• Әдіснама

    Абу Ханифаның Сүннетке ілесу қажеттігі туралы айтқан сөздері

    Біз осы жерде имам Абу Ханифаның Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне ілесу және имамның пікірлерінен, егер олар Сүннетке қайшы келсе, бас тарту қажеттілігі туралы айтқан сөздерін келтіруіміз өте пайдалы болады. Өйткені бұл — имамдардың айтқандарына, ұлы имамдарға да емес,  олардан мәртебесі бойынша едәуір төмен болғандарға соқыр түрде ілесетіндерге (тақлид жасаушыларға), өздерінің мәзһабтары мен көзқарастарына олар Көктен түскендей дәрежеде ілесетіндерге сақтандыру және ескерту болады! Ал Пәк Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да, Одан өзгені қамқоршы тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!» («әл-Әғраф» сүресі, 3-аят).