• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (11)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Мінбер үстінде орындалатын намаз туралы[1] «الصَّلاَةُ عَلَى اْلمِنْبَرِ» «Бірде ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды мінберде (бұл хадистің басқа бір нұсқасында «…үш баспалдағы бар»[2] деп айтылады) тұрып орындады.