Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он жетінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1-Бөлім. Кіріспе Өткен тарауларда біз көпқұдайшылықты енгізудің және таратудың көптеген сатыларын зерттеп шыққан болатынбыз. Біз Түркістанда, Арыстан Бабта, Бекет Атада т.с.с. жерлерге сапарлар мен жиналыстар ұйымдастырушылардың мақсаттарын, оны іске асыру құралдары мен көздерін түсіндік. Біз олардың дәйектерін қарап шығып, оларға жауап бердік, әрі осы орайда олар өз амалдарының басым бөлігінде ешқандай дәлелдерге сүйенбейтінін, бұдан қалса қасиетті мәтіндер мұндай амалдарды жасайтындарға қатысты тыйымдарға, қорқытуларға, лағынеттерге толы екеніне көз жеткіздік.