• Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (34)

    Шейх М.Н. әл-Әлбанидің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы, тәкбірден сәлемге дейін, оны өзіңіз көргеніңіздей» атты кітабын жариялауды жалғастырамыз. (Бірінші) сәждеден кейін  бой түзеп отыру туралы «الرَّفْعُ مِنَ السُّجُودِ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасағаннан соң, тәкбір айтып, басын көтеретін»[1] және «намазды нашар орындаған адамға»: «لاَتَتِمّ صَلاةُ لِأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى… يَسْجُدَ، حَتَّى تَطْمَئِنَ مَفَاصِلُه، ثُمَّ يَقُولُ: «اللهُ أكْبَرُ»، وَيَرْفَعُ رَأسَهُ حَتَّى يَسْتَوِي قَاعِداً». «Адамның намазы, …. ол буындары тынышталғанға дейін сәжде жасамайынша, ал кейін: «Аллаһу әкбар! (Аллаһ Ұлы!)», — деп, басын көтермейінше және тік отырмайынша, толық болмайды», — деп айтып, осыны бұйырған[2]. Сондай-ақ кейде «ол осы тәкбірді айтқан кезінде екі қолын көтеретін»[3].

  • Фиқһ мәселелері

    Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы (33)

    Сәжде «السُّجُودُ» Кейін «ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тәкбір айтатын және сәжде жасау үшін еңкейе түсетін»[1], әрі «намазды нашар орындаған адамға»: «لاَ تَتِمُّ صَلاَةُ لأَحَدٍ مِنَ النَّاسِ حَتَّى … يَقُولُ: سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ؛ حَتَّى يَسْتَوِى قَائِمًا ثُمَّ يَقُولُ: اللهُ أكْبَرُ، ثُمَّ يَسْجُدُ حَتَّى تَطْمَئِنَّ مَفَاصِلُهُ». «Адам: «Сами‘а-Ллаһу ли-ман хамидаһу (Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыларды (айтушыны) естісін (естіді)!)», — деп айтпайынша және бойын толық тік түзеп тұрмайынша, ал содан соң: «Аллаһу акбар! (Аллаһ ұлы!)», — деп айтпайынша және буындары тынышталғанға дейін сәжде жасамайынша, оның намазы толық болмайды…», — деп, осылай істеуді бұйырды»[2].