• Ақида

    Тәуассул – Аллаһқа белгілі бір нәрсе арқылы жақындау

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының он сегізінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен 1-Бөлім. Кіріспе Осы тарауды оқып-зерттеу барысында құрметті оқырман ерекше зейін танытуға және қаралып жатқан мәселенің мәнін ұғып алуға тырысуы қажет.  Біз осыған дейін қарап өткен мәселелер өздігінше көпқұдайшылық болып табылмайды, бірақ олар — көпқұдайшылыққа алып баратын  жолдар мен құралдар. Алайда тәуассул мәселесі стратегиялық тұрғыдан өте маңызды болып табылады, өйткені ол көпқұдайшылық пен бірқұдайшылық арасындағы шекара іспеттес. Тәуассул мәселелерін қарау барысында біз көпқұдайшылыққа алап баратын жолдар туралы ғана емес, үлкен көпқұдайшылық туралы сөз ететін боламыз. Осыны түсінгендіктен, сопылық ағымның өкілдері адамдар назарында оның…

  • Ақида

    Ханафи мәзһабы тәуассул және истиғаса туралы

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, сүйікті Пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаттар болсын. «Тәуассулдің» мұндай түрін ірі мұсылман ғалымдары және діндарлары тәрк еткен және бұл көзқарастар көптеген жақтаушыларына ие кейбір діни мәзһабтарда көрініс тапты. Осындай мәзһабтардың бірі имам Абу Ханифаның, Аллаһ оны рахым етсін, мектебі болып табылады.  Ханафи мәзһабы өкілдерінің едәуір танымал еңбегі болған «әд-Дурр әл-Мухтар» (2/630) кітабында сөзбе-сөз былай деп айтылайды: «Абу Ханифа былай деп айтқаны жеткізіледі: “Аллаһқа тек Оның Өзі арқылы ғана жалбарыну қажет. Бізге рұқсат етілген және олар арқылы (Аллаһқа жалбарыну) бұйырылған дұғалар туралы Аллаһ Тағаланың мына сөздерінде айтылады: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Сондықтан, Оған сол есімдер…