• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (41)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Сәлем беру (сөздерін) айту (таслим) «التَّسْلِيمُ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (басын) [оң бетінің ақтығы көрінетіндей] он жаққа (бұрып): «السَّلاَمُ عَلَيْكُم وَرَحْمَةُ اللهِ». «Әс-саләму ‘аләйкум уа рахмәту-Ллаһ («Сіздерге Аллаһтың сәлемі және рахметі болсын»), ал кейін (басын) [сол бетінің ақтығы көрінетіндей] сол жаққа (бұрып): «السَّلاَمُ عَلَيْكُم وَرَحْمَةُ اللهِ». Әс-саләму ‘аләйкум уа рахмату-Ллаһ («Сіздерге Аллаһтың сәлемі және рахметі болсын»)», — деп айтатын[1].