Қабірлерді нақтылап белгілеп қою шариғатта мақұлданатын нәрсе ме?

Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының сегізінші тарауын ұсынамыз.

Жүктеп алу.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме

Жалған және жорамалды қабірлерді нақтылап белгілеу тәсілі ежелден мәлім, әрі Түркістанда «қасиетті» қабірлердің табылуы да аталмыш тәсілді кезекті қолданудан өзге еш нәрсе емес.

Бүкіл дүние бойынша көптеген пайғамбарлардың, сахабалардың, имамдардың, одан қалса жалған «әулиелердің» өтірік қабірлері орналасқандығы белгілі. Сондай-ақ жорамалды болғандары да аз емес. Оларда аталған тұлғалардың жерленгеніне ешқандай салмақты дәлелдер жоқ.

Ал мұның себебі қандай да бір жерде қандай да бір сахабаның, имамның, («әулиенің») жерленгендігін білуден ешқандай діни пайда жоқтығында. Кім қай жерде жерленгендігі туралы қам жеудің дінге еш қатысы жоқ. Олай болмаған жағдайда Аллаһ Тағала бізге міндетті түрде Оның қай пайғамбары қай жерге жерленгендігін хабарлар еді, ал осы үмметтің имамдары сол деректерді жазып қояр еді. Бұдан қалса, бұл туралы хабарларды жасыру негізі түрлі қабірлерге деген шектен тыс құрмет көрсетудің салдарынан қалыптасатын көпқұдайшылыққа алып барар жолды бөгеттеу болып табылады.

Абу әл-Хайяж әл-Асади ‘Али ибн Абу Талибтың оған былай деп айтқанын баяндаған: «Сені  Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған берген тапсырма сияқты тапсырманы орындауға жіберейін бе? Ол мені бірде-бір бейне қалдырмастан, оларды өшіріп тастау үшін және бірде-бір биік қабір қалдырмастан, оларды тегістеп тастау үшін жіберген болатын» (хадис сенімді (сахих); Муслим 969; Абу Дауд 3218; Тирмизи 1049; Нәсаи 2030; Ахмад 1/96, 124).[1]

Ал қабірді белгілеп қоюға қатысты айтар болсақ, онда бұл мәселе өз алдына екі жеке мәселеге бөлінеді:

1) Белгілі бір жер қабір екендігін және адамдар оның үстінен жүрмеу үшін және оның үстіне отырмау т.с.с. үшін белгілеп қою.

2) Белгілі бір қабірде белгілі бір адам жерленгенін білдіру үшін сол қабірді белгілеп қою.

Бұл мәселелерді түсіндіру, түрлі мәзһабтардың дәлелдері мен пікірлерін келтіру бұл кітаптың мақсаты емес, сондықтан да мен осы жерде жалпы қорытындыны ғана айтып кетемін.

Белгілі бір жердің бос жатқан кеңістік емес, қабір екендігін белгілеу шариғатта мақұлданатын амал болып табылады. Ал қабірді онда жатқан адамды нақты белгілеп көрсету мақсатында қандай да бір затпен белгілеу мақұлданатын іс емес, бірақ рұқсат етілген амал.

Бірақ бәрінен қызығы – ханафи мәзһабы ғалымдарының қабірді нақты белгілеп қоюды құпталмайтын (мәкрух) деп санауы. Қз.: «Тухфат ул-Фуқаһа» 1/256, «Табйин әл-Хақаиқ» 1/246, «Бадаи’ ус-Санаи’» 1/320. Әрі бұл істің мәкрух болуы қабірді белгілеу белгілі бір жазуларды түсіру арқылы іске асатын болса, күшейе түседі. Қабірді белгілеу үшін оған жазу жазуды ғалымдардың басым бөлігі (жумхур) мәкрух[2] деп санайды. Олардың арасында имам Абу Ханифаның ең жақын шәкірттері болған ханафи имамдары — Абу Йусуф (Я’куб ибн Ибраһим) (Қз.: «Тухфат ул-Фуқаһа» 1/256, «Бадаи’ ус-Санаи’» 1/320) және Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шәйбани бар. Олар Жәбир ибн ‘Абдуллаһтың былай деп баяндаған хадисіне сүйенеді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірді гипспен жабуға, сондай-ақ оның үстіне жазуға және оны аяқпен басуға тыйым  салған». Ал тағы бір риуаятта: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірге қандай да жазу жазуға тыйым салған», — деп келеді (хадис сенімді (сахих), имам Муслимнің шарттарына сәйкес келеді; Қз.: «Тахқиқ әл-Хабир» 2/132; Абу Дауд 3226; Нәсаи 2026; Тирмизи 1052; Ибн Мәжаһ 1563 (соңғы риуаят соған тиесілі); және басқалар).

