• Имамның өмірі

    Имамның шариғи білімге деген қатынасы

    Имам Абу Ханифа, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, діндар жанұяда өсті, дінді түсінуге және оның қағидаларын адамдарға жеткізуге тырысты, бұған оның бүкіл өмірі айғақ болады. Біз жастайынан керемет тәлім-тәрбие және білім алған, ал соңынан Аллаһ оны жетпіс жасында көз жұмдырғанға дейін өзі адамдарды оқытып, оларға  насихат берген имамның қызметін ашып көрсеткіміз келді. Ал өлім туралы айтар болсақ, имам үнемі адамдарға: «Ақиқаттың үстіндегі өлім бос өмірден жақсы», — деп үйрететін. Йазид бин әл-Қумайттың былай дегені жеткізіледі: “Бірде имам бір адаммен айтысып жатқан кезде, әлгі адам: «Аллаһтан қорық!», — деді. Осы сөздерді естіп, имамның реңі кетті, ол қалтырап қалды да, басын түсіріп: «Уа, бауырым, Аллаһ саған игілігімен қайырсын! Адамдар өздерімен сүйсініп, білім…