• Ақида,  Әдіснама

    Бірқұдайшылыққа шақыру және адамдарға бірқұдайшылықтың мәнін егжей-тегжейлі түсіндіру қажеттілігі туралы

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының бірінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Аллаһ Тағала адамдарға бұйырған және Оның Елшісі Мухаммад шақырған нәрселердің ең маңыздысы әрі ең ұлысы бірқұдайшылық (таухид) болып табылады. Ал Аллаһ Тағала Өзінің жаратылыстарын сақтандырып ескерткен және тыйым салған, әрі Оның Елшісі  оған қарсы күрескен ең қауіпті және қорқынышты нәрсе – бұл көпқұдайшылық (ширк).

  • Ақида

    Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылық (Таухид) туралы айтқан сөздері

    Біріншісі: Имам Абу Ханифаның Бірқұдайшылыққа (Таухид) қатысты ақидасы, Аллаһқа жақындаудың шариғи тәсілін (әт-тәуассул әш-шәриғи) және Аллаһқа жақындаудың дінбұзар тәсілін (әт-тәуассул әл-бидғи) түсіндіруі: 1. Абу Ханифа былай деген: «Кім Аллаһқа дұға етсе, Оған тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарынуы қажет. Рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан оған сол есімдер арқылы жалбарыныңдар. Оның есімдерінде қатысты  ақиқаттан бас тартатындарды қойып-қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады» («әл-Әғраф» сүресі, 180-аят)». Қз.: «әд-Дурр әл-Мухтар», 6/396-397.