Фиқһ мәселелері

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (12)

Намаз орындаушының алдында сутра[1] болуы және оның міндеттілігі туралы

«السُّتْرَةُ وَوُجُوبُهَا»

 

«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сутраға жақын тұратыны соншалықты — онымен қабырға арасындағы (қашықтық) үш шынтақ болатын».[2]  Ал «оның сәжде жасайтын орны мен қабырғаның арасында қой өтуге жеткілікті қашықтық қалатын»[3].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай дейтін:

«لاَ تُصَلِّ إِلاَّ إِلَى سُتْرَةٍ، وَلاَ تَدَعْ أَحَدًا يَمُرُّ بَيْنَ يَدَيْكَ، فَإِنْ أَبَى فَلتُقَاتِلْهُ، فَإِنَّ مَعَهُ الْقَرِينَ».

«Намазды тек бөгетке (сутраға) қарап орындаңдар және ешкімге алдыларыңнан өтуге жол бермеңдер, ал егер ол (бағынудан) бас тартса, онда онымен шайқасыңдар, өйткені оның жанында оның жолдасы (яғни шайтанАудармашының ескертпесі) бар»[4].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай дейтін:

«إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ إِلَى سُتْرَةٍ؛ فَلْيَدْنُ مِنْهَا، لاَ يَقْطَعُ الشَّيْطَانُ عَلِيهِ صَلاَتَهُ».

«Егер сендерден біреу намазды бөгетке (сутраға) қарап орындаса, шайтан оның намазын бұзбауы үшін, оған жақындасын»[5].

Кейде «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды өзінің мешітінде орналасқан бағананың алдында орындайтын»[6].

«Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазды (еш нәрсені бөгет ретінде пайдалануға мүмкіндік болмаған ашық жерде) орындағанда, алдына (жерге) қысқа найзаны қадап қоятын, содан соң сол найза жаққа бет бұрып намаз орындайтын, ал адамдар намазды оның артында орындайтын»[7]; кейде «ол өзінің алдындағы жерге түйесін шөктіріп, соған бет бұрып намаз орындайтын»[8], бірақ бұл түйе қорасында намаз орындаудан ерекшеленеді (бөлек жағдай), өйткені ол бұған «тыйым салған»[9], ал кейде «ол ер тоқымды (алдына) қойып, оның артқы жағына қарап намаз орындайтын»[10].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін:

«إِذَا وَضَعَ أَحَدُكُمْ بَيْنَ يَدَيْهِ مِثْلَ مُؤَخِّرَةِ الرَّحْلِ؛فَلْيُصَلِّ وَلاَ يُبَالِى مَنْ يَمُرُّ وَرَاءَ ذَلِكَ».

«Егер сендерден біреу өзінің алдына ер тоқымның артқы жағы сияқты бір нәрсені қойса, намазын орындай берсін және оның арғы жағынан өтетін біреуге көңіл бөлмей-ақ қойсын»[11].

Бірде «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазын ағашқа қарап орындады»[12], ал кейде «ол намазды ’Айша (Аллаһ оған разы болсын) [өзінің көрпесі астында] (жатқан) төсегіне қарап орындайтын»[13].

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі мен сутраның арасынан әлдебіреудің өтуіне жол бермейтін. Мысалы, бірде «ол намаз орындап тұрғанда бір қой жүгіріп келді де, оның алдын кесіп өтпек еді, ол қабырғаға ішімен жабысып, одан озды [және қой оның артынан өтіп кетті]»[14].

Сондай-ақ бірде «парыз намазда ол жұдырығын қысты, ал (намазын) аяқтаған кезінде адамдар одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Намаздың кезінде бір нәрсе болды ма?», — деп сұрады, ал ол:

«لاَ؛ إِلاَّ أَنَّ الشَّيْطَانَ أَرَادَ أَنْ يَمُرَّ بَيْنَ يَدَىَّ، فَخَنَقْتُهُ حَتَّى وَجَدْتُ بَرْدَ لِسَانِهِ عَلَى يَدِى، وَايْمُ اللَّهِ لَوْلاَ مَا سَبَقَنِى إِلَيْهِ أَخِى سُلَيْمَانُ؛ لاَرْتُبِطَ إِلَى سَارِيَةٍ مِنْ سَوَارِى الْمَسْجِدِ حَتَّى يُطِيفَ بِهِ وِلْدَانُ أَهْلِ الْمَدِينَةِ، [فَمَنْ اسْتَطَاعَ أَنْ لاَ يَحُولُ بَيْنَهُ وَبَيْنَ القِبْلَةِ أَحَدٌ؛ فَلْيَفْعَلْ]».

