Ақида,  Бұрмалаулар

Шариғат тарапынан құлшылық-ғибадат үшін белгіленбеген орындарға ғибадат ету үшін сапар жасау

Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он төртінші тарауын ұсынамыз.

Жүктеп алу.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Мынау – осы мәселеге қатысты ғаламтордан алынған кейбір үзінділер:

1. «Біздің кезімізде жыл сайын жүз мыңға жуық адамдар осы жерлерді зиярат етеді».

2. «Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады».

3. «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады».

4. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасиетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды».

Белгілі орындарға (қабірлерге, кесенелерге, молаларға, мешіттерге) сол жерлерде Аллаһқа құлшылық ету үшін сапар жасау мәселесі адамдардың «осы жерлер олардың өмір сүретін жерлеріне қарағанда көбірек игілік-береке дарытады» деген сеніміне негізделеді. 

Олардың: «Дәл осы жерде, күннің ыстығына қарамастан, Қазақстанның жан-жағынан келген мыңдаған адамдар бабаларға тағзым етіп, қасиетті жерде күнәлары үшін кешірім тілеп, осы әулиелер басында Құран бағыштайды», — деп айтатын сөздері дәл осыны меңзейді. Түркістанға, Бекет Атаға Қазақстанның қандай да болсын бір жерінен Аллаһқа күнәлары үшін тәубе ету үшін арнайы сапар жасайтын адам міндетті түрде «Аллаһ Тағала Түркістанда жасалған тәубені адам сол тәубесін өзінің тұрғылықты жеріндегі мешітте жасағаннан көрі жақсырақ қабылдайды» деген сенімге ие болады.

Ал Түркістанға барушылардың кейбіреулері мұндай сенімге ие емес, алайда осы жерлерге ата-бабаларының қабірлерін зиярат жасауды өздерінің парызы деп санайтындығынан барып жатады.

Осы жерде екі сұрақ туындайды:

1. Бірінші сапар жасаушының сенімі дұрыс па?

2. Екінші сапар жасаушыға ата-бабаларының қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығуға рұқсат етіледі ме? Өйткені алғаш қарағанда, бұда тұрған еш жаман нәрсе  жоқ сияқты ғой?

Осы екі сұраққа жауап беруі үшін бірнеше құбылыстарды қарап шығу қажет.

           1-Бөлім. Өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат жасауға рұқсат етіледі ме?

Өз елді-мекеніңдегі қабірді зиярат етуге байланысты ғалымдардың арасында төрт түрлі пікір бар:

1. Бұл құпталмайды (Ибн Сириннің, Ибраһим ән-Нәха’идің, әш-Шә’бидің т.б. пікірі).

2. Бұл кұпталады, тіпті өмірде бір рет болса да бару міндетті (Ибн Хазмның пікірі).

3. Бұл рұқсат етілген (кейбір ханафилердің пікірі[1], кейбір мәликилердің т.б. пікірі).

4. Бұл абзал (ислам ғалымдарының көпшілігінің, олардың ішінде көпшілігі ханафи ғалымдарының[2], мәликилердің пікірі, шафиғилердің бірауызды келіскен және кейбір ханбалилердің пікірі).

Соңғы пікірдің дұрыстығына кейбір ғалымдар (мысалы, имам ән-Науауи және әл-‘Абдари) мұсылмандардың бірауызды келісімін (ижма`) жеткізген, бірақ іс жүзінде бұл мәселеде келіспеушілік бар.

Ал дұрысы төртінші, яғни «өз елді-мекенінің қабірлерін зиярат ету абзал болады» деген пікір болып табылады.  Бұған көптеген хадистер дәлел болады. Осы жерде Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинадағы әл-Бақи’ қорымын  жиі зиярат еткендігі жеткілікті болып табылады. Бұл туралы жеткен хадистер сахих. Қз.: Муслим 974.

2-Бөлім. Ұзақ уақыт бойы қабірлерді зиярат етуге Исламда тыйым салынған болатын, кейін бұған рұқсат етілді

Құрметті оқырман, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Исламға шақыруы басталғаннан кейін ұзақ уақыт бойы адамдарға қабірлерді зиярат етуге тыйым салғанын біліңіз. Ешкім қабірлердің басына өз туған-туысқандарын зиярат етіп бармайтын. Осылайша көп уақыт Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің соңына дейін жалғасып келді. Ал осы діннің түсірілуінің соңында Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға қабірлерді зиярат жасауға рұқсат етті, әрі өзі де Мәдинаның қабіріне баратын болды.

Абу Хурайра былай деп баяндайтын: ”Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз анасының қабірін зиярат етті де, жылап жіберді, содан соң оның айналасында болғандар да жылады. Ол: «Мен Раббымнан анам үшін кешірім тілеуге рұқсат беруін сұрадым, бірақ Ол маған мұны рұқсат етпеді[3].  Кейін мен оның қабірін зиярат жасап тұруға рұқсат сұрадым, әрі Ол маған мұны рұқсат етті. Ендеше, қабірлерді зиярат жасаңдар, өйткені олар өлімді еске салады», — деді” (хадис сенімді (сахих); Муслим 976; Абу Дауд 3234; Нәсаи 2033; Ибн Мәжаһ 1572).

Бурайда ибн әл-Хусайб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Мен осыған дейін сендерге қабірлерді зиярат жасауға тыйым салатынмын, ал енді оларды зиярат жасай аласыңдар». Басқа бір риуаятта: «Ал енді кім қабірді зиярат жасағысы келсе, зиярат етсін, бірақ Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін нәрселерді айтпасын», — деп айтылған (хадис сенімді (сахих); Муслим 3/65 т.б.).

Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Осыған дейін мен сендерге қабірлерді зиярат етуге тыйым салатынмын, бірақ енді оларды зиярат жасаңдар, өйткені оларды зиярат жасау жүректі жұмсартады, көзге жас келтіреді және келесі өмір туралы ескертеді, бірақ Аллаһтың ашу-ызасын тудыратын еш нәрсе айтпаңдар» (хадис жақсы (хасан); әл-Хаким 1393; Ахмад 3/237; Қз.: «Талхыс әл-Хабир» 2/137).

3-Бөлім. Неліктен осыншама көп уақыт бойы қабірлерді зиярат етуге тыйым салынған еді?

Имам ән-Науауи былай деген: «Қабірлерді зиярат ету мұсылмандардың жәхилиет (Исламға дейінгі надандық) және көпқұдайшылық заманына жақын болғандығынан тыйым салынған еді. Олар Исламға дейін қабірлерді зиярат еткен кездерінде қабірлердің басында көпқұдайшылық сөздерін айтатын. Ал Ислам мығым тұрақталғаннан кейін және оның үкім-қаулылары танымал және түсінікті болған соң, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға қабірлерді зиярат етуді рұқсат етті, бірақ мұны «бірақ Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін сөздерді айтпаңдар» деген шартпен бекітті». Қз.: «әл-Мәжму’» 5/285.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Бастапқы тыйым пұтқа табынушылықтың есіктерін жабу және бірқұдайшылықтың негіздерін қорғау үшін, сондай-ақ адамдардың жүректерінен қайтыс болған адамдарға, қабірлерді ұлықтауға және оларға табынуға деген байланыстылықты алып тастау үшін қойылған болатын. Ал бірқұдайшылық сахабалардың жүректерінде бекем түрде орнаған соң, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ер кісілерге қабірлерді шариғаттың қатаң түрде орнатқан шекараларында зиярат жасауға рұқсат етті. Бұл олардың имандарының күшеюі үшін әрі олар келесі өмірді еске алулары үшін. Сөйтіп, қабірлерді зиярат етуге деген тыйым пайда үшін орнатылған еді, сондай-ақ оларды зиярат етуге деген рұқсат та пайда үшін келді». Қз.: «Иғасат ул-Ләхафан» 1/200, сондай-ақ «Тахзиб ус-Сунан» 9/60.

Қабірлерді зиярат етуге деген бастапқы тыйымның тура осындай себебін сондай-ақ ханафи мәзһабының имамдары да атаған болатын Қз.: имам әл-Бәрқауи «Зиярат ул-Қубур» 23-24 беттер; имам Ахмад әр-Руми «Мәжалис ул-әбрар» 355-356 беттер; имам Уалиуллаһ әд-Дахләуи «Хужжату-Ллаһи әл-Балиға» 2/38; «Фатх ул-Мәннан» 489, 493 беттер.

4-Бөлім. Неліктен шариғат қабірлерді зиярат етуді тыйым салғаннан кейін қайта рұқсат етті?

Имам Ибн әл-Қайим былай деді: «Шариғат қабірлерді зиярат етуді үш мақсатқа жету үшін заңдастырды:

1. Қабірлерді зиярат ету келесі өмірді еске салады, әрі ғибрат болып табылады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Енді қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені бұл келесі өмір туралы ескертеді», — деп айтты.

2. Осыда қайтыс болған адамға қатысты көңіл бұрудың көрінісі бар. Сондықтан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтан қайтыс болған (мұсылман) үшін кешірім, рахым және мейірімділік тілеуді заңдастырды[4].

3. Қабірлерді зиярат етуде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу және ол орнатқан шекараларды ұстану бар. Осы арқылы адам өзіне-өзі игілік танытады». Қз.: «Иғасат ул-Ләхафан» 1/188.

5-Бөлім. Зираттағы қабірлерді зиярат еткенде не істеу керек?

1. Қайтыс болғандарға (мұсылмандарға) сәлем беру және олар үшін (Аллаһтан) кешірім  тілеу.

Бұған төрт мәзһаб, соның ішінде ханафи мәзһабының өкілдері де келіскен. Қз.: «Фатх ул-Қадир» 2/150; «әл-Бахр әр-Раиқ» 2/210.

