Ақида

Елімізде көпқұдайшылықтың енгізілуінің сатылары

Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының үшінші тарауын ұсынамыз.

Жүктеп алу.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме

Көпқұдайшылықтың таралуы және оның шабуылы біздің жерімізде екпінді түрде жүріп жатқанын біліңіз, құрметті оқырман. Осы орайда біз үнсіз қалып, оны тоқтату үшін және оның мәнін, қауіптілігін және ол қай бағыттан келе жатқанын түсіндіру үшін еш нәрсе істеп те жатқан жоқпыз.

Соңғы жылдарда жай болса да, бірақ табанды түрде Түркістанда, Арыстан-бабта, Бекет Атада және сол сияқты басқа да жерлерде пұтқа табынушылық рәсімдерінің жандануы жүріп жатыр. Бұл жанданудың көлемі барынша азайтылып көрсетіледі, жасырылады, әрі сондықтан да ол көзге түспейді. Мұның барлығы алғаш қарағанда бейкүнә болып көрінетін ата-бабаларды құрметтеу және қазақ халқын біріктіру ұрандарымен іске асырылуда. Алайда көпқұдайшылықтың шыққан көздері, түрлері және таралу сатылары туралы білімге ие болған кісі істің әлдеқашан бастапқы кезеңде емес екендігін түсінеді.  Біз осы жерде имам Ибн әл-Қайимның қалыптасқан жағдайдың суреттемесін ашып көрсететін сөздерін келтіргіміз келеді. Имам Ибн әл-Қайим былай деді: «Шайтан көпқұдайшылыққа бейім болғандарды қабір орындарын зиярат ету және олардың жандарында болу ата-бабаларды құрметтеудің және оларға деген сый-құрмет көрсетудің бір түрі екендігіне иландыруын тоқтатпайды. Ол оларды осындай жерлерде Аллаһқа жалбарыну міндетті түрде жауапқа ие болады деп сендіреді.  Кейін шайтан олармен бірге келесі сатыға өтеді, ал бұл осы адамдардың ендігі кезеңде Аллаһтан осы салиқалы ата-бабалардың атымен тілей бастауы және осы арқылы Аллаһқа жақындауға (талпынуы). Ал осы сенімдер олардың бойында тамырын мықтағанкезде, ол солармен бірге келесі сатыға көшеді, ал бұл осы адамдардың енді қайтыс болған ата-бабаларының өздеріне жалбарына бастауы, оларға табынуы және олардан Аллаһтың алдында өздері үшін шапағатшы болуын сұрауы. Олар қабірлерде құлшылық-ғибадаттың рәсімдерін орындай бастайды, олардың бастарында рәсімдік жануарларын құрбан шалады, қабірлерді тәуап етіп айналады, оларды сипап-сылайды, оларды сүйеді, оларға қажылық жасайды т.с.с.  Кейін олар ары қарай өтеді де, адамдарды осы қабірлерге және соларда жерленген ата-бабаларға табынуға шақыра бастайды. Кейін олар өз бойларында «кім олардың осы амалдарына тыйым салса, сол нағыз бірқұдайшыл емес, әрі оның ар-намысы мен абырой-мәртебесі қол сұғылмаушылықтан арылады» деген сенімді бекітеді.  Кейін олар өздерінің өшпенділіктерін сыртқа шығарып, ары қарай өтеді. Олар өздеріне көпқұдайшылықты тыйым салатындарды үлкен күнәларда айыптап және адамдарды олардан теріс бұрғызып, оларға қарсы  жауласады. Осы орайда олар өздерін Аллаһқа жақын адамдармыз (әулиелер)  әрі Оның діні мен имандылық үшін күресушілерміз деп санайды. Алайда «…олар Аллаһқа жақын адамдар (әулиелер) емес. Аллаһқа жақын адамдар (әулиелер) тек тақуалар болып табылады» («әл-Әнфал» сүресі, 8:34)». Қз.: «Иғасат ул-Ләхафан» 1/330.

Ал біз Түркістанда және басқа да осы тәрізді «әулиелі» деп аталып кеткен жерлерде көпқұдайшылықтың қалай жандандырылғанын негізге алып, осы сатылардың тізімін кеңейтеміз.

