Ақида

Ханафи мәзһабы тәуассул және истиғаса туралы

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаттар болсын.

«Тәуассулдің» мұндай түрін ірі мұсылман ғалымдары және діндарлары тәрк еткен және бұл көзқарастар көптеген жақтаушыларына ие кейбір діни мәзһабтарда көрініс тапты. Осындай мәзһабтардың бірі имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, мектебі болып табылады.  Ханафи мәзһабы өкілдерінің едәуір танымал еңбегі болған «әд-Дурр әл-Мухтар» (2/630) кітабында сөзбе-сөз былай деп айтылайды: «Абу Ханифа былай деп айтқаны жеткізіледі: “Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарыну қажет. Бізге рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан, Оған сол есімдер арқылы жалбарыныңдар…»”.

Тура осыған ұқсас сөздер «әл-Фатауа әл-Һиндийя» (5/280) деген кітапта да келтіріледі.

Әл-Қудури өзінің шағын «Шарх әл-Карахи» еңбегінде, құпталмайтын әрекеттер туралы тарауда былай деп жазған: «Бишр ибн Уәлид Абу Йусуфтың сөздерінен Абу Ханифаның былай дегенін жеткізген: «Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы ғана дұға ету керек. «Сенің Аршыңдағы ұлықтық орны үшін» немесе «Сенің жаратылыстарыңа тиісті болған нәрсе үшін», — деп айту маған жек көрінішті».

Бұл пікірді Абу Йусуф та қолдаған. Ол былай дейтін: «Арштағы ұлықтық орны – бұл Аллаһ, әрі мен мұндай дұғаны құпталмайтын деп санамаймын. Бірақ маған «Пәленге тиісті нәрсе үшін», «Сенің пайғамбарларың мен елшілеріңе тиісті нәрселер үшін», «Сенің Қасиетті Үйіңе тиісті және Сенің Қасиетті Мекеніңе тиісті нәрсе үшін» деп айтқан сөздер ұнамайды».

Әл-Қудури былай деген: «Аллаһтан Оның жаратылыстары үшін сұрауға болмайды, өйткені Жаратушы жаратылыстарына еш нәрсемен міндетті емес». Бұл туралы шейхуль-Ислам да «әл-Қаида әл-Жәлила» кітабында жеткізген.

Әз-Зубайди «Шарх әл-Ихья» (2/285) кітабында былай деген: «Абу Ханифа және оның серіктері Аллаһтан пәленге тиісті болған нәрсе үшін, немесе Оның пайғамбарлары мен елшілеріне тиісті болған нәрсе үшін, немесе Оның Қасиетті Үйі мен Қасиетті Мекеніне тісті болған нәрсе үшін сұрауға (тілеуге) тыйым салатын, өйткені Аллаһ ешкімге еш нәрсемен міндетті емес.    Абу Ханифа және Мухаммад сондай-ақ дұға ету барысында «Уа, Аллаһ, Сенің Аршыңдағы ұлықтық орны үшін Сенен тілеймін» деп айтуға да тыйым салатын».

Көрнекті ғалым, хафиз Абу әл-Алә әл-Мубаракфури әл-Һиндий әл-Ханафи [х. 1353 жылы қайтыс болған] әт-Тирмизидің жинағына жасаған «Тухфат әл-ахуази би-шарх жәми’ әт-Тирмизи» атты шархында (9/96) былай дейді:  ««Пайғамбар арқылы, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол тірі кездегі тәуассул, яғни оның дұға етуі және шапағат етуі арқылы жасалатын тәуассул рұқсат етіледі» деген (мен сенетін нәрсе) – ақиқат. Сондай-ақ игілік пен салиқалылықтың басқа да бір ұстанушысы арқылы олар тірі кезінде солардың дұғасы және сұрауы арқылы жасалатын осындай тәуассул де рұқсат етілген.  Ал ол арқылы (оған Аллаһтың игілігі және сәлемі болсын) ол өлгеннен кейін  жасалатын тәуассулге келер болсақ және одан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге изгілік пен салиқалылықтың жақтаушыларынынан болған басқа біреулер арқылы олар өлгеннен кейін  жасалатын тәуассулге келер болсақ, бұл рұқсат етілмеген!»

Аллаһтан өзге кімге болсын көмек тілеп жүгіну — «истиғаса»

«Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол тірі болған кезде көмек сұрап жүгіну мен ол өлгеннен кейін де осындай жүгінудің арасында айырмашылық жоқ» деген бұл орынсыз теңеу және қате болжам көптеген қарапайым мұсылмандар және кейбір көрнекті діни қайраткерлерді ең ұлы адасушылықтың біріне түсірді.

Сөз пайғамбарлар мен әулиелерге көмек тілеп жүгіну туралы болуда. Мұндай адамдар бақытсыздыққа жолықса, Аллаһтан тілеудің орнына солардан тілей бастайды, әрі осы орайда топ-топ адамдардың кейбір қабірлердің басына жиналып, өлгендерден, осы өлгендер оларды еститіндей, өздерінің түрлі істерінде көмек тілеп жүргенін көруге болады! Бұл адамдар сол өлгендерге әртүрлі тілдерде жалбарынады, бейне олар әртүрлі халықтардың тілдерін түсінетіндей және сонша адам оларға бір мезгілде жүгінгенде олардың арасын ажырата алатындай! Ақиқатында, бұл – Аллаһ Тағалаға құдайлық сипаттарға ие болудағы серік қосудан өзге еш нәрсе емес. Алайда көптеген адамдар мұны түсінбейді және осы себепті олар осындай өте қатерлі адасушылыққа түсті.