Бурайда ибн әл-Хусайб Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат еткенде былай деп айтуды үйреткенін баяндаған: «Әссаләму `аләйкум, осы қабірлердегі мүміндер. Аллаһ қаласа, біз де жақын арада сендерге қосыламыз. Аллаһтан біз үшін де, сіздер үшін де мейірім тілеймін» (хадис сенімді (сахих); Муслим 975; т.б.).

2. Сәлемдесу және осы дұғаны айту кезінде қабірге қарау.

Бұған Ибн ‘Аббастың мына хадисі дәлел болады: ”Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдина зиратының жанынан өтіп бара жатып, оған бет бұрып: «Ассаләму аләйкум…», — деп айтты”  (хадис оны бекемдететін иснадтардың болуы себепті жақсы (хасан); Тирмизи 1053; әт-Табарани «әл-Кәбирде» 12613).

Бұл пікір төрт мәзһабтың барлығына, соның ішінде ханафи мәзһабына да тиесілі. Қз.: «Фатх ул-Қадир» 3/168.

6-Бөлім. Қабірді зиярат ету үшін басқа елді-мекенге сапарға шығуға           рұқсат етіледі ме?

Бұл бөлімді оқу барысында шариғат өз елді-мекенінің зиратын зиярат ету мен басқа бір елді-мекенге ондағы қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығудың арасында айырмашылық орнатқанын білдіретін маңызды жайтты ұғып алу қажет.

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шығуға болады – әл-Харам Мешітіне, менің мешітіме[5] және Илия[6] мешітіне» (хадис сенімді (сахих); Муслим 1397).

Сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен — басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді»  (хадис сенімді (сахих); Бухари 1189; Муслим 1397; Абу Дауд 2033; Нәсаи 699; Ибн Мәжаһ 1409; т.б.).

Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарларды үш мешіттен: осы менің мешітімнен, әл-Харам Мешітінен және әл-Ақса мешітінен – басқа мешіттерге қарай жекпеңдер», — деп айтқанын баяндаған (хадис сенімді (сахих); Бухари 1197; Муслим 828; Тирмизи 326; Ахмад 45, 51).

Бұл хадистерде өз елді-мекеніңнен басқа бір елді-мекенге ғибадат жасау үшін, мейлі мешітке болсын, мейлі қандай да басқа бір жерге сапарға шығуға тыйым салынғандығына айқын нұсқау бар. Ал егер біреу: «Мен пәлен елге шариғи білім алуға барғым келеді. Ал білім талап ету ғибадат болып табылады, бірақ осы сөздерге сәйкес мен білім талап етуге сапарға шыға алмайтын болып тұрмын ғой», — деп айтса, оған жауап былай болмақ: бұл рұқсат етіледі, өйткені сен бұл елге білім талап ету үшін баруды қалап тұрсаң да, және ол ғибадат болса да, бірақ дәл осы ел саған ел ретінде керек емес. Сен бұл елге дәл сонда ғалымдар немесе саған қажет болған университет бар болғандықтан сапарға шықпақсың. Ал егер ғалым басқа бір елге қоныс аударса, немесе осы сияқты университет басқа бір елде ашылса, онда сен өз бағытыңды оңай ауыстыра саласың да, әлгі бірінші елге барудың орнына екінші елге барасың. Ал осы хадисте тыйым салынған нәрсе — басқа елді-мекенге дәл сол елді мекенде белгілі бір мешіт бар болуы және адам дәл сонда намаз немесе басқа да ғибадатты орындағысы келуі себепті сапарға шығу. Мұндайды істеуге рұқсат жоқ, өйткені сіздің елді мекеніңіздегі мешіт басқа елді мекендегі мешіттен еш кем емес, өйткені жоғарыда аталған үш мешіттен өзге мешіттердің барлығының мәртебелері де, дәрежелері де өзара тең.

Дәл Түркістанда және басқа да сол сияқты «әулиелі» жерлердегі жасалған ғибадат-құлшылық сауабы бойынша басқа жерлерде жасалған құлшылықтан жоғары деген пікір Түркістанды, Бекет Атаны, Арыстан Бабты т.с.с. жерлерді зиярат етіп барушыларды сол жерге сапарға шығуға итермелейді. Олар Түркістандағы немесе сол сияқты басқа да жерлердегі қабір-кесенелер, ғимараттар мен құдықтар, ағаштар мен топырақ қасиетті, демек ол жерде намаз орындау да жақсырақ деп санайды. Осы Түркістанға және сол сияқты басқа да «киелі» жерлерге зиярат етушілер сол жерлер ондағы жерленген «әулие-әруақтардың» болуы немесе көне замандардан бері сақталып тұрғандығы  себепті қасиетті деген сенімге ие.

Ал сауда-саттық, ағайын-туысты зиярат ету т.с.с. мақсаттар үшін сапарға шығуға келер болсақ, мұның барлығында проблема жоқ, өйткені мұнда діни сылтау жоқ болып тұр. Мұндай жағдайда адам белгілі бір қалаға осы қала қасиетті деп саналғандығы себепті емес, дәл сол қалада оның ағайын-туыстары өмір сүретіндігі себепті оларды көріп қайту үшін сапар жасайды, әрі егер олар басқа қалада тұрғанда еді, ол сол басқа қалаға барар еді. Мұндай жіктеудің жалпы түсіндірмесін «Мәжму’ әл-Фәтауада» 2/186 табуға болады.

Түркістанға және сол сияқты басқа да өтірктен қасиетті саналатын жерлерге сапар жасауды жақтайтындар: «Бұл хадисте қабірлер, кесенелер және қасиетті жерлер туралы емес, дәл мешіттер туралы сөз болуда», — деп айтады.

Жауап:

1. Абу Басра әл-Ғифаридің[7] ол бірде Абу Хурайраны кездестіргендігі және одан: «Сен қайдан келе жатырсың?» — деп сұрағандығы туралы хадисі жеткізіледі.  Абу Хурайра: «Тур [8] тауынан келе жатырмын. Мен ол жаққа сол жерде намаз орындау үшін бардым», — деп жауап берді. Сонда Абу Басра: «Егер мен сені сапарға аттануыңнан бұрын көріп үлгергенімде, сені ол жерге жібермес едім, өйткені мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса мешітінен — басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді», — дегенін естігенмін», — деп айтты (хадис сенімді (сахих); Нәсаи 1429;  Мәлик «Муатта» 1/108; Тайялиси 1348; Ахмад 23848; имам Тирмизи хадисті сенімді (сахих) деді № 491; сондай-ақ шейх әл-Әлбани де «Ахкам ул-Жәнаизде» (287-бет) оны сахих деді).

2) Каз’а былай деп баяндайтын: ”Бірде мен Тур тауына баруға жиналдым да, бұл туралы  Ибн ‘Умардан кеңес сұрадым, ол маған: «Сен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жануарлар үш мешіттен: әл-Харам Мешітінен, Елшінің Мешітінен және әл-Ақса Мешітінен — басқа мешіттерге сапар үшін жегілмейді»,  — дегенін естімеп пе едің? Мұны таста да, ол жерге барма», — деп жауап берді” (хадис сенімді (сахих); әл-Азракий «Ахбар Макка» 304-бет; Хайсами «әл-Мужма’» 4/4 және әт-Табарани «әл-Кәбир» 13283).

Сахабалардан жеткен осы екі хабарды оқып шыққан кезде, ғибадат жасау үшін сапарға шығу тек мешіттермен шектелмейтіні түсінікті болады, өйткені Тур тауы мешіт болып табылмайды. Соған қарамастан, сахабалар осы тауға онда Аллаһқа ғибадат жасау үшін баруға тыйым салатын.

Егер олар: «Бұл хадистерде мешіттер және қасиетті таулар мен жерлер туралы айтылуда, алайда оларда қабірлер мен кесенелерді зиярат етуге тыйым жоқ», — деп айтса, біз бұған былай деп жауап береміз:

Жауап:

1. Шейхул-Ислам былай деген: «Исламның алғашқы ғасырларында қабірлердің басында мешіттер немесе кесенелер салынбайтын. Алғаш рет мұндай нәрсе  Бану Буэйх [9] мемлекетінде, шығыста және батыста араларында құдайсыз кәпірлер көпшілік болған каррамилер [10] сектасы пайда болған кезде пайда болды. Олардың мақсаты Ислам дінін ауыстыру еді». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/167, 384.

Сондай-ақ ол былай деді: «Қабірлер мен олардың басындағы кесенелерге сапарға шығудың артықшылығы туралы хадистерді ойдан тоқып шығарғандардың алғашқылары рафидилерден және сол сияқтылардан болған бидғатшылар еді». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/191.

Сондай-ақ ол былай деді: «Сахабалардың заманында адамдар оған қарай жолға шығатын немесе оның алдына барып Аллаһқа жалбарыну үшін немесе одан игілік-береке мен шапағат тілеу үшін бағыт алатын қабір жоқ еді. Бұдан қалса, егер сахабалар қандай да бір жерлерде төбесіне ғимараттар салынған пайғамбарлардың қабірлерін көрсе, олар осы ғимараттардың біреуін де қалдырмай, оларды жермен бірдей етіп тегістейтін.  Өйткені мұндай ғимараттар адамдарды бүлікке салуы мүмкін еді. Тіпті Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін де олар оның бөлмесінің ішіне жасырды да, адамдарды одан алыстатты». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/271.