Біздің жерлерімізде (Ислам келгеннен кейін) пұтқа табынушылықтың таралуы келесі сатылардан өткенін біліңіз:

1) Адамдарды ата-бабаларды қадірлеп-құрметтеу, өз түп-тамырын білу,  олардың даңқты тарихын еске алу идеясына иландыру. Мұның барлығы қазақ халқының ұлылығын қайта жаңғырту, әрі Түркістанда бірыңғай рухани орталық ұйымдастыру арқылы біздің жерлерімізде Исламды қайта жаңғырту идеясын жамылып іске асырылуда. Олардың айтуы бойынша, бұл жоғарыда аталған мақсаттардың барлығының орындалуына серпіліс беретін түрткі болуға тиіс.

2) Осының барлығының археологиялық қазбалар жүргізумен және Исламды қабылдау мен ислам мәдениетінің жерлерімізге таралуы осы жерден бастама алғандығын растаумен бірге жүргізілуі.  Осы идеяны адамдардың жүректерінде ұтымдырақ нығайту үшін осы жерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі болсын) сахабаларының бірнеше қабірлері бар деген тұжырым сіңіріледіде мысалы, Арыстан Баб және Үкаша Ата, бұл тарихи дереккөздерден алынған деген хабарлармен дәйектеледі мысалы, ел ауызындағы Пайғамбардың Арыстан Бабқа бір құрманы беріп, оны міндетті түрде Қожа Ахметке тапсыруды өсиет еткендігі туралы немесе Үкаша Атаның басы Түркістандағы құдыққа түсіп, жер астындағы құбырмен Меккеден бір-ақ шыққандығы туралы аңыздар. Мұндай тұжырым, әрине, арсыз өтірік болып табылады, әрі мұның дәлелі, Аллаһтың рұқсат етуімен, осы кітаптың тарауларының бірінде келеді.

3) Кейін Түркістан халық жиналатын орынға айналады, ол үшін арнайы, мүлде бейкүнә болып көрінетін «Түркістан — түркі халықтарының рухани астанасы» деген сияқты атпен мәртебелененіп, мұнда мерзімді әрі тұрақты түрде «ислами» симпозиумдар, жиындар, жамағат жиналған намаздар, тіпті «ислами» деген атпен исламға жапсырылатын, алайда Исламға ешқандай қатысы жоқ «мұсылман сән үлгілерінің байқаулары», «ислами ән-кештері», «ислами айтыстар» сияқты мерекелі салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады. Шариғат терминологиясында бұл нәрсе «Белгілі бір орынды және уақытты шариғи негізсіз тұрақты, мерзімді өтетін жиындарға арнап бөлу» деп аталады.

4) Кейін бұл жиын жасалатын орын қасиетті деп, әрі қажылық немесе тәу ету орны деп жарияланады. Осы орындардағы тарихи ескерткіштер күмбездер, кесенелер, құдықтар, мешіттер, қабірлер және табиғи орындарға өзендер, бұлақтар, ағаштар игілік пен береке сыйлайтын (тәбәрік) қасиетті мәртебе беріледі.

Шариғат терминологиясында бұл нәрсе “Кейбір жерлерге және заттарға заңсыз түрде «қасиетті» деген атақты беру” деп аталады.

5) Кейін жоғарыда аталып өткендердің барлығы тарихи жәдігерлік ескерткіштер деген мәртебені (статусты) алады. Бұл қадам өте маңызды, өйткені ол арқылы осы «ескерткіштерді» сақтау және дамыту мақсатына қол жеткізіледі.

6) Одан кейін жыл сайын осы жерлерде бабалардың қабірлерін зиярат ету немесе тәуап ету мақсатымен сапарлар ұйымдастырылады. Сонымен бірге жастармен де жұмыс жүргізіледі. Ол жерде слеттар, жазғы демалыс лагерлері, тарихи экскурсиялар өткізіледі мысалы, оларға осы жерлерге деген сүйіспеншілік сіңдіру үшін оқу орындары тарапынан Түркістанға тарихи экскурсиялар ұйымдастырылады, бірақ (сорақысы) осының барысында студенттер мен оқушылар дінбұзар гидтер немесе сапарды ұйымдастырушылар тарапынан ұйымдасқан түрде Ислам дінінде ешқандай негізге ие болмаған рәсімдік іс-шараларға қатыстырылады. Жүздеген және мыңдаған балалар мен жасөспірімдер Түркістанға кіруден бұрын Ахмет Яссауидің ұстазы болып саналатын Арыстан-Бабтың жерленген кесенесіне барып түнеп, соның қабірінің алдында тілек тілеп, ал содан соң ертеңіне таңертең Түркістандағы Қожа Ахметке жол тартады.  Қожа Ахмет кесенесіне келгеннен соң, тайқазанға тиын тастап, кесененің өзін тілек тілеп айналып, кейін Қожа Ахметтің жерасты үңгірін, мешітін көріп, ізінен осы жерде орналасқан басқа да қабірлерді зиярат етіп, соңынан, кетудің алдында осы жерде көптеп сататын көзмоншақ, тіс, құс-жанауарлардың тырнақтары, адыраспан сияқты тұмарларды алып жақындарына тәбәрік ретінде алып кетеді. Мұның барлығы егер оларға біреу-міреу сөгіс айтса, олар: «Сендер сонда осы игі істерді сөгіп тыйым саласыңдар ма?!», — деп айта алатындай болу үшін жасалады.