Мұндай көзқарастар Құранның бірқатар уахилары арқылы әшкереленеді. Аллаһ Тағала былай деген: «(Мухаммад) оларға: “Аллаһтан өзге (тәңір деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың сендерден бәлені тойтаруға немесе оны басқаларға өткізіп жіберуге шамалары келмейді!”, — де» (әл-Исра, 56). Құранда осыған ұқсас аяттар өте көп.

Десек те, ешкім: «Бұл пікірді діни-құқықтық мектептердің, яғни мәзһабтардың жақтаушыларынан ешкім ұстанбаған!», — деп айтпауы үшін, осы жерде ханафи мәзһабының кейбір ғалымдарының айтқандарын келтіреміз.

Абу әт-Таййиб Шамс әл-Хаққ әл-Азимабади «әт-Талик әл-Муғни алә Сунан әд-Дарақутни» кітабында былай деп жазған: «Дінбұзарларға (бидғатшыларға) үйреншікті іс болып қалған шейх Абд әл-Қадир әл-Жиланиге, Аллаһ оны рахым етсін, көмек тілеп жүгіну жиіркенішті күнә, жан түршігерлік дінбұзушылық және қатерлі бидғат болып табылады.  Олар: «Уа, шейх Абд әл-Қадир әл-Жилани, Аллаһ үшін мынаны істеші», — деп, Бағдад тарапқа бет бұрып, дұға етеді және осындай күнәлардың көбін жасайды. Олар Аллаһқа құлшылық етуде Оған серік қосады және Оны лайықты деңгейде бағаламайды. Бұл надандар шейхтың, Аллаһ оны рахым етсін, ешкімге көмек тигізе алмайтынын және ешкімді тозаңдай жамандықтан қорғап қала алмайтынын білмейді. Ал ендеше не үшін олар одан өздеріне көмек тілейді?! Аллаһ Өзінің құлдары үшін жетіп асады емес пе?! Уа, Раббымыз, кімді болса да Саған серік  етуден және Сенің жаратылыстарыңнан кімді болса да Сені ұлықтайтындай етіп ұлықтаудан сақта!»

«Әл-Бәзазийяда» және басқа да пәтуалар жинақтарында былай деп айтылған: «Кім шейхтардың рухтары (әруах) біздің жанымызда бар және біз туралы біледі десе, кәпір болады».

Шейх Фәхр әд-Дин Абу Саад Усман әл-Жәйяни ибн Сулайман әл-Ханафи өзінің «ар-Рисалә» кітабында былай деген: «Кім: «Өлгендер Аллаһпен бірге тағдырларды басқарады», — деп пайымдаса және осыған сенсе, сол кәпір болып табылады». Осыған ұқсас сөздер «әл-Бәхр әр-Раиқ» кітабында да келтірілген.

Кадий Хамид әд-Дин Нәкури әл-Һинди «әт-Тауших» кітабында былай деген: «Олардың арасында қасірет пен бақытсыздық кезінде пайғамбарлар мен әулиелерге жалбарынатын және: «Олардың рухтары (әруах) біздің арамызда жүр, біздің дұғаларымызды естиді және біздің мұң-мұқтаждарымызды біледі», — деп сенетіндері бар. Бұл – жиіркенішті пұтқа табынушылықтан және айқын надандықтан өзге еш нәрсе емес. Аллаһ Тағала былай деген: «Аллаһтан өзге оларға Қиямет күніне дейін жауап бермейтінге және олардың тілеп жатқаны туралы бейхабар болғанға жалбарынатындардан кім артығырақ адасушылықта» (әл-Ахкаф, 5)».

«Әл-Бәхр әр-Раиқ» (3/94) шығармасында сондай-ақ былай деп айтылады: «Егер біреу Аллаһты және Оның Елшісін куә етіп алып, соның негізінде некелессе, оның некесі жарамсыз, ал оның өзі: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайып белгілі», — деп сенгені үшін кәпір болады».

Осыған ұқсас сөздерді Қади-ханның және әл-Айнидің пәтуалар жинақтарында, имам әл-Касанидің «әд-Дурр әл-Мухтар» және «әл-Аләмкирийя» жинақтарында, сондай-ақ ханафи мәзһабының басқа да көптеген шығармаларында кездестіруге болады. Құран мен Саф Сүннетке келер болсақ, оларда көпқұдайшылықтың мәнінің өзін әшкерелейтін және Аллаһқа серік қосушыларды сөгетін мәтіндер өте көп.  Біздің ұстазымыз әс-Саййид Мухаммад Назир Хусайн әд-Дәхлауи бұл кесірлі дінбұзушылықты әшкерелеуге арналған дәлелді мақала жазған.

Аллаһқа мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Сондай-ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:

Төрт имамның ақидасы негізінен бірдей екендігі туралы

Имамның өз ата-анасына деген құрметі мен ілтипаты туралы

Имамның шариғи білімге деген қатынасы

Имамның өз шәкірттеріне деген қатынасы

Абу Ханифаның Бірқұдайшылық туралы айтқан сөздері