Ақида,  Әдіснама

Көпқұдайшылықтың таралуының басты себебі туралы

Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының төртінші тарауын ұсынамыз.

Жүктеп алу.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме

Көпқұдайшылықтың таралуының басты себебі сіздің үнсіздігіңіз бен бейтараптығыңыз екенін біліңіз, уа, құрметті оқырман.

Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл адамдардың қайтыс болған кісілерге қатысты өз бойларында алып жүрген сенімдері көпқұдайшылық болып табылатынын біл.  Алайда, мұның мәні тіпті ғылым иелеріне де байқаусыз қалып жатады. Бұл осы туралы білімнің өздігінен жасырын болғандығынан емес, бірақ көпшіліктің осы туралы үндемеуі себепті, сондай-ақ осының үстінде қарт адамның өмірі өткендігі және жас осының үстінде есейгендігі себепті.  Олар осы пұтқа табынушылық рәсімдерді жастайынан көріп естіді, әрі бұған қоса оларды сөгетін бірде-бір адамды көрмеді де, есітпеді де. Бұдан тыс олар адамдарды үнемі осы рәсімдерге ынталандырып шақыратындарды ғана еститін. Мұның барлығы адамдар бір-біріне айтып жүрген қабірдің басында белгілі бір рәсімдерді орындаған пәлен біреудің проблемалары шешілді деген түрлі аңыз-ертегілерімен нығайтылады.  Осы жағдаяттардың барлығы уақыт өтісімен және ұрпақтардың ауысумен адамдардың санасында қабірлердің басында орындалатын осы рәсімдер Аллаһқа жасалатын құлшылықтың ең ұлығы болып табылады деген сенімдерді нығайтады.  Мұндай адам бұдан кейін алатын білімінен пайда ала алмайды. Бұдан қалса ол олардың іс-әрекеттері нағыз көпқұдайшылық екендігіне нұсқайтын дәлелдерді елемейтін болады. Ал егер ол осы дәлелдерге сүйеніп осы туралы сөйлеп тұрған біреуді естісе, міндетті түрде оны қайтарады.  Бұл оның бір мезеттің ішінде өзінің тұрақты түрде қалыптасып қалған көзқарастарын іс жүзінде өзгерте алмайтындығы және ол ең ұлы ғибадат пен ең жақсы амал деп санаған нәрселері шындығында тыйым салынған нәрселердің ең қорқыныштысы әрі ең жиіркеніштісі екендігін түсіне алмайтындығы  себепті». Қз.: «Ихлас Калимат ит-Таухид» 102-103 беттер.

Ол тағы да былай деді: «Ал дәлел алып жүретін білім иесіне, терең түсінік иесіне келер болсақ, онда егер ол адамдарға бағыт сілтеушілерден, ақиқат сөзін айтушылардан, Аллаһтың дініне көмектесушілерден және Аллаһ Тағала оған түсіндіруді бұйырған нәрселерді түсіндірушілерден болса еді, ол міндетті түрде өзінің жолы дұрыс, ал нәтижесі игі екендігін білер еді.  Аллаһ Тағала оған: «Кім Аллаһ жолына жәрдем етсе, Аллаһ оған жәрдем етеді» («Хаж» сүресі, 22:40); «Әй, мүміндер! Егер Аллаһқа (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді» («Мухаммад» сүресі, 47:7), — деп уәде еткенінің шындық екенін айтпағанның өзінде, Ол міндетті түрде оған Оның Құдіретінің муғжизаларын, сондай-ақ Одан келер қорғау мен көмектің тамаша көріністерін көрсетер еді. Әрі бұл ақиқат пен оны жақтаушыларды қолдау жолында оның рухы мен жүрегін одан сайын нығайта түсер еді… егер осы Ақиқат одан қабыл етілсе, ол Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды болса да тура жолға салса, бұл сен үшін қызыл түйелерге ие болудан жақсырақ болады» (хадис сенімді (сахих); Бухари 3701; Муслим 1872), — деп айтқандардан болады.