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан біз қабірлерді нақтылап белгілеп қою үшін қам жеу шариғатта құпталатын (сауапты) нәрсе болып табылмайтындығы туралы қорытынды жасаймыз. Сондай-ақ Түркістанға сапарға шығуды жақтайтындар адамдарға осы жерлерде кімдер нақты жерленгенін айтуға ерекше көңіл бөліп, осынысында Құранға да, Аллаһтың Елшісіне де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабаларға да, әрі осыған қоса өз мәзһабтарына да қарама-қайшы әрекет жасауда.

Оларды бұған кім үйретті?! Олар кімге ілесуді өз мәзһабына ілесуден де артығырақ көреді?!

Осы «сәнді» мұсылмандардың арасына алғаш Аббасси халифатының дәрменсіз кезеңінде болған Убайдилер мемлекетіндегі рафидилер (шектен шыққан шиғалар) һижраның 300 жылы енгізген еді.  Кейін осы «сәнді» олардан түрлі сопы тариқаттарының өкілдері қабылдап алды да, оны мұсылмандар арасында таратты.

Бидғатшыларда қабірлерді нақтылап белгілеп қою төрт дәйекке негізделеді:

1) Түстер.

2) Белгілі бір аймақта хош иістің сезілуі.

3) Сол жерде (олардан басқа ешкім байқамаған) таңғажайып мистикалық құбылыстардың болуы. [3]

4) Сенімсіз, өтірік «тарихи» деректер. Қз.: «әл-Фәтауа» 27/457-459.



[1] Бұл хадисте «кез-келген адам өз қалауы мен тұжырымы бойынша кез-келген қабірлерді бұза беруіне болады» дегенге дәлел жоқ. Керісінше, бұл хадисте осындай амал тек әмірдің (билеушінің) бұйрығымен орындалатындығына дәлел бар. Ал біздің кезіміздегі кейбір білімсіз мұсылмандар пайда мен зиян мәселесін түгілі, қабірлерді тегістеуге қатысты хадистерді толық зерттеп білместен, өзге адамдардың қабірлерін осы немесе өзге хадистерді өздігінше түсініп, өз тұжырымдарына сүйеніп, қиратып жатқан жайттарға келер болсақ, бұл – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті мен манһажына қайшы келетін, пайдасына қарағанда зияны көбірек  амалдардан. Яғни мұндай нәрселерді өз бетімен (мемлекет басшысының санкциясынсыз) істеуге болмайды. Өйткені Исламда өз бетімен кетушілік пен анархияға орын жоқ. Ал Аллаһ бұл туралы  жақсырақ біледі.

[2]«Мәкрух» (құпталмайтын) деген  термин түрлі мәзһабтардың терминологиясында құпталмайтындықты да, тыйым салынғандықты да білдіреді. Ханафи мәзһабына келер болсақ, «мәкрух» дегеннің астарында құпталмайтындық та, тыйым салынғандық та меңзеледі. Бұл туралы ханафи имамы Ибн Нужайм «Канз уд-Дақаиқ» еңбегіне жазған түсіндірмесінінің түгел барысында жазып өтеді. Бұл дегеніміз, біздің өздерін ханафилікке телитін кісілеріміз өз көзқарастарын «Ханафи мәзһабында бұл тыйым салынбаған, алайда тек құпталмайтын амал деп айтылған» деген сөздермен дәйектеуіне болмайды дегенді білдіреді.

[3] Мысалы, Түркістандағы «Укаша Ата» мазары мен құдығындағы жаны таза адам құдыққа тастаған шелек суға толып келетіні, ал жаны таза емеске ол бос қайтатыны сияқты өтірік муғжизалар.