• Имамның өмірі

    Абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбасы

    Абу Ханифаның туылуы, толық аты және нисбасы[1] Ән-Нуғман бин Сабит бин әл-Мәрзубан әл-Куфи атақты парсы әулетінен шыққан және Ауғанстанның астанасы Кабулда дүниеге келген. Оның атасы әл-Мәрзубан екінші салиқалы халифа Умар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ Тағала оған разы болсын, билік құруы кезінде Исламды қабылдады және Куфаға көшіп барды. Ең кең таралған пікірге сәйкес, Абу Ханифа, Аллаһ оны рахым етсін, хижраның 80 жылы Куфа қаласында дүниеге келді. Сол кезде халифалық билік Абд әл-Мәлик бин Мәруанның, Аллаһ оны рахым етсін, қолында еді. [1] Нисба – қандай да бір затқа, адамға, қалаға, елге, тайпаға т.с.с. қатыстылықты білдіретін қатыстылық есімі.