Ал егер қабыл етілмесе, онда ол Аллаһ оны міндеттеген нәрселерді орындаған, әрі осы арқылы Аллаһ Тағала түсіндіруді бұйырған білімді жасыру күнәсынан құтылғандардан болады. Әрі бұл оған осы және келесі  өмірдегі ұлылықтан өзге еш нәрсе қоспас еді, Аллаһтың құлдарының алдындағы оның құрметін арттырар еді, әрі ол Аллаһ Өзінің тақуа құлдарына уәде еткен нәрселеріне қол жеткізер еді. Ал оның жауларына келер болсақ, олар қаншалықты оны өтірік және айыптаулардың көп болуымен, жәбірлеп-жазалау туралы уәделерімен төмендетуге тырысса да, барлығы олардың қалағандарына және күткендеріне қарама-қайшы болған нәрселермен аяқталар еді, әрі соңғы жетістік тақуалар жағында болар еді, мұны Аллаһ Тағала Өзінің мүмін құлдарына уәде еткеніндей: «Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады» («Фатыр» сүресі, 35:43)». Қз.: «Адаб ут-Таләб» 17-бет.[1]

Имам Ибн әл-Қайим: «Аллаһтың тыйымдары бұзылып, Оның қойған шекаралары атталып, Оның діні тасталып, Оның Елшісінің Сүннетінен алшақталып жатқанды көріп, бірақ осыған қарамастан оның жүрегі суық, ал тілі үнсіз болып қала беретін адамда қандай дін және игілік болуы мүмкін. Ол – үнсіз шайтан! Ал кім өтірікке шақырса – ол сөйлейтін шайтан! Әрі егер өзіне астық дорбасы мен беделін қамтамасыз етіп алса, енді оны дінмен не болып жатқандығы толғандырмайтын мұндайлардан өзгелерден дінге сәтсіздік келіп пе еді?! Ал егер біреу оның беделін немесе мал-мүлкін азайтқысы келсе, ол лап етеді,  бар күш-жігерін жұмсайды және үш тәсілдің барлығымен (қолмен, сөзбен, жүрекпен) тойтарыс береді.  Әрі осындайлар Аллаһтың назарында төмен түсіп, Оның Қаһарына ұшырағандарына қоса, өздері осыны байқамаған күйінде бұл дүниеде орын алуы мүмкін болған ең ауыр сынақпен сыналады. Ал бұл сынақ – жүректің өлуі, өйткені адамның жүрегі қаншалықты тірі болса, оның Аллаһ пен Оның Елшісі үшін ызасы да соншалықты мықты, әрі оның дінге деген көмегі де соншалықты кемелдеу болады», — деп айтқан. Қз.: «А’ләм әл-Муакқи’ин» 2/158.

Имам әш-Шәукани былай деген: “Ал егер сен маған: «Күмәнсіз, Ақиқат сөзін айту міндетті болып табылады, адамдамдарды оған бағыттау қажет, оны жасыруға тыйым салынған, бірақ мен мұны істесем, онда бұл қалыптасқан жағдайды өзгертпейтініне, бірақ соған қоса мен өз өмірімде қауіп-қатерге салатыныма сенімдімін», — деп айтсаң, мен саған: «Бұл ойлар саған сен мен алдында өзіңе айтып өткен тақуалардың соңы игі болатындығы және Аллаһтың көмегі туралы айтқандарымды нашар ұғып алғаның себепті келіп тұр. Алайда сен қорыққан нәрсе орын алады деп елестетейікші. Сенің басыңа сынақтар келеді, әрі сен зиян мен өзге де қиындықтарды шегесің делік. Айтшы маған, сен осы дүниеде мәңгі қаламын деп ойлайсың ба? Сенімен орын алатын ең қорқынышты нәрсе — сенің ақиқат жолында және білім тарату жолында опат болуың. Осы арқылы сен мәңгілік бақытқа ие боласың әрі ғасырлар біткенше білім иелері үшін үлгі-өнеге боласың, ал дінбұзар-бидғатшыларға масқара мен қорлық келтіресің.  Әрі қаншама Аллаһтың құлдары сені осы жолда озып өтті және осы ұлы сатыға қол жеткізді, әрі соларда сен үшін өнеге бар. Уа, бақытсыз, шайқас майдандарында қылыштар шауып, найзалар мен жебелер жыртып тастаған Аллаһтың құлдарына қара. Олар өлімді қалады, қылыштар мен найзалар олардың денелеріне қадалатын еді, өлім олардың көздерінің алдында еді. Ол оларға алдарынан да, арттарынан да, оңынан да, солынан да келді. Саған оларға жету қайда?! Әрі саған мұсылмандардың арасында тұрып, оларды Раббыларының дініне шақырудан өзге еш нәрсе бұйырылмаған!» Қз.: «Адаб ут-Таләб» 36-бет.