2. Сондай-ақ осы хадистердегі тыйым тек мешіттерді ғана емес, бірақ молалар мен кесенелерді де қамтитынына тағы бір дәлел – бұл жәхилиет кезінің, көпқұдайшыл-құрайштықтардың әдет-ғұрпы болғаны да.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі болған имам әд-Дахләуи былай деген: «Жәхилиет кезінде адамдар өздері «қасиетті» деп санайтын орындарға баруға ұмтылған, оларды зиярат еткен, олардан игілік тілеген және осы жерлерде қаншама бидғаттар мен күнәлар жасаған, бұл көпке мәлім болғанындай. Ал Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)  заңдастырылған ғибадат заңдастырылмаған ғибадатпен араласып кетпеуі үшін, сондай-ақ осы Аллаһтан басқа өзгеге құлшылық етуге алып келетін себепке айналмауы үшін,  осы күнәның есігін жапты. Әрі кімнің болсын қабірі немесе қандай болсын салиқалы адам құлшылық жасаған орын, сондай-ақ Тур тауы да – осы жерлердің барлығы оларға ғибадат жасау үшін баруға тыйым салынғандығында бірдей екендігі ақиқат болып табылады». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/192.

Дәл сондықтан да осы — имам Мәликтің және оның ізбасарларының, сондай-ақ кейбір ханафилердің[11], шафиғилердің және ханбалилердің пікірі.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі болған имам әл-Бәрқауи (981 һ/ж) былай деген: ”Ал қабір орындарына сапарға шығып, осы орайда жол ауыртпашылықтарын тарту және осымен ұлы күнә істеу туралы айтар болсақ,  онда ғалымдардың басым бөлігі былай деген: «Пайғамбарлар мен салиқалы адамдардың (әулиелердің) қабірлерін зиярат жасау үшін сапарға шығу дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Мұндайды сахабалар да, олардың ізбасарлары да істемеген. Сондай-ақ мұндайды әлемдердің Раббысының Елшісі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырмаған, әрі мұсылмандардың имамдарынан ешкім мұны абзал деп айтпаған.  Сондықтан да кім осы сапарлар Аллаһқа мойынсұну және игі амал болып табылады деген сенімге ие болса, сол мұсылмандардың бірауызды пікіріне қайшы келеді. Ал кім осы сенімге ие бола тұра, осы қабірлерге сапарға шықса, сол мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған (харам) нәрсе істейді”. Қз.: «Зиярат ул-қубур» 18-22 беттер.

Бұл ханафи имамының сөздері Түркістан, Бекет Ата сияқты жерлерге сапар жасап бару күнә және тыйым салынған амал болады дегенді білдіреді.

3. Егер үш мешіттен басқа қандай да нақты бір мешітке ғибадат жасау үшін сапарға шығу тыйым салынған болса, онда қабірлерге сапарға шығу тіпті тыйым салынған. Бұл қабірлердің ғибадат жасауда мешіттерден еш артықшығы жоқ болғандығы себепті, бұдан қалса мешіттердің олардан артықшылықтары
бар.

           7-Бөлім. Қарсылас жақтың күмәндары және оларға жауап

Ал қарсылас пікірдің жақтаушыларында олар өз пікірлерін қолдау үшін келтіретін бірнеше күмәндар бар.

1. Сәхл ибн Ханиф Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Кім өз үйінде дәрет алып, кейін әл-Қуба мешітіне келіп, онда намаз орындаса, сол кіші қажылық (умра) жасағанның сауабына тең сауап алады» (хадис сенімді (сахих); Нәсаи 2/37; Ибн Мәжаһ 1/453; Ахмад 3/487 және басқалар).

Осы хадисті келтіре отырып, олар оны әл-Қуба мешітіне, онда намаз орындау үшін, арнайы сапарға шығуға рұқсат етілетіндігіне дәлел ретінде пайдаланады. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

Жауап:

1. Бұл хадиске түсіндірме жасап, кейбір ғалымдар былай деген: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «…кім өзінің үйінде дәрет алып» деген сөздері, сондай-ақ оның «…кейін әл-Қуба мешітіне келіп» деген сөздері бұл мешітке сапарға шығу заңдастырылмағандығына нұсқайды. Ал заңдастырылғаны – оған дәрет алған күйінде шығып, барғанша дәреті бұзылмайтындай қашықтықта жақын тұратын  адамның баруы». Қз.: «Иқтида сырат әл-мустақим» 2/805.

2. Олардың хадисті осылай түсінуі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір жерде үш мешіттен өзге жерге жолға шығуға тыйым салып, ал басқа жерде осыған үндеп, өзіне-өзі қайшы келді дегенге алып келеді.

Сондай-ақ қарама-қайшы пікірдің жақтаушылары  Абу Са’ид әл-Худридің жоғарыда келтірілген хадисінің бір риуаятына жабысып алған. Бұл риуаятта: «Ғибадат жасағысы келгенге әл-Харам Мешітінен өзге қандай да бір мешітке барудың қажеті жоқ», — деп айтылған.

Олардың осы риуаяттан шығаратын қорытындысы: «Қажеті жоқ» деген тіркес тыйымға нұсқамайды, ол тек мұның құпталмайтындығын білдіреді”.

Жауап:

Бұл риуаяттың иснадында Шахр ибн Хаушаб деген әлсіз риуаятшы бар. Сондай-ақ оның иснадында есте сақтауында әлсіздік болған ‘Абдул-Хамид әл-Бахрам бар. Осының өзі осы риуаятты назарға алмау үшін жетіп асады. Бірақ бұған Шахр осы хадисті Абу Са’идтан риуаят еткені әрі осынысымен осы хадисті Абу Са’идтан өзгеше риуаят етушілерге қарсы шыққандығы да қосылады.

2. Қарсылас тарап өздерінің пікірін қолдау үшін келтіретін дәйекке Ибн ‘Умар баяндайтын хадис те жатады. Ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-Қуба мешітін жаяу және мініс көлігінде зиярат еткендігін баяндаған. Кейбір жеткізушілер бұған қосып: «Және онда екі ракағат намаз орындайтын», — деген (хадис сенімді (сахих); Бухари 1194; Муслим 1399).

Олардың қорытындысы: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қуба мешітіне мініс көлігінде барған, демек ол оған сапар жасаған».

Жауап:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған сапар жасамаған, өйткені ол Мәдинаның шетінде болатын. Сондықтан да оған сапарға шығу үмметіміздің имамдарының бірауызды пікірі бойынша тыйым салынған. Қз.: «әл-Муғни» 3/118.

2. Тіпті егер біз осы тұжырыммен келіссек те, осы хадиске сүйеніп, қабірлер мен мешіттер арасында ұқсастық бойынша теңеу (қияс) жасау дұрыс болмайды. Өйткені мешіт – бұл қабір емес, кесене емес, мола емес.

3. Қабірлерге табынушы сопылар сондай-ақ өз пікірлерін қорғау үшін бірде-бір танымал хадис жинақтарында келтірілмейтін көптеген өтірік, ойдан тоқылған хадистерді келтіреді. Осындай хадистердің бірі мына хадис: «Сендерді қиындықтар қоршаса, көмек үшін қабір иелеріне барыңдар».

Шейхул-Ислам былай деген: «Бұл хадис мухаддис ғалымдардың бірауызды пікіріне сәйкес  — өтірік және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағылған ойдан шығарылған нәрсе. Бірдебір мухаддис осы хадисті өзінің жинақтарында келтірмейді, әрі ол олардың біреуінде де жоқ». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 891-892 беттер.

Осы хадиске қатысты тура сол бағалауды ханафи мәзһабының ғалымдары да берген. Қз.: «Рух ул-Мә’ани» 6/127-128; сондай-ақ «Жәлә ул-‘Айнайн» 500-бет.

8-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуге рұқсат етіледі ме?

1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін осы үшін арнайы сапарға шықпай зиярат етуге келер болсақ, бұл кез-келген басқа қабірлерді зиярат ету заңдастырылғанындай заңдастырылған.

2. Бұдан қалса, ғалымдардың арасында «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін осы үшін сапарға шықпастан зиярат ету Сүннет болып табылады» дегенге келіспеушілік жоқ. Қз.: «әд-Дин әл-Халис» Мухаммад Сыддық Хасан 3/588.

3. Бірақ, сонымен бірге, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету барлық мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша міндетті болып табылмайды. Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/26.

4. Ал оның қабірін зиярат ету қалай орындалуға тиіс дегенге келер болсақ, онда оны зиярат етушіге ең алдымен мешітке сәлем беру (тахийят ул-мәсжид) намазын орындаудан бастау керек. Кейін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындап, оған: «Сәлем саған, уа, Аллаһтың Елшісі», — деп айту қажет. Сондай-ақ сәлемге салауатты қосса да болады. Қз.: «Мәжму’ат расаил әл-кубра» 2/407.

Ал осы құбылысты ханафи мәзһабының ғалымдарының бірі шейх ‘Абдур-Рахман ибн Мухаммад әл-ханафи Дамаад Афанди (1078 һ/ж) өзінің «Мәжма’ ул-Анхар фи шарх Мултак әл-Абхар» (1/313) еңбегінде былай деп суреттейді: «Адам мешітке сәлем беру намазын орындап болғанынан кейін, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындайды да, оның бас жағына барып, бетін Қыблаға бұрып тұрады, содан соң оның қабіріне үш-төрт шынтаққа жақындайды әрі осыдан артық жақындамайды және қолын қабірдің қабырғасына қоймайды….»

5. Қады ‘Ияд имам Мәликтен оның былай деп айтқанын жеткізген: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында дұға ету үшін тоқтау дұрыс деп есептемеймін, бірақ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беру керек және бірден кетіп қалу қажет». Қады ‘Ияд «әш-Шифа» 2/85.

6. Сондай-ақ қабірлері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің қасында орналасқан Абу Бакр мен ‘Умар ибн әл-Хаттабқа сәлем беру де заңдастырылған. Қз.: «әш-Шифа» 2/86.

7. Имам Мәлик сондай-ақ былай деген: «Мәдина тұрғындары үшін мешітке кіргенде және одан шыққанда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне жақындау қажетті емес. Мұны тек келушілер ғана істесе болады». Қз.: «әш-Шифа» 2/88.