«Жоқ, тек шайтан алдымнан кесіп өткісі келіп еді, бірақ мен оның тілінің суықтығын қолыммен сезгеніме дейін оны буындыра бердім. Аллаһпен ант етемін, егер менің бауырым Сулеймен (оған Аллаһтың сәлемі болсын) осыда мені озбағанда[15], Мәдиналықтардың (балалары) оны (қоршап) айналуы үшін, мен (міндетті түрде) оны (шайтанды) осы мешіттің бөренелерінің біріне байлап қояр едім. Сондықтан да кім өзі мен Қыбла арасынан ешкімді өткізбеуге шамасы келсе, осылай істесін!»[16]

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын:

«إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ إِلَى شَىْءٍ يَسْتُرُهُ مِنَ النَّاسِ، فَأَرَادَ أَحَدٌ أَنْ يَجْتَازَ بَيْنَ يَدَيْهِ؛ فَلْيَدْفَعْ فِى نَحْرِهِ، [وَلْيَدْرَأ مَا اسْتَطَاع] (فَليَمْنَعْهُ، مَرَتَين)، فَإِنْ أَبَى فَلْيُقَاتِلْهُ فَإِنَّمَا هُوَ شَيْطَانٌ ».

«Егер сендерден біреу намазды адамдардан сутра арқылы бөгеттеліп орындай бастаса, ал біреу (сол кезде) оның алдынан кесіп өткісі  келсе, (намазды орындаушы) оны итеріп жіберсін [бұл хадистің басқа бір нұсқасында: «…намаз орындаушы оны екі рет тоқтатуға тырысуы қажет», — деп хабарланады] және егер ол (бағынудан) бас тартса, онымен шайқассын[17],  өйткені ол – шайтан!»[18]

Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын:

«لَوْ يَعْلَمُ الْمَارُّ بَيْنَ يَدَىِ الْمُصَلِّى مَاذَا عَلَيْهِ لَكَانَ أَنْ يَقِفَ أَرْبَعِينَ خَيْرًا لَهُ مِنْ أَنْ يَمُرَّ بَيْنَ يَدَيْهِ».

«Егер де намаз орындаушының алдынан кесіп өтуші өзіне қандай (күнә) алып жатқанын білгенде, орнында қырық <…> тұру  ол үшін оның алдынан кесіп өтуден жақсырақ екенін түсінер еді!» Бұл хадистің жеткізушісі Абу ән-Надр былай деп айтқан: «Ол қырық күн, ай немесе жыл деп айтты ма — ол менің нақты есімде емес»[19].



[1] «Сутра» — сөзбе-сөз «бөгет, перде, қалқа». Намазда «сутра» термині намаз орындаушы адамның сәжде жасайтын орынының дәл алдына қойылатын кез келген затқа қатысты қолданылады. Осы бапта жан-жақты хабарланатынындай, мұндай бөгет оны мен намаз орындаушының арасынан намаз кезінде ешкімнің өтуіне рұқсат етілмейтініне нұсқаушы қызметін атқарады.

[2] Әл-Бухари және Ахмад.

[3] Әл-Бухари және Муслим.

[4] Ибн Хузайма «әс-Сахихта» (1/93/1) сенімді иснадпен.

[5] Абу Дәуд, әл-Бәззар («Зауа’ид» 54-бет) және әл-Хаким, соңғысы бұл хадисті сенімді деді. Онымен әз-Зәһаби және ән-Нәуауи келісті.

[6] Әл-Бухари. Бөгет (сутра) имамға да, намазды жалғыз өзі орындап тұрған адамға да қажет, тіпті үлкен мешіттің ішінде де. Ибн Һәни өзінің «әл-Мәса’ил әл-Имам Ахмад» (1/66) кітабында былай деп жазады: «Бірде Абу Абдуллаһ (имам Ахмад ибн Хәнбал) менің алдыма сутра қоймай намаз оқып тұрғанымды көріп қойды. Мен сол кезде онымен бірге бас мешітте болатынмын. Ол маған: «Бір нәрсемен бөгет жасап қой!», — деді, және мен адаммен бөгет жасап қойдым». Мен (яғни шейх әл-Әлбани – Аудармашының ескертпесі) былай деймін: бұл жерде «имам Ахмад бөгет (сутра) мәселесінде үлкен және кіші мешіттердің арасында айырмашылық жасамаған» дегенге нұсқау бар. Және бұл, әрине, дұрыс, бірақ мұндай нұсқауды намаз орындаушылардың көбі орындамайды, тіпті мен барып қайтқан мемлекеттердегі, соның ішінде мен осы (1410 һ.ж.) жылдың ережеп айында аралап шыққан Сауд Арабиясындағы мешіттердің имамдары да. Сондықтан да ислам ғалымдары (уләма) адамдарға сутраға қатысты күші бар үкімдерді түсіндіріп, осы туралы айтып, осыны орындауға оларды шақыруы қажет. Бұл нұсқауды тіпті Қасиетті қос Мешітте де орындау қажет.