[1]Ислам шақыруының (дағуатының) негізін қалаушы ұстанымдар Қасиетті Құранда және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде  баяндалған және төмендегілерге келіп түйіседі:

1.  Аллаһқа шақырушы шақырып жатқан нәрсесін білуі керек. (Діни) сауатсыз адам Исламның дағуатшысы (шақырушысы) бола алмайды. Аллаһ Тағала Өзінің пайғамбары Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Айт: «Менің жолым — осындай. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелге (кәміл сенімге) сәйкес шақырамыз…»” («Юсуф» сүресі, 12: 108), деп айтты.

Айқын дәлел (кәміл сенім) – бұл білім. Ақиқатқа шақырушы адам оның жүрегіне күмән салғысы келетін және көзқарастарын жоққа шығаруды қалайтын, және сол арқылы ақиқатты жоққа шығаруға тырысатын жалғанның жақтаушыларына жиі тап болады. Сондықтан, Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Рабыңның жолына даналықпен және көркем үгітпен шақыр және көпқұдайшылдармен айтысуды ең жақсы құралдармен жүргіз. Ақиқатында, сенің Раббың Оның жолынан кім тайып кеткенін жақсы біледі және Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі» («ән-Нәхл» сүресі, 16:125).

Мұсылман адам ақиқаттың қарсыластары белгілі білімге ие екендігін және сондықтан да Мухаммад Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Муаз ибн Жәбәлді Йеменге аттандырып, оған Кітап иелері арасына түсетінін ескерткенін білуі керек. Егер дінге шақырушы ол арқылы кез-келген күдіктерді жоятын және кез-келген өтірікті әшкерелейтін  тиянақты білімге ие болмаса, өзінің қарсыласымен болған алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліске ұшырайды және жолының басында-ақ тоқтап қалады.

2. Ол адамдарды шақырып жатқан нәрселерін өзі орындауы керек. Соны істеу арқылы ол айналасындағыларға көркем үлгі болады. Оның сөздері мен істері екі түрлі болмайды және дұшпандары оған ешқандай қарсы сөз айта алмайды. Аллаһ Тағала Шу’айб пайғамбардың өз қауымына былай дегенін айтады: «Мен сендерге тыйым салатынымды өзім істегім келмейді, бірақ күшім жеткенше (сендердің) амалдарыңның түзетілуін қалаймын» («әл-Худ» сүресі, 11:88).

Ал өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағала: “«Ақиқатында, менің намазым және құрбандығым, өмірім және өлімім – ешбір серігі жоқ әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін», — деп айт!” («әл-Ән’әм» сүресі, 6:162-163), — деп бұйырды.

Раббымыз сондай-ақ былай деп айтты: “Аллаһқа шақырып, ізгі амалдар жасап және: «Мен – мұсылмандардың бірімін!» — деп айтушының сөзінен не жақсырақ?!” («әл-Фуссиләт» сүресі, 41:33).

3. Ол өзінің шақыруын өзгелерге көрсету, даңқ, ұлылық, құрмет немесе дүние пайдасы үшін емес, шын ықыласпен Аллаһ үшін жүргізуі керек. Егер дінге шақырушы осы аталған мақсаттардың біріне жетуге ұмтылса, онда ол адамдарды хақ дінге Аллаһ үшін емес, өзі үшін немесе өзінің пайдасы үшін шақырып жатқан болады. Сондықтан да, пайғамбарлардың бірі өз халқына: «Мен осы үшін сендерден сый тілемеймін, өйткені менің сыйымды тек әлемдердің Раббысы ғана береді» («әш-Шуғара» сүресі, 26:109), — деді.

Ал Нух пайғамбар: «Әй, менің халқым! Мен сендерден сыйға дәулет сұрамаймын, менің сыйымды тек бір Аллаһ ғана береді», — деді («әл-Худ» сүресі, 11:29).