8. Бірде имам Мәликке: «Бірақ Мәдина тұрғындары сапардан келгендер немесе сапарға жиналушылар болмаса да, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне күніне бірнеше рет жақындап барады ғой. Әсіресе, осындай нәрсе жұма күні, олар күніне бір немесе екі рет оның қабірінің алдына тұрып, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беріп, содан соң ұзақ уақыт бойы Аллаһқа жалбарынған кезде жиі орын алады», — деген. Бұған имам Мәлик былай деп жауап берген: «Мен осы қаланың бұрынғы ғалымдарының ешқайсысынан осының рұқсат етілгендігі туралы естімегенмін, сондықтан да осыны тастау жақсырақ болады, әрі осы үмметтің соңғылары оның алғашқылары түзелгеннен өзге нәрсемен түзелмейді. Және маған сахабалардан олардың осылай істейтіндігі жетпеді, әрі бұл (нәрсе) сапардан қайтқандар немесе сапарға шығатындардан өзгелер үшін мақұлданбайтын нәрсе болып табылады». Қз.: «әш-Шифа» 2/88.

9. Ал егер адам өзі үшін дұға жасағысы келсе, онда оны қабірдің жанында емес, мешітте, жүзін Қыблаға бұрып жасайды, сахабалардан осылай жеткен. Әрі олардың біреуінен де олардың қайсысы болсын өзі үшін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында дұға жасады деген хабар жетпеген, бұдан тыс олардың біреуі де, өзіне дұға жасауды айтпағанның өзінде, Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға жасағанда оның қабірінің алдында ұзақ тұрып алмайтын.

Ал неліктен барлық мәзһабтың имамдары осындай шарттар қоятын және осындай шектеулер орнататын?! Адамдардың Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігінен оның қабіріне көптеп келгендерінде, оған сәлем бергендерінде және оған салауат айтқандарында не жамандық бар?! Және не үшін сахабалар осыны істемейтін және Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуді толығымен дерлік тоқтатты?! Олар сонда Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүймей құрметтемеді ме?! Осылай деп бүгін бізге сопылар айтады. Олар бізге: «Сендер Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүймейсіңдер, ата-бабаларды құрметтемейсіңдер», — деп, т.с.с. нәрселерді айтады.   Ал шындығында сахабалар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқалардан артық сүйген және қадірлеген. Ал оның қабірін көп рет зиярат етуді олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздеріне мойынсұнып, тастады: «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар, бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді» (хадис жақсы (хасан); Ахмад 2/367; Абу Дауд 2042).

Өйткені егер Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретін әрбір мұсылман адам оның қабіріне оған сәлем беру үшін және оған игілік-береке тілеу үшін тұрақты түрде бара беретін болса, бұл міндетті түрде оның қабірінің тұрақты жиындар өтетін жерге айналуына әкеледі.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шөбересімен орын алған оқиға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар» деген сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Бірде Хасан ибн әл-Хасан ибн ‘Али Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында әркез дұға етуге тырысатын адамды байқап қалды да, оған: «Уа, пәлен! Не үшін мен сені үнемі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің алдында көремін?», — деп сұрады. Әлгі адам: «Мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем бердім», — деп жауап берді. Сонда Хасан оған былай деді: «Ақиқатында, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің қабірімді мерзімді жиналатын орынға айналдырмаңдар, бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді», — деді. Сондықтан сен болсаң да, Андалусиядағы біреу болса да, осы тұрғыдан яғни Пайғамбарға сәлем беру тұрғысынан бірдейсіңдер» (хабар оны нығайтатын иснадтардың болуы себепті сахих (сенімді); Са‘ид ибн Мәнсур өзінің «Сунанының» осы кезде жоғалған бөлігінде, бұл туралы «әл-Иқтидада» (2/656) және «әс-Сарим әл-Мункиде» (161-бет) айтылғандай; сондай-ақ Исма’ил әл-Қады «Фадлю ссалә ‘алә-н-набиде» № 30; ‘Абдур-Раззақ (6726); Ибн Аби Шәйба (2/375)).

Риуаяттардың біреуінде: «…ақиқатында, сендердің сәлемдерің маған сендер қай жерде болсаңдар да жетеді», — деп айтылған (хабар оны нығайтатын иснадтардың болуы себепті сахих (сенімді); Дыя әл-Мақдиси «әл-Мухтарада» № 428; Ибн Аби Шәйба 2/375; Абу Я’лә № 469; Исма’ил әл-Қады «Фадлю ссалә ‘алә-н-набиде» № 20).

Сөйтіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне үнемі келіп, оған сәлем беруге ұмтылу оны тұрақты жиналатын орынға айналдыру болып табылады. Ал қабірдің басына сол жерде мүлде заңдастырылмаған дұға жасау үшін келетін адамға қатысты не айтуға болады?!

Бірақ жүрегінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген жақсы көру сезімі тасып жатқан және оған қатысты жақсы нәрсе істегісі келген адам не істеуі керек? Бұған жауап «…бірақ маған салауат айтыңдар, ақиқатында, сендердің салауаттарың сендер қай жерде болсаңдар да маған жетеді» деген хадисте қамтылған.

Бұл дегеніміз – егер біз Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтсақ, ол оған біз қай жерде болсақ та жетеді, әрі сондықтан да оның қабіріне жақындаудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! Менің қабірімді табынатын пұтқа айналдырма, ақиқатында, өз пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырғандарға Аллаһтың ашу-ызасы күшті», — деп айтқанын баяндаған (хадис жақсы (хасан); Ахмад 2/246; Абу Ну’айм  «әл-Хильяда» 7/317 және басқалар).

Бұл хадистер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар оның қабірінің қасында қандай да бір ғибадат түрлерін жасауын, мысалы, дұға етулері былай тұрсын,  оның жанына жиналғанын қаламағанына нұсқайды.

Сондай-ақ осы соңғы хадис, басқа қабірлерді айтпағанның өзінде, тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі де сиынатын пұтқа айналуы мүмкін екендігіне айқын дәлел болып табылады. Ал қабірлерге табынушыларға келер болсақ, онда өздерінің көптеген кітаптарында олар қабір пұт бола алмайтындығы туралы айтады. Ал біз кімге сенуіміз керек: Пайғамбарға ма (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлде оларға ма?!

Ал енді Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетіндіктерін алға тартатын, алайда сонымен бірге ол жақсы көрмейтін және қаламайтын нәрселерді істейтін сопы тариқаттарының өкілдері не дейді екен?!

9-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне зиярат жасау үшін арнайы сапарға шығуға болады ма?

Мәдинада болғандарға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету сауапты амал болып табылады. Сондай-ақ оның қабірін зиярат ету Пайғамбар Мешітін зиярат ету үшін келген шетелдіктерге де абзал. Ал Пайғамбар Мешітін зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу рұқсат етілгендігіне келіспеушілік жоқ, өйткені бұл — Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жалпы тыйымнан шығарып тастаған үш мешіттің біреуі. Ал Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің өзін зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы айтар болсақ, онда бұл шариғатпен заңдастырылмаған, бұған осы үммет имамдарының басым көпшілігі келіскендей. Қз.: «әр-Радд ‘алә әл-Ахнаи» 29-30 беттер.

Ал мұны рұқсат ететіндерге келер болсақ, олар әлсіз және өтірік хадистерді немесе сахабалардан жеткен әлсіз не өтірік хабарларды, әрі сондай-ақ кейбір аяттар мен сахих хадистердің өздігінше жасалған өте ерсі түсініктерін дәлел ретінде келтіреді. Осы жерде осы аяттардың, хадистердің және хабарлардың кейбіреулерін келтірумен шектелейік.

 

1. «Менің қабірімді зиярат еткен кісі үшін менің шапағатым міндетті болады».

Жауап:

1. Бұл хадис сенімділігі (сахихтығы) жағынан олардың ең күшті дәлелі болып табылады.  Бұған қарамастан, хадис «қайтарылатын» («мункар») санатына жатады. Оның иснадында хадистері тәрк етілетін Муса ибн Хиләл атты жеткізуші бар. Қз.: «Тәлхис әл-Хабир» 2/266; «әл-Макасид әл-Хасана» № 425.

2. Тіпті егер бұл хадис сахих болғанда да, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне арнайы сапарға шығуға нұсқау жоқ.

 

2. «Кім маған тек мені зиярат ету үшін келсе, Қиямет Күні ол үшін шапағат жасау маған қарыз болады».

Жауап:

Бұл хадис әлсіз болып табылады, оның иснадында әлсіз жеткізуші — Мәсләма ибн Салим бар. Қз.: «әс-Сарим әл-Мунки» 49-бет.

Әрі егер осы хадис сахих болғанның өзінде де, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне сапарға шығудың заңдастырылғанына нұсқау жоқ.

 

3. «Кім қажылық жасаса және мені қайтыс болғанымнан соң зиярат етсе, сол мені тірі кезімде зиярат жасаған сияқты болады».

Жауап:

Бұл хадис өте әлсіз болып табылады, өйткені оның иснадында әлсіз жеткізуші — Хафс ибн Суләйман әл-Қари бар, бұдан қалса ол өтірікте айыпталған еді.  Қз.: «Әсна ул-Мәталиб» № 1378; «Тәлхис әл-Хабир» 2/266.

 

4. «Кім қажылық жасап, мені зиярат етпесе, сол мені ренжітті».

Жауап:

Бұл – өтірік, ойдан тоқылған, мүлде жеткізушілер тізбегі жоқ хадис. Қз.: «Кашф ул-Хафа» № 2460; «әл-Макасид әл-Хасана» № 1178.

