Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (13)

Намазды бұзатын нәрселер туралы

«مَا يَقْطَعُ اْلصَّلاَةَ»

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын:

«يَقْطَعُ صَلاَةَ الرَّجُلِ إِذَا لَمْ يَكُنْ بَيْنَ يَدَيْهِ مِثْلُ آخِرَةِ الرَّحْلِ: الْمَرْأَةُ [الحَائِضُ]، وَالْحِمَارُ، وَالْكَلْبُ الأَسْوَدُ». « الْكَلْبُ الأَسْوَدُ شَيْطَانٌ ».

«Егер намаз орындаушының алдында ер тоқым сияқты бір нәрсе болмай, оның алдынан (етеккірі келетін[1]) әйел, есек немесе қара ит кесіп өтсе, оның намазы үзілген болады». Абу Зарр: «Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Не үшін қара ит, ал (мысалы) қызыл емес?», — деп сұрадым. Сонда ол:  «Қара ит – шайтан!», — деп жауап берді»[2].


[1] Яғни кәмелетке толған әйел. Бұл жердегі «үзілген (қырқылған)» деген сөз «зая етілген» дегенді білдіреді. Ал «Намазды еш нәрсе үзілген етпейді» деген хадиске келер болсақ, ол әлсіз хадис, мен бұған «Тамам әл-Миннаһта» (306-бет) нұсқағанымдай.

[2] Муслим, Абу Дәуд және Ибн Хузайма (1/95/2).

жалғасы бар