4.  Ол ең бастысынан бастап, ал тек содан соң ғана маңызы төмендеуіне көшуі керек. Ең бірінші кезекте ол адамдардың діни сенімін (ақидасын) түзету және оларға бір ғана Аллаһқа құлшылық ету қажеттілігін және Оған серік қосуға еш жол берілмейтінін  түсіндіруі қажет. Содан кейін ғана оларды намазды орындауға, зекет төлеуге және басқа да міндетті болған әмірлерді орындауға шақыруына және оларды күнәларды жасаудан сақтандыруына болады. Аллаһтың барлық елшілері де дәл осылай істеді, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай:  «Аллаһқа құлшылық етіңдер және жалған құдайлардан аулақ болыңдар» («ән-Нәһл» сүресі, 16:36).

Ол сондай-ақ былай деді: “Сенен бұрын қандай пайғамбар жіберсек те, оған: «Күдіксіз, Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше, Маған ғана құлшылық қылыңдар», — деп уахи етпей қалдырған жоқпыз” («Әнбия» сүресі, 21:25).

Ал Му’аз ибн Жәбәл туралы хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай деп айтқаны жеткізіледі: «Сен Кітап иелерінен болған халыққа барып жетесің. Оларды ең алдымен шақыратының Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екендігі туралы куәлік болсын. Егер олар осыда саған мойынсұнса, онда Аллаһ оларды тәулік сайын бес уақыт намазбен міндеттегенін білдір. Егер олар осыда саған мойынсұнса, онда Аллаһ олардың байларын кедейлерінің пайдасына зекет беруге міндеттегенін білдір. Егер олар осыда да саған мойынсұнса, онда олардың таңдаулы мал-мүлкіне қол сұғушы болма және жәбірленушінің дұғасынан қорық, өйткені онымен  Аллаһтың арасында бөгет жоқ». Әл-Бухари және Муслим.

Исламды қалайша таратудың ең жақсы және ең кемел өнегесі, әрине, Аллаһтың Елшісінің өзінің өмірі болып табылады. Он үш жыл бойы Меккеде дінді уағыздаған кезінде  ол адамдарды жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақырды және көпқұдайшылықты әшкереледі. Көп жылдар бойы ол оларға намазды орындауды және зекетті төлеуді, ораза ұстауды және қажылық жасауды бұйырмады, оларға өсімқорлықты және зинақорлықты, ұрлықты және тіпті адам өлтіруді тыйым салмады.

5. Ол Аллаһқа шақыруы барысында мойнына түсетін қиындықтарды табанды түрде көтере білуі керек. Адамдар ізгілікке үйретушілерді жиі ренжітіп, олардың ар-намысын қорлап жатады және дінге шақырушының жолы гүлдермен  төселмеген. Керісінше, мұсылманды онда сәтсіздіктер және қауіп-қатерлер тосып тұрады, ал бұл Аллаһтың пайғамбарларының мысалында жақсы көрініс тапқан. Олар өз руластарының қаншама мысқыл-тәлкегіне және қорлауына сабыр етті! Аллаһ Тағала Мухаммад пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «(Мухаммад,) сенен бұрынғы пайғамбарлар да мазақталған болатын. Бірақ пайғамбарларды тәлкек қылғандардың бастарына оларды келеке еткендері үшін (жаза) жетіп отырды» («әл-Ән’әм» 6:10), — деді.

Ол сондай-ақ былай деді: «Расында, сенен бұрынғы пайғамбарларды да өтірікші деп айтқан еді. Бірақ олар жалғаншы деп айыпталғандарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын» («әл-Ән’әм» сүресі, 6:34).

Аллаһтың елшілерінің қалдырып кеткен ізімен жүруші және адамдарды Аллаһқа шақырушы мүминдердің де басына қайғы мен мұқтаждықтар түседі, және адам қаншалықты пайғамбарлар жолына берілген болса, оған соншалықты ауыр болады.