Оның үстіне, бұл өтірік хадис барлық мұсылмандардың бірауызды келісілген пікіріне қайшы келеді, өйткені Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ренжіту өте ауыр күнәлардың бірі болып табылады, бірақ мұсылмандар «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету міндетті болып табылмайды» дегенге бірауызды келіскен, осыдан шыға келе, егер осы хадисті дұрыс деп тапсақ, онда «мұсылмандар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ренжіту рұқсат етілген» дегенге бірауызды келіскен болады.  Қз.: «әл-Фәтауа» 27/25.

Жалпы алғанда, сопылар он төртке жуық осындай хадистер келтіреді. Ал біздің келтіргендеріміз олардың ішіндегі сенімділігі жағынан ең күштілері болып табылады. Ендеше, олардың қалғандарының сенімділігі туралы не айтуға болмақ.

Сахабалардан жеткен хабарларға келер болсақ, онда осы жерде олардың кейбіреуін келтіріп кетеміз.

1. «Биләл ибн Рабах[12]  Шамнан Мәдинаға тек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін келді».

Жауап:

Бұл хабардың иснадында Ибраһим ибн Мухаммад ибн Суләйман атты белгісіз жеткізуші бар. Сондықтан хафиз ибн Хәжар: «Бұл оқиғаның өтірік екендігі айқын», — деп айтқан. Қз.: «Лисан ул-Мизан» 1/107.

2. ‘Умар ибн ‘Абдул-Азиз Шамнан Мәдинаға шабарман жіберіп, оған: «Менің атымнан Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем бер», — деп айтты.

Жауап:

Бұл хабардың иснадында бірден бірнеше белгісіз жеткізуші бар, сондықтан бұл хабар өте әлсіз. Қз.: «Сарим ул-Мунки» 244-бет.  Бұдан қалса, бұл хабар тек Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін ғана сапарға шығу заңдастырылғандығына нұсқамайды. Бұл осы хабарда: «Билеуші шабарманды тек оның атынан Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем беру үшін ғана жіберді», — деп айтылмағандығы себепті.

3. «‘Умар ибн әл-Хаттаб Шамнан Мәдинаға қайтып бара жатқан кезде Ка’б әл-Ахбарға: «Сен менімен бірге Мәдинаға, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету үшін барғың келмей ме?» — деді. Бұған Ка’б: «Иә, уа, мүміндердің әмірі! Мен жиі осылай істеймін», — деп жауап берді.

Жауап:

Бұл хабар өтірік және ойдан тоқылған. Қз.: «Сарим ул-Мунки» 247-бет.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етуге қатысты келтірілетін хадистердің барлығы мухаддис-ғалымдардың бірауызды келіскен пікірі бойынша әлсіз болып табылады. Мұның үстіне, бұл хадистер өтірік және оларды танымал хадис жинақтарының бірдебір авторы келтірмейді. Имамдардан ешкім бұл хадистерді дәлел ретінде келтірмеген, мұның үстіне, Мәдинаның имамы – имам Мәлик біреу: «Мен Пайғамбардың қабірін зиярат жасадым», — деп айтқан кезде жақтырмайтын».[13]Қз.: «әр-Радд ‘алә әл-Ахнаи» 189-бет.

Біз хадистер мен хабарларды келтіргеннен соң, енді аяттың ерекше ерсі түсіндірмесін келтіру қалды.

Аллаһ былай деді: «Егер олар өздеріне бір кесір істегенде, саған келіп, Аллаһтан жарылқау тілесе, егер Елші олар үшін жарылқау тілесе еді, әрине, олар Аллаһты тәубені өте Қабылдаушы, ерекше Мейірімді табар еді» (4:64).

Осы аяттан қабірге табынушылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне бару және өзі үшін кешірім тілеу абзал болады деген пайым шығарады. Бұдан тыс, осы аятты өздерінше осылайша түсінуін олар бір бәдәуи осы аятты оқып, содан соң Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне барып, оның алдында Аллаһтан кешірім сұраған, содан соң оның бір танысы түсінде Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көрген және ол оған: «Бар да, әлгі бәдәуиді кешірілгенімен қуант», — деп айтқан жалған оқиғамен нығайтады.

Жауап:

1. Бірде-бір сахабадан немесе олардың олардың ізбасарларынан олар Аллаһтан кешірім сұрау үшін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне баратындығы туралы сенімді хабар жеткізілмеген. Ал олар Құранның мағыналарын басқалардан жақсырақ түсінетін еді ғой.

2. Аталған аятта: «…егер Елші олар үшін жарылқау тілесе еді», — деп айтылған. Ал сен үшін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кешірім сұрағанын қайдан білесің?! Мұның үстіне, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде естимейтіні және осы әлемде не болып жатқанын білмейтіні сенімді түрде мәлім. Бұл оның қайтыс болып, қазір мәні бізге беймәлім басқаша өмір сүріп жатқандығынан.

Бұған дәлел – Қиямет күні адамдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) су айдынына келетіні, бірақ періштелер одан олардың көбін кері қуатыны және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыған өзінің таң қалысын білдіретіні. Сонда періштелер оған: «Олар сенен кейін (дінге) не енгізгенін білмейсің», — деп айтады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әрі сонда мен ізгі құл (яғни Иса ибн Мәриям) айтқан нәрсені айтамын: «Мен олардың арасында болған кезімде оларға куә болғанмын, ал Сен менің жанымды алған соң оларды Сен бақыладың». Сол кезде маған: «Сен олардан кеткелі бері олар сенің дініңнен тая берді», — деп айтылады» (хадис сенімді (сахих); Бухари 5/191; Муслим 4/2194).

Сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қабірінде адам өмір сүре алатын ең кемел өмірмен өмір сүріп жатқан болса да, бірақ ол, осыған қарамастан, осы фәни өмірде не болып жатқанын білмейді, ал оның бақи өмірінің мәні белгісіз.

Ал «Кім менің қабірімнің алдында маған салауат айтса, мен оны естимін, ал кім оны маған алыста болып айтса, ол маған жеткізіледі» деген хадиске келер болсақ, бұл хадис өтірік болып табылады, өйткені оның иснадындағы Мухаммад ибн Маруан әс-Судди – өтірікші.

3. Сондай-ақ осы аятты осылайша түсінудің өтірік екендігіне егер әрбір күнәхар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің жанына ол жерде тұрып кешірім сұрау үшін бара беретін болса, онда оның қабірі тұрақты жиналыстар орынына айналатындығы, ал мұны Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салғандығы да нұсқайды.  Сондықтан да Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат жасау үшін арнайы сапар жасауға тыйым салатын тағы бір себеп – осы сапарлар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің жанында тұрақты жиналыстарға алып келеді, ал бұған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сөздеріне сәйкес  тыйым салынған.

10-Бөлім. Ханафи мәзһабының имамдары Түркістанға, Бекет Ата мазарына және басқа да қабірлерге «қажылық» жасауға қарсы.

Соңғы жылдары Орта Азияда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың санасына Түркістанға қажылық жасау идеясы сіңдіріліп жатқаны сыр емес. Бұл идея әртүрлі үлгіде ұсынылады. Кейде ол «кіші қажылық» деген ұранмен таратылады, ал кейде «Жол аштырып, берекет тілеп қайту» деген қарапайым ұғымдар қолданылады.

Жыл сайын жылы маусымның кірісімен-ақ адамзат үшін қатерлі болған осы адасушылықты пайда көзіне айналдырып алғандардың іс-әрекеті белсендей түседі. Олар Аллаһтың дінінен бейхабар адамдарды өздері «қасиетті орындар» деп атап қойған жерлерге зиярат жасауға тартып, осыны «кіші қажылық», Түркістанды «екінші Мекке», ал діни сауаты жоқ адамдар оны береке тілеп, айналып тәуап жасайтын Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін  «Аллаһқа жақындататын орын» деп айтады.  Оның үстіне сапардың өзі Ислам дінінде негізі жоқ рәсімдік іс-шаралардың ұйымдасқан кешеніне айналдырылған.  Мысалы, жалған қажылықтың қатысушылары Түркістанға барудан бұрын Ахмет Яссауидің ұстазы болып саналатын Арыстан Бабтың жерленген кесенесіне барып түнеп, соның моласының үстіне соғылған мазардағы ғибадатханада намаз оқып, қабірінің алдында тілек тілеп, қабірдің есігіне ақ мата байлап,  мүмкіндігі жеткендер құрбан шалып, ал содан соң ертеңіне таңертен Түркістандағы Қожа Ахметке жол алуы қажет. Ал Қожа Ахмет кесенесіне келгеннен соң, тайқазанға тиын тастап, кесененің өзін тілек тілеп айналып, кейін Қожа Ахметтің жерасты үңгірін көріп, мешітінде намаз оқып, ізінен осы жерде орналасқан басқа да қабірлерді зиярат етіп, соңынан кетудің алдында осы жерде көптеп сататын көзмоншақ, құс-жанауарлардың тіс-тырнақтары, адыраспан сияқты тұмарларды алып жақындарына тәбәрік ретінде алып кетеді.

Елдің батыс аймақтарында өмір сүретін қазақстандықтар үшін осындай орын Бекет Ата мазары болып табылады екен.

Осы себепті де ханафи мәзһабының  атақты имамдарының қабірлерге жасалатын қажылықтарға қалай қарайтынын білдіретін сөздерін келтіру қажет болды.

Бірақ жоғарыда айтылғандарды біреулер бос сөздер деп санамауы үшін, адамдардың арасында осы идеяның таралуының мәнін түсінуге мүмкіндік беретін үзінділерді келтірген жөн болар.

Бұл үзінділердің барлығын және тағы да басқаларды еш қиналмастан, ғаламтордың түрлі сайттарынан табуға болады.

