Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының оныншы тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Көпқұдайшылықтың келесі көптеген сатыларының пайда болуының себебі Құран мен Сүннетте дәлел болмаса да, адамдардың «кейбір заттар, жерлер немесе уақыттар құт-берекеге ие және берекелді» деген сенімдері болып табылады. Көптеген адамдар егер жердің қандай да бір бөлігінде әлдебір кезде қандай да бір атаулы оқиғалар орын алған болса (мысалы, маңызды шайқастағы жеңіс немесе бір салиқалы адамның осы жерде өмір сүріп ғибадат етуі), онда осы жер киелі және қасиетті болып, иләһи (құдайлық) құт-берекеге ие болады деп тұжырымдайды. Тура сол қате тұжырым басқа да: тастар, ағаштар, ғимараттар, құдықтар,…