6. Ол өте жақсы мінез-құлыққа ие болуы керек және Исламды даналықпен және парасаттылықпен уағыздап-насихаттауы керек, өйткені бұл жетістіктің негізгі себебі болып табылады. Өзін Раббы Құдай деп жариялаған жер бетіндегі ең сорақы кәпір — Перғауынға Аллаһ Муса және Харун пайғамбарларын жолдап, оларға: «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе (Раббысынан) қорқар», — деді («Та-Ха» сүресі, 20:44).

Аллаһ Тағала Мусаға: “Перғауынға бар, өйткені ол рұқсат етілгеннің шегінен шықты және оған: «Тазарғың келе ме? Мен сені Рабыңның жолына сілтеймін және сен сонда (Одан) қорқушы боласың», — деп айт” , — деді («ән-Назиғат» сүресі, 79:17-19).

Ал, Мухаммад пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағала былай деді:   «(Мұхаммад) оларға, Аллаһтың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине, олар маңайыңнан тарқап кетер еді» («Әли Имран» сүресі, 3:159).

Аллаһ, сондай-ақ, былай деді: «Және шын мәнінде сен ұлы мінезге иесің» («әл-Қаләм» сүресі, 68:4).

Раббымыз, сондай-ақ, былай деп бұйырды: «Рабыңның жолына даналықпен және көркем үгітпен шақыр және көпқұдайшылдармен айтысуды ең жақсы құралдармен жүргіз. Ақиқатында, сенің Раббың Оның жолынан кім тайып кеткенін жақсы біледі және Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі» («ән-Нәһл» сүресі, 16:125).

7.  Уағыз-насихатшы сондай-ақ жақсылыққа үміт етуші болуы керек. Ол өзінің халқы оның шақыруына жауап беріп, тура жолға түсетініне үміт етуі және Аллаһтың көмегі мен қолдауынан күдер үзбеуі керек, тіпті ол адамдар арасында Исламды ұзақ уақыт бойы таратып жүрсе, ал олар оған  бәрібір құлақ аспаса да.  Мұндай жағдайлар Аллаһтың Елшілерімен де орын алған.

Нух пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өз халқының арасында тоғыз жүз елу жыл өмір сүрді және оларды Аллаһтан өзге ешкімге құлшылық етпеуге шақырды. Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көп жылдар бойы арабтардың арасында Исламды насихаттады, бірақ олар оған тек азап шектірді, ал оған тау періштесі келіп, тауларды жылжытып және олардың астына Таиф қаласының тұрғындарын көміп тастауға рұқсат етуін сұрағанда, ол: «Жоқ, Аллаһ олардың бел омыртқаларынан Оған ешбір серік қоспай Оған ғана құлшылық ететіндерді шығаруын қалаймын», — деді.

Егер уағыздаушы осы сипаттарға ие болмаса, ол өзінің жолының басында-ақ сүрінеді де, сәтсіздікке ұшырайды.

Бұл маңызды ұстанымдарды Аллаһтың дінін таратушының әрбірі ұстануы қажет. Ал кім оларды басшылыққа алмаса және пайғамбарлардың жолына ілеспесе, күйреуге ұшырайды, ал оның барлық еңбектері мен тырысулары оған шаршаудан басқа еш нәрсе әкелмейді. Бұл сөздің тамаша растауы пайғамбарлардың жолымен жүрмей, өз жолын таңдап алған Исламды таратушы қазіргі заман мұсылман топтарының сәтсіз соңы болып табылады. Олардың көбі адамдарды бір Аллаһқа ғана шақыруға және дұрыс мұсылмандық көзқарастарды таратуға емес,  екінші кезектегі мәселелерді түсіндіруге назар бөлуде. Олардың біреуі саясатқа араласып және шариғат заңдарын өмірге енгізуді  талап ете бастады. Мұның барлығы өте маңызды, бірақ одан да маңыздырақ нәрселер бар. Аллаһтың заңдары Аллаһқа серік қосушыларға қатысты қолданылмай жатқан кезде қалайша ұрылар мен зинақорларды Аллаһтың заңдары бойынша жазалауды талап етуге болады?! Шариғаттың заң ережелері пұттар мен қабірлерге құлшылық етушілерге, Аллаһтың көркем есімдері мен сипаттарын жоққа шығарушыларға, оларды өзгертіп, мағынасын бұрмалаушыларға қатысты қолданылмайынша, қалайша бір қойдың немесе түйенің себебінен болған тартысты шариғаттың заң ережелеріне сәйкес шешілуін талап етуге болады?!