Шариғат терминологиясында бұл саты «Құлшылық-ғибадат жасау мақсатында шариғат тарапынан заңдастырылмаған жерлерге сапарлар ұйымдастыру» деп аталады.

7) Кейін адамдардың жүректерінде қабірлер мен «әулиелі жерлерге» деген байланысты күшейту мақсатында оларға намаз, құрбан шалу, нәзір беру, дұға ету, тәубе ету сияқты ғибадаттың түрлері осы жерлерде анағұрлым сауапты болады және Аллаһқа одан сайын сүйіктірек болады деген сенім насихатталады. Сондай-ақ адамдарға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әруағы олардың жиындарында қатысады және оларды құптайды әрі оларға қуанады деген пікір сіңдіріледі.

Шариғат терминологиясында бұл құбылыс “«Қабірлердің жанында жасалатын құлшылықтар басқа жерлердегі құлшылықтардардан артығырақ» деген сенім“ деп аталады.

8 ) Сонымен қатар Аллаһтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атымен және оның құқығымен тілеуге (сұрауға), сондай-ақ Аллаһтан әулиелердің құрметімен тілеуге (сұрауға) рұқсат етілетіндігі туралы кітаптар басылып шығарылады.

Шариғатта бұл «Заңдастырылмаған тәуассул – Аллаһқа қайтыс болған салиқалы адам арқылы дұға ету» деп аталады.

Ол мынандай сөздерде көрінеді: «Уа, Аллаһ! Мен Сенен осы жерде жерленген салиқалы адамдардың[1] құқығымен мені кешіруіңді тілеймін (сұраймын)», — т.с.с. Осы арқылы адамдардың жүректерінде белгілі бір салиқалы адамның әруағы Аллаһтың алдында ерекше құрметке ие, әрі егер Аллаһтан оның есімі арқылы дұға етіп сұралса, ол міндетті түрде дұғаға жауап береді деген сенім енгізіледі.

Жоғарыда аталған сатылардың әрқайсысының ерекше маңызымен бір беткейлігі барекенін біліңіз, уа, құрметті оқырман.

Олардың әрқайсысын орнату жеке айқас, жеке шайқас болып табылады, әрі олардың әрқайсысында жеңіске жету арқылы әртүрлі сопы тариқаттарының өкілдері біздің жерлерімізге көпқұдайшылықты енгізіп жіберді.

Жоғарыда аталған сатылардың әрбірі өздігінше көпқұдайшылық болып табылмайды, бірақ көпқұдайшылыққа алып баратын діндегі жаңалық (бидғат) болып табылады.

Міне енді, осы жерде біз осы сегіз сатының бәрін күрессіз және тойтарыс жасамай-ақ беріп қойғанымызды өкінішпен мойындауға тиістіміз.  Бірақ бұдан да өкініштісі – бұл азды құрамайтын отандастарымыздың «Ақ жол», «Сұңқар», «Яссауишілер» т.б. дінбұзар секталардың шырмауына түсіп, келесі, зардабы мен ауырлығы алдынғы сегізінен де ауыр, тоғызыншы сатыға өткені. Егер сіз осыны түсінген болсаңыз, онда тоғызыншы сатының олар тарапынан алынуы көпқұдайшылықты насихаттап жүргендерге қиынға соқпағанына, өйткені алдынғы сегізінші сатыда  олар өз позицияларын мығым етіп алғанын әрі сондықтан да қазіргі кезде олардың ақ жалау таққан автобустары ел аралап, қабірлердегі аталарға тәуап етушілерді Түркістанға еш қиналмастан, бөгетсіз топ-топ етіп алып барып жүргендеріне таң қалмассыз.

