін ғана атап кетеміз. 1) Кирк қаласындағы (Ливан) Нұх пайғамбардың қабірі. Бұл қабір һижраның жетінші жылы табылды. Оған осы аймақта біреу хош иіс сезінгені, содан соң үлкен сүйектер табылғаны негіз болды. Әрі, әрине, «зерттеушілер» айналада осындай ірі сүйектерге толы қабірлер болуына қарамастан, бұл сүйектер Нұх пайғамбарға тиісті болуы мүмкін деген қорытынды шығарды. Қз.: «әл-Фәтауа» 27/459