1. «1500 жыл ішінде Түркістан атақты шейх-көріпкел ақын Хазрет-сұлтан аталған Қожа Ахмет Яссауидің арқасында әлемге әйгілі болған. Ол кезде қала атауы Яссы болатын. XIV ғасыр аяғында Түркістан Ұлы Әмір Темір арқасында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған соң, атақты болды. Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі екінші Мекке болып саналады».

2. «Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады».

3. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды».

4. «Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан Баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орын. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан Бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды»

5. «Қожа Ахмет Яссауиге тәу етушілер алдымен Арыстан Бабтың басына барып түнейді».

Енді ханафи мәзһабы ғалымдарының қабірлерге «қажылық» жасауға қалай қарайтындары туралы айтқан сөздерін келтіру қажет.

1. Имам Уалиуллаһ әд-Дахләуи (1176 һ/ж) былай деген: «Көпқұдайшылықтың тағы бір көрінісі Аллаһқа емес, белгілі «қасиетті» орындарға қажылық жасау болып табылады». Қз.: «Хужжату Ллаһи әл-Балиға» 1/188.

2. Имам Шукри әл-Алюси (1343 һ/ж) былай деген: «Молаларға табынушылардың[14] кейбір шекке шыққан фанатиктері қабірлерге қажылық жасайды. Ал олардың кейбіреулері Меккеге де қажылыққа аттанады, алайда іс жүзінде Қажылық оларды мүлде қызықтырмайды, өйткені  олардың мақсаты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне бару болып табылады. Сонымен бірге олардың көбі тіпті Қағбаға да бармайды. Ән-Набхани[15] және сол сияқтылар бұл әрекеттерді Қағбаға Қажылық жасаушының істерінен де жақсы деп санайды[16]. Жағдай тіпті молаларға табынушылардың кейбір көшбасшылары былай деп айтуларына дейін жетті: «Бұл дүниеде қажылық жасалатын үш үй бар: Қағба, Құддыс (Иерусалим) және Үндістандағы пұт». Ал молаларға табынушылардың кейбіреулері өз шейхтарының (пірлерінің) қабірлерінің алдында Қажылық кезінде Арафат тауында тұрғандай тұрады. Бұл бүгінгі күні батыста да, шығыста да орын алуда». Қз.: «Ғаят ул-Амани» 2/347-348.

3. Имам әл-Баркауи (981 һ/ж) былай деп айтты және оның осы сөздерімен имам Ахмад әр-Руми де (1043 һ/ж) келісті: «Ал өздері де адасқан және өзгелерді адастыратын осы адамдар қабірлерге Қажылық ұйымдастыруға дейін және сол орындарда Қажылықта орындалатындарға ұқсас құлшылықтың ерекше рәсімдерін жасауға дейін барды. Олардың соқыр сенімді жетекшілерінің бірі тіпті бұл туралы кітап жазып, оны «Мәнасиқ ул-хадж әл-машахид» («Мазарлардың алдындағы қажылықтың рәсімдері»)»[17] деп атады. Осынысымен ол мазарлар мен кесенелерді Қорықты Үймен (Қағбамен) теңестіргісі келді. Және бұл — Ислам дінінен айқын шығу мен пұтқа табынушылардың дініне кіру екені ешкімге сыр емес. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің алдында істеуге тыйым салған іс-әрекеттер мен мыналардың ұйымдастырғандары әрі мақсат етіп ұмтылғандарынының айырмашылықтары қаншалықты екеніне қараңыздар.  Және онда сипаттауға келмейтін мөлшердегі оңбағандық пен күнә бар екендігіне күмән жоқ!» Қз.: «Зиярат ул-қубур» 20-бет.

Өкінішке орай, Түркістанға қажылық немесе оның кейбір рәсімдерін жасау белсенді түрде дамып жатыр. Ал жылдар өте, соның себебінен адамдар мұны құдайсыздық және Құдайға тіл тигізу деп есептемей, тіпті осы адасушылықтарды Исламның бір бөлігі деп санауда. Ал басқа араб елдеріне келер болсақ, мысалы, Мысырда Бәдәуидің туған күніне оның қабірінің басына жыл сайын жиналатын адамдардың саны Меккеге қажылыққа келетіндердің санынан қалмайды. Және бұл идея толығымен құдайсыз сенімдерге дейін алып барады. Сондай құдайсыздардың имамдарының бірі Ибн Саб’ин (сөзге орай айтып кететін нәрсе: оны сопылардың көптеген тариқаттары әулие және Аллаһқа жақын ізігілерден деп санайды) Қағбаны тауап жасап (жеті рет айналып) жүрген қажыларды келемеждеп, былай деген: «Мыналар диірменнің тасын айналып жүрген есектер сияқты. Егер олар мені айналғанда, олардың айналуы мына Үйді айналудан құрметтірек болар еді». Қз.: «Жухуд ‘уләма әл-ханафия» 1-сілтеме, 1325-бет.

11-Бөлім. Қабірлерді аралайтындардың  мәселелерінің шешілуі қабірлерді аралауға рұқсат етіледі дегенді  білдірмейді

Құрметті оқырман, салиқалы адамдардың («әулиелердің») қабірлерін  зиярат ету үшін сапарға шығатындардың көбі өздерінің дәл осы қабірлердің алдында ауруларына шипа табатындарын, жоғалған адамдары мен заттарының қай жерде екені туралы білетінін, сол жерлерде муғжизалар көретінін және басқаша бір дауыстар еститінін айтатынын біліңіз. Олар: «Кімде-кім қайтыс болған «әулиеге» лайықты құрмет көрсетпесе немесе оның абыройын қорласа, оның басына міндетті түрде қайғы-қасірет немесе бәле келеді», — деп те айтады. Осы жерлерді зиярат етушілер оларды зиярат ету барысында көрген түрлі муғжизаларды баяндайды. Олар пәлен адам қабірлерді құрметтейтіндердің немесе олардың істерінің үстінен күлгеннен кейін, оны найзағай соққандығы, немесе оның отбасының барлығы қырылып қалғандығы, немесе ол ауыр, шипасы жоқ аурумен ауырып қалғандығы туралы баяндап жатады. Осының барлығы қабірлерді қастерлейтіндерді өздерінің хақ екендігіне деген сенімін және олардың осы жерлерге деген байланыстылығын одан сайын күшейтеді.

Мынау – осы туралы айтылатын ғаламтордан алынған кейбір үзінділер:

«Бір таныс адам осы жерге аяғы ауру, жүре алмайтын әйелін алып келгенін айтып берді, бұлақтың жанына келгенде ол бірден орынынан тұрды да, екеуінің қуанышына нық қадам баса жүріп кетті!»

Сондай-ақ: «Бұлақты бірнеше рет бульдозер көміп тастады, бірақ ол бәрібір қайта-қайта жердің астынан ағып шыға берді. Сиынушыларды қорқыту үшін ара ұяларын қойып көрдік, бірақ барлық аралар тез арада өле берді…»

Тура осы сияқты пайымдарға сопылардың кітаптары толы. Мысалы, «әл-Басаир» кітабында (42-бет) автор Бағдадтағы Муса әл-Қазымның кесенесі туралы сөз етіп, былай дейді: «Муса әл-Қазым кесенесі Аллаһ Тағала дұғаларға жауап беретін тексерілген орын болып табылады». Сондай-ақ «Табақат ул-әулия» кітабында (281-бет) автор Ма’руф әл-Курхидің қабірі туралы сөз етіп, былай деп пайымдайды: «Оның қабірі жақсы ажыратылып белгіленген және танымал. Адамдар оған құт-береке тілеу үшін сапармен барады. Ал Бағдад тұрғындары ол арқылы Аллаһ Тағаладан жаңбыр тілейді де, Аллаһ Тағала олардың осы тілектерінің қайтармайтынын айтады. Олар: «Әл-Курхидің қабірі жапа шегушілердің ауыртпалықтарын шешетіндігімен танымал», — деп айтады».

Алайда, осы жерде осының барлығы қабірлерге табынушылардың іс-әрекеттерін ақтамайтындығын және осы амалдардың рұқсат етілгендігін білдірмейтінін түсіну қажет.  Мұны бірнеше тармаққа бөліп түсіндіруге болады:

1. Бұл оқиғалар мен әңгімелердің басым бөлігі іс жүзінде негізсіз, ойдан шығарылған және өтірік болып табылады. Жиі жағдайда бұл ертегілер бейтаныс адамдардан немесе өтірікшілер мен сұмдардан жеткізіледі. Осындай жерлерде халықты көп-көп жинаудан пайда көретін адамдар, осындай аңыз-ертегілерді ғаламтор кеңістігінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында таратады.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам Шукри әл-Алюси былай деген: «Мұндай ертегілерді білімге ие болмаған және иманы әлсіз болып табылатын адамдар ойлап шығарады. Немесе мұндай әңгіме-хикаялар белгісіз адамдардан жеткізіледі. Бізге келер болсақ, онда егер осы хикаялар тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атынан жеткізілетін болғанда да, біз олардың жеткізушілер тізбегінің сенімділігін растамай қабылдамас едік. Ал басқа біреуден жеткізілетін нәрсе туралы не айтуға болмақ?!» Қз.: «Фатх ул-Мәннан» 372-373 беттер.

Барлық ғалымдар осындай хикаялар, ертегілер және түстер қасиетті мәтіндерде тыйым салынғандығы туралы айтылған нәрселердің рұқсат етілгендігіне дәлел бола алмайды дегенге бірауызды келіскен.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам Махмуд Шукри әл-Алюси (1342 һ/ж) былай деген: «Шариғи үкімдер және діни ғибадаттар тек Аллаһтың Кітабымен, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен және Сүннет имамдарының бірауызды пікірімен (ижма’) бекітіледі. Әрі бұл – осы үмметтің алғашқы буындарының жолы. Сондықтан да осы үш дереккөзден өзге қандай да нәрсеге негізделіп шариғат үкімін бекітуге рұқсат етілмейді… Ал осындай ертегілер мен хикаялар арқылы қандай да бір ғибадаттардың заңдылығын бекітуге келер болсақ, бұл яһудилердің, христиандардың және солар сияқтылардың жолы». Қз.: «Ғаят ул-Амани» 2/274-275 («Дар ихья ус-Сунна» баспасы).