9) Бұл тоғызыншы сатыда дәл қазір адамдар арасында мынандай идея насихатталуда және іске де асырылуда:

«Біз барлығымыз күнәхар және нашар адамдармыз. Әрі біз Аллаһқа жалбарынған кезімізде ол біздің дұғаларымызды қабыл етпейді және бізге қарамайды да, Ол біздің амалдарымызды қабыл етпейтінін айтпай-ақ қойғанның өзінде. Біздің күнәларымыздың зор болғаны соншалықты – тіпті біз Аллаһқа Оның сүйіктілері болған салиқалы адамдардың есімдері арқылы жалбарынсақ та, Ол бізге жауап бермейді. Бұл жағдайдан шығу жолы қандай? Мұның жолы өте қарапайым – қайтыс болған салиқалы адамның әруағына ол бізге Аллаһтың алдында шапағатшы болсын деп тікелей жалбарыну қажет, өйткені ол Аллаһқа жақын және Аллаһ оның дұғасын қайтармайды ғой! Ал осы салиқалы адамның әруағына келер болсақ, ол сені қайтармайды, өйткені оның өзі де адам ғой, әрі оның табиғаты (болмысы) саған жақын, сондықтан да ол  сені де, сенің жағдайыңды да жақсы түсінеді». Олар: «Бұл көпқұдайшылдық (ширк) емес, өйткені сен осы салиқалы адамның (әулиенің) әруағының ризалығын емес, Аллаһтың ризалығын алуға ұмтылып жатырсың ғой!», — деп айтады.

Сондай-ақ, олардың айтуына сәйкес, сен сол салиқалы адамның әруағынан тікелей оның қабірінің алдында тұрып, ол еститіндей етіп сұрайсың, әрі ол сені сен қай жерде болсаң да естиді деп сенбесін ғой, сондықтан да бұл ширк болмайды.

Көп жылдардан бері осындай улы ұғымдар мен қисық қисын адамдардың бастарына мығым орналасуда. Бұл жайт олардың көбінің қайтыс болған салиқалы адамдардың (әулиелердің) әруақтары арқылы сұраған тілектері нәтиже беріп жатқан көріністермен күшеюде.

Бұл тоғызыншы саты бойынша ғалымдар арасында «Бұл көпқұдайшылық болып табылады ма, әлде шектен шыққан бидғат па?» деген кейбір келіспеушіліктер бар. Сенімді пікір мұның адамды Исламнан шығаратын көпқұдайшылық болып табылатынындығында.

Ал егер сіз, құрметті оқырман: «Неліктен сіздер барлығы да тура сіз айтқандай болатындығына сенімдісіз?», — деп сұрасаңыз, біз сізге былай деп жауап береміз:

Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әрбір қадамдарының соңынан әдет-ғұрыптарына ілесесіңдер. Тіпті егер олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер міндетті түрде олардың соңынан ересіңдер». Кейін Абу Са’ид: ”Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сізн яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?», — деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», — деді”, — деп айтқан. Хадис сенімді (сахих); Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.

Біз оқырманның осы жерде бір маңызды жайтты, яғни христиандардың өз дұғаларында тура осы тәсілді қолданатындықтарын байқады деп ойлаймын. Олар «аспандағы шапағатшылардан» Құдайға өздері үшін Ол оларды кешірсін деп жалбарынуларын сұрайды[2].

Бұдан тыс көпқұдайшылыққа деген тура осы жолды арабтар да оларға Мухаммад Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жіберілгенге дейін басып өткен болатын. Олар бірқұдайшылықтың таза дінін – Ибраһимнің дінін ұстанғаннан кейін көпқұдайшылдарға айналып кетті.

Осының барлығына қоса көптеген араб елдерінің және посткеңестік республикаларының мысалы тұр. Бұл елдердегі салиқалы адамдардың қабірлерінде орын алып жатқан нәрселерді суреттеп жеткізуге сөз де, қаламның ұшқырлығы да жетпейтін шығар.

Біздің халықтарымыздың өкілдерін дәл осындай қорқынышты нәтижеге келіп жетуінен не құтқара алады?