Бұл — зинақорлықтан да, шарап ішуден де және ұрлықтан да қорқыныштырақ күнә емес пе?!  Зинақорлық және ұрлық жасап, адам өзге адамдардың құқықтарын бұзады, ал қабірлерге және әулиелерге құлшылық жасап және Аллаһтың есімдері мен сипаттарын жоққа шығарып, адам Құдіретті Жаратушының Өзін қорлайды! Сөзсіз, біздің Жаратушымыздың алдындағы міндеттеріміз Оның жаратылыстарының алдындағы міндеттерімізден едәуір жоғары.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия «әл-Истиқама» кітабында (1/466) былай деп жазған: «Аллаһқа серік қоспаған күйде күнәлар жасау басқа күнәлар жасамай Оған серік қосудан жақсырақ». 1

Басқа бір топ бар. Оның ілесушілері өздерін Исламның уағыздаушылары деп есептейді, бірақ Аллаһтың пайғамбарлары мирас еткен жолдан өзге жолмен жүруде. Олар ізгі ислами сенімдердің таралуына лайықты назар бөлмей, сопылар секілді негізінен адамдарды ғибадатқа және Аллаһты жиі зікір етуге шақырады. Олар халықты өзіне қарату үшін сапарларларға шығады, бірақ адамдар жиі жағдайда дұрыс емес көзқарасқа ие екендігіне маңыз бермейді.

Мұндай топтардың барлығы бидғатшыл болып табылады. Олардың бидғаты Аллаһтың елшілерінің жолы біткен жерден-ақ бастау алады. Ақиқатында, олар басы жоқ денені емдеп жатқандар сияқты, өйткені дұрыс сенімнің діндегі орнының маңызы бастың денедегі маңызы секілді. Бұл топтар өздерінің көзқарастарын қайта қарап, оларды Құран мен Сүннеттің негізінде құруы қажет. Тек Аллаһтың Кітабының және хадистердің арқасында олар Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламды таратуда қандай әдістерді қолданғаны туралы біле алады.  Билікке жетуге және Аллаһтың заңын орнатуға ұмтылған мұсылмандар мұның барлығы біз тек дұрыс сенімге қайтып, бір ғана Аллаһқа құлшылық етіп және оған серік қоспағаннан соң ғана мүмкін болатынын білуі керек.  Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһ сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін Өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар Маған құлшылық қылады. Маған серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар — бұзақылар» («ән-Нур» сүресі, 24:55).

Олар надан мұсылмандар өлілерге және олардың қабірлеріне құлшылық етуінде көрініс табатын және әл-Ләтқа, әл-Уззаға және Манатқа құлшылық етуден ерекшеленбейтін пұтқа табынушылығынан тазарғанға дейін-ақ ислам мемлекетін құрғысы келеді. Ақиқатында, олар мүмкін болмаған нәрсеге ұмтылуда, бұл жөнінде бір ақын керемет етіп айтып өткендей:

Кім еңбексіз белеске жетуді ұйғарса,

Өмірін сырап етеді, бірақ белеске жете алмайды.

Жер бетінде Аллаһтың шариғатын орнату, қылмыскерлерді Аллаһ Тағаланың заңдарына сәйкес жазалау, ислам мемлекетін құру, жалпы айтқанда, ізгі істерді істеп, күнәлардан аулақ болу: мұның барлығы – бір Аллаһқа ғана құлшылық етуді толықтырып кемелдендіретін нәрселер ғана.  Ендеше, қалайша маңызы бойынша бірінші кезектегіні елемей қалдырып, екінші кезекті нәрселерге назар бөлуге болмақ?

Мен Аллаһтың елшілері қолданбаған әдістерді пайдаланып, Аллаһтың дінін таратушы топтардың барлығы тек осы әдістер жөнінде хабардар болмағандығы себепті осылай істеп жатыр деп есептеймін. Надан адам Исламның уағыздаушысы бола алмайды, өйткені Аллаһқа шақырушы адамға қойылатын ең маңызды талаптардың бірі – дұрыс білім. Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Айт: «Менің жолым — осындай. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелге (кәміл сенімге) сәйкес шақырамыз. Аллаһ – Пәк, және мен – көпқұдайшылдардан емеспін»”, —деп айтуды бұйырғанда осыны меңзеді.

