• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (36)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Бірінші тәшаһһуд «التَّشَهُدُ الأَوَّلُ»  Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екінші ракағатты орындап болған соң тәшаһһудты айту үшін отырып алатын. Егер намаз екі ракағаттан тұрса, мысалы, таң (фәжр) намазындай, онда ол екі сәжденің арасындағыдай «ифтираш» үлгісімен отыратын[1].  Үш немесе төрт ракағаттан тұратын намаздарда «ол бірінші тәшаһһудты орындаған кезде де» тура сол сияқты отыратын[2].