• Ақида

    Елімізде көпқұдайшылықтың енгізілуінің сатылары

    Оқырмандарымызға «Қабір-кесене-мазарларға, әруақ-әулиелер мен киелерге сиыну – қазақ халқын опат болуға алып баратын жол» атты кітабының үшінші тарауын ұсынамыз. Жүктеп алу. Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атыме Көпқұдайшылықтың таралуы және оның шабуылы біздің жерімізде екпінді түрде жүріп жатқанын біліңіз, құрметті оқырман. Осы орайда біз үнсіз қалып, оны тоқтату үшін және оның мәнін, қауіптілігін және ол қай бағыттан келе жатқанын түсіндіру үшін еш нәрсе істеп те жатқан жоқпыз. Соңғы жылдарда жай болса да, бірақ табанды түрде Түркістанда, Арыстан-бабта, Бекет Атада және сол сияқты басқа да жерлерде пұтқа табынушылық рәсімдерінің жандануы жүріп жатыр.