• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (27)

    Бес уақыт (парыз) және басқа да намазда Құранды дауыстап және іштей оқу «الجَهْرُ وَالإسْرَارُ فِي الصَّلَوَاتِ الخَمْسِ وَغَيْرِهَا» Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (таң (фәжр, субх) намазын, ақшам (мәғриб) намазының алғашқы екі ракағатын және құптан (‘иша) намазының алғашқы екі ракағатында Құранды дауыстап оқитын, ал бесін (зуһр) және екінті (‘аср) намаздарын, сондай-ақ ақшам (мәғриб) намазының үшінші ракағатында және құптан (‘иша) намазының соңғы екі ракағатында Құранды іштей оқитын[1].