Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (23)

«Әмин» деп айту  және имамның оны дауыстап айтуы

«التَّأمِينُ وَجَهْرُ الإِمَامِ بِهِ»

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «әл-Фатиха» сүресін оқуды аяқтаған кезде: آمِـين «Әмин», — деп дауыстап және созып айтатын[1].

Сондай-ақ ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) имамға ұйып намаз орындаушыларға:

«إِذَا قَالَ الإِمَامُ ﴿غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّالِّينَ﴾ فَقُولُوا: آمِينَ، [فَإنَّ الَملاَئِكَةَ تَقُولُ: آمِين، وَإِنَّ الإِمَامَ يَقُولُ: آمِيْن] (إِذَا أَمَّنَ الإِمَامُ فَأَمِّنُوا)، فَمَنْ وَافَقَ تَأْمِينُهُ تَأْمِينَ الْمَلاَئِكَةِ (إِذَا قَالَ أَحَدُكُم فِي الصَّلاَةِ: آمِين، وَالملاَئِكَةُ فِي السَّمَاءِ: آمِين، فَوَافَقَ أَحَدُهُمَا الآخَرَ)؛ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

«Имам: «Қаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың (жолына) емес», — деп оқыған соң: «Әмин», — деп айтыңдар [өйткені періштелер: «Әмин», — деп айтады және имам: «Әмин», — деп айтады].

 Хадистің басқа нұсқасында былай деп жеткізіледі: «Имам:  «Әмин», — деп айтқан кезде, [сендер де:] «Әмин», — деп айтыңдар),  өйткені, ақиқатында, періштелермен бір мезетте «Әмин» деп айтқан адамға (хадистің басқа бір нұсқасында: «Егер кімде-кім намазда: «Әмин», — деп айтса және көктегі періштелер де: «Әмин», — десе, әрі осы сөздер бір-бірімен тұспа-тұс келсе), оның бұрынғы күнәлары кешіріледі»[2].

Басқа бір хадисте: «…кейін «Әмин» деп айтыңдар; (әрі) Аллаһ (сендердің дұғаларыңа) жауап береді»[3].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын:

«فَقُولُوا: آمِين يُجِبْكُمُ اللهُ» «مَا حَسَدَتْكُمُ اليَهُودُ عَلَى شَيْءٍ مَا حَسَدَتْكُم عَلَى السَّلاَمِ وَالتَّأْمِيْنِ خَلْفَ الإِمَامِ».

«Яһудилер сендердің өзара: «Әс-сәләму ‘аләйкум уә рахмату-Ллаһи уә бәракатуһ» («Сендерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын»), — деп сәлемдескендеріңе және [имамның артында тұрып] «Әмин» деп айтуларыңа көреалмаушылық танытатындарындай басқа еш нәрсеге мұншалықты қатты көре алмаушылық танытпайды»[4].



[1] Әл-Бухари «Жуз әл-Қира’а» кітабында және Абу Дәуд бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

[2] Әл-Бухари, Муслим, ән-Нәса’и және әд-Дәрими. Жақшаның ішіндегі бұл хадистің басқа түрін ән-Нәса’и және әд-Дәрими келтіреді, әрі олар бұл хадис имамның «Әмин» сөзін айтпауына ақтау бола алмайды деп куәлік етеді, бұл туралы (имам) Мәликтен жеткізілетіндей; осыдан Ибн Хәжар «Фәтх әл-Бәриде» айтатын мына сөздер келіп шығады: «Бұл имамның «Әмин» (сөзін) айтатынына айқын нұсқайды». Ибн Абд әл-Бәрр «Тамхид» (7113) кітабында бұған қатысты былай деп жазады: «Бұл көзқарасты мұсылмандардың көпшілігі, соның ішінде (имам) Мәлик ұстанады, бұл туралы Мәдина тұрғындары хабарлайтындай, өйткені бұл Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абу Һурайраның хадисі арқылы (яғни осы хадис) және Уә’ил ибн Хужрадан жеткен (осының алдындағы) хадисте сенімді түрде жеткізіледі».

[3] Муслим және Абу Әуана.

[4] Әл-Бухари өзінің «әл-Әдаб әл-Муфрад» кітабында, Ибн Мәжаһ, Ибн Хузайма, Ахмад және әс-Сираж бұл хадисті жеткізушілердің екі сенімді тізбегі арқылы келтіреді.

Маңызды ескертпе!

Имамның артында ұйып тұрушылар «Әмин» сөзін дауыстап және, намаз орындаушылардың көбі істейтіндей — имамнан бұрын  да емес әрі одан қалып та кетпей, онымен бір уақытта айтуға тиісті.  Дәл осы менің ұзақ зерттеулерімнен соң маған едәуір сенімді болып көрінуде, (мұны) мен  өзімнің кейбір еңбектерімде, соның ішінде Аллаһтың Мейірімімен басып шығарылған және жарияланған «Силсиләт әл-Әхадис әд-Да‘ифа» (952, 2-том) және «Сахих әт-Тарғиб уа әт-Тархиб» (1/205) кітаптарында келтіргенімдей.

Аудармашының ескертпесі: Қз.: Қосымша № 4.

жалғасы бар