Біз оқырманымыз өз санасында осы параллельді үнемі сақтап отыратындығына және христиандар осы тоғыз сатыны бізден бұрын өтіп қойғандығын түсінеді деп үміттенеміз. Енді олардың соңынан біз ерудеміз. Христиандар осыда тоқтаған жоқ, сопылар да, қабірлерге табынушылар да бізді одан әрі алып барады:

10) Олар ендігі сатыда: “Адамдарды үнемі «Бұл салиқалы адамның әруағы бізге оп-оңай түрде көмектесе қоятынын біз қайдан білеміз?!» деген күмән мазалайды. Ендеше бұған деген сеніміміз едәуір күшті болу үшін, біз осы салиқалы адамды барынша разы етуіміз қажет!”, — деп айтады, әрі айтып та жүр. Міне осы жерде аһлю-Сунна уәл жама’а ғалымдары бірауыздан көпқұдайшылық деп атаған нәрсе басталады.   Адамдар осы әруаққа арнап құрбан шалады, оған жалбарынады, оның алдында көз жастарын төгеді, оған сәжде жасайды, оның қабіріне денесін үйкейді немесе оны қолымен сипап, кейін соны бетіне сипап жағады, оны айналып тәуап жасайды.

11) Адамдар осы салиқалы адамның («әулиенің») әруағы қаншалықты құрметтелетінін көргеннен кейін, оларда оның аса ұлы және барлық нәрсеге күші жететіндігі туралы сенім туындайды. Көпқұдайшылдар Аллаһ Тағала бұл салиқалы адамға ерекше сипат дарытқан деп ойлайды, олардың арасында оның кейбір табиғи құбылыстарды басқара алатынын, оған дұға етіп жалбарынғандарды олар қай жерде болса да ести алатындығын, оған дұға ететін адамдар оған бір мезгілде әртүрлі тілдерде жалбарынып жатса да ол оларды түсіне де, жауап бере де алатындығын, пайда және зиян келтіре алатындығын, ауруларға шипа, ерекше күш-куат (баласыздарға бала, жолы болмағандарға жол ашып) бере алатындығын атап өтуге болады.

Бұл — өз дініне қызғаныш танытатын әрбір мұсылман білуге тиіс болған нәрсенің қысқаша түсіндірмесі.



[1]Әдетте «әулиелердің» деп айтылады.

[2] Мынау православ христиандарының Николай-чудотворецке жалбарынатын дұғасының мәтіні және оның аудармасы. Біз оны екі тілде де беруді жөн санадық:

«О, всесвятый Николае, угодниче преизрядный Господень, теплый наш заступниче, и везде в скорбех скорый помощниче!

(Уа, аса қасиетті Николай, Раббымыздың таңдаулы әулиесі (жақыны), біздің ыстық шапағатшымыз, әрі барлық жердегі қайғы-қасіреттердегі біздің жедел көмекшіміз!)

Помози мне, грешному и унылому, в настоящем сем житии

(Күнәхар әрі мұң-қайғы басқан маған осы тіршілігімде көмектесе гөр),

умоли Господа Бога даровати ми оставление всех моих грехов, елико согреших от юности моея, во всем житии моем, делом, словом, помышлением и всеми моими чувствы

(Раббымыз Құдайдан менің жастық шағымнан бастап бүкіл өмірімдегі ісіммен, сөзіммен, ниетіммен және бүкіл түйсігіммен жасаған барлық күнәларымның (кешіріліліп, жазасыз) қалдырылуын жалбарынып сұрай гөр);

и во исходе души моея помози ми окаянному, умоли Господа Бога, всея твари Содетеля, избавитимя воздушных мытарств и вечнаго мучения

(және менің жанымның ақырына да қатысты мен малғұнға көмектесе гөр, барлық жаратылыстардың Жаратушысы, дүниедегі қиыншылықтардан және мәңгі азаптан Құтқарушы — Раббы Құдайды жалбарынуыңмен көндір):

да всегда прославляю Отца и Сына и Святаго Духа, и твое милостивное предстательство, ныне и присно, и во веки веков. Аминь

(әрқашан Әкені әрі Баланы әрі Қасиетті Рухты және сенің рахымды дәнекерлігіңді пәктеп-дәріптеймін, қазір де, кейін де және ғасырлар бойы да. Әмин)».

Бұл дұғада Николайға қандай да бір Раббылық сипаттарды телу жоқ екендігіне, бірақ Николайдың барлық қызметтері ол олардың Құдай алдындағы шапағатшысы екендігімен ғана шектелгеніне назар бұрыңыздар!

жалғасы бар