• Ақида,  Ғалымдармен танысу

    Абу Мансур әл-Матуруди деген кім?

    Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Бүгінгі күні  имам Абу Мансур әл-Матурудидің есімін көптеген мұсылмандар тілге алып жүр, әрі оның танымал болғаны соншалықты – тіпті діннен хабары жоқ адамдар да ол туралы естіген болуы әбден ықтимал. Әсіресе бұл құбылыс орыс және  қазақ тілді мұсылмандардың арасында ерекше байқалады. Мұның себебі ТМД елдері мұсылмандарының Діни Басқармалары мұсылмандарға фиқх мәселелерінде ханафи мазхабын, ал ақидада (сенім жүйесінде) матуруди мазхабын міндеттеуге тырысуында. Алайда осы орайда «Есімі төңірегінде осыншама у-шу көтерілген және соншама ізбасарлары болған Абу Мансур әл-Матуруди кім өзі?» деген сұрақ туындайды.