• Ақида

    Қабірлерді нақтылап белгілеп қою шариғатта мақұлданатын нәрсе ме?

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының сегізінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме Жалған және жорамалды қабірлерді нақтылап белгілеу тәсілі ежелден мәлім, әрі Түркістанда «қасиетті» қабірлердің табылуы да аталмыш тәсілді кезекті қолданудан өзге еш нәрсе емес. Бүкіл дүние бойынша көптеген пайғамбарлардың, сахабалардың, имамдардың, одан қалса жалған «әулиелердің» өтірік қабірлері орналасқандығы белгілі. Сондай-ақ жорамалды болғандары да аз емес. Оларда аталған тұлғалардың жерленгеніне ешқандай салмақты дәлелдер жоқ. Ал мұның себебі қандай да бір жерде қандай да бір сахабаның, имамның, («әулиенің») жерленгендігін білуден ешқандай діни пайда жоқтығында. Кім қай жерде жерленгендігі туралы қам жеудің дінге еш қатысы жоқ. Олай…