Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (15)

Ниет[1]

«النِّيَّةُ»

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын:

«إنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ، وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى»

«Ақиқатында, амалдар тек ниетке қарай (бағаланады), әрі, ақиқатында, әрбір адамның үлесіне ол (алуды) ниет еткен нәрсесі ғана тиеді»[2].


[1] Ән-Нәуауи «Раудат әт-Талибинде» (1/224) былай дейді: «Ниетбұл мақсат, сондықтан да намазды орындауға кірісуші адам адам, осы намазды және, мысалы, бұл қандай намаз: ол парыз ба әлде жоқ па? — және т.с.с. оның ерекшіліктеріне қатысты нәрселерді есіне алады, әрі алғашқы тәкбірді айтқанда оларды біртұтас етіп біріктіреді».

[2] Әл-Бухари, Муслим және басқалар. Бұл хадистің алынған көздері мен жеткізушілерінің тізбектері «әл-Ируа’» (22) кітабында келтірілген.

Сондай-ақ «Сахих ал-Бухари» (краткое изл.), 1-ое издание на русском языке, № 1. және «Сады праведных», хадис № 1. қараңыз – редактордың (рус.) ескертпесі.

жалғасы бар