Егер Құран мен Сүннетте белгілі бір орынның қасиетті екеніне нұсқау болмаса, оны қасиетті немесе киелі деп жариялау

Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он үшінші тарауын ұсынамыз.

Жүктеп алу.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Тараудың басында тағы да бір рет кейбір үзінділерді келтіреміз, оқырман бізді іс жүзінде жоқ нәрсе туралы сөз етіп жатыр деп ойламауы үшін.

«Түркістан – халқымыздың рухани орталығы, мұсылмандар тәуап етіп келетін қасиетті жер…»

«Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады».

3. «Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасиетті жерлерге баруды Кіші қажылық деп санайды».

Және сондай-ақ:

«… Оның үстіне, “Мединада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет” тіркесін де өмірге әкелген халық. Ендеше, ерекше қасиет иесіне тағзым ету – әркімнің парызы».

Егер құрметті оқырман табаррук жасаудың және құт-берекенің, қасиеттілік пен берекеліліктің жалпы ережелерін ұғып алған болса, онда оған Түркістан мен Бекет Ата сияқты жерлерге, ондағы бұлақтар мен құдықтарға, ежелгі ескерткіштер мен ағаштарға қасиеттілікті телудің қате екендігін түсіну қиынға соқпайды.

Сондай-ақ «мұсылмандардың қасиетті жері», «екінші Мекке» деген анықтамалар, егер оларды жиі қайталап, жарнамалағанда және жариялап айтқанда осы  елді-мекендерге қажылық рәсімдерін немесе олардың бір бөлігін орындау идеяларын енгізуді әрі қарай жеңілдететінін түсіну қиын емес. Әсіресе, осыған «кедейлердің қажылығы» деген немесе т.с.с. идеялар ұштастырылса.

Қабірлер мен кесенелердің басына қажылық рәсімдерін немесе олардың бір бөліктерін орындау қабірлерге табынушыларға көп ғасырлардан бері белгілі.  Осыған шақырғандардың алғашқылардың бірі рафидилердің (шекке шыққан шиғалардың) жетекшісі Мухаммад ибн ән-Ну’ман әл-Муфид еді. Дәл сол «Мәнасиқ ул-хаж әл-машахид» («Қабірлердің басында жасалатын қажылық рәсімдері») кітабының авторы болып табылады. Шейхул-ислам Ибн Таймия бұл кітап туралы: «Мен осы кітапта тіпті Кітап иелерінің кітаптарында да көрмеген мөлшердегі соншама көп өтіріктерді көрдім», — деген. Қз.: «әл-Фәтауа» 27/162.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Ал кесенелерге қажылық жасайтындар, сонысымен оларды Қағбамен теңейді, ал бұл Ислам дінінен шығып, көпқұдайшылдардың дініне кіру болып табылады». Қз.: «Иғасат ул-Ләхафан» 1/171.

Сондай-ақ Шейхул-ислам Ибн Таймия былай деген: ”Кім: «Қабір-кесенелерге бірнеше рет бару Қажылыққа теңеседі», — десе, әрі: «Қабір-кесенелерге сапармен бару Қажылық сияқты деп есептесе», — немесе олардың шекке шыққандары айтатынындай: «Бұл қабір-кесенені бір рет зиярат ету бірнеше рет Қажылық жасағаннан жақсырақ», — деп айтса, онда бұл көпқұдайшылық болады”. Қз.: «Қа’ида жәлилә» 351-бет.

Кейінірек біз ғаламторда мынандай сөздерге тап болдық:

«Ғимараттың сыртқы есігі шағын болғанымен, ішкі бөлмесі кең. Үш есік бар. Бекітілген бірінің ар жағында Бекет Атаның мүрдесі қойылған. Екінші есік Пірдің намаз оқыған орнына апарады. Келушілер мұндағы қасиетті ағашты үш мәрте айналып өтіп, тілегін тілейді».

Сондай-ақ «мұсылмандардың қасиетті жері» деген терминінде Исламға онда жоқ нәрсені телу бар, ал бұл Аллаһқа өтірік жапсыру болып табылады.

Аллаһ Тағала былай деді: (Мухаммад): «Расында, сондай Аллаһқа өтірік жала жапсырғандар құтылмайды», — де. Олардікі дүниеде ғана пайдалану. Сонсоң олардың қайтар орны Біз жақ. Сонан кейін де қарсы болғандықтары себепті қатты азап таттырамыз(«Йунус» сүресі, 10:69-70).

Сонымен, біз бүкіл құт-береке мен игілік бір Аллаһтың ғана Қолында деп айтқанбыз. Ал Ол осы игілікті қалағанына береді. Біз қандай да бір нәрсенің қасиеттілігі туралы тек дәлел болған кезде ғана айта аламыз. Тіпті егер біз осы жерлер шындығында да қасиетті болуы мүмкін деп жорамалдасақ та, мұны сенімді түрде айтуды және Исламға телуді айтпағанның өзінде, біз осыны сенім ретінде алмауымыз керек, өйткені бұл — бізде ол туралы білім жоқ нәрсе.

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа қарсы білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?» («Йунус» сүресі, 10:68).

Ол сондай-ақ былай деді: «Күдіксіз, Раббым арсыздықтарды, Олардың көрнеу, көместерін, күнәны, орынсыз озбырлықты, оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаһқа серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаһқа қарсы сөйлеулеріңді тыйым салды», — де(«әл-Әғраф» сүресі, 7:33).