2. Кейбір жағдайларда «әулиелердің» қабірлерінің қасында шындығында да ерекше құбылыстар орын алып жататынын айтып кету қажет. Бұл қабірге зиярат етушілердің көз алдына түрлі бейнелерде, соның ішінде осы «әулиенің» бейнесінде көрінетін, немесе оған сөйлейтін, немесе жоғалған заттарының орнын көрсететін, немесе белгілі бір аурудан емделу жолын нұсқайтын жындар істейтіндігімен түсіндіріледі. Осының барлығын жындар қабірлерді зиярат етушілерді одан сайын үлкен адасушылыққа салу мақсатында істейді.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әлдекім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті етеміз де, сонда ол оның жолдасы болады. Күдіксіз, шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды» («әз-Зухруф» сүресі, 43: 36-37).

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Көпқұдайшылдардың адасуының ең ұлы себептерінің бірі олардың өз пұттарының қасында көретін және еститін нәрселері болып табылады. Кейбіреулер пұттардың жанында жоғалған заттың (табылар) орнын немесе қандай да бір қиындықтың  шешілу жолын сыбырлап айтатын дауыстарды естиді, қабірлерді қадір тұтатындардың кейбіреуі оның көз алдында қабір ашылып, одан қарт адам шығып, оны құшақтап немесе онымен әңгімелесетінін көреді.  Ал осы қабірге табынушы бұл бейнені қайтыс болған Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе  «әулиеден» өзге ешкім емес деп санайды. Бірақ іс жүзінде қабір ашылмады, бұл тек Ібіліс қана оған қабірді ашылған етіп көрсетуде». Қз.: «Қа’ида әл-жәлилә» 140-бет.

Ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам әл-Хужанди былай деген: «Кейде Ібіліс қайтыс болған салиқалы адамның бейнесінде келеді. Ол қабірге табынушымен сөйлесе бастайды, оған қайғы-қасіреттерінің шешу жолдарын сыбырлайды және оған кейбір құпия нәрселерге нұсқайды. Ал осы қабірге табынушыға келер болсақ, ол осы арқылы алданады да, одан да үлкен адасушылыққа түседі». Қз.: «Хукму Ллаһи әл-Уахид әс-Самад» 19-бет.

Ал біз өзімізден осындай хикаялардың тағы береуін қоса аламыз. Йеменнің қыстақтарының бірінде адамдар қасиетті деп санайтын бұлақ бар. Олар кім осы бұлақтың суына шомылса, сол түрлі тері ауруларынан айығатынын байқаған соң осы сенімді иеленіп алды. Барлығы да еш нәрсе емес, алайда мәселенің түйіні шипа тек дүйсенбі күні таң намазынан соң шомылғанда  ғана болуында. Әрине, осы қыстақтың тұрғындары бұл құбылысты байқап қалған соң, білім иелерінен ешкім оларды бұл тек жындар мен сиқыршылардың айлалары екендігіне сендіре алмай қойды. Істің мәні жындар мен сиқыршылардың осы аймақ тұрғындарына зиян, аурулар т.с.с. нәрселер жіберетіндігінде болып тұр. Бірақ адам осы бұлаққа келген соң олар өз зиянының немесе ауруының күшін әлсіретеді немесе өшіреді, соның нәтижесінде адамның денесіндегі түрлі тері жаралары, Аллаһтың қалауымен, кете бастайды. Ал бұл қыстақтың қарапайым тұрғыны дәл осы суға жуынғандығы себепті шипа алғандығы туралы сенімді иеленіп алады, алайда іс жүзінде бұл бұлақтың суы басқа бұлақтардың суларынан еш айырмашылығы жоқ. Шамамен тура сол сияқты нәрселер қабірлерде де орын алуда. Бұл «сиқыршылар немесе жындар себепсіз зиян тигізе алады немесе зиянды кетіре алады» деген сөз емес. Бірақ бұл кез-келген адамның басқа бір адамға өзінің физикалық мүмкіндіктерінің шеңберінде зиян тигізе алатындығы сияқты.

3. Кейде Аллаһ Тағала осы қабірге табынушының дұғасына ол Аллаһқа ықыласты түрде жалбарынған кезде жауап береді. Әсіресе, бұл сұраушы ауыр жағдайда болған кезде орын алады.

Аллаһ Тағала былай деді: «Немесе қиналғандар Өзіне жалбарынғанда, қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар ететін кім? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?» («ән-Нәмл» сүресі, 27:62).

Бұл Аллаһ Тағаланың тіпті кәпірлердің де дұғасына, олар Оған лажсыз жағдайда  ықыласты түрде жалбарынған кезде жауап беретіндігінен.

Аллаһ Тағала былай деді: «Ол сондай Аллаһ, сендерді құрлықта, теңізде кездіреді. Сендер кемеде боласыңдар. Кеме оларды жақсы бір самал арқылы алып бара жатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқын келгенде, олар онымен қоршалдық деп ойлаған сәтте сенімін нағыз Аллаһқа арнап: «Егер осыдан бізді құтқарсаң, шүкір етушілерден болар едік», — деп тілейді. Дегенмен, Аллаһ оларды құтқарған кезде, олар жер жүзінде орынсыз қарсылық істейді. Әй, адам баласы! Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Содан соң барар жерлерің Біз жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді білдіреміз» («Юнус» сүресі, 10: 22-23).

Ал әлгі бақытсыз сорлыға келер болсақ, ол аңсап жүрген дұғасы қабыл болған соң оның қабыл болуына пәлен «әулиенің» басына барып Аллаһтан сұрау септігін тигізді, немесе бұл соның ғана ықпалымен болды деген кесірлі сенімінде ары қарай нығая түседі.

4. Және осы бөлімде айтып кету қажетті болған нәрселердің ең соңғысы – бұл проблемалардың шешілуіне және бақытсыздықтарды жоюға алып келетін жолдардың барлығы шариғатта рұқсат етілген болып табыла бермейтіні. Белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесі бұл дүниедегі игілікке алып келгендігі немесе бір зиянды қайтарғандығы осы іс-әрекетті рұқсат етілген деп жариялау үшін әлі жеткіліксіз болады. Басқаша сөзбен айтсақ: мақсатқа қандай да бір құрал арқылы қол жеткізу сол құралды рұқсат етілген етпейді. Мысал ретінде келесі жайттарды келтіруге болады:

Адамдардан ешкім спирттік заттар, есірткі, доңыз етін сату, өсімқорлық, тонау, ұрлық – осының барлығы бай болу үшін қолданатын құрал екендігіне күмән келтірмейді. Алайда осы аталған нәрселер шариғатта рұқсат етілген деп жариялауға кімнің батылы жетеді? Тура сол сияқты, пара, жалған куәлік беру де қандай да бір құқықтарды заңсыз түрде иеленудің құралы болып табылады. Бірақ кім Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда аталғандарды рұқсат етті деп айта алады?! Осыдан шыға келе, тіпті егер қабірлерді қадірлеушілер олардың қабірлер алдында жасаған дұғалары қабыл болып жатқанын және қиындықтары шешіліп жатқанын мәлімдесе де, бұл қабір орындарында жиналыстар өткізуге және сол жерлерде әртүрлі ғибадаттар жасауға рұқсат етілгендікті білдірмейді.

12-Бөлім. Тарау бойынша жалпы қорытынды

Шейх Раби’ ибн Хади ибн ‘Умайр былай деген: «Қабірлерді зиярат ету заңдастырылған. Алғашында Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылыққа апарар есікті жабу үшін, оларды зиярат етуге тыйым салатын, өйткені бұрынғы өткен халықтар пайғамбарлар мен салиқалы адамдардың қабірлерін зиярат ету мәселесін түсінбегендіктерінен тура жолдан тайған болатын. Олар осы қабірлерді пұттарға айналдыруы арқылы Шайтан оларды сан алуан рет көпқұдайшылыққа қайта келтіретін. Мұның үстіне, жер бетіндегі алғашқы көпқұдайшылық Нух пайғамбардың қауымында, дәл солар Аллаһтың серіктеріне айналдырған салиқалы адамдарының қабірлері себепті орын алды. Осы себепті Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастапқыда қабірлерді зиярат етуге тыйым салды. Ал бірқұдайшылық идеологиясы сахабалардың жүректерінде мығым орнаған соң және Шайтанның көпқұдайшылыққа түсіру мақсатындағы бұл айлалары оларға енді қауіп төндірмейтіндіктен, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға қабірлерді зиярат етуге рұқсат етті, әрі осы зиярат етудің мақсатын бұл оларға келесі өмірді еске салсын әрі қайтыс болғандарға пайда келтірсін деп түсіндіріп берді.