Ал өзін ақиқаттың уағыздаушылары деп атайтын, бірақ «Ислам деген не, және онымен не үйлеспейді?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алмайтын мұсылмандар қаншама! Қалайша мұндай адамдар діннің уағыздаушылары бола алады?

Мен, сондай-ақ, бұл топтардың әрбірі, басқаларынан ерекшелену үшін, өз-өзіне дербес бағыт таңдап алады және өзінің әдістеріне жүгінеді деп есептеймін. Бұл міндетті түрде Пайғамбар Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жүрген бағыттан ауытқуға алып келеді. Аллаһтың Елшісінің жолы – бұл жалғыз ғана жол және онда жан-жаққа тармақталу деген жоқ. Аллаһ Тағала былай деді: “Айт (Мухаммад): «Менің жолым — осындай. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелге (кәміл сенімге) сәйкес шақырамыз…»”.

Демек, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық шынайы ізбасарлары келіспеушілікке салынбай және бөлінбей, бір жолмен жүруде.

Олармен тек тура жолдан тайғандар ғана келіспейді, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: “(Мухаммад, оларға айт): «Бұл жол – менің тура жолым. Оған ілесіңдер де, басқа жолдарға ілеспеңдер, әйтпесе сендерді Ол нұсқаған жолдан адастырады…»” («әл-Ән’әм» сүресі, 6:153)

Ал, ақиқатпен де, бір-бірімен де келіспейтін осы сияқты топтар Исламға қауіп төндіретін болғандықан, біз олардың қатарына тұруды қалаған әрбір адамды осындай ағат қадамнан сақтандыруға, олардың көздерін бұл топтардың қате көзқарастарына ашуға және олардың ешқайсысының Аллаһтың дінімен ортақтығы жоқ екендігін түсіндіруге міндеттіміз. Аллаһ Тағала да дәл осылай деп айтты: «Расында, өздерінің дінінде бөлінушілік жасағандарға және секталарға бөліңгендерге сенің қатысың жоқ» («ән-Ән’әм» сүресі, 6:159)

Ал шынайы Исламға келер болсақ, ол адамдарды хақ жолында бірігуге шақырады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Діндеріңдегі (уәделеріңді) орындаңдар және ол жөнінде қарама-қайшылыққа түспеңдер» («әш-Шура» сүресі, 42:13).

Ол сондай-ақ былай деді: «Аллаһтың жібінен барлығың тұтас ұстаныңдар да, (өзара жауласушы топтарға) бөлінбеңдер» («Әли Имран» сүресі, 3:103)

Біз барлығымыз адамдарға осыны түсіндіруіміз керек, және ізгі мұсылман діндарлары басқа мұсылмандардың назарын осы топтардың қателіктері мен адасушылықтарына қаратады және олардың әдістерінің Аллаһтың пайғамбарларының жолына сәйкес келмейтіндігін ашып береді. Ақиқат әркезде әрбір мүминнің ізденістерінің мәні болды, және, бәлкім, осы ғалымдардың тырысуларының себебімен кейбір мұсылмандар өз қателіктерін саналы түрде мойындап, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолына қайтар. Бұл ғалымдар Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Дін – бұл ықыластылық таныту» деген өсиетіне сәйкес өздерінің миссиясын орындауда. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны үш рет қайталап айтты, және адамдар одан: «Кімге қатысты, уа, Аллаһтың Елшісі?» — деп сұрады. Ол: «Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың әмірлері мен ғалымдарына және қарапайым мұсылмандарға қатысты», — деді.   Бұл хадисті Муслим, Абу Дауд, ән-Нәсаи және Ахмад Тамим әд-Дәриден жеткізген. Оны сондай-ақ Абу Хурайра, Абдуллаһ ибн Умар және Абдуллаһ ибн Аббас жеткізген. Қз.: Шейх Салих әл-Фаузанның шейх Раби’ әл-Мадхалидің «Пайғамбарлардың Аллаһқа шақыру әдістеріндегі даналық пен қисын» кітабына жазған кіріспе сөзінен.