Ол тағы да былай деді: «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек: олардың барлығы одан сұралады» («әл-Исра» сүресі, 17:36).

Сопылардың проблемасы  олар үнемі қазақ ұлтшылдығын әлемдердің Раббысы қазақтар үшін  ғана түсірмеген дінмен араластыратындығында.

Сонда біздің дініміздің мәні неде? Егер біз өзіміз жерлерді, уақыттарды, рәсімдерді (қасиетті) деп таңдап алатын болсақ, онда Ислам да бізге қажет емес, ал Құранның тыйымдары мен бұйрықтары бізді толғантпайтын шығар, әрі бізге не қажет екендігін және қалай өмір сүру керектігін біз өзіміз білетін шығармыз?!

Ал енді әрбір халық өздерінің мерекелерін Исламға теліп, осының барлығын «мұсылмандық мерекелер» деп атай берсе, не болмақ? Ислам тарихында қаншама көп атаулы күндер болғанын елестетіп көріңіздерші, егер олардың барлығы жиындар өткізуге, рәсімдер орындауға негіз ретінде алынатын болса, бұл неге алып келетінін елестетудің өзі қиын! Ал олардың көбі туралы хабарлар Құранда түсірілген және Сүннетте аталған ғой!

Онда не себепті, сіздердің ойыңызша, Аллаһ Тағала бір нәрселерді ерекше айырып белгіледі де, ал басқаларын орнатпай қалдырды?

Біз одан соң көп нәрсе түсінікті болатын бір шағын мысал келтірейік.

Аллаһ Тағала осы дінде ораза ұстауды заңдастырды. Бүкіл жылдың күндерінің ішінен ол ораза ұстау міндетті болған, мысалы, рамазан айын ажыратып бекітті. Сондай-ақ Ол ораза ұстауға тыйым салынған күндерді, мысалы Ораза Айт пен Құрбан Айт күндерін айырып көрсетті. Ол сондай-ақ ораза ұстау құпталатын, мысалы, дүйсенбі, бейсенбі, Арафа, Ашура күндерін де бекітті.

Адам ораза ұстау бұйырылған белгілі бір күндерде оны ұстағаны үшін сауап алатынына, ал басқа, ораза ұстауға тыйым салынған күндерде оны ұстағаны үшін жаза алуы мүмкін екендігіне назар бұрып қараңыздаршы.

Осыда бұл ұлы діннің бір негізінің мәні қамтылған, яғни тек жалғыз Аллаһ қана бізге қалаған нәрсесін бұйырады және тыйым салады. Біз Аллаһтың құлдары деп аталатынымыздың мәні де осыда.

Аллаһ былай деді: «Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» («әз-Зәрият» сүресі, 51:56).

Имам Мужаһид ибн Жәбр осы аятқа түсіндірме беріп, былай деген: “Бұл аят «Мен жындар мен адамдарды тек жалғыз Өзім ғана оларға бұйрық беруім үшін және тек Мен ғана оларға тыйым салуым үшін жараттым» дегенді білдіреді” (сахих хабар; Ибн Аби Хатим өзінің тәпсірінің осы күні жоғалған бөлігінде келтірген, бұл туралы «Дарр әт-Та’арудта» 8/478 айтылғандай, ал Ибн Аби Хатимнің иснады «Мәжму’ әл-Фәтауада» 8/52 келтірілген).

Сондай-ақ имам әш-Шәфи’и «Адам баласы өзін қараусыз қалдырылған деп ойлай ма?» («Инсан» сүресі, 75:36) деген аятқа түсіндірме жасап, былай деген: «Адам баласы өзіне еш нәрсе бұйырылмайды және еш нәрсеге тыйым салынбайды деп ойлайды ма?!». Қз.: «әр-Рисалә», 25-бет.

Егер құрметті оқырман мұқият зейін қойса, Түркістанға сапар жасауға шақыратын сопылар мен басқа да адасқан ағымдар христиандардан шамалы нәрселермен ғана ерекшеленетінін байқай алады.

1. Христиандардың сенімі бойынша кез-келген су оларадың қасиетті деп санаған адамдары одан ішкендігі немесе онымен жуынғандығы, немесе олардың көсемдері оны қасиетті деп жариялағандығы себепті қасиетті суға айналады.

2. Олар өздерінің «әулие адамдары» «святые угодники» жүрген, өмір сүрген немесе ұйықтаған жерлерді қасиетті деп қадір тұтады.

3. Дәл христиандар көпшілік ұйымдасқан түрде қолдарына кресттер, жалаулар көтеріп алып, әрі осынысын «крестный ход» деп айтып, осындай жерлерді зиярат   жасайды. Енді мұсылмандар да Түркістан, Арыстан Бабқа, сол сияқты басқа да «аталарға» ақ жалауларын көтеріп алып баратын болды.

4. Дәл соларда діндарларының айтқан нәрселері заңға айналады, тіпті ол осынысына ешқандай дәлел айтпаса да.

5. Дәл солардың сенімінде «әулиенің» денесінен қалған бөліктеріне (святые мощи угодника) қол тигізу арқылы бедеулер балалы, жолы ашылмағандардың жолы, бақытсыздардың бақыты ашылады.

Салыстыру үшін осындай мысалдар өте көп, бұл олардың азғантай бір бөлігі ғана. Ал кім зейін қойып қараса, бұдан да көп нәрсені көре алады.

жалғасы бар