[7] Әл-Бухари, Муслим және Ибн Мәжаһ.

[8] Әл-Бухари және Ахмад.

[9] Сол жерде.

[10] Муслим, Ибн Хузайма (92/2) және Ахмад.

[11] Муслим және Абу Дәуд.

[12] Ән-Нәса’и және Ахмад бұл хадисті сенімді жеткізушілер тізбегі арқылы келтіреді.

[13] Әл-Бухари, Муслим, Абу Йа’лә (3/1107).

[14] Ибн Хузайма өзінің «әс-Сахих» (1/95/1) кітабында, әт-Табарани (3/140/3) және әл-Хаким, соңғысы бұл хадистің сенімділігін анықтаған және онымен әз-Зәһаби келіскен.

[15] Бұл Сулейменнің (Аллаһтың оған сәлемі болсын) Аллаһ жауап берген дұғасына қатысты, бұл туралы Құранның келесі аяттарында баяндалатынындай:

رَبِّ اغْفرِْ لِى وَهَبْ لِى مُلْك ا لًا ينَبغَِى لاحًّدَ مٍِّن بَعْدِى إِنَّكَ أنَتَ الْوَهاَّبُ فَسَخَّرْنَا لَه الرِّيحَ تَجْرِى بِأَمْرِهِ رُخَآءً حَيْثُ أصََابَ وَالشَّيَطِينَ كُلَّ بنَآَّءٍ وَغَ وَّاصٍ وَءَاخَرِينَ مُقرََّنيِنَ فِى الاصٌّْفاَدِ

««Раббым! Мені жарылқа. Маған менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине, Сен өте Жомартсың», — деді. Сондықтан (оған) қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық. Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш, ал басқа біреулері шынжырларда матаулы шайтандарды бағындырдық» («Сад» сүресі, 35-38- аяттар).

[16] Ахмад, әд-Дарақутни, әт-Табарани бұл хадисті жеткізушілердің сенімді тізбегі арқылы келтіреді. Бұл хадистің мағынасы (әл-Бухари мен Муслимнің) екі «Сахихында», сондай-ақ басқа да жинақтарда көптеген сахабалардан келтірілген. Осы хадис кадианилер ағымы олар себепті Исламнан шығып кеткен көптеген хадистердің бірі болып табылады, өйткені олар Құран мен Сүннетте аталатын жындарға иман келтірмеді, ал олардың ілімі (тариқат) (шариғаттың) белгілі мәтіндік куәліктерін (нусус) теріске шығаруға бағытталған. Расында, Құранға қатысты айтар болсақ, олар оның (айқын) мағынасын өзгертетін, мысалы Аллаһ Тағаланың «Айт: «Маған бір неше жынның Құранды естігені уахи етілді…»» деген сөздері туралы кадианилер: «Яғни адамдардан болған (инс)», — деді! Сөйтіп олар «жын» деген сөзді «инс» деген сөздің синонимі етті, әл-бәшар» (адам) деген сияқты! Сонысымен олар лингвистикалық нормалардың ғана емес, Шариғаттың да шеңберінен шығып кетті. Ал Сүннетке келер болсақ, олар жалған түсіндірмегелерге жүгініп, оны барынша бұрмалауға тырысты, ал өздерінің тұжырымдамаларын оңай ету үшін, олар өздеріне ыңғайлы жерлерде оны сенімсіз деп мәлімдейтін, тіпті әрбір мухаддис имам да, оларға ілескен бүкіл үммет те оның көптеген жеткізу жолдары арқылы анықталған сенімділігіне бір ауызды келісімде болса да.  Аллаһ кадианилерді Хақ Жолға шығарсын!

[17] Яғни қаттырақ итеріп жіберсін (Аудармашының ескертпесі).

[18] Әл-Бухари, Муслим. Тік бұрышты жақшаларға алынғанды қосымша Ибн Хузайма (1/94/1) жеткізеді.

[19] Әл-Бухари, Муслим. Тік бұрышты жақшаларға алынғанды қосымша Ибн Хузайма (1/94/1) жеткізеді.

жалғасы бар