Сондықтан да, егер мақсаттардың біріншісіне, яғни өлімді еске салуға, адамның тұрғылықты елді-мекенінде үйіне жақын жердегі қабірлерді зиярат етумен қол жеткізілсе, онда адамдарға басқа елді-мекендерге алыс қабірлерді зиярат ету үшін баруға рұқсат етудің қажеті жоқ.  Сондықтан да Аллаһ Тағала Өзінің Даналығымен қабірлерді зиярат етуге деген рұқсатты жақын жердегі зираттарды зиярат етумен бірге бүлік пен көпқұдайшылыққа бөгет болатын көптеген шектеулермен шектеді.  Осы шектеулерге зираттарды зиярат еткен кезде Аллаһтың ашу-ызасын келтіретін еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейтіндігі жатады. Сондай-ақ қабір орындарын ғибадат орындарына айналдыруға жол берілмейді. Қабірлердің басына ғимараттар және құрылыстар құруға рұқсат етілмейді. Қабірлерді гипспен сылауға болмайды. Сондай-ақ қабірге қарай немесе оның үстінде намаз орындауға тыйым салынады, т.с.с. [18]

Сондықтан да Заң Шығарушы осы рұқсатты өлімді еске салу мақсатына қол жеткізу үшін жеткілікті болған деңгеймен шектеді, әрі сөзбен де, амалмен де алыс зираттарға сапар жасауды ешқандай тәсілмен заңдастырмады.[19]

Сен осыған мына нәрселерден көз жеткізуіңе болады: мұның рұқсат етілгендігі немесе кұпталатындығы туралы бірдебір аят, бірдебір сенімді хадис жоқ. Ал егер бұл заңдастырылған болғанда, онда осы аяттар мен хадистер біздің алдымызда тұрар еді. Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлар мен ізгілердің қабірлеріне сапар жасап барып, бізге осыда өнеге көрсетер еді. Хадис пен хабар жинақтары сахабалардан және олардың ізбасарларынан жеткен осы туралы хабарларға толы болар еді. Өйткені біз хадистер жинақтарының және түрлі мәзһабтардың фиқһ кітаптары қайтыс болған адамдардың, аурулардың, өлім аузында жатқандардың құқықтары туралы түсіндірмелерге толы екендігін көрудеміз ғой. Кітаптар оларды қалай жуу керектігі, оларға қалай иіс су себу керектігі, өлген адамның мәйітін қалайша жаназаға әзірлеу керектігі, оны қалай жерлеу керектігі, оны қалай зиярат жасау керектігі, ол үшін Аллаһтан қалай кешірім сұрау керектігі, қабірлердің үстіне отыруға болмайтындығы туралы т.с.с. үкімдерге толы.

Басқа жағынан, тірілердің идеологиясын қорғау үшін, қабірлердің үстіне ғимараттар құруға, оларды гипспен қаптауға т.с.с. тыйым салынады.

Осының барлығы ислам кітаптарында толы, бірақ, сонымен бірге, біз оларда қабірлерді зиярат ету үшін сапар жасауға қатысты Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір сахих немесе хасан хадистерінің, немесе сахабалар мен олардың ізбасарларының сөздерінің, немесе осы үметтің ұлы имамдарының сөздерінің мүлдем жоқ екендігін байқаймыз.

Имам Мәликті мысалға ал. Оның «Муатта» кітабында сен қабірлерге сапарға шығуға нұсқайтын бір сөз де таппайсың. Осы орайда бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне де, басқа қабірлерге де қатысты. Сондай-ақ өздерінің бойына имам Мәликтің бүкіл білімін қамтыған оның шәкірттерінің кітаптарын қара. Біз оларда мұсылмандарды қабірлерді зиярат ету үшін сапар ұйымдастыруға ынталандыратын бірде-бір тарауды да, бірде-бір бөлімді де, бірде-бір хадисті де таппаймыз.

Ал мынау – имам әш-Шафи’и және оның «әл-Умм» деген ұлы кітабы, сондай-ақ оның басқа да кітаптары. Оның барлық кітаптарында сен тағы да осы туралы тарау да, бөлім де, хадис те таба алмайсың.

Ал мынау – имам Ахмад және оның хадистерге толы зәулім «Муснады»,  сондай-ақ оның шәкірттерінің кітаптары. Сен олардың ішінде тіпті бұл мәселенің аталуын таппайсың. 

Ал мынау – әл-Бухари мен Муслимнің «Сахихтары» және басқа да хадис жинақтары. Олардың барлығы түгелімен осы мәселені азғантай болса да атаудан таза.

Ал мынау – имам Абу Ханифа мен оның шәкірттері – Абу Йусуф пен Мухаммад әш-Шәйбанидің кітаптары. Біз оларды басынан аяғына дейін қарап шықтық әрі қабірлерді немесе кесенелерді зиярат ету үшін жол жүру туралы мәселесі туралы бір сөз де таппадық.

Барлық сахабалардың, олардың ізбасарларының, сондай-ақ осы үмметтің фақиһ және мухаддис имамдарының осы туралы бірде-бір сөз айтпағанының сыры неде екен?!

Әрбір ақыл-есі дұрыс адам өзіне өзі: «Сонда олардың барлығы Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көрмеген бе?» — деп сұрақ қоюға тиіс.  Немесе осындай хадистер болған, бірақ барлық имамдар оңбағандық жасап, осы хадистерді жасырып оларды көміп тастады ма? Бірде-бір Сүннеттің жақтаушысы осы үмметтің имамдары туралы осындай жаман ойға баруға ешқашан батылы бармайды.

Бірақ мәселе мынада: осының барлығы – қабірлерге табынушылардың осалдығы және жындар мен адамдардан болған шайтандардың азғыруы ғана, сондай-ақ ақиқатты өтіріктен ажырата алмайтын және нысапсыздық пен немқұрайлылықтың арасындағы соқыр түрде сүю екендігінде.[20]

Сондықтан да осы сапарлар мен жиындардың жақтаушыларында мағынасы Құранмен де, Сүннетпен де, сахабаның сөзімен де, үмметтің имамының сөзімен де мақұлданбайтын  өтірік және ойдан тоқылған хадистерден болған көбік пен топырақтан басқа  дәлелге келтірер еш нәрсе жоқ.  Ал олардың өз істеріне соқыр түрде берілгендігі соншалықты – өздерімен бірге олардың жиындарына қатыспайтындарды және оларға қарсы шығатындарды олар  күпірлікте айыптайды. 

Осы барлық сұрақтарға жауап ап-айқын: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы қабірлерге табынушылар істеп жатқан істердің ешбірін істемейтін және ешбір жерде осыған үндемейтін. Мұның үстіне, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын),  біз атап өткен шектеулер мен тыйымдарды түгел керісінше орындайтын.  

Аллаһ осы үмметті шынайы Исламға оралуға және оның Пайғамбары мен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салиқалы сәлафтарына ілесуге бағыттасын!» Қз.: «Қа’ида жәлилә»  189-191-бет, № 3 сілтеме.



[1]Қз.: «Бадаи’ ус-Санаи’» 1/320; «әд-Дур әл-Мухтар» 2/242.

[2]Қз.: «Фатх ул-Қадир» 2/150; «әл-Бахр әр-Раиқ» 2/210.

[3] Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) анасы көпқұдайшылық сенімінде қайтыс болғандығы себепті.

[4]Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған адамнан кешірім сұрауды емес, қайтыс болған адам үшін Аллаһтан кешірім сұрауды рұқсат еткеніне назар бұрыңыздар. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), молаға (әруаққа) табынушылардың кейбірі істейтіндей, қайтыс болған адамнан Аллаһтың алдында дәнекер (шапағатшы) болуын сұрауды заңдастырмады. Ал олар осынысында кімнен өнеге алуда?!

[5] Мәдинадағы Пайғамбар Мешіті.

[6] Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті.

[7]«Фатхул-Мәжидте» бұл хадис Басра ибн Аби Басра әл-Ғифаридің сөздерінен келтіріледі, ал бұл қателік болып табылады, бұл туралы имам Ибн Абдуль-Барр «әт-Тамхидте» 23/38 және «әл-Исти’абта» 2/39 айтқанындай.

[8] Аллаһ Тағала Мусамен сөйлескен қасиетті тау.

[9] Бағдадта.

[10] Пәлсапашы-парсылардың ізбасарлары. Олардың ең көп бөлігі рафидилердің арасында болатын (Қз.: «әл-Бидая уән-Нихая» 11/66).

[11]Қз.: «Хужжату-Ллаһи әл-Балиға» 1/543.

[12]Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) азаншысы.

[13] Имамның бұл сөздерін «әл-Қира» кітабында 629-бетте табуға болады, оның авторы – имам Мухиббуддин әт-Табари.

[14] Қабірлерге табынушылардың (қубурия) орташылдары және шектен шыққан, соқыр сенімділері (фанатиктері) болады.  Ханафи мәзһабының бұл имамы олардың ішіндегі қабірлерге қажылық жасаушыларын молаларға табынушылардың фанатиктеріне, яғни шектен шыққандарына жатқызғанына назар аударыңыздар.

[15] Қабірлерге табынушы сопылардың көшбасшыларының бірі.

[16] Мұның себебін шекке шыққан сопылардың жетекшілерінің  бірі Нуруддин әс-Сами ән-Нақшбанди (898 х/ж) былай деп ашып берді: «Өзінің ішінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесін сақтап тұрған жердің бұл киелі телімі Қағбадан, Аллаһтың Ғаршынан және Оның Күрсісінен қадірлірек, бұл туралы біздің фақиһтарымыз (ғалымдарымыз) айтатындарындай-ақ». Қз.: «әл-Муханнид ‘аләл-Муфаннид» 34-36 беттер.

[17] Бұл кітаптың авторы рафидилердің (шекке шыққан шиғалар) жетекшілерінің бірі Ибн ән-Ну’ман әл-Муфид (413 х/ж) болып табылады.

[18] Осы шектеулердің барлығының түсіндірмесі осы кітаптың жеке тарауларында әлі келеді.

[19] Өзі де осыны істемеді, өзгелерді осыған ынталандырмады деген меңзелуде.

[20] Шейх осы факторлардың барлығы сопылар мен рафидилерді Аллаһтың дініне онда тіпті аталмаған нәрселерді енгізуге дейін итермеледі дегенді меңзеп тұр, мұның үстіне олардың әрбір жеке іс-әрекетіне көптеген тыйымдар бар.