• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (29)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. Құранды барлық ережелерге сәйкес оқу («тартил»[1]) және оны дауыспен  көркемдеу «تَرْتِيْلُ القِرَاءَةِ وَتَحْسِيْنُ الصَّوْتِ بِهَا» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды әуенмен, байсалды, оның дұрыс ырғағын бұзбай, оған Аллаһ Тағала үйреткендей, асықпай және тездетпей, керісінше «әрбір әріпті анық айтып»[2] оқитын, тіпті «ол қандай да бір сүрені жай және байсалды мәнермен оқығанда, сол (сүре) іс жүзіндегісінен ұзындау болып көрінетін»[3]. Ол былай деп айтатын: «يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ اقْرَأْهُ وَارْقَهْ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِى الدُّنْيَا ، فَإِنَّ مَنْزِلَكَ عِنْدَ آخِرَ آيَةٍ تَقْرَؤُهَا». «Құранды білгенге[4] (Қиямет күні):…