Оқырмандарымыздың назарына «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының соңғы — жиырмасыншы тарауын ұсынамыз. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Осы кездің қабірлерге (әруақтарға) сиынушыларының сенімдері мен іс-әрекеттері (олардың көпшілігін сопылар мен рафидилер құрайды) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманындағы көпқұдайшыл-мүшриктердің сенімдерімен және іс-әрекеттерімен бірдей екенін біліңіз, біздің қадірменді бауырымыз. Осыған көз жеткізу үшін осы тарауды бірнеше бөлімдерге бөліп, олардың әрқайсысында тарауда қаралатын маңызды мәселелерге жеке түсіндірме жасау қажет.