Соңғы жылдарда Орта Азияның, Кавказдың, Қазақстанның мұсылмандары тамыры отқа табынушылық (зароастризм) дінінен бастау алатын парсы отқа табынушыларының жаңа жылы – наурызды атап өтуде ерекше ынта танытып жатқаны Ислам дініне қызғанушылық танытатын жүректі қынжылтпай қалдырмайды. Осылайша, көптеген пәтуаларда Ислам сенімдері мен қағидаларына қайшы келеді деп сипатталған бұл «мейрам» әдет-ғұрыпқа сіңіп кеткен ырым-жырымдар мен исламға дейінгі қалдықтарды ұлттық салт-дәстүр деп танитындар үшін қазақтың этномәдениетін қайта жаңғыртумен байланыстырылатын болды. Алайда бұл «мейрамды» қазақтың төл мерекесі деп атап жүргендердің сөздерін оның атауының өзі-ақ жоққа шығарып тұр. Өйткені ол парсылардың «Нау (жаңа) руз (күн)» деп аталатын ежелден аталып келе жатқан мейрамы. Ал бұл «мерекенің» мәнін түсіну үшін, және оның қазақтарға қай жақтан келіп енгенін білу…