«Кәлам» терминінің түсіндірмесін біз алдын имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, білім алу жолына түскені туралы мақалада берген болатынбыз. 1. Абу Ханифа былай деген: «Басрада өздерінің әуес-қалауларына ілесетін адамдар көп. Мен: «Кәлам ең басты ғылым болып табылады», — деп ойлап, ол жерге жиырмадан астам рет барғанмын және сол жерде кейде бір жылға, кейде одан көбірек немесе азырақ мерзімге қалатынмын». Әл-Курди «Мәнақиб Аби Ханифа», 137.