• Фиқһ мәселелері

    ПАЙҒАМБАР (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) НАМАЗЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (5)

    Шейх М.Н.әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Оқырмандарымыздың назарына Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының көрінісін тек сенімді хадистердің негізінде қайта қалпына келтіретін кітаптың  негізгі бөлімін ұсынамыз. Қағбаға бет бұру «اسْتِقْبَالُ اْلقِبْلَةِ» Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  намазға кірісетін кезінде, парыз және нәпіл намаздарын орындау барысында жүзін Қағбаға қарататын[1]. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  «намазды дұрыс орындамаған адамға»[2]: «إذَا قُمْتَ إِلَى الصَّلاَةِ فَأَسْبِغِ الوُضُوءَ، ثُمَّ اسْتَقْبِلِ اْلقِبْلَةَ فَكَبِّر».  «Намазға кірісер кезіңде мұқият дәрет ал, кейін Қыблаға бетіңді бұр да, тәкбір айт», — деп, дәл осылай істеуді  бұйырды[3].

  • Әдіснама,  Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (4)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты еңбегін жариялауды жалғастырамыз. Күмәндар және оларға жауап Жоғарыда баяндалғанның барлығы мен бұдан он жыл бұрын осы кітаптың кіріспесінде жазған нәрселерім болып табылады. Осы өткен уақыт ішінде сөздеріміз иманды жастарға игі әсер еткені, олардың діндері мен құлшылықтарында Исламның саф (кіршіксіз) дереккөздері болған Құран мен Сүннетке қайтудың қажеттілігіне жол көрсеткені бізге белгілі болды. Нәтижесінде олардың арасында, Аллаһқа (осы үшін) мақтау-мадақтар болсын, Сүннетке амал етіп, құлшылықтарын Сүннетке негіздеушілер көбейіп, осы арқылы танымал болып кеткендері де бар. Десек те, олардың (жастардың) кейбірінен  Сүннетке сәйкес амал жасаудан шегінгенін байқадым. Алайда олар өздеріне келтірілген дәлелдер мен имамдардың…

  • Әдіснама,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (3)

    Қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Имамдардың Сүннетке ілесуге және өздерінің пікірлері оған қайшы келген жағдайда олардан бас тартуға қатысты айтқан сөздері Біз осы жерде осындай сөздердің кейбіреулерін келтірсек, өте пайдалы болмақ. Өйткені бұл имамдардың көзқарастарына – жоқ, тіпті ұлы имамдардың өздеріне де емес,  мәртебесі бойынша олардан әлдеқайда төмен адамдарға соқыр түрде ілесетіндерге[1] – өздерінің мазһабтары мен көзқарастарын Көктен түскендей дәрежеде ұстанатындарға сақтандыру және ескерту болуы мүмкін! Ал Пәк Аллаһ Тағала былай деп айтты ғой: اتبعوا ما أنزل إليكم من ربكم ولا تتبعوا من دونه أولياء قليلا ما تذكّرون…

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей (2)

    Қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен Автордың бірінші басылымға жазған алғысөзі  Өзінің құлдарына намазды жүктеген, адамдардың жетістіктері мен рахат-игілікте болуын оны орындаудадағы мойынсұнушылықпен байланыстырып, оны бекітуді және ең жақсы үлгіде орындауды бұйырған, әрі оны күпірлік пен иманды ажырататын өлшеуіш, арсыздықтан (әл-фәхша) әрі барлық айыпты амалдар мен бүкіл жамандықтардан (әл-мункар) құтылудың құралы еткен Аллаһқа мадақ![1] Аллаһ Тағала оған: وأنزلنا إليك الذكر لتبين للناس ما نزُِّل إليهم) النحل(: 44 «Саған да, адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түсінер» («ән-Нәхл» сүресі,…

  • Ғалымдармен танысу,  Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей

    Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!  Оқырмандарымыздың назарына қазіргі заманның атақты ислам ғалымы — шейх әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» еңбегі ұсынылады. Автор хадистерді көп жылдар бойы зерттеудің негізінде Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды қалай орындағанының үлгісін қайта қалпына  келтіреді. Кітап мүмін мұсылмандарға, сондай-ақ Ислам дінін оқып үйренушілерге, оның тарихы мен намаз оқу тәжірибесіне қызығушылық танытатындарға арналған.

  • Фиқһ мәселелері

    Ханафи имамдары қабірлерді белгілеп қою туралы

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Бұл мәселе екі дербес мәселеге бөлінеді: 1) Осы жер қабір екендігін және адамдар оның үстінен жүрмеу үшін және оның үстіне отырмау т.с.с. үшін белгілеп қою. 2) Белгілі бір қабірді онда белгілі бір адам жерленгенін білдіру үшін белгілеп қою. Бұл мәселелерді түсіндіру, түрлі мазхабтардың дәлелдері мен пікірлерін келтіру бұл кітаптың мақсаты емес, сондықтан да мен осы жерде жалпы қорытындыны ғана айтып кетемін.

  • Фиқһ мәселелері

    Ханафи ғалымдары ташаххудта саусақты көтеру туралы

    Ханафи мазхабының атақты шейхы Абуль-Хасан әс-Синди былай деп айтатын: “Біздің имамдарымыздың және басқа да ғалымдардың көпшілігі ташаххудта саусақты көтеру туралы хадиске сүйенетін, ал мұны сөгетін біздің кейбір жақтастарымызға қатысты айтар болсақ, олардың сөгістерінде негіз жоқ”. Қз.: “Хашия ‘аля ән-Насаи” 2/236. Бұл мәселе ертедегі ханафи ғалымдарының: Мухаммад әш-Шайбанидің «Мууатта»; әт-Тахауидің «Шарх ма’ани аль-асар»; Бадруддин әл-‘Айни «Фатх аль-Қадир», «аль-‘Иная», «‘Умда әл-Қари» атты ең танымал ханафи кітаптарында және ханафи мазхабының өзге де маңызды дереккөздерінде жан-жақты қаралған! Алайда кейбір кісілер әл-Масғудидің «Китаб әс-Саля» және әл-Кайданидің «Хуласа» деген кітаптарына сүйенеді. Бұл кітаптардың авторлары – өздерін ханафи мазхабына теліген кейінгі кезеңнің ғалымдары. Осы кітаптардың негізінде көптеген ханафи бауырларымыз «Сұқ саусақ шайтанға темірден қатты әсер етеді» деген…

  • Бұрмалаулар,  Фиқһ мәселелері

    Имам Абу Ханифаның музыкаға деген қатынасы

    «Музыка мен ән шариғатта рұқсат етілген (халал)» деген пікірдің жақтаушылары түрлі мазхабтардың кейінгі ілесушілеріне сілтей отырып, төрт имамның барлығы музыка мен әнді халал деп санағандығын сенімді түрде айтады. Ақиқатында, бұл – осы имамдарға жабылған жала. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия осындай сөздерді төрт имамдардың сөздері деп есептейтіндер туралы былай деп айтатын: «Бұл – төрт имамға жапсырылған өтірік, өйткені олар музыкалық аспаптардың харам екендігіне бірауыздан келіскен!» Қараңыз: «Минхаджу-Ссунна» 3/439. Имам Абу Саур, Абу Ханифа және оның екі шәкірті Йақуб пен Мухаммад: «Ән мен жоқтау үшін ақы төлеуге руқсат етілмейді», — деген. Олар сондай-ақ: «Музыка – нәпсіге арналған шарап», — деп те айтқан. Қараңыз: Маджму’ әл-фатауа» 10/417. Абу Тайиб әт-Табари былай деген: «Абу Ханифаға…