• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (34)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. (Бірінші) сәждеден кейін  бой түзеп отыру туралы «الرَّفْعُ مِنَ السُّجُودِ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасағаннан соң, тәкбір айтып, басын көтеретін»[1] және «намазды нашар орындаған адамға»: «لاَتَتِمّ صَلاةُ لِأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى… يَسْجُدَ، حَتَّى تَطْمَئِنَ مَفَاصِلُه، ثُمَّ يَقُولُ: «اللهُ أكْبَرُ»، وَيَرْفَعُ رَأسَهُ حَتَّى يَسْتَوِي قَاعِداً». «Адамның намазы, …. ол буындары тынышталғанға дейін сәжде жасамайынша, ал кейін: «Аллаһу әкбар! (Аллаһ Ұлы!)», — деп, басын көтермейінше және тік отырмайынша, толық болмайды», — деп айтып, осыны бұйырған[2]. Сондай-ақ кейде «ол осы тәкбірді айтқан кезінде екі қолын көтеретін»[3].